Арым-қатынас – педагогикалық іс-әрекет негізі.

Еліміздің егемендігін алғаннан бері бұрыннан қалыптасқан білім беру

жүйесі терең өзгерістерге ұшрауда. Педагогикалық үрдістің саналы болуына көңіл бөлініп отыр.Солардың бірі педагогикалық үрдістегі мұғалім мен оқушының қарым-қатнасы.

Қарым-қатнас-мұғалім, тәрбиеші, тренер, студия жетекшілерінің

бөлінбейтін элементі, негізі. Сабақ ,үйірмелеріндегі, спорт залдарындағы, шеберханалардағы сабақтар, мейрамдар, саяхат, емтихандар, ата-аналар жиналысы, педагогикалық кеңестер – мұның бәрі қарым-қатнас, оқушылармен ,әріптестермен, әкімшіліктермен, ата-аналармен қарым-қатнас.

Негізгі мәселе – педагог пен тәрбиеленуші арасындағы кәсіби қарым-қатнас.

Педагогикалық қарым-қатнас- қарым-қатнастың ерекше түрі, «кәсіби категориясы» болып табылады.Ол әрқашан білім беруші ,дамытушы және тәрбиеленуші қызмет атқарады. Педагогикалық іс-әрекет- динамикалық іс-әрекет, трбиеленушілердің жасына әрі педагогтың, әрі балалардың қарым-қатнас көзқарасы , позициясы өзгеріп отырады.

В.А.Кан-Калык былай деген : «Педагогикалық қарым-қатнас тәрбиелеу, оқытудың мақсаты мен міндетін жүзеге асыруды қамтамасызететін және педагог пен оқушының өзара әсерін айқындайтын әдістер мен құралдардың жиынтығы» .

В.А.Кан-Калык мұғалімнің коммуникативті іскерліктері қатарына : адамдар алдында сөз сөйлей білу, қарым-қатнасқа түсе білу, түрлі жағдайларды туғыза отырып, шығармашылық іс-әрекетті ұйымдастыру, оқу және тәрбие үрдісінде дұрыс, бір бағыттағы қарым-қатнасты құрып, оны басқара білу іскерлігін атайды.

В.А. Кан-Калыктің (мұғалімнің коммуникативті іскерліктері)пікірі бойынша ,педегог өзінің ісәрекетімен, жүріс-тұрысы, сөйлеуі арқылы тәрбиеленушіге тірегі болуы керек. Мұғалімге коммуникативті іскерліктің баяны мұғалім сөзінің нақтылығы, түсініктілігі, көңілгежағымды үні, дауыс ырғағы, сөздерінің анықтылығы, мейрімділігі мен тартымдылығы, міне осының барлығы ұстаздың оқушыға деген әсерін жоғарлатады.

Тәрбиеленушілермен қарым-қатнас жасай отырып, педагог оның және тұлғалық ерекшеліктерін анықтайды; құндылық бағдары, тұлғааралық қарым-қатнасы, іс-әрекеті туралы ақпараталады.

Қарым-қатнаспедагог пен тәрбиеленушінің біріккен әрекетін реттейді, өзара әсерін қамтамасыз етеді, педагогикалық процестің тиімді өтуіне септігін тигізеді.

Г.И.Шукинаның пікірі бойынша : «қарым-қатнас оқушылардың танымдық қызығушылығын қалыптастыру мен бекітуіне маңызды әсер етеді». Тәрбиелушіге сенім арту,оның танымдық іздеуіне қолдау жасау, т.б қыығушылықтарын тудырады, ынталанырады.

Бірқатар ғалымдардың айтуынша,педагогтар практика жүзінде көз жеткізгендері - қарым-қатнас сәтті орта туғызадлы,тұлғааралық қарым-қатнас мәдениетін тәрбиелейді, әрі педагогқа тәрбиеленушіге өзін-өзі қалыптастыруына мүмкіндікбереді.

