Практикалық сабақ тақырыбы: Сөйлемнің түрлерін оқыту
Мазмұны: жай сөйлем синтаксисінің оқытылу барысын жүйелеу
Тапсырмалар
1-тапсырма
Берілген мақалдарды аяқтап, сөйлемге синтаксистік талдау жасаңыз. Мақал-мәтелдерді сабақта көптеп қолдану қандай нәтиже беретінін айтыңыз.
1. Алтау ала болса, ...
2. Төртеу түгел болса, ...
3. Ер бір рет өледі, ...
4. Шешеннің сөзі ортақ, ...
5. Жүйелі сөз жүйесін табар, ...
6. Жақсы дос үшін, ...
7. Жақсы болсаң, ...
2-тапсырма
Сөйлемдерден тұрлаулы мүшелерді тауып, қалай жасалып тұрғанын айтыңыз. Тұрлаулы мүшелерді оқытуға байланысты қандай көрнекі құралдарды пайдалануға болады? (Бірнеше үлгісін беріңіз).
Тәрбие дегеніміз - бір адамның екінші адамға белгілі бір жақсы әдептерді үйренуіне ықпал жасайды.(Л.Т.). Сондықтан жасы шамаластар Хамитты өздеріне аға санайды,(К.Ж.). Мақсат біреу, екіге бөлу - ымырашылдың. Жаңағы тігілген - оның өз үйі. Әке болу - табиғат заңы. Жақып қып-қызыл болып кетті. (Ғ.Мұст.).
3- тапсырма
Бастауышты оқытуға арналған сабақ жоспарын жасаңыз.
4-тапсырма
Сөйлемнің түрлерін оқытуда пайдалануға болатын бірнеше кеспе қағаздарының үлгісін жасаңыз.
5-тапсырма
Синтаксистік талдаудың жүргізілуін түсіндіріңіз.
6-тапсырма
Жай сөйлемді оқыту барысында сабақта қандай ойын түрлерін қолдануға болады? Ол ойындарды қалай, сабақтың қай кезеңінде пайдаланатыныңызды айтып, түсіндіріңіз.
№ 12 практикалық сабақ тақырыбы:Жай сөйлемдердің құрмаласу тәсілдері
Мазмұны: құрмалас сөйлемдердің жасалу жолын және оны меңгерту жолдары
Тапсырмалар
1-тапсырма
Төмендегі сөйлемдерді мағына жақындықтарына қарай топтастырып, қарсылықты салалас құрмаласқа айналдырыңдар. Тағы қандай жаттығу жұмыстарын жүргізуге болатынын айтыңыз.
1. Мерей өте нәзік, ашушаң бала болады.
2. Бірақ сұрақтардың таусылар түрі жоқ.
3. Ғалым болуды армандаған жас Столетов терең білім алуды көздейді.
4. Соған қарамастан оның дарындылығы өте ерте көріне бастайды.
2-тапсырма Сабақтас сөйлем мен салалас сейлемнің бір-біршен айырмашылығын қалай түсіндіресіз, үлгісін ұсыныңыз.
3-тапсырма
Қатемен жұмыс сабағының жоспарын жасаңыз
Практикалық сабақ тақырыбы: Пунктуациялық жаттығулар мен талдау үлгілері
Мазмұны: жаттығулар негізінде пунктуациялық қателерді түзету және оны болдырмау жолдарын айқындау
Тапсырмалар
1-тапсырма
Салалас сөйлемдердің тыныс белгілерін меңгертуге арналған түсіндірмелі жаттығудың мәнін түсіндіріңіз.Үлгісін ұсыныңыз.
2-тапсырма
Схеманы пайдалана отырып, сөйлем құрастырыңыз. Осы тәріздес көрнекі құралдардың үлгісін ұсыныңыз
-пақ/шы/ болып, | ||
-айын деп, | ||
-у үшін, |
3-тапсырма
Төмендегі кестені пайдалана отырып, салалас пен сабақтас сөйлемнің жасалу жолын оқушыға қалай түсіндірер едіңіз
Сенде қыранның жүрегіндей жүрек бар, бірақ сен әлі жассың | Сенде қыранның жүрегіндей жүрек бар болса да, сен әлі |
жассың. | |
4-тапсырма
Құрмалас сөйлемді қайталауға арналған сынақ сабағының жоспарын жасаңыз.
5-тапсырма
Құрмалас сөйлемдердің тыныс белгісін меңгертуге арналған кестелердің үлгісін ұғыныңыз.
Практикалық сабақ тақырыбы: Тіл дамыту - оқушылардың ойлауын дамытумен тығыз байланысты.
Мазмұны: қазақ тілі сабағында жүргізілетін тіл дамыту жұмыстарының формасы мен мазмұнын айқындау
Тапсырмалар
1-тапсырма
«Сөйлеу мәдениетінің жоғары болуы - халық жоғары болуы, рухани өміріміздің өсуі».(Т.Қордабаев). Осы пікірдің мәнін оқушыларға қалай жеткізесіз.
2-тапсырма
М.Балақаевтың «Тіл мәдениеті және сөз тіркесі синтаксисі» атты оқулығына талдау жасаңыз.
3-тапсырма
Оқушының сөйлеу мәдениетін қалыптастыру үшін қандай әдіс-тәсілдер пайдаланар едіңіз.
4-тапсырма
Стильдің түрлеріне талдау жасап, оқушыға меңгертудің жолдарын ұсыныңыз.
Практикалық сабақ тақырыбы: Жаңа технологиялардың тиімділігі
Мазмұны: жаңа технологияны қазақ тілі сабағында пайдаланудың тиімді жолдарын айқындау
Тапсырма
Төменде берілген модульдерге сипаттама бере отырып, сабақта пайдаланудың жодарын көрсетіңіз
1.Оқытуға мен оқудағы жаңа тәсілдер.
2.Сын тұрғысынан ойлауға үйрету
3.Оқу үшін бағалау және оқуды бағалау
Оқыту мен оқуда ақпарттық – коммуникациялық технологияларды (АКТ) пайдалану
5.Талантты және дарынды балаларды оқыту
6.Оқушылардың жа ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу
7.Оқытуды басқару және көшбасшылық.