Жазаны орындайтын мекемелер мен органдар қызметкерлерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету

Негізгі ұғымдар: Ішкі істер органы. Жазаны атқарушы мекемелер.

Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары қызметкерлерінің құқық жағдайлары қорғалуына Қазақстан Республикасының Конституциясы кепілдік етеді және олар 1993 ж. 15 шілдедегі «Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары туралы» 1992 ж. 22 маусымдағы «Қазақстан Республикасының ішкі әскерлері туралы» Қазақстан Республикасы заңдарымен, қылмыстық-атқару заңдарымен, ЕТМ-нің ішкі тәртіп Ережелерімен, сондай-ақ жекелеген еңбек заңдарымен белгіленген.

Ішкі істер органдары қызметкерлеріне, оның ішінде қылмыстық-атқару жүйесі мекемелері мен органдарының қызметкерлеріне заңмен үлкен өкілдік беру, ол жазаны атқарып жүрген мекемелер мен органдардың алдында тұрған қылмыспен күресу саласындағы міндеттерді орындауды қамтамасыз етуге шақырылады.

Қылмыстық жазаның алдында тұрған мақсатқа жету, көбінесе жазаны атқарушы мекемелер мен органдар қызметкерлері әрекетінің тиімділігімен белгіленеді.

Жазаны атқаратын мекемелер мен органдар қызметкерлері құрамына кіретіндер: түзеу мекемелері қызметкерлерінің қатардағы және басқарушы құрамы, ІІО –ның түзету жұмысы инспекциясының қызметкерлері, полицияның кейбір қызметкерлері, Қазақстан Республикасы ІІМ-нің ішкі әскерлерінің түзеу мекемесін күзететін және бақылайтын әскери қызметкерлері, түзеу мекемесінің ерікті жалдамалы жұмысшылары мен қызметшілері.

Жазаны атқаратын мекемелер мен органдар қызметкерлерінің құқық жағдайы- қылмыстық жазаны атқару кезіндегі жүктелген функциясын орындауда оның өкілдерінің құқығы мен міндеттерінің жиынтығын құрайды.

Жазаны атқарушы мекемелер мен органдардың қызметкерлеріне құқықтар мен міндеттер жүктеу-ол қылмыстық атқарту жүйесі органдарының алдына қойылған мақсаттарды қамтамасыз ету. Түзеу мекемесі мен тергеу қаласының бастықтары анықтау органдары қызметінің уәкілеттілігін орындайды. Түзеу мекемесі бастығына, оның қарауындағы қызметкерлерге құзырлығы шегінде тиісті жедел-іздестіру және басқа да қылмыстық іс жүргізу заңында белгілегендей, қылмысты және оны жасаған адамды табу мақсатында шара қолдану міндеті жүктеледі.

Түзеу мекемесіндегі қызметкерлердің жұмыс ерекшелігін ескере отырып, тиісті зейнетке шығатын қызмет мерзімі қысқартылған.

Ішкі істер органдарының қызметкерлері, олардың отбасы мүшелерінің медициналық көмек алуға, жеңілдетілген санаторий мен курортта емделуге, медициналық-әлеуметтік қамтамасыз етілуге құқығы бар.

Қазақстан Республикасы заңдарымен ішкі істер органдарының қызметкерлеріне әлеуметтік қорғау кепілдігі берілген, бұл-мемлекеттің бұл жұмыстың ерекшелігін есепке алып көрсетілген қамқорлығының айғағы.

Бас бостандығынан айыру органдарында ең қауіпті, бірнеше рет сотталған, әлеуметтік-өнегелілігі жағынан төмен азаматтар жаза өтеуде. Жазаны өтеу кезінде сотталғандардың бәрі бірдей түзелу жолына түсе бермейді, олардың кейбіреулері жазаны өткеру кезінде режим талаптарын бұза береді, жаңадан қылмыс жасауды ойластырып жүреді және мекемен қызметкерлерінің заңды талабына белсенді түрде қарсылық көрсетеді. Бас бостандығынан айыру орындарындағы сотталғандар жағынан қылмыс істеудің өзгешелігі бар, ол түзеу мекемесі қызметекрлерінен аманатқа адам ұстап немесе оларға шабуыл жасау, сондай-ақ басқалай да зорлап күш қолдану. Жоғарыда баяндалғандар жазаны атқарушы мекемелер мен органдар қызметкерлерінің қауіпсіздігін сотталғандардың қылмыстық немесе басқалардың қауіпті әрекеттерінен қорғаудың маңызды себептері болады.

Бас бостандығынан айыру органдарында қызмет ететіндердің өміріне, денсаулығына қастандық жасағаны және орган қызметкерлерінің дербес құқығына қол сұққаны үшін жоғары дәрежедегі қылмыстық жаза қолдану көзделген. Бұл шараларды үш топқа бөлуге болады:

1. Түзеу мекемесі қызметкерлерінің өміріне, денсаулығына арнайы зиян келтіруге бағытталған әрекетке қылмыстық заңдар нормалары белгіленген қылмыстық түрде жауапқа тарту. Ондай қылмыстарға жататындар: бас бостандығынан айыру орындарынан немесе күш пайдаланып және басқалардың өмірі мен денсаулығына қауіп-қатер келтіру әдісімен қашу, түзеу мекемесі әкімшілігінің талабына қасақана бағынбау, мұнда түзеу мекемесі қызметкерлеріне күш қолданумен байланысты, түзеу мекемесі әкімшілігінің жұмысына шабуыл жасау арқылы кесел келтіру.

2. Лауазымды адамдарға күш қолданғаны үшін көрсетілген жауапкершілік норомалары.

3. Жеке адамның өміріне, денсаулығына, бостандығына, абыройына қарсы бағытталған қылмыстарды қарастыратын қылмыстық заң нормалары.

Түзеу мекемесі қызметкері қару қолданылған барлық жағдайда қоршаған азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларын зардап шеккендерге күттірмей медициналық көмек көрсетуге міндетті, одан кейін өзінің тікелей бастығына түсіндіруі тиіс және бұл оқиға туралы прокурорға хабарланады.

Түзеу мекемесі қызметкерлерінің, ішкі әскердің әскери қызметкерлерінің қауіпсіздік шаралары мен қару қолдануы Қазақстан Республикасы ІІМ органдарының үнемі бақылауында болады.

Наши рекомендации