Елін қорғау –ерге серт
Сабақтың тақырыбы: Елін қорғау - ерге серт
Мақсаты:Білімділік: Қазақстан Республикасының Қарулы күштерінің құрылуы , оның Отанымыздың бейбітшілігін сақтаудағы маңызы жайлы , әскери өнердің өзіндік ерекшелігі туралы , егемендігімізді күзетуде олардың маңызы жайлы тереі мағлұмат беру:
Дамытушылық: оқушылардың шығармашылық қабілеттерін , өлеңді мәнерлеп оқу манерін, өнерлерін көрсете білуге , сахнада өздерін көрсете білу арқылы эстетикалық қабілеттерін дамыту;
Тәрбиелік : оқушыларды туған елін , жерін Отанын , тілін , мәдениетін құрметтеп , тарихты терең бағалай отырып , патриоттық сезімге тірбиелеу;
Сабақтың түрі : ашық тәрбие сағаты
Көрнекіліктер : «7 мамыр Отан қорғаушылар күні» банер , «Power Point» слайд шоу , гүлдер , шарлар
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Қазақстан Республикасының гимні орындалады.
I- Жүргізуші:
Армысыздар қымбатты ұстаздар , аяулы оқушылар! Көңілдеріңізге көктем шуағындай сезім мен нұр құйып келген, 7 мамыр Отан қорғаушылар күні мерекесімен кұттыктаймыз.
II -Жүргізуші:
Жүрекке адалдықтың ескен гүлін,
Ғажайып келешектің төккен гүлін.
Ардақты ағаларга шын көңілден,
Жолдаймыз алғыс пенен сәлем бүгін - 3 «Б» сынып оқушыларының «Елін қорғау - ерге серт» атты мерекелік ашык тәрбие сағатын тамашаланыздар.
І -Жүргізуші:
Отан қорғаушы күні – 2013 жылы 7 мамырда тәуелсіз Қазақстанның Қарулы Күштеріне 21 жыл толады.
Бұл күн – казақстандықтардың ерлікке толы шежіресін және Отанға қызмет ету дәстүрінің сабақтастығын сипаттайды.
II -Жүргізуші:
Қазақстан – кең байтақ, 130-дан астам ұлттар мен ұлыстар мекен етіп жатқан мемлекет. Еліміздің әрбір азаматы ұлты мен дініне қарамай татулықтың берік туын желбіретіп, сүйікті байтақ даламызға деген махаббатын ісімен дәлелдесе, оны неге отансүйгіштік демеске. Тіпті, Елбасымыз өзінің «Тарих толқынында» деп аталатын кітабында «Ұлттық бірліксіз патриотизм жансыз» деген ойды айтқан. Жалпы, жасөспірімдерді отансүйгіштікке тәрбиелеудің бірден-бір жолы – жастайынан патриоттық сезімін дамыту. Адам бойындағы бұл байлық бір зерттеушілердің ойынша туа біткен қасиетке жатпайды екен, ол әлеуметтік, тарихи сатыларда қалыптасқан, сүйіспеншілік сезім, ол Отанға қызмет етуден ғана көрінеді.
II -Жүргізуші:
Ел - халқына шат-шадыман күлкі мен тыныш өмір сыйлауда әскеріміздің атқарып жатқан қызметтері ұшан-теңіз. Әскеріміздің айбынын асқақтататын сардарлар мен сарбаздарымызға қандай құрмет көрсетсек те жарасады. Жігіттерімізге амандық, денсаулық тілейміз. Еңселеріңіз биік, мерейлеріңіз үстем болсын!
Диас: Әркайсысы жас пері
Бойында бар нык күші
Қазағымның әскері
Мықтылардың мықтысы
Мадияр: Арайланып ақ таң шын
Ашық болсын жолдарың
Әрбір қазақ мақтансын
Деп сендерді « Қорғаным»
Ерасыл: Сыйлар деумен тынымды
Сендерге артты үмітті ел
Мейрамдарың бүгінгі
Кұтты болсын жігіттер
І -Жүргізуші :
« Сарбаздар» әні . Орындайтын: Алимбеков Азизбек
Көрініс : «Әскерге шақыру» .
Шалғай ауылда өмір сүріп жатқан отбасы. Ержетіп калган Азаматты әскерге шақыру қағазы келді.
Пошта қыметкері Дархан үйге кіріп келеді.
Дархан:
-«Ассалаумағалеикум» .
Касым атай : (Олжас)
-«Уағаликум салам » балам , төрге шық .Қандай шаруамен жүрсін.
Дархан:(Батыр)
-Ақсақал, Азаматқа әскерге шақыру қағазын әкелдім дейді.
Дария әжей: (Азиза)
-Жалғыз баламды әскерге қалай жіберемін. Қазір неше түрлі жағдайлар болып жатыр .Біздін күніміз не болады? Жоқ , мен жібере алмаймын.
Касым атай : (Олжас)
-Жібере алмаймының не? Азаматтық борышы , өз пікірін тындайық.
Азамат: ( Амир)
-Елбасымыз Н.А.Назарбаев:
«Еліңнің ұлы болсаң, еліңе жаның ашыса, адамзаттық намысың болса, қазақтың ұлттық жалғыз мемлекетінің нығайып-көркеюі жолында жан теріңді сығып жүріп, еңбек ет. Жердің де, елдің де иесі өзің екеніңді ұмытпа!», – деген.
Бұл сөздерді іштей қайталаған сайын біздегі жас ұрпақтың бойында отансүйгіштік қасиет қандай деңгейде екен деген заңды сұрақ туындайды. Апа, ата ақ баталарыңызды берініздер . Мен әскерге барамын.
