ОҚытушы туралы мӘлімет

Джакыпбекова Мамиля Тургамбаевна

Қазақ филологиясы кафедрасының аға оқытушысы, ф.ғ.к.

Қазақ филологиясы кафедрасы, 120- ауд.

Жансүгіров көшесі, 187 а.

Пәннің пререквизиті: «Қазіргі қазақ тілінің фонетикасы», «Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы», «Қазіргі қазақ тілінің сөзжасамы», «Қазіргі қазақ тілінің синтаксисі», «Педагогика», «Психология».

Пәннің постреквизиті:«Жалпы тіл білімі», «Қазақ тілінің тарихи грамматикасы», «Қазақ тілінің стилистикасы».

Пәннің қысқаша түсініктемесі.Лекцияда қазақ тілін оқытудың теориялық мәселелері қарастырылып, практикалық сабақтардақазақ тілін оқытудың нақты әдістемелері талданады, оқу- әдістемелік әдебиеттер талданады, қазақ тілі сабақтарының болмысы танылады.

Студенттер қазақ тілін оқыту әдістемесінен оқуы барысында қазақ қазақ тілі мұғаліміне тән болуы тиіс деп саналатын іскерліктерді қалыптастырады. Мектептермен тығыз байланыс жасай отырып, студенттердің мұғалім сабақтарына қатысуы белгіленеді, соның негізінде әдістемеден алатын теориялық білімінің өмірмен байланысы танылады. Студенттерге қазақ тілін оқыту және басқа тілдерді оқыту бойынша оқу-құралдар әдістемелік әдебиеттер кітапханасын жасау тапсырылады және оқытушы тарапынан қатаң қадағаланады.

Қазақ тілін оқыту әдістемесі пәнінің біліктіліктері (компетенциялары)

Студенттер қазақ тілін оқыту әдістемесін оқуы барысында қазақ қазақ тілі мұғаліміне тән болуы тиіс деп саналатын іскерліктерді қалыптастырады. Қазақ тілі мұғаліміне тән негізгі іскерліктерге мыналар жатады:

- мектепте білім берудің әр кезеңінде қазақ тілін оқытудың мақсат-міндеттерін анықтай алу іскерлігі;

- әрбір сынып оқушыларының қазақ тілін өз ана тілінің теориялық болмысы ретінде игеру психологиясы мен жас ерекшелігі психологиясын, физиолигиялық, жеке бас ерекшелігін баланың қабілетімен байланыстыра алу іскерлігі;

- әрбір қазақ тілі сабағының білімдік, тәрбиелік, дамытушылық потенциалын мүмкіндігінше толыққанды жүзеге асыру жолдарын тану іскерлігі;

- оқу-танымдық прцестің заңдылықтарын негізге ала отырып, оқушының танымын кеңейтетін, ойлауын дамытатын, тілін дамытатын танымдық, лингвистикалық, дидактикалы,, пән мен оның ішіндегі жекелеген тақырыптардың өз ерекшеліктерінен туындайтын әдістер мен тәсілдер жүйесін тиімді қолдана білу іскерлігі;

- қазақ тілінің жалпы тілдер жүйесіндегі, түркі тілдер жүйесіндегі өзіндік орны мен ерекшеліктері мен байланыстыра оқыту іскерлігі;

- оқушының қазақ тілін оқуға деген мотивтерін анықтап, оны дамыта білу іскерлігі;

- сабақтағы оқу материалының сабақтан тыс жұмыспен байланыстылығын сақтай білу іскерлігі;

- жаңашыл әдістерді сабақтарда қолдана білу іскерлігі.

Нақтылай түскенде, осы көрсетілген әрбір пунктінің өзі әрі қарай жіктеле береді:сұрақты дұрыс қоя білу, оқушы білімін дұрыс та обьективті бағалай білу, бір сабақта түрлі әдісерді үйлесімді етіп қолдана білу,оқушының дәптерлерін жүйелі тексеру, оқыту технологиясын сабақта бірізді және орынды қолдана білу т.б.

Пәннің мақсаты мен міндеттері:Курстың негізгі мақсаты- студенттерге мектепте қазақ тілін оқыту процесінің ерекшеліктерін теориялық және практикалық тұрғыдан меңгерту. Қазақ тілін оқыту әдістемесі - ғылым саласы ретінде оқыту теориясының жеке бөлігі болуымен қатар, өзінің зерттеу обьектісіне ие болып отырған пән. Қазақ тілін оқыту әдістемесі өзінің алдына мынандай міндеттердіқойып, оларды шешу жолдарын қарастырады:

1. Оқу - әдістемелік құралдарды оқып -талдау, баға беру, тиімді әдістемелік кешендерді таңдай білу, оларды практикада қолдана білу дағдыларын қалыптастыру; қазақ тілінің мемлекеттік мәртебе алуымен байланысты, оның әлеуметтік қызметін белсендіру жолдарын студентке, болашақ мұғалім ретінде меңгерту. 2. Қазақ тілін оқыту әдістемесінің методологиялық - теориялық негіздерін және қазақ тілі жүйесінің ішкі салаларын мектепте оқыту ерекшеліктерін теориялық және практикалық тұрғыдан меңгерту. 3. Болашақ қазақ тілі мұғалімдері ретінде өз бетімен ғылыми әдістемелік әдебиеттерді іріктеу мен оларды талдай білу дағдыларын қалыптастыру. 4.Педагогика мен әдістемедегі жаңашыл әдістемелерді талдай білуге олардың практикадағы тиімді - тиімсіздігін анықтай білуге және мектеп мұғалімінің тәжірибе жинақтау барысын талдауға озық тәжірибені жинақтау барысын талдауға, озық тәжірибені таратуға белсене қатысып отыруын қалыптастыру.

Бағалау саясаты

Білімді бағалаудың балдық-рейтингтік жүйесі

Наши рекомендации