Лекция сабақтардың тақырыптық жоспары. педагогикафакультетінің

БАСТАУЫШ БІЛІМ ЖӘНЕ ПЕДАГОГИКА ФАКУЛЬТЕТІ

«БЕКІТЕМІН»

Бастауыш білім және

педагогикафакультетінің

деканы ________ Э.Б. Оразбаева

«____» ______________2016ж.

ПЕДАГОГИКА ЖӘНЕ ПСИХОЛОГИЯ КАФЕДРАСЫ

PP 4207 ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ПСИХОЛОГИЯ пәнінің

СИЛЛАБУСЫ

Мамандығы: 5В010300 - Педагогика және психология

Оқу түрі: күндізгі

Курс: 4 Семестр 7

Кредиттер саны 3

Сағат саны: 135

Лекция: 30

Практикалық/семинар сабақтар: 15

СОӨЖ: 45

СӨЖ: 45

Межелік бақылау (8 және 15 апта)

Қорытынды бақылау: Емтихан (тест)

Оқытушы туралы мағлұматтар: аға оқытушы Айтжанова Г.Т.

Кеңсе: Арнайы педагогика кафедрасы

Мекен-жайы: Шымкент қ, Ғ.Ильяев көшесі,16 каб. 321

Е-mail: [email protected]

Кеңес беру уақыты: сейсенбі сағат 14.00 – 16.00

Шымкент 2017

Силлабус Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігінің «16» тамыз 2013 жылғы №343 бұйрығымен бекітілген ЖОО-ның мамандықтарының типтік оқу жоспарларын бекіту бұйрығына және институттың 5В010300 – Педагогика және психология мамандығының модульды жұмыс оқу жоспарындағы таңдау компоненті ретінде құрастырылған «Педагогикалық психология» оқу бағдарламасы негізінде дайындалған.

Силлабус «Педагогика және психология» кафедрасының мәжілісінде талқыланып, бекітуге ұсынылды.

№ __ хаттама, «___» ____________ 2017ж.

Кафедра меңгерушісі ________ Арзымбетова Ш.Ж.

1. Курстың өзектілігі және қажеттілігі:

Арнайы педагогика жалпы педагогиканың құрамдық бір бөлігі, оның бір тармағы болып саналады. Біздің елде «арнайы педагогика» ұғымының синонимы болып «түзету педагогикасы» немесе «дефектология» ұғымдары саналады. Сонымен қатар бұл пәннің ерекшелігі Арнайы психологияның ерекшеліктерімен бірге ұштастырыла отырып, Арнайы психология – арнайы педагогиканың негізі болып саналады. Арнайы психологияның қағидалары. Арнайы психологияның салаларының классификациясы.

Арнайы психологияның әдістері. Арнайы психологияда балалардың дамуын зерттеуде ғылыми - психологияның ұлттық әдістерін қолдану жүйесі ретінде қарастыруға болады.

.

Пәннің қысқаша мазмұны:

«Арнайы педагогика және психология негіздері» пәні студенттерді педагогикалық ғылыми білімнің құрама бөлігі ретінде арнайы білім берудің әлеуметтік-мәдени негізімен танысуды көздейді. Біздің ортамызда мүмкіншілігі шектеулі тұлғалар күнделікті кездеседі. Сол тұлғалар қандай мекемелерде оқиды, оларды кім оқытады, қалай оқытады, оларға қандай ерекше қолдау көрсетеді деген сұрактарға арнайы педагогика атты ғылым жауап береді. Оқу кұралында нақты жалпы теориялық сұрақтары мен арнайы педагогиканың ғылыми негізделуі, арнайы білім беру жүйелері туралы мәліметтері бейімделіп енгізілген, арнайы білім беру саласындағы қазіргі өзгерістер ескерілген, нақты ҚР "Білім туралы" (2007), "Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалык түзеу арқылы колдау туралы" ( 2002) Заңдары, арнайы білім беру ұйымдарының қызмет, әрекетін реттейтін құқықтық құжаттар (2003,2004,2008) .

Курстың мақсаты:

Пәнді оқу мақсаты - студенттерді арнайы педагогиканың және психологияның теориялық және практикалық негіздерімен, ұғымдық аппаратымен, ғылыми негізделуімен, әдіснамасы және зерттеу әдістерімен таныстыру, әлеуметтік - мәдени білім беретін феномен ретінде арнайы білім беру туралы жалпыланған теориялық көріністерді беру.

Студенттерге білім беру үрдісіндегі оқыту мен тәрбиенің заңдылықтары туралы түсінік беру; бүгінгі психология-педагогика ғылымдары мен тәжірибесінде жинақталған, психологиялық-педагогикалық іс-әрекеттің өнімділігін арттыруға мүкіндік беретін, білімдерді белсенді меңгеруге көмектесу; кәсіби шығармашылық пен өсуге, ғылым мен практикаға жақындауға ынталандыру

Курстың міндеттері:

Педагогика ғылымының құрамдас бөлігі ретінде арнайы педагогика туралы толық көріністі, оның объектісі, пәні, мақсат-міндеттері, ғылыми негізделуі, принциптері туралы толық білімдерді қалыптастыру;

- арнайы білім берудің әлеуметтік-мәдени мәнін анықтау;

- мүмкіндіктері шектеулі тұлғалардың білім алуда ерекше қажеттіліктері және арнайы білім беруде педагогика қызметінің мазмұны туралы түсініктерді қалыптастыру;

- ерекше қажеттіліктері бар түрлі категориялардағы тұлғаларды арнайы оқыту мен тәрбиелеудің жалпы теориялық негіздерімен таныстыру;

- қазіргі білім беру (коррекциялық) мекемелер жүйесі мен арнайы оқытуды ұйымдастыру формалар және педагогикалық жүйелер туралы бағдар беру;

- болашақ арнайы педагогтар және психологтарда мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларды оқыту мен тәрбиелеу туралы оптимистикалық кәсіби көзқарастардың алғы шарттарын қалыптастыру.

Курстың пререквизиттері: Психология, жас ерекшелік психологиясы, әлеуметтік психология, жеке тұлға психологиясы.

Курстың постреквизиттері: педагогикалық шеберлік, жалпы педагогика, психологияның зерттеу әдістері.

2. Курс саясаты:

1. СӨЖ арналған тапсырмалар бірінші аптада беріледі. Тапсырмалардың орындалуы мен тапсырылуы Ережеге* сәйкес жүргізіледі.

2. Студент себепті қатыспаған сабақтарын кафедрада бекітілген кестеге сәйкес сол аптада қосымша өтіп, тапсырады.

3. Студент семестр барысында Ережеге* сәйкес 6 ағымдық бақылау және 2 межелік бағалау тапсырмаларын дер кезінде орындауы тиіс.

*- Білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау өткізудің Ережесі (ОҚМПИ, 2014 ж).

Курстың мазмұны

Лекция сабақтардың тақырыптық жоспары

Наши рекомендации