Зіреттілік баҒыт шеҢберіндегі студентті баҒалау

Медициналық білім беру кеше және бүгін.

Жаңа білім беру технологиялары дегеніміз – ол мәселелерге

бағытталған білім беру және білім саласындағы тәжірибе мен инновациялық техника, білім

берудегі интербелсенді әдіс. Білім берудегі жаңа әдістер білім беру үрдісінде дәлелденген

медицина ұстанымдарын, шет тілін терең меңгеру және оқу үрдісінде клиникалық пәндермен қоса базалық пәндерде де шетелдік баспа және электронды оқулықтарды белсенді қолдану, қажетті ақпаратты және т.б. іздеу үшін Интернет-ресурстарын кеңірек қолдануды қарастырып отыр.

Білім берудің жаңа технологиялары дегеніміз – тәжірибелік дағдыларды үйренудегі сӛзсіз жаңа тәсіл, бұл дегеніміз дәлдебер (муляж), фантом, стандартталған аурулардың әдісін қолдану, сонымен қатар білім беру тәсілі түлектердің біліктілігін және студенттердің білімін бағалау жүйесінде негізгі ӛзгерістерін де қарастырады. Дәрігер-студенттерге, ЖОО-ның профессор-оқытушылар құрамының деңгейіне қойылатын талаптарды жоғарылату – университет дамуындағы болашағы және жетістігі бар қажетті жағдай болып табылады. Қазіргі заманғы педагогикада білім беру әдісінің 250-ден аса түрі бар.

Оқу үрдісіндегі білім беру әдістерінің барлығы тӛмендегідей қызмет атқарады:

· білім беруші (оқытудың мазмұны мен мақсатын тәжірибеде іске асырады);

· дамытушы (оқушылардың даму деңгейін мейлінше жетілдіру);

· тәрбиелік (тәрбие нәтижесіне әсер етеді);

· қозғаушы (танымдық шығармашылыққа жағдай жасаушы, білім алуға қозғаушы құрал

· ретінде қызмет атқарады);

бақылаушы-түзетуші (анықтау және оқу үрдісін басқару).

Оқытудың әдіс-тәсілдері ӛздерінің қызметін іске асыру кезінде, мынадай қызметтік

міндеттерді алып жүреді:

· ӛзара қарым-қатынастың барлық деңгейдегі жетекші жүйесін анықтау: «оқытушы – білім

· алушы», «білім алушы – білім алушы», «оқытушы – білім алушы топ» т.б.;

· білім алушылардың танымдық шығармашылығын ұйымдастыру құралы ретінде қызмет

· атқарады;

· оқытушының іс-әрекеті тәсілдерінің жүйесін анықтайды;

· білім алушылардың оқу шығармашылығының амал жүйесін қалыптастырады;

· ұжымға және жеке білім алушыларға тәрбиелік жағынан әсер ететін құрал болып табылады;

Педагогикалық үрдістің негізі болатын бӛлігі болып

· мақсаты – не үшін оқу керек (оқыту);

· мазмұны – нені үйрену керек (оқыту);

· әдіс-тәсілдері мен құралдары – қалай оқу керек (оқыту);

Білім алудың мазмұнын, әдіс-тәсілдері мен құралдарын таңдау білім алудың мақсатына

негізделген.

Мақсат қойылған келесі талаптарды қанағаттандыруы керек:

· білім алушының мүмкіндігіне барынша зер салып, бейімделу керек;

· орындаушы;

· жете түсіну;

· олардың қол жеткізген мүмкіндіктері мен жағдайларына сәйкес ӛзгергіш, икемделгіш болу;

· білім алу мекемелері нақты болуы және ескерілуі керек;

· бақыланымды.

Пассивті (селқос) әдіс-тәсіл дегеніміз – оқытушы негізгі ықпал етуші тұлға және сабақ

барысының басқарушысы, ал студенттер оқытушыға тәуелді, селқос тыңдаушы рӛлін атқаратын

оқытушы мен студенттің арасындағы қарым-қатынас формасы. Пассивті сабақ барысында

оқытушының студентпен байланысы сұрақ-жауап, ӛзіндік бақылау жұмыстары, тест жұмыстары, т.б. арқылы жүзеге асады.