В.А.Канлик, Н.Д.Никандров мынадай анықтама береді : «біз кәсіби – педагогикалық қарым-қатнас деп педагог пен тәрбиеленушінің өзара әсерлесу жүйесін түсінеміз;яғни ,ақпарат алмасу, тұлғаны тану , тәрбиелік әсер ету». Яғни ,педагогикалық қарым-қатнас өте қиын процесс.

Қарым-қатнастың дәстүрлі өзара байланысқан үш функциясын бөліп көрсетуге болады.

1. Коммуникативті (ақпарат алмасу);

2. Перцептивті (адамдардың бір-бірін тануы, қабылдауы);

3. Интерактивті (біріккен іс-әрекетті ұйымдастыру, реттеу).

Педагогикалық қарым-қатнас ең алдымен коммуникатция қызметін

атқарады яғни, ақпаратберіледі, педагогикалық процеске қатысушылар арасында ақпарат алмасады.

В.А. Сухомлинский былай деген «сөз – баланың, тәрбиеленушінің жанына, жүрегіне әсер ететін, ештеңемен айырбасталмайты құралы», яғни сөз кәсіби құрал. Сондықтан сөз:

1. Көңіл көтеру, қызықтыру т.б.

2. Ақпараттық – зат туралы жаңа түсінік;

3. Жандандыратын – адамның эмоциясына, сезіміне жақын;

4. Сенімді – қандай да бір тұжырымды дәлелдеу немесе жоққа шығару үшін логикалық айғақ;

5.Іс - әрекетке шығару;

Педагогикалық қарым-қатынасына сөздің бұлардан басқа түрлері де кездеседі, сөзге ерекше талап қояды;

- дұрыстығы - әдеби тіл мамандарына сәйкестігі;

- дәлдігі - өзіне тән мағынада сөздердің пайдалануы;

- қарапайымдылығы, логикалығы, түсініктілігі, жеткізе алуы;

- бай сөз қоры (қолданатын тілдік құралдардың әртүрлілігі);

- бейнелігі, эмоционалдығы;

Сөзді дұрыс пайдалана білу үшін педагог өзіне мынадай сұрақтар қояды: қалай дұрыс айту, жеткізе алу алу, сенімді эмоционалды түрде болуы керек?

М.М. Бахтин былай деген: «шындық бір адамның ғана басында тумайды, екі немесе бірнеше адамның диалог арқылы қарым-қатынас жасағанда туады».

А.А.Леонтьев мұғалімнің коммуникативтік іскерліктерін ерік пен жігерлік қасиет ретінде қарастырып, оған өзінің мінез-құлығы, жүрісін, тұрысын қадағалау іскерлігін, өзінің ықылас көрсетуін қадағалай, бақылай білуін, адамның жүзіне қарап, көңілін таба білуін, оқушыны бір қарағаннан психологиялық ерекшеліктерін айқындау іскерлігін, психологиялықсипатта тартымды сөйлей білуін, сөзбен және сөзсіз қатынас жасай білу іскерліктері жатады.

А.А.Лентьев әлеуметтік бағыттағы қатнас (дәріс, баяндама, шешендік сөз, теледидарлық сөз), ұжымдық –тақырыптық бағыттағы қатнас (ұжым алдвндағы мәселені шешу), тұлғалық бағыттағы қатнас ( бір адамның басқамен қатнасы) деп топтарға бөледі.

Қорыта келе айтарымыз, коммуникацияны іске асыру үшін педагогқа қойылатын талаптар :

- ойыңды нақты жеткізе білу

- сұрақты дұрыс қоя білу

- тыңдаушысына құлақ асу

- түсіндіру, дәлелдеу

- сенім арту

- іс-әрекетке дәл қойғызу

Коммуникативтік өзара әсердің тәрбиелік маңызы зор, тұлғалық

қарым-қатнастың қалыптасуына септігін тигізеді.

В.А. Сухомлиниский қосындағы балалардың жанын түсіне білу, оны тану мұғалімдерге бірден-бір қажет нәрсе. Олардың даму психологиясын білу, көңіл-күйін түсіну, құндылық бағдарын білу т.б.

