Сынып. Қазақстан тарихы 2 страница

Сынып: 8 «а». Сабақ №:____________ Күні:_______________

Пән: Қазақстан тарихы.

Сабақтың тақырыбы: Қазақ әдебиеті.

Сабақтың мақсаты:

· «Қазақ әдебиеті» пәнінен алған білімдерін негізге ала отырып, оқушыларды Ы.Алтынсариннің өмір жолы және қызметімен таныстыру. Ағартушының бүкіл ғұмырын туған халқының білім көкиегін кеңейтуге арналған игілікті ісіне талдау жасау, оның педагог, жазушы, қоғамқайраткері, ғалым-этнограф ретіндегі шығармасын жан-жақты зерделеу;

· Оқушырдың әдеби шығармаларымен жұмыс істеу дағдасын қалаптастыру, автордың айтпақшы ойын түсіне білуге, қойылған сұраққа нақты, жүйелі түрде жауап қайтара алуға және тарихи оқиғаның мазмұны мен сипатын терең ұғынуға үйрету;

· Оқушыларды еңбексүйгіштікке, өз бетінше ой қорытып, оны жеткізе білуге дағдыландыру.

Сабақтың түрі: аралас.

Негізгі түсініктер: зайырлы және діни білі, медресе, оқу пәндері, кадет корпусы, семинария, жаңа әдістемелік мектептер.

Әдісі: шағын дәріс, сұрақ-жуап.

Сабақтың жоспары:I. Ұйымдастыру кезеңі.

II. Үй тапсырмасын тексеру.

III. Жаңа сабақ.

IV. Жаңа сабақты бекіту.

V. Бағалау.

VI. Үйге тапсырма.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

· Оқушылармен амандасу.

· Оқушыларды түгендеу.

· Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

II. Үй тапсырмасын тексеру.

1) 18 ғасырдың соңы мен 19 ғасырдың басында Қазақстан аумаған еуропа зерттеушілерінің қайсысы зарттеді ?

2) Орыс Географиялық Қоғамының үлесі ?

3) Орыс ғалымдарының қоқан үлесі ?

Жаңа сабақтың жоспары:

1) Ы. Алтынсәриннің ағартушылық көзқарасының қалыптасуы.

2) Ағартушының педагогика қзметі.

3) Ы. Алтынсәриннің ғылыми және әдеби қызметі.

4) Қоғамдық-саяси қызмет.

III. Жаңа сабақ.

Ыбырай Алтынсәрін 1857 жылы Орынбор шекара коммисиясы маңындағы мектепті алтын медальмен бітірді. Ол араб, орыс, татар және парсы тілдерінде еркін сөйледі. Ол А. Пушкин, Д. Байрон, Н. Гоголь, М. Лермонтов, Фирдоуси, Науаи, В. Шекспирдің шығармаларын көп оқыды. Оның педагогикалық көзқарасының қалыптсуына К. Ушинский мен Я . Коменскийдің еңбектері көп әсер етті. Ы. Алтысәрін қазақ балаларына арналған екі оқу құралын жазды. «Қырғыз (Қазақ) хрестоматиясы» мен «Қырғыздарға (қазақтарға) орыс тілін үйретуге алғашқы басшылық». 1860 жылы оған Торғай қаласында қазақ балалары үшін бастауыш мектепті ашуды тапсырды. Өзі сол мектепке орыс тілі мұғалімі ретінде орналасады. 1864 жылы қазақ балаларына арналған интернаты бар мектеп салтанатты түрде ашылды. 1879 жылы Торғай облысының мектептерінің инспекторы болып тағайындалды. Ырғыз, Николаев, Торғай және Елек уездерінің екі сыныптық орыс-қазақ училищелерін ашты. 1886 жылы ол Торғай уездік басқармасына іс жүргізуші ретінде қызметке орналасты. Содан соң уезд бастығының аға көмекшісі және уақытша уездік судья міндеттерін атқарды.

IV. Жаңа сабақты бекіту.

1) Ы. Алтынсәріннің халыққа әкелген үлесі ?

