Бас бостандығынан айыруға сотталғандардың кездесулерi.

Сотталғандарға түзеу мекемесiнiң аумағында ұзақтығы екi сағаттан төрт сағатқа дейiн қысқа мерзiмдi, ұзақтығы бiр тәулiктен үш тәулiкке дейiн ұзақ кездесулер берiледi. ҚР ҚАК көзделген жағдайларда сотталғандарға түзеу мекемесiнен тыс тұру арқылы ұзақтығы бес тәулiк болатын ұзақ мерзiмдi кездесулер берiлуi мүмкiн. Бұл жағдайда кездесудiң тәртiбi мен өтетiн жерiн түзеу мекемесiнiң бастығы белгiлейдi.
Туған-туыстарымен немесе өзге адамдармен қысқа мерзiмдi кездесулер түзеу мекемесiнiң әкiмшiлiгi өкiлiнiң қатысуымен берiледi. Ұзақ кездесулер жұбайымен /зайыбымен/ және жақын туыстарымен /ата-аналар, балалар, асырап алғандар, асырап алынғандар, ағалы-iнiлiлер, апалы-сiңлiлер, атасы, әжесi, немерелерi/, ерекше жағдайларда түзеу мекемесi бастығының рұқсаты бойынша өзге адамдармен бiрге тұру құқығымен берiледi.
Сотталғандарға өздерiнiң өтiнiшi бойынша ұзақ кездесудi қысқа мерзiмдiсiмен, ал тәрбиелеу колонияларында мекемеден тыс бiрге тұратын ұзақ кездесудi - колониядан тысқары шығатын қысқа мерзiмдiсiмен ауыстыруға рұқсат етiледi. Ауыстыру тәртiбiн ҚР-ның Әдiлет министрлiгi белгiлейдi.
Сотталғандарға заң көмегiн алу үшiн олардың санына, ұзақтығына шек қойылмай және олардың құпиялылығын қамтамасыз ететiн жағдайларда, олардың арызы бойынша адвокаттармен кездесуге рұқсат берiледi.
Бас бостандығынан айыруға сотталғандарға түзеу мекемелерiнде ҚР ҚАК-нің 117, 119, 121, 123, 129-баптарында белгiленген мөлшерде посылкалар, сәлемдемелер мен бандерольдер алуға рұқсат етiледi. Бiр посылканың немесе бандерольдың ең жоғары салмағы почта ережелерiмен айқындалады. Бiр сәлемдеменiң салмағы бiр посылкаға белгiленген салмақтан аспауға тиiс.
Ауру сотталғандардың, I және II топтағы мүгедектердiң, жүктi сотталған әйелдер мен балалары түзеу мекемесiнiң балалар үйлерiнде жүрген сотталған әйелдердiң мөлшерi мен түр-түрi медициналық қорытындыда белгiленген қосымша посылкалар мен сәлемдемелер алуына болады.
Сотталғандардың медициналық қорытындыға сәйкес алатын дәрiлiк заттары мен медициналық мақсаттағы бұйымдары осы баптың 1-тармағында айқындалған посылкалардың, сәлемдемелер мен бандерольдердiң санына қосылмайды. Олар сол сотталғандарды емдеу үшiн түзеу мекемесiнiң медициналық бөлiмiне жiберiледi.
Посылкалар, сәлемдемелер мен бандерольдер тексерiледi.
Сотталғандар түзеу мекемесi әкiмшiлiгiнiң рұқсатымен посылкалар мен бандерольдер жөнелте алады. Сотталғандарға хаттар мен жеделхаттарды санына шек қоймай өз есебiнен алуға және жiберуге рұқсат етiледi. Сотталғандардың жiберген және алған хат-хабарын цензура уәкiлеттi орган белгiлейтiн тәртiппен тексередi. Туыстар болып табылмайтын, бас бостандығынан айыру орындарында ұсталушы сотталғандардың арасында хат алысуға түзеу мекемесi әкiмшiлiгiнiң рұқсатымен жол берiледi.
Сотталғандар ақша аударымдарын алуға, сондай-ақ жақын туыстарына, ал әкiмшiлiктiң рұқсатымен ақша аударымын өзге адамдарға жiберуге құқылы.
Сотталған адамның телефон арқылы әр сөйлескенде ұзақтығы он бec минутқа дейiн сөйлесуге құқығы бар. Телефон арқылы сөйлесу ақысы сотталғандардың немесе олардың жұбайының (зайыбының) жақын туыстарының жеке қаражатынан төленедi.
