Стационардан шығуларды есептейтін автоматтандырылған ақпараттық жүйені құру

Соңғы кездері есептеуіш техника құралдарын медицинада қолдану қызығушылығы арта түсуде. Бұл есептеуіш құралдар дегеніміз ең әуелі ретте қазіргі дербес ЭЕМ-дерді білдіреді. Бұл ЭЕМ-дер адамның еңбек ететін әртүрлі салаларында ақпаратты өңдеуді автоматтандырудың ыңғайлы ортасы болып табылады. Дербес компьютерлер ауқымы оларды тікелей пайдаланушының жұмыс орнына орналастыруға мүмкіндік береді, ал дербес ЭЕМ-мен қатынасу ыңғайлылығы оларға кең шеңберде программист емес қолданушыларға қол жетерлік етеді. Қазіргі дербес ЭЕМ-дер жылдам әрекет жасайды және оперативті жадының көлемі ақпараттардың үлкен массивтерін өңдеуге де жетерлік, оларды медицина аумақтарында, мәселен, медстастикада пайдалану қол еңбегінің шығындарын қысқартуға, жұмыс сапасын көтеруге, шындыққа жетуге, соңғы нәтижені алу уақытын азайтуға мүмкіндік береді. Дәл осы мәселеге байланысты диплом жобасы қарастырылып отыр.
Дипломдық жұмыстың мақсаты Қазақстар Республикасы Денсаулық Сақтау Министрлігінің «Стационардан шығушылардың статистикалық картасы» формасы негізінде стационардан шығарушылардың автоматтандырылған жүйесін құру болып табылады.
Берілген жұмыстың маңыздылығы денсаулық сақтау кеңселері қажетті ақпараттық жүйелердің қолданбалы программалық қамтамасыздығы кейде дайын күйінде үстемемен сатып алынуда мүмкін. Дипломдық жобаны орындауда келесідей негізгі мәселелерді шешу қарастырылады.
- мединацадағы ААЖ-нің өзгешіліктері мен ерекшеліктеріне талдау жүргізу;
- автоматтандырылатын бөлімше жұмысының технологияларын талдау;
- енгізілетін және шығарылатын қажетті ақпараттарды анықтау;
- программаларды құру және өңдеу;
- тәжірибелік эксплуатцияны жүргізу, және тапсырыс берушілерге ендіру;
- құрылған программалық құралдарды ендірудің экономикалық эффектісін анықтау.
1. Медицинада АЖ-ді құруда қолданылатын әдістерді талдау
Халық денсаулығын қамтамасыз ету мәліметтерді тұрақты жинақтап, сақтап отыруды талап етеді. Құру шығындары және жүйенің жинау, сақтау, өңдеу, ақпараттарды беру жұмыстары емдеу кеңселері бюджетінің едәуір және тұрақты өсіп отыратын бөлігін құрайды. [1] баға бойынша бұл шығындар қосындаланған емдеу шығынының 10-нан 20%-ін құрайды, басқаша айтқанда емдеу мекемелері бюджетінің 33%-ке дейінгісін құрайды. Осындай шығындарды азайту үшін ары қарай ақпараттар көрсетілімі мен өңдеу қажеттілігі туындап, сондай-ақ емдеу мекемелерін басқару тиімділігін арттыру үшін әр түрлі медициналық ақпараттық жүйелер (МАЖ) құрылады және енгізіледі.
1.1 МАЖ классификациясы
[1]-ді ескере отырып, жалпы МАЖ-дің барлығы да әкімшілік басқарушылар мен медициналық шешімдер қабылдауын қамтамасыз ететін ақпараттар жинақталған мәліметтердің дағдылы жүйелік жинағы болып табылады. МАЖ-дің келесідей классификациясын қарауға болады:
- амбулаториялық МАЖ;
- стационарлар;
- ұлттық МАЖ.
Амбулаториялық МАЖ емделушінің дәрігерге әр бір қараушы туралы диагнозымен қоса көрсетілген медициналық қызыметтер мен белгіленген ұйымдар жайында мәліметтер жинағын қамтамасыз етеді. Бұл мәліметтер емделушінің келесі қаралуында, жұмысты жобалауда, емделушіні есептен шығару т.с.с кездерінде қолданылады.
Стационарлар МАЖ шығару эпикризасы, әсіресе қысқаша анализ, диагноздар, ауруханаға жатқызу мерзімі, шығару кезіндегі қал-жағдайы және көрсетілген медициналық жәрдем оның бағасы менбірге жазылған тізімі туралы мәліметтер жинағын қамтамасыз етеді. Бұл мәліметтер емделушінің қайтадан ауруханаға жату, бөлімшелер мен дербес дәрігерлер жұмысын жоспарлау және есеп-қисап үшін, емделушілермен есептесу т.с.с кездерде қолданылады.
Халықтың әлеументтік денсаулығын сақтау МАЖ барлық медициналық қызыметтер туралы, сақтандыру барлық медициналық қызыметтер туралы, сақтандыру компаниясының бюджетінен төлеуді талап ететін жағдайдағы бағасы жайында мәліметтерді жинақтайды, және бұл ақпаратты денсаулық сақтау ұлттық секторының басшылығына жеткізеді.