В.Леви адамдарды жақсы тани білетіндерді –қарым-қатнастың ұлылары (гений) деген .

Қарым-қатнасты тану, түсіну және бағалау екі жақты процесс. Педагог өз тәрбиеленушілерін таниді, ал олар педагогты іштей тануға тырысады.Егер педагог пен тәрбиеленуші бірін-бірі адекватты түрде толықтырып тұрса, онда педагогикалық қарым-қатнас өзара түсінбеушілік арқылы іске асады.Бірін-бірі түсіну, қабылдау болашақтағы іс-әрекетті келісіп іске асыруға, өзара сыйласымдықтың орнығуына ,бір-бірінің көңіл-күйін серілуге қарама-қайшылықтардың алдын-алуға ,дара тұлғалық қарым-қатнас орнатуға септігін тигізеді.

Қарым-қатнастың маңызды функциясының бірі-интерактивті функция (өзара іс-әрекетті ұйымдастыру және реттеу),басқа сөзбен айтқанда, тәрбиеленушідердің іс-әрекетінбасқару.

Педагогикалық іс-әрекеттің тиімділігі қарым-қатнас стилі және тәрбиеленушілерге жетекшілік ету стиліне байланысты болады. Стиль -әдістер мен тәсілдердің жиынтығы, ал адамдардың өзін-өзі ұстау мәнеріне тән.

Н.Бодалева стилге мынадай анықтама береді: «стиль-әрекет етудіңжеке өзіндік монерасы».

Педагогтың балалармен қарым-қатнас жасау стилі-әлеуметтік және адамгершілік категория. В.А. Кан-Калек былай жазған : «Қарым- қатнас стилі педагог пен оқушының әлеуметтік-психологиялық өзара әрекетінің жеке және типологиялық ерекшелігін түсінеміз».

Педагогтың қарым-қатнас стилдері:

1.Педагогтың жоғары кәсібилігі негізіндегі қарым-қатынас: Бұл педагогтың педагогикалық іс-әрекетке қарым-қатнасы, мұндай педегогты «студенттер ізінен қалмайды» дейді. Сонымен қатар, жоғары оқу орыны мұндай қарым-қатнас жалпы кәсіби қызығушылығын ынталандырады, яғни ,біріккен шығармашылық қабілеттерін дамытады. Бұл стиль үшін ең бастысы-педагогтың құзыреттілігі мен адамгершілік қасиеттерінің ең жоғары деңгейіндегі бірлігі.

2.Достық негізіндегі қарым-қатынас-ортақ бір істі жүзеге асыруды көздегенде туындайтын не болмаса жалпы адамдар бір-бірімен «тіл» табысқанда пайда болатын қарым-қатнас. Оқыту мен тәрбиеде педагог жетекші, жолдас, оқу іс-әрекетіне қатысушы роль атқарады. Бірақ, бұл жерде «панибратство» тым жақындасып кетуден аулақ болу керек, қажетті арақашықтықты(субординация) ұстау керек. Әсіресе, бұл жас педагогтарға қатысты, тіл табыса алмау жағдайында болмауы үшін жас педагогтар балалармен тым жақындасып кетеді. Кейін келе балалардың арасында бұндай мұғалімге деген көзгілмейшілік, сөзіне құлақ аспау секілді нәрселерге алып келеді.