2) Халық сауатынашу ісіне қандай көзқараспен ат салысты ?

V. Бағалау:

1) Аңдасова Қ. - ________;

2) Рамазанов А. - ________.

VI. Үйге тапсырма: параграф 43, Ыбырай Алтынсәріннің қызметтік жолы атты хронологиялықдиктант жазып әкелу.

Сынып: 8 «а». Сабақ №:____________ Күні:_______________

Пән: Қазақстан тарихы.

Сабақтың тақырыбы: Музыка өнері.

Сабақтың мақсаты:

· Оқушыларға қазақ поэзиясы мен музыкасы жайлы түсінік қалытастыру. Халықтың ән-күйі мен әдебие шығармашылығы тәуелсіздік, адамгершілік, адалдық, ұлтжандылық қасиеттерін дәріптеді;

· Оқушылардың қосымша әдебиеттермен жұмыс істеу дағдысын жетілдіру, есте сақтау, сөйлеу мәнерін дамыту, тарихи оқиғаға өзіндік көзқарасын білдіре алуға үйрету.

· Үй тапсырмасының сұрақтары параграфтың соңында берілген.

Сабақтың түрі: аралас.

Негізгі түсініктер: күй, күйші, айтыс, Дәулеткерей Шығайұлы, Құрманғазы, Тәттімбет.

Әдісі: шағын дәріс, сұрақ-жуап.

Сабақтың жоспары:I. Ұйымдастыру кезеңі.

II. Үй тапсырмасын тексеру.

III. Жаңа сабақ.

IV. Жаңа сабақты бекіту.

V. Бағалау.

VI. Үйге тапсырма.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

· Оқушылармен амандасу.

· Оқушыларды түгендеу.

· Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

II. Үй тапсырмасын тексеру.

1) Қазақ әдебиетінің дамуы неден көрініс тапты ?

2) Қазақ әдебиетінің 18 ғасырдағы көрнекті өкілдері ?

Жаңа сабақтың жоспары:

1) Дәулескер күйшілер.

2) Айтыс.

III. Жаңа сабақ.

Қазақтың музыка өнерін нотаға түсуі 19 ғасырдың аяқ кезінде ғана басталды. Оған дейінгі қыруар мол музыкалық мұрамыздың бірқатары, бізге дейін жетпеді. Қазақ халқында Құрманғазы Сағырбайұлы, Дәулеткерей Шығайұлы, Тәттімбет Қазанғапұлы, Ықылас Дүкенұлы, Қазанғап Тілепбергенұлы сияқты күй өнерінің ірі өкілдері белгіллі.

19 ғасырда соғын қоса қазақтарда айтыс өнері кең өріс алды. Әдетте әр рудың өз айтыс ақыны болған . Олар өз руының атақты, даңқты адамдарын мадақтап, дәріптеді. Айтыс ақындары алдың ала дайындалмаған, нақты жағдайға орай аяқ астынан суырып салып айтатын. Айтыс ақындары өзінің білімін, ақыл-парасаттылығын, шешендігі мен тапқырлығын танытуға бар қабілетін салған. Айтыскерлер қазақ халқының тарихын, шежіресін, тегін, дәстүрлі салт-санасы мен әдет—ғқрпын жақсы білуге тиісті еді. Айтыс кезінде қатысушылар домбыра, сырнай және қобыз сияқты музыкалық аспаптарда ойнаған.

IV. Жаңа сабақты бекіту.

1) 19 ғасырдағы қазақ айтыс шығармашылығының басты бағыты қандай болды ?

2) Айтысқа қатысатын адамдарды қалай атаған ?

3) Қазақтардың күй өнерінің көрнекті өкілдері кім болды ?

V. Бағалау:

1) Аңдасова Қ. - ________;

2) Рамазанов А. - ________.

VI. Үйге тапсырма: параграф 46, күйшілердің шығармашылығына сипаттама беру

Күйші, айтыскер жанр шығармалары
     

Сынып: 8 «а». Сабақ №:____________ Күні:_______________

Пән: Қазақстан тарихы.

Сабақтың тақырыбы: Рухани мәдениет.