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

Жұмыстың «Қашықтықтан оқыту мәселесін теориялық және әдіснамалық талдау» деп аталатын 1-ші бөлімінің «Қашықтықтан оқытуды ұйымдастырудың әлемдік тәжірибесін шолу және талдау» атты 1.1 тармағында қашықтықтан оқытудың пайда болуы және қалыптасу тарихын талдау, оның жеке тұлғаның креативті ойлауын қалыптастыруға және интелектуалды дамуына әсер ететіні және қашықтықтан оқытуға сұраныстың артып келе жатқаны көрсетілді.

Әлемнің 120 елін қамтып, оқу курстарын құрастыруда және білім беруде 5 000 оқытушы қатысатын қашықтықтан білім берудің Француз ұлттық орталығының (CEND), жылына білім алушылардың саны 130 000 мыңға жуық, 60-тан аса оқу орталықтары бар Испания қашықтықтан білім беру Ұлттық университеті (UNED), АҚШ-тағы 1500 колледж және TV консорциумынан тұратын бұқаралық телехабар (PBS TV) жүйесі, тәжірибесін виртуалды университеттің тұжырымдамасын жасауда ЮНЕСКО қолданған, қашықтықтан білім беру саласында ең беделді университеттердің бірі- Пенсильван университеті (Penn State University), сондай-ақ, Америкада барлық қашықтықтан білім беру бағдарламаларының төрттен бірін құрайтын қашықтықтан білім беру бизнес-бағдарламаларын жүзеге асыратын General Motors, J.C.Penny, Ford, Wal-Mart, Federal Express компанияларының жеке корпоративті білім беру желілері арқылы қызметкерлердің біліктілігін арттыруды жүзеге асыру мен осы мақсаттар үшін IBM корпорациясы ішкі спутниктік білім беру желілерін қолдану тәжірибесі және жылына 22000 мыңға жуық адам оқитын Голландия ашық университеті (Open University the Netherlands), жылына 200 000 мыңға жуық адам оқитын Ұлыбритания ашық университетінің (the Open University) және т.б. оқу орындарының тәжірибесін зерттеу барысында әлемде қашықтықтан білім беру оқу орындарының бір профильді, екі профильді және аралас болып табылатын үш типі, қашықтықтан оқытудың артықшылықтары мен кемшіліктері анықталды.

Сонымен қатар, бүгінгі күні аккредиттелген қашықтықтан оқыту дәстүрлі білім берудің эквиваленті және қашықтықтан оқыту шетелдерде докторлық бағдарлама бойынша да өте танымал болып табылатыны анықталды. Қашықтықтан оқытудың дамуы үшін оқытушылардың біліктілігін көтеру, ақпараттық кеңістікті құру, бар оқу үдерісіне қашықтықтан оқыту технологияларын интеграциялау, қашықтықтан оқыту курстарын жасау, стандарттарды жасау мәселелері шешілуі тиіс екені анықталды.

Жұмыстың «Қазақстанда қашықтықтан оқытудың қалыптасуы мен даму ерекшеліктері» атты 1.2 тармағында қашықтықтан оқыту бастапқыда оқытудың формасы ретінде анықталып, бүгінгі таңда қашықтықтан оқыту технологиясы ретінде қарастырылуына байланысты өзінің дамуында жергілікті мәселелердің туындайтыны көрсетіледі.

