Ткізу тәртібі мен шарттары

ОБЛЫСТЫҚ АШЫҚ «ӘДІСТЕМЕЛІК ВЕРНИСАЖ» ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЖҰМЫСТАР ФЕСТИВАЛІНІҢ ӨТКІЗІЛУ ЕРЕЖЕСІ

Облыстық ашық «Әдістемелік вернисаж» педагогикалық жұмыстар фестивалі 2016-2017 оқу жылында әдістемелік байқаулардың бірнеше топтамаларын өткізетіндегі туралы хабарлайды,бұл байқауда педагогтар өз шығармашылық шеберлігін көрсетуге, жұмыстарының нәтижесімен бөлісуге, жұмыс тәжірибесін талдап қорытуға мүмкіндік алады.

1.Жалпы ережелер

1.1.Осы ереже жалпы білім беретін мекемелері, қосымша білім беру мекемелері, мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің педагогтері арасындағы «Әдістемелік вернисаж» атты XIV ашық Облыстық фестивальді өткізу тәртібін анықтайды (бұдан әрі-Фестиваль)

1.2.Фестиваль аймақтың білім беру сапасын қамтамасыз ету үшін әдістемелік өнімдерді дайындау арқылы әдістемелік қызметте педагогикалық қоғамның озық тәжірибелерін тарату мен жинақтау мақсатында жүргізіледі.

1.3.Фестивальдің негізгі міндеттері:

1) білім алушылардың сапалы жаңа білімдік нәтижеге жетуге бағытталған жаңа оқу-әдістемелік материалдарын құру арқылы білім беру процесінің тиімділігін арттыру;

2) облыстағы балаларға арналған қосымша білім беру жүйесін оқу-әдістемелік материалдарымен қамтамасыз ету жай-күйі туралы шынайы ақпарат алу;

3) балаларға арналған қосымша білім беру жүйесінің кәсіптік қызметін жетілдіру үшін еңбек етіп жүрген педагог қызметкерлерін анықтау, олардың шығармашылық ізденістеріне қолдау көрсету;

4) оқу-әдістемелік кешендерінің базасын қалыптастыру.

1.4.Фестивальдің негізгі қағидаттары: ашықтық, бағалау белгісінің айқындығы, алқалық шешім қабылдау, барлық қатысушылар үшін үшін шарттардың теңдігі.

1.5.Фестиваль Е.А.Бөкетов ат. Қарағанды мемлекеттік университеті, Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті, Қарағанды мемлекеттік медицина университеті, Қарағанды экономика университетінің қолдауымен, КМҚК «Балалар мен жеткіншектер сарайының» ұйымдастыруымен өткізіледі.

Байқаудың қатысушылары

2.1.Фестивальға балаларға арналған түрлі үлгідегі білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлері қатыса алады, олардың жас ерекшеліктері мен жұмыс өтіліне шектеу қойылмайды және техникалық талаптарға сай келетін авторлардың әдістемелік жұмыстары қатыса алады.

2.2.Фестивальға облыстық ұйымдастыру комитетіне осы ережеде көрсетілген құжаттар мен материалдарды толық тапсырған және балаларға қосымша білім беретін ұйымдарда оқу-әдістемелік кешендерін жүзеге асыратын балаларға арналған түрлі үлгідегі қосымша білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлері жіберіледі.

2.3.Әрбір қатысушы фестивальдің бірнеше номинациясы бойынша жұмыстар ұсына алады. Байқау материалдары бір немесе бірнеше авторлардан болуы мүмкін.

2.4.Фестивальдің қатысушысын тіркеу үшін облыстық ұйымдастыру комитетіне тапсырылған осы ережеде көрсетілген құжаттардың толық жинағы негіз болып табылады.

2.5. Зияткерлік меншікке фестиваль қатысушыларының құқықтарын сақтауды байқаудың облыстық ұйымдастыру комитеті қамтамасыз етеді.

2.6.Облыстық конкурсқа ұсынылған оқу-әдістемелік кешендерді тарату және баспа бетінде жариялау авторлардың келісімі бойынша жүзеге асырылады

ткізу тәртібі мен шарттары

3.1.Фестиваль 2016 жылдың 01 қыркүйегі мен 2017 жылдың 31 мамыры аралығында өткізіледі.

3.2. Фестивальді дайындау мен өткізудегі ұйымдастыру жұмысын басқару және жүзеге асыру үшін Ұйымдастыру комитеті құрылады. Ұйымдастыру комитеті әділқазылар жұмысын ұйымдастырады.

3.3.Фестиваль бағдарламасы келесі конкурстарды өткізуді қарастырады.

1. Әдістемелік әзірлемелер конкурсы - қазан-қараша 2016ж.