Сабақтың мақсаты:

· Оқушыларға қазақ халқының рухани мәдениетімен таныстыра отырып. Халықтың ән-күйі мен әдебие шығармашылығы тәуелсіздік, адамгершілік, адалдық, ұлтжандылық қасиеттерін дәріптеді;

· Оқушылардың қосымша әдебиеттермен жұмыс істеу дағдысын жетілдіру, есте сақтау, сөйлеу мәнерін дамыту, тарихи оқиғаға өзіндік көзқарасын білдіре алуға үйрету.

· Үй тапсырмасының сұрақтары параграфтың соңында берілген.

Сабақтың түрі: аралас.

Негізгі түсініктер: мәдениет : рухани, жыл санау, жерлеу ғұрпы.

Әдісі: шағын дәріс, сұрақ-жуап.

Сабақтың жоспары:I. Ұйымдастыру кезеңі.

II. Үй тапсырмасын тексеру.

III. Жаңа сабақ.

IV. Жаңа сабақты бекіту.

V. Бағалау.

VI. Үйге тапсырма.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

· Оқушылармен амандасу.

· Оқушыларды түгендеу.

· Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

II. Үй тапсырмасын тексеру.

Жаңа сабақтың жоспары:

1) Жалпы сипаттамасы.

2) Қазақтардың діні және діни әдет-ғұрыптары.

3) Патша үкіметінің қазақ халқының дініне қатысты көзқарасы.

III. Жаңа сабақ.

Қазақтарда ауыз әдебиеті ең жақсы дамыған мәдени салалардың бірі. Аңыз-әңгімелер, батырлық және ғашақтық жырлар, мақал-мәтелдер мен жұмбақ және т.б. халықтың жан-дүниесін білдіретін бірден бір рухани байлықтар бар. Қазақтар өз ауыз әдебиетінде келешекке деген ой арманың, дүниеге көзқарасын білдірген. Халық арасында таңғажайып ертегілер, аңыздар, мақал-мәтелдер қара өлең, айтыс, төрт түлік мал туралы өлеңдер, жарапазан, шариғат өлең т.басқалар тараған. Қазақ етрегілері – халық тұрмысының түрлі жақтарын, қоғамдық өмірін, арманың, талабын айқын көрсетеді. Батырлар жыры – халықты жат-жерліктерден қорғап, ауыр азаптардан құтқарған ғажайып күш иесі – батырлардың жауынгерлік ерліктері туралы датстандар.

Қазақ ауыз әдебиетінде ғашықтық дастандар өте көп. Лиро-эпостық жырлардың негізгі тақырыбы – сүйеспеншілік, өз бақыты үшін күрескен жастардың бастан кешкен зары.

Қазақ тілі Қазақстан аумағында өмір сүрген бір-біріне жақын тайпалардың тілдерінен пайда болды. 15 ғасырда қазақ тілі дербес тіл ретінде болды.

Көшіп-қоныпжүрген қазақтар жұлдызды аспанға бақылау жасауда көп тәжірибе жасаған. 16-17 ғасырда қазақтар исламды тесми мемлекеттік дін ретінде қабылдады. Ислам дінінің таратушылар – Түркістан, Бұхара және Хорезм, Астарханның дінбасылары болды.

Қазақтар исламның сунниттік бағытын ұстанды. Оларда исламға дейінгі дәни наным-сенімдер қала берді. Нақты айтатын болсақ тәңіршілдік белгілері қалды. XVIII ғ-дың соңғы ширегіндегі жағдайда Ресей императрицасы ІІ Екатерина ислам дініне қолдау көрсету саясатын ұстанды. Мұнын мнадай себептері болды : 1-ден патша үкіметі қазақтарды Ресеймен тығыз байланыстырмақ болды. Бұл ретте молдалар татар есебінен іріктелді. 2-ден мұндай қадам жасау қазақтардың Орта Азиядағы мұсылман орталықтарымен байланысын шектеуге тиіс болды. 3-ден осы шаралар қазақтардың жауынгерлік мінез-құлқын жұмсатады деп ұйғарылды. Сол себепті Ресесйге шекаралас аймақтарда патша үкіметі есесінен мешіттерді салына бастады.

