Стратегиялық бағыт. Техникалық және кәсіптік білім беру.

1-басым бағыт "Жастардың кәсіби дамуына және ТКБ-ға қол жетімділігін қамтамасыз ету үшін жағдай жасау"

2020 жылға дейін 4300 орындық 5 колледж салынып пайдалануға беріледі. Құрылыс және қайта құру есебінен 520 орындық 5 жатақхана енгізіледі.

Жастардың тегін бірінші жұмыс біліктілігін қамтамасыз ету мақсатында, жұмысшы мамандықтар бойынша кадрларды даярлауға мемлекеттік тапсырыс көлемін ұлғайту жоспарланған. Бұл үшін жұмысшы мамандықтары бойынша кадрлар даярлауға мемлекеттік тапсырысты жыл сайын арттыру қарастырылуда, оның ішінде орта буын мамандықтар бойынша оның қайта бөлуі есебінен.

Индустриялық-инновациялық даму басым жобаларын іске асыру үшін 10 базалық колледж анықталып, техникалық және кәсіптік білімді жаңғырту орталықтары ретінде келесіні қамтамасыз етеді:

- жаңа модульдік-құзіреттілік білім беру бағдарламалары бойынша кадрларды даярлаудан алынған тәжіриелерді тарату бойынша;

- өңірлердегі колледждердің жетекшілері мен инженер-педагог қызметкерлерін оқыту бойынша дәрежелік «Кәсіпқор» Холдингінің біліктілігін арттыру бағдарламасы бойынша;

- өңірлердің колледждерінің инженер-педагог қызметкерлерін және студенттерін еңбек нарығының нақты қажеттіліктеріне сәйкес заманауи құрал-жабдықтары негізінде оқыту бойынша.

Қосымша кәсіби дағдыларын алу үшін колледждер мен кәсіпорындарда кәсіптік даярлау оқу орталықтарының оқу желісі дамитын болады. Колледж студенттеріне негізгі мамандықтарын алумен қатар, кәсіпорындарда жаңа технологияларды енгізуін ескере отырып, қосымша ақпарат алу мүмкіндігі беріледі.

Жұмыс істеп тұрған колледждер негізінде олардың қызметін ұйымдастыру және жұмыс істеп тұрған оқу-өндірістік комбинаттарын жетілдіру жолымен жоғары сынып оқушыларының кәсіптік оқытуына жағдайлар жасалады. Бұл мектеп оқушыларының бастапқы еңбек дағдыларын меңгеруде және кәсіби өзін-өзі анықтауына ықпал етеді.

Жастарды кәсіпкерлік қызметпен ынталандыруға жағдай жасау үшін кәсіпкерлік негіздері бойынша сабақ алған студенттер саны ұлғаяды. "Кәсіпкерлік қызметтің негіздері" курс оқытылатын болады.

Колледждерде жекелеген пәндерді ағылшын тілінде оқыту үшін жағдайлар жасалатын болады. Осы мақсатта "Информатика" пәні бойынша ағылшын тілінде оқулықтар сатып алынып, оқу бағдарламалары әзірленді. 2021 жылға дейін кадрлық әлеуетінің дайындығын ескере отырып ағылшын тілінде жүргізілетін пәндердің санын арттыру жоспарлануда.

Дуальді оқытуды белсенді дамыту арқылы колледж түлектерінің кәсіби тұрғыда өзін-өзі дамытуға жағдай жасалатын болады. Бұл үшін студенттердің тәжірибеден өтуі мен одан әрі жұмысқа орналастыруын көздейтін дуальді оқыту туралы шарттар мен келісімдер жасау бойынша жұмыс жалғастырылатын болады.

Халықаралық білім беру кеңістігіне колледж студенттерін кіріктіру мақсатында білім беру үдерісіне оқытудың ақпараттық-коммуникациялық технологияларын енгізу, ТКБ жүйесінің бірыңғай электрондық кітапханасын құру, колледждерді кеңжолақты интернетпен қамтамасыз ету шаралары қабылданатын болады.

Жұмысшы мамандығын алуға мектеп түлектерін тарту мақсатында оқушылар арасында кәсіби бағыт-бағдар беру жұмысы жүргізіледі. "Кәсіпқор" Холдингі мансаптық тәлімгерлік және кәсіби бағыт-бағдар беру жүйесін енгізу бойынша жұмыс өткізетін болады. Кәсіби бағыт-бағдар жұмысына тәсілдер жасалатын болады. "Мамандықтар әлемі" ақпараттық порталы құрылады. Ол оқушылар, олардың ата-аналарының, колледждер мен жұмыс берушілердің мүдделерін біріктіретін әлеуметтік навигаторға айналады.

Жастар арасында жұмысшы мамандықтарын дәріптеу үшін Worldskills қозғалысы дамитын болады. Жыл сайын өңірлік және ұлттық чемпионаттар өткізу және конкурс құзіреттіліктерінің тізімін кеңейту жоспарлануда.

ТКБ ұйымдарын бейіндеу бойынша жұмыс шеңберінде әр түрлі құралдардарды пайдалана отырып, кадрларды даярлау теңсіздігін теңестіруге мүмкіндік беретін ұсыныстар жасалатын болады.

Ерекше білім беру қажеттіліктері бар адамдарға жағдай жасау мақсатында мамандықтар бойынша оқу жоспарлары әзірленетін болады. Ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқушыларға мамандықтар тізімі әзірленетін болады. Колледждерде тең қолжетімді білім беруді қамтамасыз ету мақсатында инклюзивті білім беру бағдарламасын сынақтан өткізу жүргізілетін болады.

