Сөйлегендердің сөздерінен 5 страница

Жеңіс күнімен құттықтаймыз.

Фарида, Керейхан.

("Ерліктің жарқын беттері" кітабы, 1987).

Зейнеп АХМЕТОВА:

Ардақты Әз аға, Халима aнa!

Сырттарыңыздан тілеулес, тілектес болып, тек жақсылық тілейтін келіндеріңіз. Зейнеп.

("Шуақты күндер". Бауыржан

Момышұлы туралы естелік-эссе. 1987).

Байжігіт ӘБДІРАЗАҚОВ:

Алтын аға — Әзекеңе,

Асыл жеңгем Халекеңе.

Б. Әбдіразақов.

(Қ. Ертаевпен бірлесіп жазған

"Сыр саңлақтары" кітабы. 1985).

Тұрсынхан ӘБДІРАХМАНОВА:

Аяулы Әз ағаң мен қадірлі Халимаға зор денсаулық, биік мерей, амандық тілеп.

Құрметпен Тұрсынхан

("Сыр бөлісемін" кітабы. 1990)

Дихан ӘБІЛЕВ:

Аяулы Әзілхан мен Халима айналайын! Жоқтан бар жасап өрнектегенше, өмір шындығын өрнектеген хикая ғой бұл "Махаббат құдіреті". Оқып көріңдер. Естелік үшін, естіліктерің үшін тартуым.

Ағалық ыстық ықыласпен Дихан Әбілев.

("Махаббат құдіреті". Повесть және әңгімелер. 1991).

Мұзафар ӘЛІМБАЕВ:

Қазақстан жастарын қастерлі махаббатқа тәрбиелеуші Әз ағана, ол кісінің оң қол уәзірі Халима жеңешемізге үзақтүмыр, нық денсаулық, биік шабыт тілеп.

Мұзафар.

("Тәрбие туралы әңгімелер" кітабы. 1972).

Ардақты жеңгеміз Халимаға, аяулы бауыр-аға Әз ағаға, інішектер Арнұр, Жаннұр, Жанар, Жаннатқа!

Ширек ғасыр шиыршық атып жиған-терген өлеңдерді немере-шөберелерің білсе, автор риза болар еді-ау.

Шапау, Мұзафар.

("Бал дәурен, шіркін балалық" жинағы. 1973).

Мұзафар ӘЛІМБАЕВ:

Әз ағамызға, Халимаш жеңгемізге!

Мына жаман кітап "Махаббат, қызық мол жылдар" романының байғазысына.

Шапау, Мұзафар.

("Көңіл күні." Таңдамалы. 1971).

Мұзафар ӘЛІМБАЕВ:

Ардақты Әз аға, Халима!

А. Фадеевтың күміс медаліне тағатын романның абыройына мына бір кітабым белгі болсын.

Мұзафар.

("Сүймеген жүрек семеді" жинағы. 1987). 11

Сағат ӘШІМБАЕВ:

Құрметті Әзілхан аға!

Аса қадірлі Халима апай!

Сіздерге ерекше зор денсаулық тілеймін. Қашан да тек аман-есен болуларыңызға тілектестікпен осынау еңбегімді ұсынамын.

Сағат.

("Парасатқа құштарлық" кітабы. 1985). 12

Әмен ӘЗИЕВ:

Асыл ағамыз Әзекең мен жақсы жеңгеміз Халекеңе зор құрметпен ұсындым.

("Арпалыс" кітабы. 1997).

Тұрсынхан ӘБДІРАХМАНОВА:

Әз аға, Халима!

Бүрсігүні 9-май Жеңіс күні. Бір үйде ерлі-зайыпты екі майдангер болуы, олардың жанұяларының үбірлі-шүбірлі болуы, өмірлерінің өзгелер қызығардай сәнді-салтанатты, шуақты, жарқын, жылы болуы сирек. Сіздерге осы баянды бақытты Алла Бұйырыпты. Сол мәңгі болсын! Осы сән салтанат, бақыт ұрпақтарыңызға да бұйырып, Нұршайықовтар ұясының аты ұрпақтан ұрпаққа өтіп, мәңгі маздасын. Сіздер мұны қан майданда жеңіп алдыңыздар!