Касым атай : (Олжас)
-Бәрекелді , сенен күткен жауабым да осы еді.
Дария әжей: (Азиза)
І-жүргізуші:
1992 жылдың 7 мамырында Елбасымыз Н.А.Назарбаев Жарлығыммен тарихымызда тұңғыш рет республикамыздың қарулы күштерін құрылды. Ол бір тарихи жағдай, тағдырлы кез болатын. осынша тарихи тұрғыдан қысқа мерзім ішінде бір тақырдан өз армиямыз, әскерлер түрін түзілді. Ол енді тәуелсіз мемлекетіміздің ажырамас бөлігіне, заманымыздың жақсы дайындалған, жасақталған, ұрысқа қабілетті армиясына айналды.
Дидар:
Ақ найзаның ұшымен,
Ақ білектін күшімен,
Ата-бабам мирас етті жерімді.
Арыстандай айбаттым,
Бойда құрыш қайратым,
Мәнгі қорғап өтем текті елімді.
Камила:
Сүйсем әке-апамды,
Сүйсем солай Отанды,
Мызғымайтын шекарада тұрганда.
Отан үшін от кешем,
Қаруыммен серттесем,
Көк бөрінін киеси бар тұлғамда.
Мадина:
Бейбіт қонған елім бұл,
Ертіс пенен Еділдің,
Арқа менен Алатаудын арасын.
Мәнгі орнасын азат күн,
Аспанына қазақтың ,
Ынтымақ пен тапсын бірлік жарасым.
Елхан:
Мен қазақпын, ұланымын елімнің ,
Мен қазақпын, тірегімін жерімнің ,
Ұланымын туын көкке көтерер.
Болашаққа алға бастап жетелер,
Қиындығын қазағымның әрқашан ,
Қайыспайтын қара нардай көтерер.
Сабина:
Көз тойғысыз қазағымның жері бар ,
Ну орман, тауы, өзені, көлі бар .
Қазағымның жерін, елін қорғайтын ,
Жас жеткіншек, ұланы бар, ері бар.
Аружан:
Міне, осындай егеменді еліміз,
Кең жазира ұлан байтақ жеріміз .
Туған елін, туған жерін сүйетін,
Біз қазақтың ұланымыз, еріміз.
ІI-Жүргізуші:
Кешіміз өтіп жатыр салтанатты,
Төгілген күн нұрының шапағаты.
Ортада биші қыздар би билейді,
Халайық қол соғыңыз мархабатты.
Би «Әке толғауы» . Орындайтын 3 «Б» сынып қыздар би тобы .
I-Жүргізуші:
Себездеп алтын ара жан-жағыңнан,
Ту тіккен алаулаған арманыңнан.
Кеудеңде махаббаттың шоғы маздап,
Биіктен биіктерге самға, қыран.-
оқушыларымыздың 7 мамыр Отанқорғаушылар күні туралы ойларын тыңдайық.
Диляра:
Бұл күні біз Қарулы күштер қатарында қызмет еткендер мен сапта жүргендерге құрмет көрсетеміз. Мемлекеттің, қоғамның және әрбір қазақстандықтың қауіпсіздігін қорғаушылар мен өз еліне шексіз берілгендер орасан ілтипатқа ие.
Бексұлтан:
Бұл — ерекше мереке, біз бұл күні Ұлы Отан соғысы ардагерлері, ерлік пен батылдықтың өлшеусіз үлгісін көрсеткен барлық жерлестеріміз, Ауғанстанның отты жолдарымен өткен ержүрек жауынгерлер алдында тағзым етеміз.
ІI-Жүргізуші:
Біздің тәуелсіздігіміз бен тұтастығымызды, тыныштығымыз бен бейбіт тірлігімізді қас қақпай күзетіп тұрған, халқымызға қорған болған ұлттық әскеріміздің айбыны арта берсін!
I-Жүргізуші :
Нургалиев Диастың орындауында « Алға қазақ жігіттері»
ІI-Жүргізуші:
Қымбатты біздің ұстаз-азаматтар! Ғылым иесі ғалым да, ел қорғаған батыр да, тілінен бал тамған ақын да, тегеуріні темір балқытқан жұмысшы да, егін салған дихан да, мал бағып терін төккен шопан да, бәрі-бәрі ұстаздан білім, тәлім алған, сондықтан, ұлағатты ұстаздар, айбынды азаматтар, сіздерге бүкіл адам баласы құрметпен бас иеді.
I-Жүргізуші:
Ұстаздар жақсылықтың жол ашары,
Қолыңда шәкіртіңнің болашағы
Өмірді алға қарай өрлететін
Сендер ғой Ұлы Отанның болашағы –
ұстаз ағайларымызды құттықтауға рұқсат етіңіздер.
ІI-Жүргізуші :
Бұл мереке әр кезде де батылдық пен ерліктің, қаһармандық пен елдіктің нышаны, Отанға деген сүйіспеншілік пен адалдықтың өлшемі, болашақ ұрпақтар үшін, егемен еліміздің тәуелсіздігін қорғаушылардың бәрі үшін жарқын үлгі болып қала берері сөзсіз.Ендеше аспанымыз ашық, еліміз тыныш, жұртымыз аман болсын .
Хор « Атамекен »
I-Жүргізуші:
Мамырдың мамыражай күндерімен, майда желімен келіп жеткен мерекелеріңіз тағы да құтты болсын, ардақты азаматтар! 3 «Б» сынып ұлдарын құттықтауға рұқсат етіңіздер!
ІI-Жүргізуші :
3 «Б» сынып оқушыларының «Елін қорғау - ерге серт» атты ашық тәрбие сағатымызды көніл қойып тыңдағандарыңызға рақмет!
Сурет – 18. Сабақ үстінде