ХІХ ғ-дағы жағдай. Патша үкіметі өзінің отаршылдық саясаты барысындақазақ халқын шоқындырып, христиан дініне көшіруге зор көңіл бөлді. Сол арқылы Қазақстандағы байырғы халықты Ресей империясына шын берілген жандар етіп шығаруды ойластырды.

Қазақтардың православие дініне кіруі ХХ ғ-дың 50-60 ж.ж-дарында едәуір көбірек байқалды. Дала қазақтарын христиандыру үрдісі 1881 жылдан бастап едәуір қарқан алды. Өйткені бұл кезде Қырғыз коомисиясы құрылды. Жаңадан құрылған Қырғыз коммисиясының мақсаты – Семей облысының кең-байтақ аймағындағы қазақтарды шоқындыруды тырысты.

IV. Жаңа сабақты бекіту.

1) Қазақтардың ислам дінінің қандай ағымы болды ?

2) Патша үкіетінің ислам дінін қолдау себептері ?

¾ .................

¾ .................

¾ .................

3) 18 ғ-да патша үкіметініңқазақтардың дініне деген көзқарасы қандай болды ?

4) Миссионерлер деген кімдер ?

V. Бағалау:

1) Аңдасова Қ. - ________;

2) Рамазанов А. - ________.

VI. Үйге тапсырма: параграф 48, оқушыларға қазақтардың діни саясатының өзгеру, Қырғыз коммисиясының құрылуын қарастыру тапсырылады.

Сынып: 8 «а». Сабақ №:____________ Күні:_______________

Пән: Қазақстан тарихы.

Сабақтың тақырыбы: Қазақстандағы 1867-1868 жылдардағы реформалар.

Сабақтың мақсаты:

· Оқушыларға Қазақстандағы 1867-1868 жылдардағы патша үкіметінің реформалары туралы түснік беру;

· Оқушыларды топпен жұмыс істеу, басқалардың ойын тыңдау және толықтыру, сынды қабылдай білу, салыстыру және қорытынды шығару машықтарын жетілдіру;

· Өз халқының өткен тарихына қызығушылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас.

Әдісі: жаңа сабақты баяндау, дәріс.

Сабақтың жоспары:I. Ұйымдастыру кезеңі.

II. Үй тапсырмасын тексеру.

III. Жаңа сабақ.

IV. Жаңа сабақты бекіту.

V. Бағалау.

VI. Үйге тапсырма.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

· Оқушылармен амандасу.

· Оқушыларды түгендеу.

· Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

II. Үй тапсырмасын тексеру.

1) Қырғыз коммисиясы дегеніміз не ?

2) Ол қашан құрылды ?

3) Оның функциялары ?

4) Қазақтар не себепті христиан дінін қабылдай бастады ?

5) Сол кездің діндік ахуалға сипаттама беріндер ?

Жаңа сабақтың жоспары:

1) Қазақстанда реформа жүргізудің себептері мен оны әзірлеуі.

2) Реформалардың басталуы.

3) Реформалардың барысы.

III. Жаңа сабақ.

1882 және 1824 ж.ж-дағы реформалар ХІХ ғ-дың 60-шы ж-дарына қарай бірте-бірте жарамсыз болып қақа берді. Сол себепті жаңа реформаларды жүргізудің реті келді. Өйткені 1-ден қазақ даласында сұлтандардың билігі әлі де сқталды.2-ден кезінде тиісті жарғыларға сай қабылданған әкімшілк-аудандық бөлініс оғанқосымша аумақтардың қосылуына байланысты жаңа жағдайдағы өзгерстерге сәйкес келмей қалды. 3-ден Ресейдің еуропалықбөлігінде қарқанды дамып келе жатқан өнеркәсіп үшін арзан шикізат өздері мен жұмыс кадрлары керек болды. 4-ден қазақтарға бірыңғай салық жүйесін енгізу талап етілді. 5-ден Ресейдің еуропалық бөлігіндегі жері жоқ шаруаларды Қазақстан аумағына ұйымдастырылға түрде көшірілу көзделген.

