Оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы. Білім беру саласы: «Қатынас»

Күні:

Білім беру саласы: «Қатынас»

Бөлім: Тіл дамыту

Тақырыбы: Бала бақшадағы ойыншықтар мерекесі. Ойыншықтар айтысы.

Мақсаты:1. Балалардың ойыншықтар туралы түсініктерін кеңейту, ойыншықтардың

аттарын атай отырып, оларды сипаттап айтуға үйрету.

2. Тіл ұстарту жаттығуларын дұрыс айта білуге дағдыландыру.

3. Ойыншықтарды күтіп ұқыпты ұстауға тәрбиелеу. Жаңа сөздер: жұмсақ, резина, компьютер. Көрнекілік: әртүрлі ойыншықтар, көліктің түрлері, резиналы ойыншықтар, жұмсақ ойыншықтар.

Қос тілдік компонент:

Іс – әрекет бөлімдері Педагогтің іс-әрекеті Балалардың іс - әрекеті
Ынталандыру. Сезімді ояту Шаттық шеңбері Қуанамын менде, қуанасың сен де. Қуанайық достарым, арайлап атқан күнге. Бүгінгі күніміз сәтті өтсін. Бәріңе сәттілік тілеймін! Балалар шеңбер болып тұрады. Тәрбиеші ғажайып қалтаға салынған ойыншық түрлерін алып келіп, балаларға таратады, әрқайсысы алған ойыншықтарын сипаттайды.     Өздеріне ұсынылған ойыншықтарды сипаттайды.
Ізденістер. Ұйымдастыру - Бүгін - ойыншықтар мерекесі. Бізге көп ойыншықтар қонаққа келіпті. Олар көрме ұйымдастырып, ойыншықтар мерекесін өткізуге көмектеседі. Біздің көрмеге ойыншықты күтіп ұстайтын мейірімді Перизат та (Фея) келіпті. Қош келдіңіз. Балалар Перизатқа ойыншық туралы өз ойларын айтады. Теледидардан әртүрлі ойыншық ұстаған балалар би билейді. Мейірімді Перизат сұрақтар қояды. - Ойыншық не үшін керек және ол неден жасалады? - Өздерің ойыншықты қалай күтіп ұстайсыңдар? - Аю, доп, қоян, қуыршақтардың бәрін жалпы қалай атауға болады? Көңіл күйді көтеру. Ойыншықтарды шашамыз, шашамызда жинаймыз, Бөлмемізді өрнектеп, мерекеге біз дайын. Барлық балалар ойыншықтарды аралап көріп шығады. Қолмен ұстап көреді. Балалардың біреуі өзінің сүйікті ойыншығын сипаттап айтады. «Ойыншықтар» деген сөзге сөйлем құрастыру. Ойыншықтар сөзіне дыбыстық талдау жасау. Дәптермен жұмыс. «Ойыншықтар айтысы» әңгімесін оқу. Кішкентай Сәнияның ойыншықтары көп. Туған күніне сыйлаған ойыншықтары қаншама. Неше түрлі қуыршақтар аю, қоян, ит және т.б. бөлмесіндегі ойыншықтар бұрышында сөрелерде тізіліп түр. Бір күні үйдегілер ұйқыға кеткен шақта ойыншықтар бір - бірімен айтыса бастады. Сондағы даулары Сәния қыз қайсысын өте жақсы көреді екен? Әңгімені сары шашты әдемі қуыршақ бастады. - Сәния мені өте жақсы көреді, себебі мен әдемімін. - Жоқ мені жақсы көреді, өйткені мен мамықпын, - деп қуыршақпен ақ қоян келіспеді. Ал менің үлкендігім соншама кейде мені жастанып та жатады. Неге дауласасыңдар соншама біздер арқылы оның ой - өрісі дамиды, - дейді түрлі түсті тек - шел ер жамырап. Бәрінің айтқан дәлелдерін тыңдап болған үш аяқты вело­сипед: - Маған тең келетіндерің жоқ шығар. Адамға денсаулық ке­рек. Мен арқылы ол денсаулығын шыңдайды, - деп мақтанады. Осылай ойыншықтар ұзақ айтысады.Ойыншықтардың осы дауын ұшып келіп терезенің жақтауында отырған көгершін естиді. - Ойыншықтар неге сонша дауласасыңдар? Ал сендердің қайсысың Сәнияны өте жақсы көресіңдер? - деп сұрады. - Мен, мен, - деп бәрі жамырай жауап қатты ойыншықтар. - Міне, көрдіңдер ме? Сәнияны бәрің бірдей жақсы көреді екенсіңдер. Сәния да бәріңді жақсы көреді. Оған сендер керек - сіңдер. Олай болмаған жағдайда Сәния қажет еместеріңді лақтырып, не біреуге сыйлап жіберер еді. Тек бәріңмен бірдей бір мезгілде ойнауға оның шамасы келмейді. Аң көгершіннің айтқанының жаны бар. Ойыншықтар үндемей қалды. Бұл кезде таң да ата бастады.     Ойыншықтарға қарап қызығушылық білдіреді. Сұрақтарға жауап береді.   Ойыншықтардың түрлерімен, оның күтімімен танысады.   Ойыншықтарды тамашалап, салыстырады.   Сөйлем құрайды.   Оқиғаны тыңдайды. Көз алдарына елестеді.   Сұрақтарға жауап береді, пікірлерін білдіреді.   Ойыншықтардың маңыздылығын ұғынып, ұқыпты болуға үйренеді.   Түсінгендері бойынша сұрақтарға жауап береді.
Қорытындылау. Өзін-өзі бағалау. Сұрақ - жауап әдісі арқылы оқу іс - әрекеті балалардың алған білімдері пысықталады. Сұрақ жауап береді.

Күтілетін нәтиже:Ойыншықтардың сапасы, пайдасы, кейбір зиянды ойыншықтар туралы біледі.

Нені білу керек:

Ойыншықтар күтімді қажет етеді.

Нені игереді: ойыншықтардың жасалған материалдарын, оларды қалай ұқыпты пайдалануға болады.

Нені біледі:

-ойыншықтардың айтысын;

-олардың бала үшін орнын;

-өз ойларын, түсінгендерін айтып жеткізеді.

Наши рекомендации