Қатаң ұстау жағдайындағы сотталғандарға, сондай-ақ жазалау шарасын айыптылық, тәртiптiк оқшаулау орындарында, камералық үлгiдегi үй-жайларда және жалғыз адамдық камераларда өтеушiлерге телефон арқылы сөйлесуге ерекше жеке жағдайлар кезiнде ғана рұқсат етiлуi мүмкiн.
Түзеу мекемелерiнде ұсталатын сотталғандардың арасында телефон арқылы сөйлесуге тыйым салынады. Сотталған адамдардың телефон арқылы сөйлесулерiн түзеу мекемелерiнiң қызметкерлерi бақылайды.
Қылмыстық-атқару жүйесiнiң сотталған адамдардың телефон арқылы сөйлесулерiн бақылау жөнiндегi қызметiн ұйымдастыру тәртiбi ҚР-ның заңнамасымен айқындалады.
Сотталғандардың бандерольдарда, посылкалар мен сәлемдемелерде жазу керек-жарақтарын алуына, сауда желiсi арқылы әдебиеттер сатып алуына, сондай-ақ жеке шотындағы қаражат есебiнен газеттер мен журналдарға шек қоюсыз жазылуға рұқсат етiледi.
Сотталғандарға конституциялық құрылысты күштеп өзгертудi, Республиканың тұтастығын бұзуды, мемлекет қауiпсiздiгiне нұқсан келтiрудi, соғысты, әлеуметтiк, нәсiлдiк, дiни, әлеуметтiк және рулық артықшылықты, сондай-ақ қаталдық пен зорлық-зомбылыққа табынуды насихаттайтын басылымдарды, сондай-ақ әдепсiздiк сипаттағы басылымдарды алуға, сатып алуға, оларға жазылуға, сақтауға және таратуға тыйым салынады.
Сауда желiсi арқылы сатып алынатын әдебиет сотталушы алуға құқылы посылкалар мен бандерольдардың санына кiрмейдi.
Сотталушыға өзiнде он данадан аспайтын кiтап пен журнал ұстауына рұқсат етiледi, артық әдебиеттi сотталушы сақтауға өткiзедi не оның келiсiмiмен түзеу мекемесi кiтапханасының пайдаланылуына берiледi.
Жабылатын үй-жайларда, айыптылық оқшаулау орындарында, тәртiптiк оқшаулау орындарында, камералық үлгiдегi үй-жайларда, жалпы және жалғыз адамдық камераларда бас бостандығынан айыруды өтеушi сотталғандардың, егер олар ашық жерде жұмыс iстемейтiн болса, ұзақтығы ҚР ҚАК 114, 117, 119, 121, 123, 127-баптарымен белгiленген уақытта сейiлдеуге құқығы бар.
Сотталғандардың сейiлдеуi күндiзгi уақытта түзеу мекемесi аумағының арнайы жабдықталған бөлiгiнде өткiзiледi. Сейiлдеу сотталғандар түзеу мекемелерiнiң Iшкi тәртiп ережелерiн бұзған жағдайда мерзiмiнен бұрын тоқтатылуы мүмкiн.
Жазасын түрмеде өтеушiлердi қоспағанда, бас бостандығынан айыруға сотталғандарға, сондай-ақ айыптылық оқшаулау орындарына, камералық үлгiдегi үй-жайларға және жалғыз адамдық камераларға көшiрiлген сотталғандарға аптасына кемiнде бiр рет кинофильмдер көрсетiледi.
Айыптылық оқшаулау орындарына, камералық үлгiдегi үй-жайларға және жалғыз адамдық камераларға көшiрiлгендердi қоспағанда, сотталғандарға күн тәртiбiмен түнгi демалыс үшiн бөлiнген уақыттан басқа жұмыстан бос сағаттарда телехабарлар көруге рұқсат етiледi.
Сотталғандар мен сотталушылар топтарының өз қаражаттарының есебiнен сауда желiсi арқылы теледидар қабылдағыштары мен радиоқабылдағыштар сатып алуына немесе оларды туған-туыстарынан және өзге адамдардан алуына болады.
Сотталғандарға күн тәртiбiмен түнгi демалысқа бөлiнген уақыттан басқа жұмыстан бос сағаттарда радиохабарлар тыңдауға рұқсат етiледi. Тұрғын үй-жайлар, тәрбие жұмысы бөлмелерi, демалыс бөлмелерi, жұмыс үй-жайлары, айыптылық оқшаулау камералары, камералық үлгiдегi үй-жайлар, жалғыз адамдық камералар түзеу мекемесiнiң қаражаты есебiнен радионүктелермен жабдықталады.