1865 жылы Дала коммисиясы құрылды. 1867 жылы ІІ Александр «Сырдария мен Жетісу облыстарын басқару туралы уақытша Ережеге» қол қойды. 1868 жылы «Торғай, Орал, Ақмола және Семей облыстарын басқару туралы уақытша Ережеге» қол қойып, жобасын да бекітті. 1867-1868 ж.ж-дағы реформалардың бүкіл Қазақстанды тұңғыш ре ттүгел қамтыды. Онда 3 генерал-губернаторлық әкімшілік құрылды.

¾ Орынбор генерал-губернаторлығы – Орал облысы (Орал, Гурьев, Калмыково, Жем (Темір) уездері) және Торғай облысы (Елек (Ақтөбе), Николаев (Қостанай), Ырғыз, Торғай уездері)

¾ Батыс Сібір генерал-губ-лығы – Ақмола облысы (Ақмола, Көкшетау, Петропавл, Омбы, Атбасар (Сарысу) уездері) және Семей облысы (Павлодар, Семей, Қарқаралы, Өскемен және т.б. уездер)-

¾ Түркістан генерал-губернаторлығы – Жетісу облысы (Сергиополь, Қапал, Верный, Жаркент, Ыстықкөл, Тоқмақ уездері) және Сырдария облысы (Елек, Николаев, (Қостанай), Ырғыз, Торғай уездері)

Генерал-губернаторлық ---------- генерал-губернатор Облыс ------------------------- әскери губернатор Уезд --------------------- уезд бастығы Болыс ---------------------- болысшы Ауыл ------------------- ақсақалдар, жергілікті ақсүйек

1867-1868 ж.ж. реформалардың сипаты отаршылдық болды.

IV. Жаңа сабақты бекіту.

1)1822-1824 ж.ж. реформалардың жарамсыздығы неде болды ?

2) Реформалардың қандай салалардың қамтып отырған функциясы ?

Қазақстанда жерді пайдалану саласында қандай өзгерістер болды ?

V. Бағалау:

1) Аңдасова Қ. - ________;

2) Рамазанов А. - ________.

VI. Үйге тапсырма: параграф 28, оқу мазмұндау.

Сынып: 8 «а». Сабақ №:____________ Күні:_______________

Пән: Қазақстан тарихы.

Сабақтың тақырыбы: Қазақстандағы патша әкімшілігінің қоныс аудару және жер саясаты.

Сабақтың мақсаты:

· Оқушыларға патша өкіметінің қазақ жеріне қатысты жер саясатының маңызы туралы білім қалыптастыру;

· Оқушыларды топпен жұмыс істеу, басқалардың ойын тыңдау және толықтыру, сынды қабылдай білу, салыстыру және қорытынды шығару машықтарын жетілдіру;

· Өз халқының өткен тарихына қызығушылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас.

Әдісі: жаңа сабақты баяндау, дәріс.

Сабақтың жоспары:I. Ұйымдастыру кезеңі.

II. Үй тапсырмасын тексеру.

III. Жаңа сабақ.

IV. Жаңа сабақты бекіту.

V. Бағалау.

VI. Үйге тапсырма.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

· Оқушылармен амандасу.

· Оқушыларды түгендеу.

· Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

II. Үй тапсырмасын тексеру.

1) 18671868 жылғы реформалары қай император кезіңде жүргізілді ?

2) Осы реформалар дыңдайындаған саясаткерлер ?

3) Қазақ жері реформалардың нәтижесінде

Жаңа сабақтың жоспары:

1) Патша үкіметінің реформа жүргізу алғышарттары.

2) Қазазстанда қалыптасқан жағдай.