2. «Үздік презентация» конкурсы - қаңтар –ақпан 2017ж

3. «Педагогикалық қоржын» конкурсы - сәуір –мамыр 2017ж

3.4. Ұйымдастыру комитеті жұмыстарды алдын-ала іріктеу кезеңінен өткізеді және оларды қазылар алқасына талқылауға ұсынады. Сараптау кеңесі ұсынылған жұмыстарды алғашқы сараптау негізінде басқа номинацияға жібере алады.

3.5. Конкурстың қазылар алқасы жұмыстарды бағалаудың ақтық кезеңін өткізеді, бекітілген номинацияларға және тәртіпке сәйкес Конкурс жеңімпаздарын анықтайды..

3.6. Конкурстық жұмыстарды бағалау белгілері: ұсынылған материалдардың оқу бағдарламаларының мазмұнына арақатынасы, оқу –әдістемелік материалдарды әзірлеу барысындағы саралап жіктеу тәсілі,бақылау – бағалау жүйесінің болуы, негізін қалаушы дидактикалық қағидаттарға сәйкестігі, міндетті құрылымдық элементтердің болуы, жұмыстың рәсімделуі.

3.7. Фестиваль-байқауға қатысу үшін облыстық ұйымдастыру комитетіне келесі құжаттарды жіберу қажет:

1..Бекітілген үлгі бойынша қатысушының өтінім -сауалнамасы (1-қосымша)

2. Жұмыс авторының қысқаша мінездемесі (1 беттен аспауы тиіс)

3. Жұмысқа аннотация (4-5 сөйлем)

4.Презентация, сурет, кесте, диаграмма, үлестірме материалдары түрінде қосымшалар (егер қажет болған жағдайда)

5.Байқау жұмыстары номинация талаптарына сәйкес әзірленуге міндетті (2 қосымша)

6.Қатысушы фотасы (дискдегі электрондық нұсқасы, формат jpeg)

7. Рецензия (3 қосымша) «Педагогикалық қоржын» байқауының қатысушыларына ғана қажет)

8.Байқау материалдары мен қосымшаларының электронды нұсқасы (CD, DVD форматы R немесе –RW,: Microsoft Office Word 2007, Microsoft Office Word 2010 нұсқасы) міндетті түрде, СD-дискідегі қатысушы фотосы ( 1қосымша)

9.Ұйымдастыру жарнасы -800 тг.

3.8..Шығармашылық ұжымдар мен жеке тұлғалар ұсынатын материалдар, яғни білім беретін оқу бағдарламалар немесе оқу – әдістемелік материалдар жүзеге асырылып жатқан білім беру ұйымдары басшыларының қолымен және мөрімен куәландырылады.

3.9.Әрбір конкурстық құжаттар пакетіне құжаттар тізімдемесі көрсетілген хат қоса жіберіледі, онда ұйымның толық аты мекен-жайы, басшы немесе конкурстық материалдарға жауапты тұлға туралы толық мәліметтер беріледі.

3.10.Конкурстың облыстық кезеңіне қатысу үшін өтінімдер мен материалдар, ұйымдастыру жарнасы ұйымдастыру комитетіне жіберіледі. Ұйымдастыру комитетінің мекен-жайы: 100009, Қарағанды қаласы, С. Ерубаев көшесі, 44 үй, 306 кабинет, БмЖС «Әдістемелік вернисаж» байқауы немесе пошта аударымы арқылы Жанабаева Лайла Бирмановнаның атына жолдауға болады. [email protected] Телефон: 8 (7212)42-30-58.42-58-82.

3.11.Конкурстық жұмыстарды облыстық ұйымдастыру комитетіне пошта арқылы бандерольмен жіберуге болады, жіберілген жұмыстардың электронды нұсқасы міндетті түрде қосымша ретінде берілуі тиіс.Конкурстық жұмыстардың авторлары жіберілген жұмыстарды тіркеуге алу туралы мәліметтерді сұрауға құқылы.

3.12.Облыстық ұйымдастыру комитетіне көрсетілген уақыттан кейін келіп түскен, сондай-ақ қойылатын талаптарға сәйкес келмейтін конкурстық материалдар қарастырылмайды.

3.13. Байқауға ұсынылған әдістемелік материалдар қайтарылмайды, пікір жарияланбайды. Ұйымдастыру комитеті байқау қорытындысы бойынша ұсынылған жұмыстарды әдістемелік жинақтарға, БмЖС сайтына авторға сілтеме жасай отырып, жариялауды өз құзырлығына қалдырады.

3.16. Бір білім беру мекемесінен бір номинация бойынша бес байқау жұмысы ғана қабылданады.

Наши рекомендации