Беріп кетті. Ал Сіз болсаңыз интернетте отырып, орындамадыңыз. Кешке таман анаңыз келді...

- Берілген ситуацияны Сіз қалай аяқтар едіңіз. Рөлде ойнап көрсетуіңіз

сұралады.

Көрдіңіз бе, балалар, Сіз қанша ата-анаңызды ренжітсеңіз де, айтқанын орындамасаңыз да олар барлығына төзімділік танытады. Асқар таудай әке жүрегі, мейірімді ана жүрегі Сіздер үшін әрдайым отқа да түсуге дайын екенін естен шығармаңыз.

«Әкеге қарап ұл өсер, шешеге қарап қыз өсер» дейді дана халқымыз. Осы айтылған халық даналығына келсек, бала кішкентай кезінен - ақ әр нәрсеге әуестеніп, үлкендерге көмектескісі келіп өседі. Баланың бұл іс - әрекетіне кейбір ата - ананың «жұмысымды бөгейсің, істеп жатқан ісімді бүлдіресің» деп ұрсып жіберетіні бар. Бұл - қате түсінік.
Дана халқымыз: «Адамның бақыты - еңбекте» деп бекер айтпаған. Шынында да, адам өз қадірін, құрметін сол адал еңбегі арқылы алады. Ата - аналар балаларын жастайынан – ақ еңбек етуге, қандай қиыншылықтар болса да төзіп, оны жеңуге үйретіп келген. Олар бірер жұмыс істегенде перзенттерін жанына алып, олар ығыр болып кетпейтіндей дәрежеде жайлап түсіндіріп, үйретіп отырса, балалар жұмысты тындырымды істеуге қалыптасады. «Әкенің кәсібі, ананың рәсімі» деген қағиданы ұмытпауымыз керке екен. Яғни, балаларды жастайынан әке кәсібіне, ал қыз балаларды анасының рәсіміне баулу бұрыннан келе жатқан дәстүріміз. Балалармен әңгімелесуге де уақыт тауып отыруымыз қажет және олардың сан алуан пікірлерімен санасып, есепке алып отырған орынды. Өз туған баласымен түрлі тақырыпта ашық сөйлесе алмайтын, сырласа білмейтін ата - аналар да жеткілікті. Олар оны «Күндізгі уақытта екеуміз де жұмыстамыз, кешкісін үйдің тірлігінен қол босамайды, баламен отырып сөйлесуге уақыт та, шама да жоқ» деген себеппен түсіндіреді. Бұл дұрыс емес бала тәрбиесіндегі өте дөрекі қателік болып саналады. Баламен ашық сөйлесу үшін арнайы уақыт бөлудің де қажеті жоқ. Ата - ана өз балаларымен үй шаруасында жүріп - ақ әңгімелесуіне болады. Бұл ата - ана жағынан жасалған іс - әрекеттер келешекте ата - ана мен бала арасындағы қарым - қатынастың сенімді деңгейде болатынын болжайды. Адамзат қоғамының даму тарихында ғасырлар бойы қоғамды құраушы жеке адамдардың мінез - құлық жағынан пісіп - жетілуі, қалыптасуы әр заман, әр ұлт ойшылдарының санасынан терең орын алып, пікір күресін тудырып келген. Жалпы шығыс пен батыс гуманистерінің бәрі де «Дүниенің ең асылы, бағалысы - адам, ал оның бақыты - бала» деп білген.
«Адам бақыты - бала» деген ғұлама ойшылдарының пікірін біздің қазақ былай тұжырымдайды: «Адам бақыты - бала, егер ол саналы болса». Сондықтан қазақ құдайдан бала сұрағанда
«О, құдай, бала - бер,
Бала берсең - сана бер!