Еңбекпен айналысушы бас бостандығынан айыруға сотталғандар мiндеттi мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыруға жатады, ал әйелдер жүктiлiгi мен тууы бойынша жалпы негiздерде жәрдемақылармен қамтамасыз етiледi.
Бас бостандығынан айыруға сотталғандардың ҚР-ның заңдарына сәйкес әлеуметтiк және зейнетақымен қамтамасыз етiлуге құқығы бар.
Бас бостандығынан айыруға дейiн зейнетақы тағайындалған, сондай-ақ жазасын өтеу кезiнде еңбек қабiлетiн жоғалтқан адамдарды әлеуметтiк және зейнетақымен қамсыздандыру ҚР-ның заңдарына сәйкес жүргiзiледi.
Сотталғандардың зейнетақылары мен жәрдемақыларынан ұсталынып қалады. Зейнетақылар мен жәрдемақылардан ұстап қалудың негiзi, түрлерi мен тәртiбi, сондай-ақ ұсталып қалғанның бәрiне қарамастан сотталушының жеке шотына есептелетiн зейнетақылар мен жәрдемақылардың ең төменгi процентi ҚР ҚАК 103-бабымен белгiленедi.
Бас бостандығынан айыруды түзеу мекемелерiнде өтеушi сотталғандар жөнiнде ерiктi медициналық сақтандырудың қолданылуы түзеу мекемелерiнде болу мерзiмi аяқталғанға дейiн тоқтатыла тұрады.
Бiр сотталушыға шаққандағы тұрғын алаңның нормасы түзеу колонияларында - екi шаршы метрден, түрмелерде - екi жарым шаршы метрден, әйелдердi ұстауға арналған колонияларда - үш шаршы метрден, тәрбиелеу колонияларында - үш жарым шаршы метрден, мәжбүрлеп түзеудi жүзеге асыратын түзеу мекемелерiнде үш шаршы метрден кем болмауы керек.
Сотталғандарға жеке жатын орындары мен төсектiк керек-жарақтар берiледi. Олар жынысы және климат жағдайлары ескерiлiп, маусымдық киiммен, iш киiммен және аяқкиiммен қамтамасыз етiледi.
Сотталғандарды тамақпен және материалдық-тұрмыстық жағынан қамтамасыз ету нормаларын ҚР-ның Үкiметi белгiлейдi. Сотталған адамдар мемлекет есебiнен тамақпен, киiммен және бiрiншi кезекте қажеттi заттармен қамтамасыз етiледi. Сотталғандарды еңбекке тартушы кәсiпорындардың қаражаты есебiнен оларға белгiленген нормадан тыс қосымша тамақтандыру ұйымдастырылуы мүмкiн.
Жүктi әйелдерге, бала емiзушi аналарға, кәмелетке толмағандарға, сондай-ақ аурулар мен I және II топтағы мүгедектерге жақсартылған тұрғын үй-тұрмыстық жағдайлар жасалады және тамақтың көтерiңкi нормасы белгiленедi.
Тамақ өнiмдерiн және бiрiншi кезекте қажеттi заттарды сатып алуға жұмсауға рұқсат етiлетiн, ҚР ҚАК 83, 117, 119, 121, 127, 129-баптарында белгiленген ақша сомасынан тыс сотталғандардың жеке шоттарындағы қаражаттан түзеу мекемелерiнде пайдалануға рұқсат етiлген аяқкиiм мен киiмдi, оның iшiнде спорттық киiмдi қосымша сатып алуына, қосымша емдеу-профилактикалық және өздерiнiң қалауы бойынша нормативтiк құқықтық актiлермен белгiленген өзге де қосымша қызметтерге ақы төлеп, медициналық көрсету бойынша қажеттi диеталық тамақ алуына болады.
Балалары бар сотталған әйелдер жазасын өтеп жатқан түзеу мекемелерiнде балалар үйлерi ұйымдастырылуы мүмкiн. Түзеу мекемелерiнiң балалар үйлерiнде балалардың қалыпты тұруы мен дамуы үшiн қажеттi жағдайлар қамтамасыз етiледi. Сотталған әйелдер түзеу мекемелерiндегi балалар үйлерiне өздерiнiң үш жасқа дейiнгi балаларын орналастырып, олармен жұмыстан бос уақытында шек қоюсыз бiрге бола алады. Оларға балаларымен бiрге тұруға рұқсат берiлуi мүмкiн.
Сотталған әйелдердiң келiсiмiмен олардың балалары туған-туыстарына немесе қорғаншы және қамқоршы органдардың шешiмi бойынша өзге адамдарға берiлуi не балалары үш жасқа толған соң тиiстi балалар мекемелерiне жiберiлуi мүмкiн.