III. Жаңа сабақ.

Патша үкіметінің ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы Қазақстанда жүзеге асырған әкімшілік реформалары қазақ елінің саяси тәуелсіздігін біржола жойғанымен, бұл реформалар көп ұзамай-ақ патшалық әкімшіліктің қазақ қоғамының ішкі өміріне тереңдеп еніп, оны игеріп алып кетуге әлі де болса әлсіз екендігін көрсетіп берді. Мұны жақсы түсінген патшалық әкімшілік ХІХ ғасырдың 60-жылдарының орта тұсынан бастап Қазақстанды отарлаудың "ең сенімді" жолына түсті. Ол Орталық Ресейден орыс шаруаларын қазақ жеріне қоныс аударту еді. Патшалық Ресейдің қоныс аудару саясаты бірнеше кезең арқылы жүзеге асырылды. Қазақстан тарихнамасында бұл қоныс аудару саясаты үш кезең бойынша бөліп қарастырылады.

І кезең ХІХ ғасырдың 70-80 жылдар аралығын қамтиды, ол 1889 жылғы 13 шілдедегі жарлық шыққанға дейін созылды.

ІІ кезең ХІХ ғасырдың 90-жылдарынан 1905 жылға дейінгі уақыт аралығын қамтиды.

ІІІ кезең 1906 жылдан 1916 жылдар аралығын қамтиды.

Қазақстанға орыс және украин шаруаларын қоныстандыру ХІХ ғасырдың 70-жылдарының соңы 80-жылдардан бастап қарқынды жүргізілді. Қоныс аударудың алғашқы кезеңі өз еркімен қоныс аударған шаруалар қозғалысымен анықталып, патша үкіметі өз еркімен қоныс аударғандар жағдайын реттеу мақсатына бірқатар жеке заң-актілермен, нұсқаулар қабылдады. Онда көзделген мақсат – қоныс аударуды үкімет өз қадағалауына алып, оған көмек көрсету болды. Оған алдын ала дайындық шаралары жасалды. Мәселен, Жетісу облысы әскери губернаторы Колпаковский бастамасы бойынша Жетісуға шаруалардың қоныс аударуы туралы "Уақытша ереже" әзірленді. Бұл құжат 1868 жылдан бастап 1883 жылға дейін күшін сақтады. "Уақытша ереже" бойынша орыс қоныс аударушыларына (ерлерге) 30 десятина жер беру, 15 жылға алым-салық және түрлі міндеткерліктерден босату, 100 сом мөлшерінде көмек беру және басқа жеңілдіктер анықталып, көрсетілді. Қоныс аударған шаруалар жағдайына қатысты оларға жасалатын жеңілдіктер туралы жаңа ережелер ХІХ ғасырдың 80-жылдарынан дайындалды. Оларда да жаңа келіп қоныс тебушілер үшін берілетін жеңілдіктер сақталды, тек жер мөлшері аздап төмендеді. Айталық, 1886 жылғы дайындалған: "Түркістан генерал-губернаторын басқару туралы Ереже" бойынша 10 десятина (ерлерге) жер беру, қоныс аударушыларды алым-салық және міндеткерліктен 5 жылға дейін босату, кейінгі жылдары алымды тек жартылай төлеу жеңілдіктері сақталды.

IV. Жаңа сабақты бекіту.

1) Оқушыларға Қазақстанға қоныс аудару туралы жарлықтың негізін құрастырушыларын, қабылданған жылын, қай билеуші қол қойғанынды анықтау.

2) Қоныс аударудың алғашқы легі қай жылы болды ?

3) Қоныс аудару шеңберінде қай халықтар көшірілді ?

V. Бағалау:

1) Аңдасова Қ. - ________;

2) Рамазанов А. - ________.

VI. Үйге тапсырма: оқу, мәтін астындағы сұрақтарға жауап беру.

Сынып: 8 «а». Сабақ №:____________ Күні:_______________

Пән: Қазақстан тарихы.

Сабақтың тақырыбы: Қазақстандағы патша әкімшілігінің қоныс аудару және жер саясаты.

Сабақтың мақсаты:

· Оқушыларға патша өкіметінің қазақ жеріне қатысты жер саясатының маңызы туралы білім қалыптастыру;

· Оқушыларды топпен жұмыс істеу, басқалардың ойын тыңдау және толықтыру, сынды қабылдай білу, салыстыру және қорытынды шығару машықтарын жетілдіру;

· Өз халқының өткен тарихына қызығушылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас.