Сол үшін жаңа ғасыр басында жарық көрген жаңа кітабымды ізгі тілектестікпен, туыстық адалдықпен сый етемін.

Тұрсынхан.

("Заман сазы " жинағы. 2000)

Тұрсынхан ӘБДІРАХМАНОВА:

Аяулы Әз аға!

Талай ауырды көтеріп, бастан өткердіңіз. Қымбатты Халимадан айырылып қалған бұл ауыртпалықты да қара нар боп, майыспай, қайыспай өткеретініңізге сенем. Әз ағам болып әлі де ұзақ жасауыңызға тілектеспін.

Тұрсынхан. 9.08.2001.

("Сөйле, қалам" кітабы. 2001).

Амантай БАЙТАНАЕВ:

Ардақты Әзілхан!

Қымбатты Халима! Туыстыққа бергісіз достығымыз әманда жалғаса берсін.

Амантай.

("Жаңғырды дала". Роман. 1965).

Сәуірбек БАҚБЕРГЕНОВ:

Қымбатты Әзілхан, ардақты Халима! Достық ниетпен шын көңілден.

Автор.

("Қайран шешем ". Роман. 1963).

Төлбай БАЛАҚАЕВ:

Қадірлі Халимаш пен Әзекенді құрметтеуші автор Балақаев.

("Колхозное крестьянство в годы

Великой Отечественной войны ". 1971).

Рахманқұл БЕРДІБАЕВ:

Ағамыз Әзілхан мен жеңгеміз Халимаға.

Құрметпен Рахманқұл.

("Гүлстанның бұлбұлдары" кітабы. 1970).

Шәрбану БЕЙСЕНОВА:

Құрметті Әз аға мен Халима апайға, ізгі ниетпен.

Шәрбану.

("Тойға келген келіншек ". 1980).

Г.О. БАТЫРБЕКОВ:

Аса құрметті Әз ағаға, Аяулы Халима жеңгейге!

Зор құрметпен Батырбековтар.

("Академик К. И. Сатпаев и его современники". 1999)

Бэлла БАЙМУХАМЕДОВА:

Азильхану и Халиме Нуршаиховым, с уважением и любовью мой "Дневник".

Б. Баймухамедова.

("Дневник типичного представителя ". 2000)

Зейнолла ӘЙТІМҰЛЫ:

Ардақты Әзеке, Халеке!

Сақаң (С. Бәйішев) туралы шыққан осынау кітапты құрастырушылары, редактор Лары, редакция алқасы және Сақаңның отбасы атынан өздеріңізге ұсынып отырмыз.

Ең ізгі тілекпен,

Зейнолла Әйтімұлы

("Академик С.Б. Бәйішев. Тұлға:азамат, ғалым, қайраткер". 2000).

Әсет БЕЙСЕУОВ:

Композитор

I

Қазақ халқының ардақты ұлы, тамаша жас арулардың жазушысы, талантты Әзекеңе, Әсет інісінен.

Әсет Бейсеуов

12.10.1976.

II

Халима алтын жеңгеме!

Сіздің ақ пиғыл, адал көңіліңізге үлкен құрметпен табынушы қайныңыз.

Әсет Бейсеуов

12.10.1976 ж.

("Ауыл кеші көңілді". Қазақ әндері. 1976).

Леб, Эвелина и Катя

ГЫШИНЫ:

Дорогим друзьям Халиме и Азильхану Нуршаиховым, от ангора Г. Горышина, художниқа Эвелины Соловьевой и от Қати Горышиной.

(Г.Горышин. Избранное,

Ленинградское художественное

издательство, 1981).

Глеб Александрович ГОРЫШИН:

г. Ленинград

Уважаемым и дорогим Халиме и Азильхану Нуршаиховым с сердечным приветом и поздравлением с днем Победы.

