Сынылатын әдебиеттер тізімі

Мазмұны

1. Практиканың мақсаты мен міндеттері ........................................................ 3

2 Практиканы ұйымдастыру ............................................................................ 3

3 Студенттердің міндеттері ............................................................................. 4

4 Өндірістік практиканың мазмұны ............................................................... 4

5 Өндірістік практиканың нәтижесін бағалау .............................................. 5

6 Ұсынылатын әдебиеттер тізімі ..................................................................... 6

1. ПРАКТИКАНЫҢ МАҚСАТЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ

Екінші курсты бітіргеннен кейін 5В071600 – Приборлар жасау мамандығының студенттері үшін өндірістік практиканы жүргізу қарастырылған. МЕСТ және студенттердің ұтқырлығын қамтамасыз ету үшін оқытудың кредиттік жүйесіне сәйкес, олар алғашқы 4 семестрде жалпыбілімдік және базалық циклдік пәндер оқытылады. Жұмыстық жоспарда осы мамандыққа қатысты міндетті компоненттің 8 пәні және 3 элективті пәндер енгізіледі. Бұл - 30 % жақын оқу пәндері.

Өндірістік практиканың мақсаты студентті Приборлар жасаумен байланысты өндірістегі болашақ мамандықтың аспектілерімен таныстыру. Практиканы өту барысында студенттер теориялық білімдерін практика жүзінде бекіту мүмкіндігіне ие болады, өзінің мамандығын өндірісте алған жаңа ақпаратының призмасы арқылы көре алады. Приборлар жасау мамандығы үшін әртүрлі жұмыстық мамандықтар сәйкес келеді, мысалы, «РЭА монтажнигі», «БӨА және А слесарі», «Өлшеуіш аспаптарды жөндеу бойынша слесарь», «Көбейткіш және есептеуіш техникасы бойынша маман» т.с.с.

2 ПРАКТИКАНЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ

Кәсіптік практика жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламасының міндетті компоненті болып табылады. Ол оқу, педагогикалық, өндірістік және дипломалды болып бөлінеді.

Кәсіптік практиканың барлық түрінің жалпы көлемі 6 кредиттен кем болмауы тиіс. «Білім» мамандықтары тобы бойынша кәсіптік практика көлемі 6 кредиттен 20 кредитке дейін, «Техникалық ғылым және технологиялар» мамандықтары тобы бойынша кәсіптік практика көлемі 6 кредиттен 15 кредитке дейін болады.

Практикалардың ұзақтығы студенттің практика кезіндегі 30 сағатқа тең апта бойғы (5 күндік жұмыс аптасы кезінде күніне 6 сағат) нормативті жұмысын есепке ала отырып, аптамен анықталады. Апта санын шығару үшін практиканың кредитпен есептелген көлемін тиісті практика түрінің оқу сағатымен есептелген еңбек сыйымдылығына көбейту керек және оны студенттің апта бойғы жұмысының ұзақтығына, яғни 30 сағатқа бөлу керек.

Практиканың 1 кредитінің еңбек сыйымдылығы оқу практикасы үшін 15 сағатты (50 минуттан), педагогикалық практика үшін 30 сағатты (50 минуттан), өндірістік практика үшін 75 сағатты (50 минуттан) құрайды. 1 кредитке келетін практиканың ұзақтығы аптамен есептегенде оқу практикасы үшін 0,5 аптаны, педагогикалық практика үшін 1 аптаны, өндірістік практика үшін 2,5 аптаны құрайды.

Бітіруші кафедра ҚарМТУ ректоратымен бірігіп мамандық практика базасынан таңдап алынған практика өтетін өндірісті тағайындайды.

Мұндай өндіріс орнының қазіргі заманғы материалдық-техникалық базасы, ғимараты және педагогикалық тәжірибелері және білікті жұмыскер мамандығын беруде білімі бар кадралары болуы қажет.

Бұл өндірісте студент берілген уақыт мерзімінде оқу үрдісінен өтуі, біліктілік емтихандарын тапсыру және өндіріспен танысу қажет.

Оқыту бекітілген бағдарлама бойынша жүргізіледі (қосымша). Оқыту үшін ҚарМТУ сағат бойынша қор аударады, білікті комиссияның мүшелерін, практканың өту мерзімдерін тағайындайды.