Лизинг механизмі есебінен, Дүниежүзілік банктің қарызы есебінен, жұмыс берушілер мен әлеуметтік серіктестер және жергілікті бюджет есебінен ТКБ мемлекеттік оқу орындарының оқу-өндірістік шеберханалары, зертханалары мен арнайы білім беру кабинеттерін жарақтандыру және қайта жабдықтау бойынша жұмыс жалғастырылатын болады.

Шаралар:

- 2021 жылға дейін жұмысшы біліктіліктері бойынша кадрлар даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орта буын мамандықтарынан 80%-ға дейін қайта бөлу арқылы ұлғайту;

- колледж студенттерін жұмыс істеп тұрған колледждер мен кәсіпорындар базасында қолданбалы құзыреттіліктермен қамтамасыз ету үшін кадрларды кәсіби даярлау оқу орталықтарын құру;

- жастардың одан әрі жұмысқа орналасуын қарастыратын кадрларды дуальді даярлау туралы шарттар жасау;

- колледждердің оқу бағдарламаларына кәсіпкерлік дағдыларды дамыту бойынша курс (пән) енгізу;

- жекелеген пәндерді ағылшын тілінде оқытуды енгізу;

- колледждердің барлық студенттерінің кең жолақты интернетке қол жеткізуін қамтамасыз ету және оқу процесіне цифрлық білім беру ресурстарын белсенді түрде енгізу.

Басым бағыт «Жұмыс берушілердің талаптарын және халықаралық тәжірибені ескере отырып, техникалық және кәсіптік білім беру мазмұнын жаңарту».

Маман даярлаудың жеке траекториясын жасау және оның еңбек нарығында кәсіби құзыреттілігін арттыру үшін кәсіптік стандарттар негізінде ТжКБ-ның білім беру бағдарламалары қайта қаралып, жаңартылатын болады.

Модульдік-құзыреттілік тәсілді ескере отырып, үлгілік оқу жоспарлары және үлгілік оқу бағдарламалары қайта қаралып, жаңартылатын болады. Техникалық мамандықтар бойынша STEM-технологияға негізделген бағдарлама әзірлеу қарастырылуда.

ТКБ ұйымдарын оқу әдебиеттерімен және оқу құралдарымен қамтамасыз ету үшін жұмыс берушілердің талаптарына сәйкес және өндірісте технологиялық процестердің даму перспективаларын ескере отырып, шетелдік заманауи оқу әдебиеттері мен оқу құралдарын аудару және тираждау жүзеге асырылады.

Білім берудің барлық деңгейінің сабақтастығын қамтамасыз ету үшін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру жүйесінде оқытудың кредиттік-модульдік технологиясына кезең-кезеңімен көшу жүзеге асырылады.

ТКБ-ның мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына енгізілген өзгерістер оқу орындарына оқу жұмыс жоспарларының мазмұнын жұмыс берушілердің талаптарына сәйкес өзгертуге, модульдік, кредиттік және дуальді оқытуды енгізуге мүмкіндік береді.

Халықаралық еңбек нарығында ТКБ түлектерінің қажеттілігі мен интеграциясын қамтамасыз ету мақсатында Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім кәсіптері мен мамандықтарының Білім беру жіктеуіштерінің халықаралық стандартына (бұдан әрі – БЖХС) сәйкес келтірілді. ТКБ мамандықтарының тізбесі және оқыту мерзімдері қайта қаралатын болады.

Кадрлар даярлау сапасын арттыру және білім беру бағдарламаларын халықаралық стандарттардың талаптарына сәйкес келтіру үшін 2020 жылдан бастап ТжКБ оқу орындарын халықаралық аккредиттеу жүргізіледі. Мемлекеттік тапсырыс орналастыру және мемлекеттік үлгіде құжат беру құқығы аккредиттеуден өтудің ынталандырушы факторы ретінде қарастырылған.

Салалық қауымдастықтар базасында мамандардың біліктілігін тәуелсіз сертификаттау жүйесін құру жұмысы жалғасатын болады.

2019 жылға дейін Дүниежүзілік банк есебінен «Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталандыру» жобасы шеңберінде 5 біліктілікті тәуелсіз сертификаттау жүйесі орталығын (БТСЖО) құру жоспарланған.

Сондай-ақ, Жоба шеңберінде Тестілеу және кәсіби сертификаттау пилоттық орталықтарына консультациялық қолдау көрсету арқылы бағалаудың және біліктілікті берудің тәуелсіз жүйесін құру бойынша Жол картасын әзірлеу жоспарланған.

Бағалаудың және біліктілікті берудің тәуелсіз жүйесінің рәсімдерін реттеу үшін салалық министрлік мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, «Кәсіби біліктіліктер туралы» заң жобасын әзірлеу жұмыстарын жүргізуде.

Оқыту сапасын арттыруға бағытталған пәрменді шаралар қабылдау және ТКБ-ны халықаралық деңгейге шығару мақсатында Турин процесіне қатысу жалғасатын болады.

Шаралар:

- ТКБ кәсіптері мен мамандықтарының жіктеуішіндегі мамандықтарға түгендеу жүргізу;

- пәндерді ағылшын тілінде оқытуды енгізуді ескере отырып, ТКБ мазмұнын жаңарту бойынша нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу және өзектендіру;

- оқыту мерзімімен ТКБ мамандықтары мен біліктіліктерінің тізбесін жаңарту;

- оқытудың кредиттік-модульдік технологиясын ескере отырып, үлгілік оқу жоспарлары мен бағдарламаларын өзектендіру;

- ТКБ жүйесі үшін шетелдік оқу әдебиеттерін сатып алу және аудару;

- оқытудың кредиттік-модульдік технологиясына кезең-кезеңімен көшу;

- жан басына қаржыландыруды енгізу;

- колледждердің халықаралық аккредиттеуден кезең-кезеңімен өтуі.

Наши рекомендации