Оқу пәнінің 3-сыныптағы базалық білім мазмұны

20. Қайталау (14 сағ):

1) 20-ға дейін қосу және азайту кестесі;

2) 100-ге дейін сандарды ондықтан аттап ауызша және жазбаша қосу мен азайту.

3) 1000-ға дейінгі сандардың құрылуы, оқылуы және жазылуы.

4) үштаңбалы сандарды қосу және азайтудың ауызша тәсілдері. 2, 3, 4 сандарына көбейту мен бөлудің кестелік жағдайлары;

5) шама (ұзындық, масса, уақыт, сыйымдылық). Шамалар бірліктері арасындағы қатынастар;э

6) теңдеу. Өрнек. Санды және әріпті өрнектер;

7) теңдік. Теңсіздік;

8) құрама есептер және оларды шығару тәсілдері;

9) геометриялық фигуралар. Периметр.

21. Біртаңбалы сандарды көбейту және бөлудің сәйкес жағдайлары. Геометриялық фигураның ауданы. Әріпті өрнек. Теңдеу (46 сағ):

1) көбейту кестесі;

2) бөлудің сәйкес жағдайлары. Көбейту және бөлу амалдарын тексеру;

3) көбейту мен бөлудің белгісіз компоненттерін табу ережелері;

4) сандарды 0 санына және 1 санына көбейту;

5) нөл санын натурал санға бөлу. Сандарды 1 санына бөлу. Санды 0 санына бөлуге болмайтындығы;

6) тең бөліктерге бөлу. Санның және шаманың бөліктері. Санның үлесін (бөлігін) және үлесі (бөлігі) бойынша санды табу;

7) көбейту және бөлу амалдары бар теңдеулерді шығару;

8) санды өрнектер. Әріпті өрнектер. Екі әрпі бар өрнектердің мәндері;

9) жақша бар және жақшасы болмайтын 2-3 амалдардан тұратын санды өрнектердегі арифметикалық амалдарды орындау реті;

10) белгісіз көбейткішті, бөлінді мен бөлгішті табуға, бірнеше рет ұлғайту мен кішірейтуге, еселік салыстыруға берілген есептер;

11) тіктөртбұрыштың (шаршының) периметрін табу тәсілдері. Геометриялық фигуралардың ауданын «көзбен» және беттестіру арқылы табу;

12) ауданды өлшеу. Палетка. Аудан бірліктері:1 м2, 1 дм2, 1 см2;

13) тіктөртбұрыштың (шаршының) ауданы;

14) геометриялық фигураларды латын әріптерімен белгілеу.

22. 1000-ға дейінгі жазбаша қосу мен азайту. Шамалар арасындағы тәуелділік (21 сағ):

1) келесі түрлердегі үштаңбалы сандарды қосу және азайтудың жазбаша тәсілдері: 246 + 342, 588 – 246; 362 + 456, 818 – 362; 236 + 687, 923 – 236;286 + 617, 903 – 286;

2) қосу және азайту амалдарын тексеру;

3) шамалар. Бір заттың массасы, заттардың саны, жалпы масса; бір затқа жіберілген шығын, заттардың саны (мөлшері), жалпы шығын.

4) шамалар арасындағы тәуелділікке берілген есептерді шығару: баға, саны, құны; бір заттың массасы, заттардың саны, жалпы масса; бір затқа жіберілген шығын, заттардың саны (мөлшері), жалпы шығын.

23. 100-ге дейінгі көбейту мен бөлудің жазбаша тәсілдері. Шамалардың бірліктері: ұзындық, масса, аудан, көлем (сыйымдылық) (52 сағ):

1) көбейтудің ауыстырымдылық, терімділік және үлестірімділік қасиеттері. Көбейтудің қасиеттерін қолдану;

2) қосынды мен көбейтіндіні санға бөлу;

3) нөлге аяқталатын сандарды көбейту және бөлу;

4) екітаңбалы санды біртаңбалы санға көбейту мен бөлуді біртаңбалы сандардың разрядтық қосылғыштарға жіктеуі арқылы жазу;

5) екітаңбалы санды екітаңбалы санға таңдау тәсілімен бөлу;

6) ондықты ондыққа, жүздікті жүздікке ауызша бөлу;

7) екітаңбалы санды біртаңбалы санға, үштаңбалы санды біртаңбалы санға ауызша көбейту;

8) санның квадраты мен кубы;

9) тура теңдіктердің қасиеттері. Тура теңдіктердің қасиеттері негізінде теңдеулерді шешу;

10) көлем. Фигуралардың көлемдерін салыстыру. Көлем бірлігі – кубтық сантиметр (1 см3);

11) сыйымдылық. Таңдап алынған өлшем арқылы сыйымдылықтарды салыстыру;

12) ұзындық бірлігі – миллиметр (1 мм). Ұзындық бірліктері арасындағы қатынастар: 1 м = 10 дм, 1 дм = 10 см, 1 см = 10 мм, 1 м = 100 см;

13) масса бірлігі – центнер (1 ц). Масса бірліктерінің арасындағы қатынастар: 1 ц = 100 кг.;

14) аудан бірлігі – ар (1 а). Аудан бірліктері арасындағы қатынастар: 1 м2 = 100 дм2, 1 дм2 = 100 см2, 1см2 = 100 мм2,1 а = 100 м2;

15) еселік салыстыруға, шамалардың арасындағы тәуелділікке (бір затқа жіберілген шығын, заттардың саны (мөлшері), жалпы шығын) берілген есептерді шығару;

16) қосу, азайту, көбейту және бөлу амалдарына 2-3-амалдардан тұратын есептер.

24. 1000-ға дейінгі көбейту мен бөлудің жазбаша тәсілдері. Екітаңбалы және үштаңбалы сандарды біртаңбалы санға көбейту және бөлу. Есептерді теңдеулерді көмегімен шығару (30 сағ):

екітаңбалы санды, үштаңбалы санды разрядқа аттамай жазбаша көбейту, екітаңбалы санды, үштаңбалы санды разрядқа аттау арқылы жазбаша көбейту; нөлмен аяқталатын үштаңбалы санды біртаңбалы санға жазбаша көбейту; 84:2, 426:2 түріндегі бірлік разряды берілген біртаңбалы санға бөлінетін екітаңбалы, үштаңбалы сандарды осы біртаңбалы санға жазбаша бөлу; 42:3; 126:2 түріндегі үлкен разряды берілген біртаңбалы санға бөлінбейтін екітаңбалы, үштаңбалы сандарды осы біртаңбалы санға жазбаша бөлу; нәтижесінде бөліндінің мәні нөл саны болатын үштаңбалы санды біртаңбалы санға жазбаша бөлу;қозғалыс жылдамдығы. Жылдамдық бірліктері: 1 км/сағ, 1 м/мин, 1 см/с және т.б.;үш амалмен шығарылатын есептер. х+ 4 × 2 = 24 түріндегі теңдеуді шығару. Есепті теңдеу құру арқылы шығару.

25. Қайталау (7сағ):100-ге дейінгі көбейту және бөлу;1000-ға дейінгі сандармен арифметикалық амалдар орындау;шамалар және оларды салыстыру;өрнектер, теңдіктер (оның ішінде теңдеулер), теңсіздіктер;геометриялық фигуралар;тіктөртбұрыштың (шаршының) периметрі және ауданы, текшенің көлемі; есептер және оларды шығару тәсілдері.

Наши рекомендации