Университетте тағайындалған практика жетекшілері: сәйкес бұйрықтарды тағайындайды және өндіріс әкімшілігімен бірге оқыту үрдісін ұйымдастырады;

- мерзімін сақтау және оқыту мазмұнын бақылауды жүзеге асырады;

- еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы жөніндегі нұсқауларын жүргізуді бақылауды жүзеге асырады;

- студенттердің сабаққа қатынасудын, ішкі тәртіп ережелерін орындалуын жүзеге асырады;

- практиканың нәтижелерін жүргізуді ұйымдастырады.

Практиканы ұйымдастыру және өткізу міндеті ҚарМТУ ректорына және практика жетекшілеріне жүктеледі.

3.СТУДЕНТТІҢ МІНДЕТТЕРІ

Студент практиканы өту кезінде міндетті:

· практика бағдарламасында қарастырылған тапсырмаларды толық орындауға;

· өнеркәсіптерде, мекемелерде, оқу ұйымдарында қойылған ішкі еңбек тәртіптеріне бағынуға;

· еңбек қорғау және қауіпсіздік техникасын оқып, еңбек тәртіптерін зерделеуге және қатаң сақтауға;

· практика күнделігін бастауға және аяқталған соң практика жетекшісіне тапсыруға.

Өндіріс орнының немесе ұйымдардың тәртіптрін бұзған студенттер қойылған тәртіптерге сәйкес жазаланады. Қолданған жаза түрін өнеркәсіп басшысы ЖОО ректорына хабарлайды.

Практика өтіп жүрген студент кесте бойынша университеттегі практика жетекшісіне есеп тапсыруы тиіс.

4. өндірістік ПРАКТИКАНЫҢ МАЗМҰНЫ

Өндірістік практикасы 2 – ші курстан кейін 5 апта бойы өнеркәсіптерде, мекемелерде, оқу ұйымдарында, техникалық унивеситеттерде өткізіледі.

Практика кезінде әрбір студент бекітілген өндірістік жоспар бағдарламасына сәйкес(қосымша) тапсырманы орындап, жұмыс разрядын алу үшін білікті комиссияға емтихан, күнделік бастап және практика бойынша қысқаша есеп тапсыру қажет.

Егер де студент осы мамандыққа ұқсас оқуды бітіріп және оны

дәлелдейтін құжаты болған жағдайда практиканы жекеше тапсырма бойынша өтеді.

Есепте қысқаша келесі ақпараттар келтіріледі:

- кәсіпорыннның құрылымы, оның мамандықтары туралы;

- еңбек шартының қауіпсіздігін қамтамасыздандыру шаралары;

- БӨА және А, техникалық бақылау, стандарттау бөлімдерімен танысу экскурсиялары;

- емтиханға қойылатын баға.

Мемлекеттік стандартқа сәйкес 5В071600 «Приборлар жасау» мамандығы бойынша өндірістік практикасын өту нәтижесінде білім алатын студенттер міндетті:

алатын жұмысшы кәсібі, оның мәнділігі және технологиясының жоғары мәдениеттілігі, тұрақты қажеттілігі туралы ТҮСІНІКТЕРГЕ ИЕ БОЛУЫ КЕРЕК;

- радиомонтаждық жұмыстарды жүргізудегі қауіпсіздік техникасын;

- радиотехника мен өлшеу аспаптарының электрондық құралдарының құрылғысы мен жұмыс істеу принципін;

- аспаптар мен түйіндердің технологиялық және метрологиялық сипаттамаларын;

- мекемедегі еңбекті қорғау және экология талаптарын;

- электронды аспаптардың принципиалды сұлбаларын оқып, түсіне БІЛУГЕ;

электрондық құралдарды сынау және жөндеуді жүргізу кезінде әртүрлі өлшемдерді орындауды;

әртүрлі өлшеу және радиоэлектронды аппаратураларды есептеуге, жөндеуге және баптауға МАШЫҚТАНУЫ КЕРЕК;

- элементарлық жөндеу жұмыстарын жүргізу;

- әдебиет пен анықтамаларды қолдануды ІСТЕЙБІЛУІ КЕРЕК;

5. өндірістікПРАКТИКАНЫҢ НӘТИЖЕСІН БАҒАЛАУ

Университет тағайындаған зерделеу бағдарламасы аяқталған соң білікті комиссия емтихан нәтижесі және практикалық жұмыстар бойынша студенттердің білімін бағалайды, оң баға алған студентке 2 разрядты “Радиоэлектронды аппаратуралар мен аспаптарды монтаждаушы” біліктілігі беріледі. Өндірістік практиканың нәтижесін бағалауды практика жетекшісі білікті комиссияның студенттке қойған бағасына қарап жүргізеді.

