Германиядағы АҚТ-ны қолдану тәжірибесі туралы.

Германияда мұғалімдер ноутбуктардың жеке тәсіл ретіндегі рөлі мен әртүрлі танымдық қабілеттері бар оқушыларды, яғни белгілі бір психоизиологиялық ауытқушылығы байқалған балаларды оқыту үшін қалай қолдануға болатындығы туралы мәселені анықтап алуға талпынып келеді. Дені сау балалар мен «ерекше» балаларды бұлайша бірлестіріп оқытудың көптеген артықшылықтары бар. Мәселен: бір жағынан, дені сау және ерекше қажеттілікке ие балалар арасындағы әлеуметтік-интегративті үдерістерді (өзара байланыс, бірін-бірі қабылдау, өзара түсінісу, бірігіп оқу, даму және өсу) қолдау мен ықпал ету; екінші жағынан, арнайы медициналық-реабилитациялық шараларды күн тәртібіне, балалар бақшасының күнделікті өміріне ендіру және қарастыру. Интегративті топтармен жұмыс істеу формалары мен тәсілдері біліктілікті жоғарылату бойынша семинарлардың қызметкерлері тарапынан өңделіп, қаралған.

16. Инклюзивті білім беруді АҚТ-ны қолдану тиімділігін айтып беріңіз.

АКТ-ны пайдаланудың тиімді тұстарын атап айтсақ, олар:

-оқушының жеке қызығушылығын оятады

- білім сапасын арттырып, танымдық қабілеттерін қалыптастырады

-қосымша мәліметтер береді

-мұғалімнің уақытын үнемдейді

Сондықтанда сабақтарымда, тәрбие сағаттарымда, сыныптан тыс шаралар кезінде ақпараттық технологияларды көптеп қолданамын. Мысалы: «Төрт түлігім-қазынам» атты тәрбие сағатында үнтаспадан төрт түліктің дыбыстауын қайталатып тыңдату арқылы немесе мультимедиялық тақтадан төрт түлік төлдерін қайталап көрсету арқылы да оқушыларға жаңа сабағымды тез меңгерте алдым деп есептеймін. «Жемістер» тақырыбында ана тілінен өткізген сабағымда мультемидиялық тақтаны жемістердің суреттерін, түстерін, пішіндерін көрсету үшін пайдаландым. Сондай-ақ әннің сөзін үйрету үшін «Радиоэфир» ойынын пайдаланамын. Мақсатым: балалардың есту арқылы есте сақтау қабілетін дамыту болды, сонымен бірге қазақ тілі сабақтарында көру диктанты, есте сақтау диктанттары, сөйлеу тілін дамытуға түрлі тапсырмалар көрсетуге өте қолайлы және де қарапайым математика сабақтарында АКТ-ны қолдана отырып есептерді шығара білу өте ыңғайлы болса, айналамен таныстыру сабақтарында әр түрлі тақырыпқа байланысты суреттерді пайдалануға болады.

Ақпараттық технологияларды қолдану арқылы мүмкіндігі шектеулі балалардың психологиялық танымдық процестері жағынан тиімділігі:

· Әдістемелер арқылы іс- әрекет барысында логикалық, операциялық, анализдеу сынды әрекеттері дамып, қалыптасады;

· Ақпараттық интерактивті технологияларға қызығушылықтары артып, зейін шоғырландыру, тұрақтандыру, соның ішінде ырықты зейінді қалыптастыруға ықпалы зор;

· Психологиялық интерактивті жаттығулар, әдістер арқылы мүмкіндігі шектеулі балалардың қиялын ұштауға қанаттандырады;

· Дәстүрлі әдістерден гөрі ақпараттық технологиялар арқылы қолданыла көрсетілген көрнекі- жабдықтар бала есінде ұзақ мерзімде сақталып, есте сақтау процесінің дамуына септігін тигізеді;

Ақпараттық технологияларды қолдану арқылы мүмкіндігі шектеулі балалардың коммуникативтік сферасын дамыту жағынан тиімділігін қарастырсақ:

· Қоршаған ортамен, ұжыммен, топпен жұмыстанып, бірлесе әрекет жасауға;

· Вербальді, вербальді емес қарым- қатынасын түзете- дамытып, ортада өз «Менін» қалыптастыруға;

17. Саламанка декларациясы құжатының мәні неде: Инклюзивті білім беру мәселесі шет елдерде 1970 жылдан бастау алады, ал 90 жылға қарай АҚШ пен Еуропа өздерінің білім беру саясатына осы бағдарламаны толық енгізді. Ал, біздің елімізде инклюзивті білім беру жүйесінің дамуы туралы ресми дерек «Қазақстан Республикасының Білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында» көрсетілді. Осы бағдарлама төңірегінде инклюзивті білім беруді жетілдіру мәселелері қарастырылып, 2015 жылға мына міндеттерді шешу көзделген:

-мүмкіндіктері шектеулі балаларды біріктіріп оқытудың модульдік бағдарламалары жасалады;

- мүмкіндіктері шектеулі балаларды жалпы білім беретін ортада біріктіріп оқыту ережесі әзірленеді;

- түрлі кемістігі бар балалар үшін бірігу нысандары анықталады;

-мүгедек балаларға қашықтықтан білім беруді ұйымдастыру қағидалары әзірленеді.[5]Мемлекеттік бағдарлама негізінде 2020 жылға қарай мектептерде мүгедек балалар үшін көтергіш жабдықтар, пандустар, санитарлық бөлмелерде арнайы құралдар орнату, тұтқалармен, арнайы парталармен, үстелдермен және басқа да арнайы компенсаторлық құралдармен жабдықтау арқылы «кедергісіз аймақтар» құруы жоспарланған. 3030 мектепте мүмкіндіктері шектеулі балаларды оқытуға және тәрбиелеуге тең қол жеткізу үшін жағдайлар жасалу міндеті (мектептерде педагог-дефектологтардың, балаларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеудің, арнайы жеке техникалық және компенсаторлық құралдардың болуы) алға қойылған. Үйде білім алатын мүгедек балалар жеке мүмкіндіктері мен қажеттіліктері ескеріле отырып, компьютерлік техникамен қамтамасыз ету сияқты істері жүзеге асырылмақшы. Осылайша мемлекетіміз мүмкіндігі шектеулі жандарды әлеуметтік қорғау, олардың қоғамға етене араласуына, оларды оңалту, жұмысқа орналастыру және жаңа жұмыс орындарын құру, білім алу, оқыту, қайта мамандандыруда қолдан келгенше жағдай жасамақшы.[4,5]

Саламан Декларациясына сәйкес инклюзивті білім беру саясатының міндеттері мынадай:

  • Әрбір бала білім алуға құқылы және оны алуға тиіс.
  • Әрбір баланың дара қабілеттері, қызығушылықтары, қажеттіліктері және оқуға деген мұқтаждықтары болады.
  • Білім беру жүйесіне оң өзғерістер, яғни осы мұқтаждықтарды қанағаттандыру мақсатына орай өзгерту.[6]

Осыған орай, инклюзивті білім берудің негізгі 8 принципі туындайды. Яғни ол мына принциптер:

1. Адам құндылығы оның мүмкіндігіне қарай қабілеттілігімен, жеткен жетістіктерімен анықталады.

2. Әрбір адам сезуге және ойлауға қабілетті.

3. Әрбір адам қарым-қатынасқа құқылы.

4. Барлық адам бір-біріне қажет.

5. Білім шынайы қарым-қатынас шеңберінде жүзеге асады.

6. Барлық адамдар құрбы-құрдастарының қолдауы мен достығын қажет етеді.

7. Әрбір оқушы үшін жетістік кежетуөзінің мүмкіндігіне қарай орындай алатын әрекетін жүзеге асыру.

8. Жан- жақтылық адам өмірінің даму аясын кеңейтеді.

Наши рекомендации