Горышин

("Глядя в глаза Ладоге". Сборник. 1989).

Советхан ҒАББАСОВ:

Қадірлі Әз аға! Халима тәте!

Сіздердің ақ көңіл, дарқан пейілдеріңізді ұлағат деп ұғатын бауырларыңыздан.

Қуаныш, Советхан.

("Серпер". Роман. 1979).

Дүкенбай ДОСЖАНОВ:

Қадірлі Әз аға! Халима жеңгей!

Сіздерге деген жақындық белгісі болсын деп осы еңбегімді ұсынамын.

Автор.

("Кісі ақысы". Әңгімелер. 1978).

Петря ДАРИЕНКО:

Азильхану и Халиме — увидел вас и полюбил: широқи у вас души.

Слава вам и много радостей.

Петря Дариенко.

("Стихи". Кишиневское издательство. 1959).

Мырзабек ДҮЙСЕНОВ:

Әзілхан, Халима!

Өздеріңе деген ақ көңіл, шын достықтың белгісі болсыншы.

Автор.

(Ілияс Жансүгіров. Өмірі мен творчествосы. 1965).

Мырзабек ДҮЙСЕНОВ:

Қимас дос, сыйлас аға Әзілхан, Халима! Біздің достығымыздың басталғанына енді бір жылдан кейін 40 жыл болады екен-ау! Содан бері арамызға от түспей, ыстық көңіл суымай келе жатыр ғой. Көңілдің сол температурасы төмендемесін!

Өздеріңнің Мырзабегің.

("Біз күн перзентіміз". Повесть эссе. 1984).

Жәмила ЕГЕМБЕРДИЕВА:

Әз қайным, Халима келінім!

Баукең аруағына тік тұрып, тізе бүкпей, ағаңыздың бойындағы асыл қасиеттерін ұрпақтарға ерінбей, жалықпай насихаттап келесіз. Баукен шаңырағына ниеттеріңіз таза, көңілдеріңіз ақ.

Сіздерге зор денсаулық, бақыт тілеймін.

Жеңгелеріңіз.

("Өмірінің өзі дастан". Роман-эссе. 1990).

Тұрсынбек КӘКІШЕВ:

Ардақты ағай Әзілхан! Саттарға да, маған да риза екеніңізді әрқашан жасырмай, жұртқа жайып жүретін әдетіңізден айнымаңыз.

Бала-шағаның ортасында Халима екеуің қаздай қалқып, шаттыққа шомынып жүре берулеріңізге тілектес

Тұрсынбек.

(Саттар Ерубаев. "Менің құрдастарым". Шығармалары.

Құрастырған Т. Кәкішев. 1979).

Есенгелді ЖАҚЫПОВ:

Ардақты аға, жеңгем Халима!

Сіздерге Рая екеуміз ықыласымызбен ұсындық

Е.Жақыпов.

("Дастаннан драмаға". 1979).

Шәрбану КОМАРОВА:

Әдебиетші ұстазым, өмірдегі ақылшым — ардақты Әз ағаңа және жазушының жан жары, тұмырлық досы — сүйікті Халимашқа,

Сіздерге деген шын ілтипатпен

Шәрбану.

(Жиенқұлова Шара. "Өмірім менің өнерім".

Әдеби жазбасы Шәрбану Құмарованікі. 1983).

Мәрияш ЖАҚЫПОВА:

Аса құрметті Әзілхан аға,

Халима тәте!

Сіздердің Октябрьдің 70 жылдық тойымен құттықтап, бірнеше жылты еңбегімнің нәтижесі осы кітабымды сіздерге шын жүректен сыйлаймын.

Жұптарыңызды жазбай, балалардың бақытты өмірін, қуанышын көріп, бақытты, еңбекті өмір сүрулеріңізге тілектес келіндеріңіз, медицина ғылымының кандидаты Мәрияш Әбілқызы Жақыпова.

("Эвангоспитали Казахстана

в годы Великой Отечественной войны". 1985).

Наши рекомендации