Бағалау кезінде есептеледі: практиканы өту кезіндегі студенттің еңбекке деген тәртібі туралы мәліметтер, есебінің және күнделігінің мазмұны.

Практика нәтижелерінің бағасы стипендия тағайындау сұрақтарын қарастырғанда ескеріледі. Практика бағдарламасын орындамаған немесе есеп – қорытындыны бағалау кезінде немесе емтиханды квалификациялық комиссияға қанағаттанарлық емес бағаға тапсырғанда, немесе теріс пікір алғанда, студент каникул кезінде практиканы кайта өтуге жіберіледі. Кейбір жағдайда ЖОО ректоры студентті университеттен шығару сұрағын қарастырады.

сынылатын әдебиеттер тізімі

1. Білім берудің тиісті деңгейлерінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттары. Астана, 2012

2. Гусев В.Г., Гусев Ю.М. Электроника: Учеб. пособие для приборостроит. спец. вузов. – 2-е изд., перераб. и доп.– М.: Высш. шк., 1991. - 622с.: ил.

3. Основы электроники./И.П. Жеребцов. – 5-е изд., перераб. и доп. – Л.: Энергоатомиздат, 1990. - 352с.

4. Электротехника и основы электроники./Т.А. Глазенко, В.А. Прянишников. – 2-е изд., перераб. и доп. – М.: Высш. школа, 1996. - 207с.

5. Электротехника и основы электроники./Е.С. Траубе, В.Г. Миргородский – М.: Высш. школа, 1985. -160с.

6. Электротехника, электроника, электрооборудование: Учебник/Г.А. Фарнасов. – М.: Интермет Инжиниринг, 2000. - 289с.: ил.

7. Прянишников В.А. Электроника. Полный курс лекций: учебное пособие. – 4-е изд. – СПб.:КОРОНА принт, 2004. 414с.: ил.

8. Петров К.С. Радиоматериалы, радиокомпоненты и электроника: Учебное пособие – СПб.: Питер, 2006. – 522с.: ил.

9. Федотов В.И. Основы электроники: Учеб. пособие для учащихся неэлектротехн. спец. техникумов. – М.: Высш. шк., 1990. - 288с.: ил.

10. Расчет электронных схем. Примеры и задачи: Учеб пособие для вузов по спец. электрон. техники/Г.И. Изъюрова, Г.В. Королев, В.А. Терехов и др. – М.: Высш. шк., 1987. – 335 с.; ил.

11. Калабеков Б.А., Мамзелев И.А. Цифровые устройства и микропроцессорные системы: Учебник для техникумов связи. – М.: Радио и связь, 1987. -400 с.: ил.

12. Справочник по схемотехнике для радиолюбителя/ В.П. Боровский, В.И. Костенко, В.М. Михайленко, О.Н. Партала; Под ред. В.П. Боровского – К.:Технiка, 1987. – 432с.: ил.

13. Информационно-измерительная техника и электроника: учебник для студ. высш. учеб. заведений/ Под ред. Г.Г. Раннева. – М.: Издательский центр «Академия», 2006. – 512с.

14. Гусев В.Г., Гусев Ю.М. Электроника и микропроцессорная техника: Учеб. для вузов. – 4-е изд., доп.– М.: Высш. шк., 2006. - 799с.: ил.

15. Электротехника, электроника и импульсная техника: Учебник для вузов./А.Г. Морозов. – М.: Высш. школа, 1987. - 448с.

16. Экспериментальная электроника. Вып.2 /И.Н. Балахничев, А.В. Дрик, А.А. Ровдо. – М.: СОЛОН-Р, 2000. - 128с.: ил.

17. Бойко В.И. и др. Схемотехника электронных систем. Аналоговые и импульсные устройства. – СПб.: БХВ-Петербург, 2004. – 496с.: ил.

18. Есенбаев С.Х. Микропроцессорларды программалау. Оқу құралы. ҚарМТУ.-Қарағанды, 2005.-71с.

Наши рекомендации