Әдісі: жаңа сабақты баяндау, дәріс.

Сабақтың жоспары:I. Ұйымдастыру кезеңі.

II. Үй тапсырмасын тексеру.

III. Жаңа сабақ.

IV. Жаңа сабақты бекіту.

V. Бағалау.

VI. Үйге тапсырма.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

· Оқушылармен амандасу.

· Оқушыларды түгендеу.

· Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

II. Үй тапсырмасын тексеру.

1) Патша өкіметі қоныс аудару саясатының маңызы неде болды ?

2) Қазақстанға қандай қлт өкілдері көшірілді ?

Жаңа сабақтың жоспары:

1) Патша үкіметінің реформа жүргізу алғышарттары.

2) Қазазстанда қалыптасқан жағдай.

III. Жаңа сабақ.

Патша үкіметі өзінің қоныс аудару саясатын қарқынды жүргізуді көздеп, 1892-93 жж. Ұлы Сібір темір жол құрылысын бастады. Қазақтар жерін экономикалық игеру мақсатында "артық", "бос" жатқан жерді анықтайтын түрлі экспедиция құрылып, жедел жұмысқа кіріскен еді. Комиссиялар алдында қойылған талап біреу – барынша көп мөлшерде қазақтар жерінен "бос", "артық" деген жерді анықтау арқылы қоныстанушылар "қорын" толықтыру болды. Сондай-ақ, жергілікті әкімшілік басқару жүйесін қалыптастыруға үлкен назар аударылды. Нәтижесінде ХІХ ғасыр соңына қоныс аударушылар басқармасының орталықтандырылған біртұтас жүйесі құрылды. Транссібір темір жолы қазақ жерінің Солтүстік өлкесі арқылы жүргізілді. Ақмола облысы әкімшілігіне қараған осы өңірде құрылған 5 уездің 3 уезінен 160 мың келімсек орыс-украин шаруаларын қоныстандыру үшін 2241503 десятина жер бөлінді. Мұнда, экономист Ф.А.Щербина басшылығымен "қоныстанушылар қорын" жасау үшін арнайы статистикалық экспедиция жасақталды. Арнайы экспедиция 1896-1902 жылдарда Ақмола, Торғай және Семей облыстарының 12 уезін қамтып, қазақтардың мал шаруашылығына қажетті пайдаланатын "нормасын" "187 десятина жер 24 мал басына жеткілікті" – деп анықтады. Зерттелген 8 уездің жергілікті қазақтарға тиесілі жер мөлшері – 51 %, қалған 49 % жері "қоныс аударушылар қорында" қалды. Экспедиция жұмысы нәтижесімен қанағаттанбаған патшалық әкімшілік қазақтар пайдалануындағы жер "нормасын" азайтып, "артық" деген жерді қосымша анықтау арқылы жоғарыда аталған уездер бойынша "қоныстанушылар қорын" 63% дейін көбейтті. Қоныс аударушылар қатары жылма-жыл артып, олар тұрақтанған жерлерде мыңдаған қоныстар пайда болды. Қазақстанның солтүстік, батыс және шығысында жаңа келіп қоныстанған орыс және украин шаруаларымен қоса, орыс-казак станицалары салынды. Мәселен, Ақмола, Торғай және Орал облыстарында тұрғын қазақтармен салыстырғанда, келімсек орыс-казактар және орыс, украин шаруалар есебінен жалпы халық саны өсті. 1897 жылғы жалпы ресейлік халық санағы бойынша, тек бір Ақмола облысында орыс тұрғындарының көрсеткіші 33 % жеткен. XІX ғасырдың соңында Қазақстанға орыс шаруаларымен қатар ұйғырлар мен дүнгендер де қоныс аударды. Өйткені 1871-1881 жылға дейін Іле аймағы патшалық Ресейдің қол астында болды. 1881 жылы 12 ақпанда Қытай мен Ресей арасында "Петербург шартына" қол қойылды. Шарттағы 17 статьяның алғашқылары келісімнің мәнін жан-жақты ашып көрсетті.

Наши рекомендации