Қазақстан Республикасында қашықтықтан оқыту бойынша нормативті құжаттар мен ғылыми еңбектерге талдау нәтижесі қашықтықтан оқыту оқытудың формасы ретінде де, қашықтықтағы техникалық білім берудің аймақтық орталықтары, сырттай-қашықтықтағы технологиялар құралдарының көмегімен сырттай-қашықтықтағы факультеттер, қашықтықтан оқытудың желілік технологиялары негізінде білім беру бағдарламаларын енгізу тәсілдері ретінде де қарастырылғанын көрсетті. Алайда құжаттардың санына қарамастан қашықтықтан оқыту қазіргі кезде қашықтықтан оқытудың әлемдік деңгейінен қалып отыр.

Елімізде қашықтықтан оқытудың эксперименттік ұйымдастырылуы жоғары оқу орындарының ақпараттық-білім беру орталарын жасау әдіснамасын анықтауға мүмкіндік берді.

Қазақстандағы бірқатар жоғары оқу орындарының білім беру порталдары (www.kaznu.kz, www.kstu.kz, www.ablaikhan.kz, www.ntu.kz, www.techkz.kz, www.sdo.ukgu.kz, www.ukgu.kz, www.ektu.kz, do.ektu.kz/doektu/, www.agakaz.kz, www.dku.kz/dkuwikikz, www.kaznpu.kz, www.keu.kz, vp.keu.kz, www.tarmpi.kz, www.turan.edu.kz, www.marketingkam.kz, www.kbtu.kz, www.psu.kz, www.dl.uib.kz) жасалып, даму үстінде.

Қашықтықтан оқыту бойынша жоғары оқу орындарының қызметтерін оқып-үйрену нәтижесі Қазақстанда қашықтықтан оқытуды дамыту үшін:


  • қашықтықтан оқыту саласында мамандарды даярлаудың бірыңғай әдістемесін;

  • жоғары оқу орнының алдыңғы қатарлы оқытушыларынан жасақталған педагогикалық құраманы қамтамасыз ету;

  • контингентті есепке алудың бірыңғай жүйесін және білім беру үдерісін басқару;

  • оқу үдерісінің бірыңғай техникалық және әдістемелік қорын;

  • электрондық түрде (медиатека) ақпараттардың көздерін қамтитын виртуалды кітапхананың бірыңғай каталогын;

  • оқытушылардың біліктіліктерін арттырудың және аттестациялаудың жалпы жүйесін;

  • электрондық пошта және бейнеконференция құралдарының жалпы университеттік жүйесін қамти отырып, оқу үдерісін жүргізудің әдістемелік құралдарының барлық пакеттеріне қатынаудың тең мүмкіндігін;

  • жоғары оқу орнының қызметіне қызығушылық танытқан мекемелер мен ұйымдардың (салалық, аймақтық және т.б. ұстанымдар бойынша) мамандарының біліктілігін арттыру және оларды кәсіби қайта даярлаудың жалпы жүйесін жасау қажет екендігін көрсетті.


Қазақстан Республикасындағы қашықтықтан оқыту жағдайын талдауды қашықтықтан оқытудың әлемдік масштабынан бөліп алып қарастыра алмаймыз, себебі, Қазақстанның білім беру кеңістігінде қашықтықтан оқыту формасын жүргізетін әлемдік деңгейдедегі шетел оқу орындары жұмыс істейді.

Е.С.Полат, В.П.Демкин, Г.В.Можаеваның зерттеулерінде жалпы әлемдік деңгейде қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру бойынша Қазақстанның алатын орны оң қырынан көрсетіліп, қашықтықтан оқытуды оқыту формасы ретінде (2007 жылға дейін) қарастырған жөн деп атап өтілген.

Жұмыстың «^ Жоғары оқу орындарында қашықтықтан оқытудың мәні, мазмұны мен ұғымдары» атты 1.3 тармағында қашықтықтан оқыту бойынша бірқатар зерттеулерді талдау негізінде (А.А.Андреев, Е.С.Полат және т.б.) бізді қызықтыратын ұғымдық аппарат қарастырылды. Әдебиеттерді талдау (А.А.Андреев, Е.С.Платон, Ю.А.Первин, А.В.Хуторской) көрсеткендей, қашықтықтан оқыту кезінде студент пен оқытушы бір-бірімен кеңістік бойынша бөлінеді, бірақ әрқашан бір-бірімен байланыста болады, арнайы әдістер арқылы оқыту курсының құрылымын, бақылау формасын, қатынас әдістерін негізгі Интернет – технологиясы көмегімен ұйымдастырады.