Егер түзеу мекемесiнiң балалар үйiндегi бала үш жасқа толса, ал анасының жазасын өтеу мерзiмiнiң аяқталуына бiр жылдан аспайтын уақыт қалса, емдеу мекемесiнiң әкiмшiлiгi баланың балалар үйiнде болу уақытын анасының жазасын өтеу мерзiмi аяқталған күнге дейiн ұзарта алады.
Сотталған жүктi әйелдер мен бала емiзушi сотталған аналардың саны мен түр-түрi медициналық қорытындыда айқындалған қосымша азық-түлiк посылкалары мен сәлемдемелерiн алуына болады. Сотталған жүктi әйелдер, сотталған әйелдер тууы уақытында және туғаннан кейiнгi кезеңде мамандандырылған көмек алуға құқылы.
Бас бостандығынан айыруға сотталған адамдарға санитариялық-iндетке қарсы iс-шаралар жүргiзу және медициналық көмек ҚР-ның заңнамасына сәйкес ұйымдастырылады және берiледi.
Қылмыстық-атқару жүйесiнде сотталған адамдарға медициналық қызмет көрсету үшiн емдеу-профилактика мекемелерi (ауруханалар, арнаулы психиатрия және туберкулездi емдеу ауруханалары; медициналық бөлiмдер, медициналық пункттер), ал туберкулезбен ауыратын сотталған адамдарды ұстау және емханада емдеу үшiн емдеу құқығындағы түзеу мекемелерi ұйымдастырылады. Алкогольге салынумен, нашақорлықпен және уытқұмарлықпен ауыратын сотталған адамдарды мәжбүрлеп емдеу түзеу колонияларының медициналық бөлiмiнде жүзеге асырылуы мүмкiн.
Түзеу мекемесiнiң әкiмшiлiгi сотталғандардың денсаулығын сақтауды қамтамасыз ететiн, белгiленген санитариялық-гигиеналық және эпидемияға қарсы талаптардың орындалуы үшiн жауапты болады.
Бас бостандығынан айыруға сотталғандар жеке және жалпы гигиена ережелерiн, санитария талаптарын орындауға мiндеттi.
Сотталғандарға медициналық көмек көрсетудiң, санитариялық қадағалауды ұйымдастыру мен жүргiзудiң, денсаулық сақтау органдарының емдеу-профилактикалық және санитариялық-профилактикалық мекемелерiн пайдаланудың және осы мақсаттар үшiн олардың медицина қызметкерлерiн тартуының тәртiбiн ҚР-ның ІІМ мен уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлейдi.
Қылмыстық-атқару жүйесi мекемесiнде жазасын өтеп жүрген шетелдiк қайтыс болған жағдайда мекеменiң әкiмшiлiгi бас бостандығынан айыру орындарында заңдардың қолданылуын қадағалауды жүзеге асыратын прокурорға, сондай-ақ қайтыс болған адам азаматы болып табылатын мемлекеттiң елшiлiгiне немесе өзге өкiлдiгiне дереу жазбаша түрде хабарлайды.

5. Сотталғандардың қылмыстық, материалдық және тәртіптік жауапкершілігі.

Жазасын өтеу уақытында мемлекетке, түзеу мекемесiне немесе заңды және жеке тұлғаларға материалдық залал келтiрген жағдайда сотталғандар заңда белгiленген тәртiппен материалдық жауапты болады.
Сотталушы мемлекетке, түзеу мекемесiне келтiрген залалын, қашып шығушыны тыюға, сондай-ақ өзiнiң денсаулығына қасақана зиян келтiрiлген жағдайда өзiн емдеуге байланысты қосымша шығындарды өтеуге тиiс.
Келтiрiлген материалдық залал үшiн дұрыс ұсталмаған сома сотталушының жеке шотына есептелiп, оған қайтарылуға жатады.

ҚР-да бас бостандығынан айыруға сотталғандардың еңбегін құқықтық реттеу.

1. ҚР-да сотталғандарды еңбекке тартудың ұйымдық-құқықтық нысаны.

2. Бас бостандығын айыруға сотталғандардың еңбегін реттеу.

3. ҚР-де сотталғандардың еңбегіне ақы төлеу.

4. Сотталғандардың еңбегіне ақы төлемей жұмыстарға тарту.

Наши рекомендации