3.Ара қашықтық қарым-қатынас (общение-дистанция) педагогтар арасында кең таралған түрі. Оқушылар ортасында оқыту мен тәрбиелеу жұмысына кіріскен педагог бұл стилде өзін-өзі тану, өзін- өзі қалыптастыру, өзін оқушыларға дәріптеу үшін қолданады. Ұстаздық іс- әрекетте ара –қашықтық болу керек, өйткені, педагог пен тәрбиеленуші әр- түрлі әлеуметтік көзқарас ұстайды. Тәрбиеленуші педагогтың рөлін неғұрлым дұрыс түсінсе, соғұрлым ара қашықтықты ұстай алады. Ал педагог үшін, ара қашықтық сақтау ұсталығын дұрыс меңгеру маңызды. Сонымен қатар, педагогикалық стилдерде арақашықтықты ұстанудың жағымсыз жақтары да бар, мысалы, оқушылардың ішкі жандүниесі, сырын танып-білу қиынға соқтырады. Өйткені оқушы мұғалімінен қашқақтап өз ойындағысын, қиыншылықтарын, қайғы-қуанышын бөлісе алмайды.

4.Қорқыту қарым-қатынасы,ізгілікті мәндегі қарым –қатынасқа қайшы келеді. Өзінің айтқанын екі етпей орындату мақсатында болады. Бұл қатал тәртіп орнату, қорқыту арқылы сөзін жүргізу, сөзсіз бағынуды талап етуді көздейді. Бұндайда біріккен педагогикалық іс-әрекет жүзеге аспайды.

5. Қылжақтау (заигрывание) қарым-қатнас-жас мұғалімдерге қатнасты тәрбиеленушілерге ұнау, өтірік арзан бедел жинауды жылдам іске асыру үшін пайдаланады. Өйкені, басқадай жол іздеуге жас мұғалімнің кәсіби педагогикалық тәжірибесі жетіспейді. Бұл тәсілді коммуникативті мәдениеті төмен мұғалімдер пайдалынады.

6. Таң қалдыру үшін өзінің бір артықшылығы не бір іс-қимылы арқылы оқушыларды таң- тамаша (превосходство) қылу. Қарым-қатынастыңбұл тәсілінәтижесінде,педагог, тәрбиеленушілер алдында өзінің артықшылығымен мақтанып жүріп, оқушылардың бар екенін ұмытып қалып, өзінің олармен қарым-қатнасына көңіл қоймай, мүлдем сырт қалады. Алайда әр мұғалім өз бойындағы ерекше артықшылығын педагогикалық мақсатта орынды қолданса ол бедел жинауына көмектесед.

Педагогтардың іс-әрекетін талдай келе белгілі зерттеуші ғалым М.Таман өз пікірі бойынша оларды мынадай жіктемелейді:

1.-Модель- «Сократ» мұғалім оқушылар арасында пікірталас тудыруды жақсы көреді; оқушыларды соған тартады. Жағымсыз жағы оқу процесінде жүйелілік болмайды, өз мүддесін ғана ойлау (индивидуализм) басым болады . Жағымды жағы-оқушылар өз көзқарасын қорғауды үйренеді.

2. –Модель- «Топтық дискуссия жетекшісі». Оқу тәрбие процесінде ауызбіршілік, келісу, проблеманы бірігіп дұрыс шеше білуге үйретеді.

3.- Модель- «Шебер». Мұғалім еліктеуге тұратын тұлға ретінде, сөзсіз көшіріп латын тұлға ретінде көрінеді.

4.-Модель- «Генерал» қос мағыналықтан аулақ, өте талап қоюшы, айтқанын қатал түрде орындататын, әрқашан өзінің айтқанын ғана дұрыс.

5.-Модель- «Менеджер». Мұғалім шешуді керек ететін есепті әрбір оқушымен талқылайды, сапалы бақылау мен соңғы нәтежені бағалайды.

6. –Модель- «Тренер- жаттықтырушы». Мұнда оқушы бір команданың ойыншыларға сияқты. Әр команда мүшесі даралық емес, бәрі бірігіп көпшілік болуы басты нәрсе. Мұғалім топтық күшке дем беруші ретінде болады. Оған соңғы нәтеже жеңіс керек.

7. –Модель- «Гид». «жүре алатын энциклопедия» рөлін атқарады. Кез-келген сұрақтарға алдын-ала жауабы әзір, сұрақтарды да алдын-ала біліп, бұл –қызықсыз.

Наши рекомендации