Қашықтықтан оқыту – жаңа оқыту формасы (Е.С.Полат), ал қашықтықтан оқыту формасын анықтайтын негізгі факторлар:


  • оқытушы мен студентті қашықтық бойынша, тым болмаса, оқу үдерісінің үлкен бөлігіне бөлу;

  • оқытушы мен студенттің мүмкіндіктерін біріктіретін және курстың мазмұнын меңгеруге мүмкіндік беретін оқу құралдарын қолдану;

  • оқытушы мен студент, курс басқарушысы мен студент арасындағы интерактивтілікті қамтамасыз ету;

  • студенттердің өзін-өзі бақылау деңгейін арттыру болап табылады.


Қашықтықтан оқытудың дидактикалық құралдары – оқыту әдістері мен тәсілдері, материалдар, оқытушымен тікелей қатынас жасаудың шектеулігін ескеретін оқу танымдық іс-әрекетін ұйымдастыру түрлері.

Қашықтықтан оқыту – оқыту субъектілерінің орналасуы кеңістік және уақыт бойынша индифференттелген, оқу құралдары, оқытушы мен студенттердің интерактивті (сұхбаттасу), асинхрондық немесе синхрондық өзара іс-әрекетінің мақсатты үдерісі.

Қашықтықтан оқытудың педагогикалық технологиялары – бұл электрондық дидактикалық құралдарды және телекоммуникацияны қолдану арқылы тікелей және тікелей емес қатынас жасаудың педагогикалық технологиялары болып табылады.

Қашықтықтан оқытудың ақпараттық технологиялары – оқу материалдарын жасау, беру және сақтау технологиялары, қашықтықтан оқытудың оқу үдерісін ұйымдастыру және сүйемелдеу; студентке оқу ақпаратын беру және оқытушы мен студенттер арасындағы қатынасты қашықтықтан ұйымдастыру әдістері.

Сонымен, қашықтықтан оқытудың қалыптасуы мен дамуын тарихи, теориялық-әдіснамалық талдау негізінде қашықтықтан оқытудың келесі даму тенденциялары анықталды:


  • қашықтықтан оқытуда оқу орны өзіне бәсекелес оқу орындары мен қарым қатынасқа өтуі, қашықтықтан оқытудың консорциумдары құрылып, қашықтықтан оқыту бірлестіктерінің құрылуы, оқу орындарының жергілікті, автономды, жеке ұйымдастырылған ақпараттық білім беру орталарының бірегей ақпараттық білім беру ортасына бірігуі, ұлттық, халықаралық деңгейде ақпараттық білім беру орталарының пайда болуы қашықтықтан оқытудың ірілендіру бағытында даму тенденциясын анықтайды;

  • білім берудегі бәсекелестік: әртүрлі елдердің білім беру орындарына пайдалылығы, керектігі және тиімділігін оқу орындары мен оқытушылардың үнемі дәлелдеуі қажет, ал, қашықтықтан оқыту білім беруді жаһандандырудың субъектісі ретінде интернационалдық коммуникативтік кеңістіктің дамуына ықпал ете отырып, өзіне жаңа жағдай туғызып, өз дамуына ықпал етуі қашықтықтан оқытудың интернационалдық бағытта даму тенденциясын береді;

  • ашық білім беру кеңістігінің дамуы қазіргі қашықтықтан оқытудың инновациялық дамуын береді, сонымен қатар, өзінің дамуына ішкі және сыртқы кедергілердің күшеюі қашықтықтан оқыту бойынша негізгі ұғымдардың трансформациясына әкеледі;

  • қашықтықтан оқытуда оқытушының ролі оқу ақпаратын тасымалдаушыдан, білім алушы топтың, жеке тәлімгердің жаттықтырушысы, жетекешісі қызметіне өтуі, білім алушының жеке өзіндік жұмыс үлесінің өсуі, сондай-ақ, оқытуда қызметтік дайындаудан жеке тұлғаның дамуына бет бұруы анықталды, ал бұл білім алушылардың оқуға деген өзіндік іс-әрекеті қашықтықтан оқытудың АКТ құралдарын қолдануда дамып, белсенділіктері арта түсетіндіктен қашықтықтан оқытудың жеке тұлғаға бағытталып дамуының тенденциясын көрсетеді;

  • білім беруді ақпараттандыру құралдарының қашықтықтан оқытуда қолданылуы, оның ішінде оқыту әдістері мен оқытуды ұйымдастыруда қолдану жаңа педагогикалық технологиялардың пайда болуы, сондай-ақ, қысқа мерзімде динамикалық өзгеріп отыратын желілік оқуды жобалап, ұйымдастыруда эмпирикалық әдістердің әлсіз болуы себепті, информатика-математикалық әдістерін қолдану қажеттігі қашықтықтан оқытудың инновациялық бағытта даму тенденциясын береді;