Санасыз болса, Қайта өзің ала бер» дегенінен сан ғасыр бойы өз ұрпағын «сегіз қырлы, бір сырлы» өнегелі де өнерлі, адамгершілік ар - ожданы жоғары, намысқой азамат тәрбиелеп келгені - тарихи шындық. Отбасының басты қазығы, алтын тіреу діңгегі - бала. Дүниеге келерінде де, келген соң да әке - шешесін боямасыз татулыққа, сыйластыққа, ынтымаққа шақыратын, ата - ана көңілін жақындастыра түсетін - бала. Перзентсіз үйдің бар жұбанышы бүгінгісі ғана, оның өзі де өткінші екенін, ертеңгі қуанышы, қызығы қырқылып, үзіліп қалатынын әділетшіл халық ашық та айтады, ашып та айтады. Сондықтан да ол «Бесіксіз үйде береке жоқ» деп түйеді. Бұл - халықтың қамын қарастыру, елдікті ойлау, елдің ертеңгісі жөнінде қам жеу. Осы ойды ертеден келе жатқан «Ата - бәйтерек, бала - жапырақ» деген бейнелі мақал да растайды. Әрине, өсетін, өрбитін ағаш жылда бүршік жарады, жапырақ жаяды. Болашағы бар деп осыны айтады. Келешекке үміт артуды көп балалы болумен де ұштастырыды халық.
Отбасы қарым - қатынасындағы қуатты күшке ие көзге көрінбейтін ықпал, әсер дегенді бала ақылымен пайымдай алмаса да, сезініп түйсінеді. Ер бала болсын, қыз бала болсын әке - шешесі не істесе де оған үлгі, өнеге, содан үйренеді, көргенін бірде болмаса, бірде қайталайды. Баланың балғын ойы мен сенімі - алдында ең беделді тұлға әке, әлеуетті, ақылды, білімдар әке.
Ата - ананың ықпалы өзінен - өзі бола қалмайды, балалар олардың қылықтарын көздерімен көреді, ал бір көргенін тағы бір, сосын тағы бір рет көрген соң, ол мәңгі есте қалып, санасынан мықтап орын алады. Естігені де осы қағида бойынша бір, екі, үш рет естіген соң құлағында, ойында қалып қояды да, кезінде дереу дайын формула секілді санадан қалқып шығып, іс - әрекетке айналады. Балаға отбасы мүшелерінің сөзі, мінез - құлқы ғана емес, ондағы қоршаған заттар да әсер етеді. Үйде кітап көп болса, отбасы иелері - әкесі мен шешесінің ұстағаны қағаз, қалам, оқығаны кітап болса, баланың да көз ашып көргенінің қаншалықты әсерлі болатыны ғылыми - педагогикалық, көркем әдебиеттерде де айтылып келеді. Баланың естігені оқу - ғылым жайлы болса, әке - шешесінің сөзі де сол болса, ондай баланың болашақта таңдап алар жолы да соған сәйкес болмақ, әрине егер ата - анасы соған оны тарта білсе. Қазақ халқы әсіресе өмір гүлін үздіксіз егетін ананың ақ сүтін, адал еңбегін айрықша атайды. «Ажалды ана жеңеді, ана жеңбесе бала жеңеді» деп ана арқылы өмір желісі үзілмейтінін, бала арқылы жалғасатынын парасаты биік, білгір халық бейнелеп білдіріп отырады. Бұзақылықтың басы – баланың бос жүруінен басталады. Үй шаруасына қол жұмсамай өскен бала өсе келе қолы бостығынан, зеріккендігінен үйден тыс теріс әрекетке беріледі, қисық жолға түседі. Оған қоса кейбір ата - аналар түрлі сылтау айту салдарынан балаларын өтірік айтуға үйретеді. Кейде сабақты жиі қалдырған балаға әртүрлі сылтауды тауып айтуды үлкендердің өзі үйретіп отырады. Бұл жағдайда ата - ана балаға өтірік айтуды үйретіп отырғанын аңғармай да қалуы мүмкін. «Жас шыбықты қалай исең, солай өседі», «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» деген мақалдар осыған дәлел. Сондықтан ата - ананың берген тәрбиесі бала өмірінде үлкен із қалдыратынын ескерген жөн. Баланың бойына барлық жақсы қасиеттерді дарытуда оларды дамыту, тіпті жанында жүрген достарына дейін мән беру, баланың бойында табиғат сыйлаған дарыны болса дамыту, дұрыс білім алуына жағдай жасау - ата - ананың басты парызы. Бала тәрбиесі игілікті іс деп саналады. Бала - табиғатынан өте құмарпаз, әуесқой және тынымсыз айнала зерттеушісі. Әр бала басынан сипағанды, жылы