Белсенді әдіс – сабақ барысында оқытушы мен студент ӛзара бірлесе әрекет ететін және бұл

жерде студент пассив (селқос) тыңдаушы болып қалмай, белсенді түрде қатысып отыратын,

оқытушы мен студенттің ӛзара әрекеттесу формасы.

Интерактивті әдіс. Интерактивті («Inter» - ӛзара, «act» - әрекет ету) - ӛзара әрекет ету,

сұхбаттасу режимінде болу, біреумен әңгімелесу дегенді білдіреді.

ЗІРЕТТІЛІК БАҒЫТ ШЕҢБЕРІНДЕГІ СТУДЕНТТІ БАҒАЛАУ

1) Формативті бағалау оқыту үрдісімен бірге жүреді, оның мақсаты - студенттің құзіреттіліктерін дамыту болып табылады.

2) Суммативті бағалау әдісі оқытудың соңында қолданылады. Оның мақсаты - оқытудың нәтижесіне жеткендігін анықтап, құжатқа енгізу болып табылады. Мысалы: емтихан қабылдау.

1. Білімдерді бағалау үшін қолданылатындар:

· көп жауапты сұрақтар (MCQ – multiple choice questions),

· сәйкестіктің ауқымды нұсқалары (EMI – extended matching items))

· қысқа жауапты сұрақтар (SAQ – short answer questions),

· қысқа жауапты эссе (SEQ – short essay questions),

· ұзын жауапты эссе (LEQ – long essay questions),

· ауызша емтихан (OE – oral examination).

2. Дағдыларды бағалау үшін (чеклисттер, рубрикалар немесе глобальды рейтинг шкалалары көмегімен алынады) қолданылатындар::

· ауызша жауабы бар ұзын кейс (LC – long case)

· ауызша жауабы бар қысқа кейс (SC – short case)

· дағдыны бағалау станциясы (SAS – skills assessment station)

· объективті құрылымдас клиникалық емтихан (OSCE – objective structured clinical

· examination)

· мини-клиникалық емтихан (MiniCEX – mini clinical evaluation exercise)

· процедуранық дағдыны тікелей бақылау (DOPS – direct observation on procedural

· skills

· клиникалық жұмыстын нұсқасы (CWS – clinical work sampling)

· 360° бағалау (MSF-360 -multisource feedback, 360-degree evaluation)

3. Қарым-қатынас/мінез-құлықты бағалау үшін (Ликерт шкаласы және рейтингті қолдану көмегімен) қолданылатындар:

· ауызша жауабы бар ұзын кейс (LC – long case)

· ауызша жауабы бар қысқа кейс (SC – short case)

· дағдыны бағалау станциясы (SAS – skills assessment station)

· объективті құрылымдас клиникалық емтихан (OSCE – objective structured clinical

· examination)

· мини-клиникалық емтихан (MiniCEX – mini clinical evaluation exercise)

· процедуранық дағдыны тікелей бақылау (DOPS – direct observation on procedural

· skills

· клиникалық жұмыстын нұсқасы (CWS – clinical work sampling)

· 360° бағалау (MSF-360 -multisource feedback, 360-degree evaluation)

· портфолио (PF-портфолио)

· журнал (LB-logbook)

Иммитациялық емес әдіс ретінде – жұмыс орнында тәжірибеден өту, бағдарламалық оқыту, проблемалық дәрістерді, оқуды бітіру жұмыстарын түсінеміз.

Бағыты бойынша олар: танымдық іс-әрекеттердің уәжділігі, оқу ақпараттарын хабарлау; кәсіби шеберлік пен дағдыны қалыптастыру, үздік тәжірибелерді игеру, оқыту нәтижелерін бақылау болып ажыратылады.

Интерактивті оқыту формасын енгізу – медициналық ЖОО-да студенденттерді даярлауды жетілдірудің маңызды жолдарының бірі. Негізгі әдістемелік инновация бұл күндері интерактивті оқыту әдістемелерімен тікелей байланысты.

Кәсіби шеберлік дегеніміз – науқастар мен қоғам кәсіби міндеттерін орындау барысында маманнан талап ететін білім, дағдылар, ұстанымдар мен өзін-өзі ұстау ережелері; бұл ұғымға сондай-ақ өзінің білімін үнемі толықтырып отыру мен қажетті кәсіби деңгейден төмендемеу де жатады.

Наши рекомендации