  • білім беруді ақпараттандыру жағдайында АКТ- оқыту әдістері мен оқытуды ұйымдастырудың тиімді құралы болатыны, АКТ құралдарын қолдану ақпараттандыру жағдайына бейімделуге қажет білім, біліктілік пен дағдыны қалыптастыру АКТ-ның оқыту үдерісіне интеграциясы жағдайында ғана жүзеге асатындықтан, АКТ мен педагогикалық технологиялардың интеграциялануы бағытында қашықтықтан оқытудың даму тенденциясы анықталды;

  • алдыңғы тенденцияның салдары болып, вербальдық, визуалдық және модульдік ойлаудың интеграциялануы бағытында қашықтықтан оқытудың даму тенденциясы анықталды.


Жұмыстың «Жеке тұлғаға бағытталған тәсіл негізінде жоғары оқу орындарында қашықтықтан оқыту моделі» деп аталатын екінші бөлімінің «Жеке тұлғаға бағытталған қашықтықтан оқытудың моделі» атты 2.1 тармағында қашықтықтан оқытудың мазмұны мен ұйымдастырылуын ұсыну үшін оның құрылымы мен негізгі компоненттерін көрсететін ой, яғни ұғым, қатынас, функциялар және ерекшеліктер, осыған байланысты қашықтықтан оқытуды біртұтас етіп көрсететін негізгі ұғымдар қарастырылған.

Концептуалдық модельдер ұғымдардан және ұғымдар арасындағы қатынастардан жасалған құрылым болатындықтан, оларды деңгейлерге бөліп қарастыруға болады. Қашықтықтан оқыту білім беру кеңістігіне әртүрлі орталарды яғни білім беру, кәсіби, әлеуметтік салаларды біріктіретін жүйе сияқты жасалады. Осыған байланысты, қашықтықтан оқытуды жүзеге асырудың барлық құралдарын, әдістерін, формасын анықтауға болады. Қашықтықтан оқытудың негізін педагогикалық, ұйымдастыру, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар құрайды.

Қашықтықтан оқытуды іс-әрекетті ұйымдастыру тұрғысынан анықтайтын қашықтықтан оқытудың концептуалдық моделі 1 кестеде берілген.


Кесте 1- Қашықтықтан оқытудың концептуалдық моделі

Деңгей нөмірі Деңгейлер атауы Жүйені құраушы компоненттердің сипаттамасы
3 деңгей Қашықтықтан оқытуды дамыту және ұйымдастыру тәсілдерінің жүйесі 1) қашықтықтан оқыту қызметкерлерінің біліктілігін арттыруды ұйымдастыру; 2) қашықтықтан оқыту жүйесінің қызметтік мүмкіндіктеріне әсер ететін факторларды табу және қолдау; 3) қашықтықтан оқытудың дамуын басқару.
2 деңгей Іс-әрекет жүйесі 1) қолданылатын технологияларды жетілдірудің мүмкіндіктерін зерттеу және жүзеге асыру; 2) инновациялық үдерістерді жүзеге асыру тәсілдерін анықтау және жүзеге асыру; 3) енгізген жаңа технологиялар мен іс-әрекет түрлерінің енгізу сапасын бағалау.
1 деңгей Қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру тәсілдері 1) қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру мазмұны мен формаларын өзгерту бойынша ұсыныстар жасау; 2) қашықтықтан оқыту жүйесінде ішкі үдерістерді басқару; 3) ақпараттық білім беру ортасының оқытушыларына арналған қолайлылықты ұйымдастыру.

Ақпараттық технологиялардың дамуын және оқу үдерісін ұйымдастыруда оларды қолдану тәсілдерін есепке алу, бизнестің дамуы үшін экономикалық және заң шығаратын шарттардың өзгеруі және олардың оқыту практикасында көрінуі, тұтынушының, яғни студенттің жаңа сұраныстарының тууы себепті, сәйкес оқу курсы модулін, әдістемелік материалдарды дайындау осы іс-әрекеттермен байланысты ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету мен оқытушыларды дайындауға байланысты болады.