сөйлегенді, аялап еркелеткенді, ертегі мен әңгіме тыңдағанды, ойын ойнағанды ұнатады. Мұның барлығы - баланың бойындағы ересектерден ерекшеленіп тұратын негізгі қасиеттер. Бұл қасиеттер тек балаға ғана тән. Сонымен қатар осы қасиеттерді баланың жастайынан ата - анасы ескеріп тәрбие бергені дұрыс, ескерілмей қалған жағдайда балалық шағынан шыққан ересектің жағымсыз қылықтары мен іс - әрекеті ата - анасына таяқтай тиеді, баланың болашағы болмайды. Осыған қоса баланың сезімі де пәк екенін естен шығармаған жөн. баланы періштеге теңеу осыдан шыққан ба деген ой келеді. Отбасында баламен қарым - қатынас жасау үшін ата - аналарға мына түрдегі кеңестерді ескерген артық болмас деп ойлаймын.
- баланы бар қалпында сүйіп, оны бала екеніне қарамастан құрметтеу қажет;
- баламен қарым - қатынас барысында оның санасына әсер ететін құрғақ сөз емес, керісінше сол сөздің қалай айтылғаны мен шын көңілден шыққанын ескерген жөн;
- баланың не айтқысы келетінін ата - ана түсініп алып, жауап қайтарғаны жөн, ал асығыстық жасаған жағдайда қорытынды жасаудан сақтанған дұрыс;
- бала жасаған келеңсіз іс - әрекеті үшін ата - ана жаза қолдана білгені жөн, ол баланың жауапкелікті болып өсуіне ықпал етеді. Бірақ ешуақытта баланың намысына тиіп, қорламаңыз, себебі бала жаман емес, оның қылығы жаман.
- бала жөнінде басқалар (мұғалімдер, көршілер) тарапынан айтылған сын пікірлерден қорытынды жасаудан бұрын оның өзімен әңгімелесіп, жасаған іс - әрекетінің себебін анықтап болған соң шешім қабылдаған жөн, жұрт алдынды балам үшін беделімді жоғалтамын деп қорқудың қажеті жоқ, керісінше өз балаңның сенімінен айырылмағаның дұрыс;
- балаға үйрететініңді алдымен өзің үйреніп, біліп алғаның жөн;
- күнделікті балаға қанша рет «жоқ» деп, бетін қайтаратыныңызға мән беріңіз, шыққан қорытындыдан шешім жасаңыз. Отбасында бала ата - анасына түгелдей тәуелді екенін ұмытпаңыз;
- бала жастығына қарамастан, ата - ана тарапынан қадағалағанды жек көреді, өз өміріне тек шын ықыласпен араласқанды ғана ұнатады. Бала табиғатынан ата - анасын сүйеді;
- ата - ана баланы қиындықтардың құрсаында жалғыз қалдырмауға тырысқаны жөн. Бала тәрбиесінде қолданылатын басты әдістер, бұл - үлгі - өнеге, бірлікті еңбек, әңгіме - сұхбат, баланы қолдау мен қуаттау және қорғау. Бала ата - аналар арасындағы байланысқа, басқа адамдармен қарым - қатынас орнатуына, отбасы ішіндегі тұрмыс - тіршілігіндегі жағдайларға, барша отбасылық іс - әрекеттерге қатысады. Сондықтан да баланы тәрбиелеу үшін арнайы шарт, жағдайлар жасаудың тіпті де қажеті жоқ, тек қана ата - ана мен отбасы мүшелері тарапынан дұрыс, инабатты, адамгершілік әдебі сақталған қарым - қатынас арқылы баланы тәрбиелеп, өз болашағында осы қасиеттерді басты ұстаным етіп алуын ұғындырған жөн. Ендеше бала тәрбиесінде «ұсақ - түйек» деп атап, мән бермей қалдыра салатын ешнәрсе жоқ және еш қателесуге қақымыз да жоқ. Бала - әр отбасының бақыты. Олай болса, өз бақытымызды бағалай білейік, ағайын.

“Анаға сәлем”

Сөзі: О.Иманәлиев

Ні: Е.Хасанғалиев

Мереке күніңмен,

Арсы алам өзіңді.

Сәбилік үніммен,

Арнаймын сөзімді.

Қайырмасы:

Көргенше алаңмын,

Наши рекомендации