Студенттердің 1 курсқа қабылдануына қарай штаттарды және педагогикалық жүктемені бекіту.

Тыңдалды:Төртінші сұрақ бойынша факультет деканы б.ғ.д., профессор Б.К. Заядан сөйледі.

Жалпы оқытушы-профессор құрамы бойынша «2016-2017 оқу жылына дайындық туралы» 2015 жылдың 22 маусымындағы №207 бұйрыққа және бакалавриат, магистратура мен докторантура оқу жоспарларына білім алушылар контингентіне (2016 ж оқуға түскендер санын есепке алғанда) сәйкес педагогикалық жүктеме есебінің қорытындысы негізінде 29.08.2014ж 2015-2016 оқу жылына арналған кафедралар штатын 1985 бірлік мөлшерінде бюджеттік және бюджеттен тыс қаражаттан енгізу және бекәту негізінде кафедралар бойынша штаттық бірліктер бөлінген және тіркелген. Осы бұйрықта экономика және бюджеттік жоспарлау департаментімен академиялық мәселелер жөніндегі департаментінің оқу үдерісін жоспарлау және қамтамасыз ету бөлімі, ЖОО кейінгі білім беру институты бірлесе отырып жазбаша емтихан жұмыстарын тексеру комиссиясына ОПҚ оқу жұмысы жүктемесі бекітілген нормативтік құжатқа сәйкес 5800,1 кредит көлемінде төлемақы жүргізетіндігі жайлы. Кафедра меңгерушілері үш күндік мерзімде бекітілген штаттарды іс жүзінде асыру шараларын жасау жөнінде, бюджеттік саясат және экономикалық жоспарлау басқармасы кафедра меңгерушілерінің ұсыныстары негізінде жаңа оқу жылының штаттық кестесін бекітуді ұсыну жайлы айтылды.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті ректорының «2014-2015 оқу жылына дайындық туралы» 2015 жыдың 22 мамырдағы №207 бұйрығына және оқу жоспарларына, бакалавриат, магистратура мен докторантурада білім алушылар контингентіне сәйкес педагогикалық жүктеме есебінің қорытындысы негізінде 2015 жылдың 1 қыркүйегінен 2015-2016 оқу жылына арналған кафедралар штатын 194,25 бірлік мөлшерінде бюджеттік және бюжджеттен тыс қаражаттан енгізілетіндігін және бекітілетіндігін айтып өтті. Биология және биотехнология факультеті кафедралары бойынша штаттық бірліктер бөлінісі биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасы бойынша 36,5, билтехнология кафедрасы бойынша 19,5, биофизика және биомедицина кафедрасы бойынша 18,75, дене тәрбиесі және спорт кафедрасы бойынша 81,75, факультет бойынша 194,25 бірлік бекітілгендігін атап айтты. Осыған орай кафедра меңгерушілері үш күндік мерзімде штаттарды бекітілген штатқа сәйкестендіру үшін шаралар қолдану керек екендігін айтып өтті.

Қаулы қабылданды:2016-2017 оқу жылына арналған сабақ кестесі бойынша оқытушылардың жұмыста болу мерзімі мен сабақ жүргізу сапасын қадағалау факультет деканатына, факультеттің әдістемелік бюросы және кафедра меңгерушілеріне жүктелсін.

Биотехнология, Геоботаника, Балық шаруашылығы және өндірістік балық аулау мамандықтары бойынша халықаралық аккредитациялау нәтижесі туралы.

Тыңдалды:Бесінші сұрақ бойынша деканның оқу ісі жөніндегі орынбасары Мухатаева Қ.А. сөйледі. Мұнда әрбір мамандық бойынша аккредитацияға жауапты оқытушы-профессорлар құрамымен таныстырылды. Айталық Бакалавриатта «5В070100 – Биотехнология» мамандығы бойынша биотехнология кафедрасының доценті С.Т. Турашева жауапты екендігі, магистратура бойынша «6М070100 – Биотехнология» мамандығында Н.Акимбеков, докторантурада «6D070100 – Биотехнология» А.В.Гончарова екендігі айтылды. Геоботаникада биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасының доценті Н.З. Ахтаева, сонымен қатар «Балық шаруашылығы және өндірістік балық аулау» мамандығында Н.Сапарғалиева жауапты екендігі айтылып өтті. Жалпы алғанда Биотехнология, Геоботаника, Балық шаруашылығы және өндірістік балық аулау мамандықтары бойынша халықаралық аккредитациялау нәтижесі бойынша анықтама дайындалып жатқандығынан хабардар етті.

6. Дайындық:

- биология мамандықтары бойынша мемлекеттік аттестациялауға

- биология мамандықтары бойынша халықаралық аккредитациялауға.

Тыңдалды:Алтыншы сұрақ бойыншафакультет деканы б.ғ.д., профессор Б.К.Заядан сөйледі. Кафедра меңгерушілері 05.09.2015 дейін пәндердің силлабустарындағы ағымдағы және аралық бақылау тапсырмаларының барлық түрлері бойынша балдарды 100 балдық шәкіл бойынша қайта есептеуді ескертті, 06.09.2015 дейін «Univer» жүйесіне және «ВУЗ» АЖ-ға ағымдағы және аралық бақылау бағаларын 100 балдық шәкіл бойынша енгізу керектігі де айтылды, куратор-эдвайзерлер 07.09.2015 дейін ағымдағы бақылау мен аралық аттестаттаудағы бағалау әдістемесінің өзгеретіндігі туралы ақпаратпен студенттерді таныстыру керектігін айтты. Аккредиттеу жөніндегі бөлім 01.10.2015 дейін академиялық мәселелер жөніндегі департаментпен және АБТД бірлесіп аккредиттеу агенттіктерінің талаптарын ескере отырып, білім беру бағдарламаларын сипаттаудың бірыңғай форматын дайындайтындығы айтылды, сонымен қатар академиялық мәселелер жөніндегі департаментпен бірлесіп, 01.02.2016 дейін аккредиттеу агенттіктерінің талаптарын ескере отырып, университитеттің Академиялық саясатына толықтырулар енгізетіндігі айтылды, 01.02.2016 дейін қосымша білім беру бағдарламалары бар дипломның құрылымы жасалатындығы айтылды.

Қаулы қабылданды:Биология және биотехнология факультетінің мамандықтары бойынша мемлекеттік аттестаттауға және халықаралық аккредиттеуге факультет деканатымен қатар кафедралар тарапынан белсенді жұмыстар атқарылсын.

Наши рекомендации