Қазақстандағы білімді модернизациялау кезеңіндегі өзекті мәселелердің бірі - ол жеке тұлғаны қалыптастыру, қоғамда өзінің позициясын еркін және жауапты түрде анықтауға қабілетті, интеллектуалдық сипаттағы дәстүрлі емес тапсырмаларды шешу мақсатында инновациялық технологияларды енгізу болып табылады. Білімді модернизациялаудың міндеттерін студенттердің креативтілігі, белсенділігі және дербестігімен байланысты жеке тұлғалық қасиеттерінсіз шешу мүмкін емес. Жоғары оқу орындарында қашықтықтан оқыту жүйесі жеке тұлғаға бағытталған акцентпен құрылуы керек.

Қазіргі таңда адамдар білімінің жоғары деңгейін талап ететін әлемдегі интеграциялық үдерістерге байланысты, Қазақстанның жоғары оқу орындарының Болондық үдеріске кіруіне байланысты, жаңа білім беру ақпараттық жүйелерін қолдану деңгейі мен оқыту нәтижелерінің сәйкессіздігіне және жалпы әлемдік өркениеттің тәжірибесіне байланысты кадрлардың кәсіби дайындығына қойылатын қоғам талаптары толығымен қанағаттандырылмаған.

Жоғарыда айтылғандар инновациялық оқытуды қашықтықтан оқыту жүйесінің оқытудың мазмұнын, әдістерін, формаларын, құралдарын шеңберінде барынша көп жүзеге асыру қажеттілігін растайды.

Инновациялық оқыту қашықтықтан оқыту жүйесін ең алдымен оқытуда жеке тұлғаға бағытталған тәсіл негізінде құруды талап етеді. «Жеке тұлғаға бағытталған» тәсіл термині бүгінгі таңда ғылыми-педагогикалдық әдебиеттерде өте кең таралып, Г.М.Анохина, Е.В.Бондаревская, А.Ю.Белогурова, З.К.Каргиева, Н.А.Морозова, С.А.Рогачева, Н.Г.Свинина, В.В.Сериков, В.И.Слободчикова, Е.Г.Силяева, И.С.Якиманская және т.б. ғалымдардың еңбектерінде қарастырылған.

Қазіргі заманғы білім беру жүйесіндегі жеке-тұлғаға бағытталған тәсілді ескеру негізінде жеке-тұлғаға бағытталған қашықтықтан оқытудың моделі (1-сурет) студентті өз бетінше жұмыс жасауға, жаңалық ашуға бағыттап, әрбір студенттің бейімділіктері мен ерекшеліктерін есепке алып, онымен жұмыс жасау мен кез келген студенттің үлгерімі мен қабілетіне сәйкес дидактикалық материалды қолдануда әрбір студенттің жеке қабілеттерін есепке ала отырып, білім көлемін бекіту және сәйкес оқу материалын жинақтауды ескереді. Модель бойынша оқу материалының күрделілігін студент таңдап, ал оқытушы өзгертіп түрлендіру іске асырылады. Сонымен қатар, әрбір студенттің мүмкіндіктері мен жеке бейімділігін есепке ала отырып, оның белсенділігіне жағдай жасалып, студентке топпен немесе жеке жұмыс жасау мүмкіндігін таңдау ұсынылады, студенттің танымдық ерекшеліктеріне байланысты тақырыптар келісіледі. Модельде қарастырылған оқытушылар мен студенттердің бірлескен жұмысы барысында жаңа білім алу, ең алдымен жауапты студенттің өзі, сонан соң оқытушының бағалауы, меңгеру нәтижелерін бағалауда сандық және сапалық тәсілдерді пайдалану, студенттің үй тапсырмасының көлемін, күрделілігін және формасын таңдау мүмкіндігі, оқытушының өзіндік оқыту стилін студенттердің оқу стилімен салыстыру беріледі.

Жұмыстың «Қашықтықтан оқытуды оқу-әдістемелік қамтамасыз ету» атты 2.2 тармағында А.А.Андреев, Е.С.Полат еңбектеріне негізделіп, қашықтықтан оқытудың қазіргі заманғы оқу үдерісін ұйымдастыру, әрбір білім алушының белсенді жеке және топтық оқу іс-әрекетін ұйымдастыру, тиімді кері байланысты қамтамасыз ету, интерактивтілік, оқу үдерісін даралау және


^ Студент

Оқытушы


Үлгерімі

Қабілеті

Оқу материалын жинақтау

Дидактикалық материалды қолдану

Танымдық ерекшелік - тері

Тақырыптардың келісілуі

Жаңа білім алу

Наши рекомендации