Жаңаөзен қызмет көрсету және жаңа технологиялар колледждің кәсіби бағдар беруі

«Мамандықтың жаманы жоқ, бірақ, мұның кез - келгеніне икемділік қажет, бұл жай күнелту, тамақ асыраудың ғана жолы емес, үлкен өнерді, зор шеберлікті қажет ететін нәрсе». (Ж.Аймауытов)
Қазақстан Республикасының президенті Әбішұлы Нұрсылтан Назарбаев «Қазақстан - 2030» стратегиясында «Мемлекеттің басты міндеті халық үшін шешім шығару емес, өскелең ұрпаққа құндылықтардың жаңа жүйесіне бейімделуге және мемлекеттің даму сатысымен бірге болашағын қалыптастыруға жол ашу» деп нықтай көрсеткен. Оқушыларға мамандық таңдату оңай шаруа емес. Сол себепті әр мектептің алдында оқушыларға кәсіби бағдар беру және болашақ мамандығын анықтауға ықпал ету міндеттері тұр.

Міне осы міндеттің бірі осы жылдың түлектеріне де келіп жетті. Тәжірибе кезінде Жаңаөзен қызмет көрсету және жаңа технологиялар колледжінде кәсіби бағдар беру үшін колледждің 3-4 курс студенттерімен кездестім. Бұл кездесуімнің негізгі мақсаты түлектерді алдағы мақсаттарымен, қандай оқу орнына түскісі келетіндігімен, алдағы уақыттағы жоспарларымен танысып, оқу орнын дұрыс таңдауға бағыт бағдар беру болды.

Барлығы да еліміздің бетке ұстар жоғарғы оқу орнының бірі Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ ұлттық агротехникалық университетіне түскісі келетіндіктерін жасырмады.

Түлектерге университетіміз жайындағы мәліметтірін толықтырып, төменде берілген ақпараттарды айтып бердім.

С. Сейфуллин атындағы қазақ агротехникалық университеті — ауыл шаруашылығы мамандарын даярлайтын жоғары оқу орны. Орталық және Солтүстік Қазақстан өңіріндегі ірі аграрлық білім ордасы, астанамыздың алғашқы жоғары оқу орны - С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті 1957 жылы Ақмола ауылшаруашылық институты ретінде құрылды (КСРО Министрліктер Кеңесінің 3.10.1957 жылғы №1176 Қаулысы). Бүгінде университет агротехникалық деп аталғанымен, тар бағытты емес, керісінше, көп бейінді білім ордасы болып табылады: ауылшаруашылық және техникалық бағыттағы мамандықтардан басқа білім беру, өнер, қызмет көрсету, әлеуметтік игілік және бизнес бағытындағы мамандар даярланады. Университеттің астананың ежелгі оқу орны ретінде өзіндік ғылыми мектебі бар, сол мектептің негізінде қазіргі профессорлық-оқытушылар құрамы қалыптасқан.

С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті – біртұтас еуропалық білім кеңістігін қалыптастыруға негіз болатын Университеттердің Ұлы Хартиясының тең мүшесі. Жарты ғасырдан астам уақытта еліміздің агроөнеркәсіп кешенінің түрлі саласына 50 мыңға жуық жоғары білікті мамандар даярланды. Олар табанды еңбектерімен мемлекет экономикасын дамытуға лайықты үлес қосты және қосып келеді. Университет өз түлектерін мақтан етеді. Олардың арасында ҚР Президенті Әкімшілігінің, Премьер-Министр Кеңсесінің қызметкерлері, ҚР Парламенті Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары, елшілер, көрнекі ғалымдар, ғылым докторлары мен кандидаттары, облыс, қала, аудан әкімдері, ірі кәсіпорындар мен агроқұрылымдардың басшылары, халық шаруашылығы салаларының мамандары бар.

Оқу орны еліміздің білім-ғылым саласында ғана емес, шетелдік білім кеңістігінде жоғары беделге ие. Ресей, АҚШ, Германия, Франция, Түркия, Италия, Израил, Қытай, Моңғолия, Малайзия т.б. елдердің бірқатар білім және ғылым орталықтарымен тығыз байланыста жұмыс істейді. Университет бүгінде көптеген көрсеткіштер бойынша елорданың ғана емес, жалпы еліміздің білім ордалары арасында көшбасшы болып табылады, ол еліміздің отыз техникалық оқу орындарының арасында үздік үштік қатарында.

9 факультетте 6000-нан аса студент оқиды, университетте 20 ғылым доктор, проффесор, 150 ғылым кандидаттар мен доцент дәріс береді (1998). Өсімдіктануда өнім өндірудің интенсивті технологиясы агротәсілдерін жасау, мал басын аман сақтау және олардың өнімділігін арттыру жолдары, агроөнеркәсіп кешенінің экономика-ұйымдастыру және әлеуметтік мәселелері, ауыл шаруашылық өндірісін инженер-техника жағынан қамтамасыз ету, жеке тұлғаның ойлау жүйесін қалыптастыру бағыттарында ғылыми-зертттеу жұмыстарын жүргізеді.

Университетте 3 диссертация кеңес және 20 мамандық бойынша аспирантура жұмыс істейді. АҚШ, Германия, Англия, Италия оқу орындарымен және ғылыми орталықтарымен байланыс орнатылған.

Факультеттер

· Агрономия факультеті

1957 жылы ашылған. Факультет 5В080100 - «Агрономия», 5В080700 - «Орман ресурстары және орман шаруашылығы», 5В080800 - «Топырақтану және агрохимия», 5В0608 - «Экология», 5В081100 - «Өсімдік қорғау және карантині» мамандықтары бойынша бакалавр мамандарын даярлайды. Факультетте 6М080100 - «Агрономия», 6М080700 - «Орман ресурстары және орман шаруашылығы», 6М080800 - «Топырақтану және агрохимия», 6М070100 - «Биотехнология» мамандықтары бойынша магистрлер дайындалады. 6D080100 - «Агрономия» мамандығы бойынша PhD докторлар дайындайды. Факультеттегі «Топырақ мұражайы» солтүстік және орталық аймақтардағы бірегей мұражай болып табылады. Факультетте дән сапасын бағалау; тұқымтану; биотехнология; агрохимия; диагностика және өсімдіктердің микроклональдық көбеюі; мал азығын өндіру; ауылшаруашылық дақылдарының зиянкестері мен аурулары коллекциясы; өсімдік шаруашылығы өнімдерін сақтау және қайта өңдеу технологияларының ғылыми зертханалары бар.

· Сәулет өнері факультеті

1965 жылы құрылған. 1992 жылы сәулет өнері факультеті әлемнің танымал болған сәулет өнері мектептерінің каталогына енгізілді. Мамандарды дайындау мемлекеттік жалпы білім беру стандарттарына негізделіп, 5В042000 – «Сәулет»; 5В042100 – «Дизайн» мамандықтары бойынша күндізгі оқыту бөлімдерінде жүргізіледі. 6М042000 - «Сәулет» мамандығы бойынша магистрлер дайындалады.

· Ветеринария және мал шаруашылығы технологиясы факультеті

1964 жылы негізі қаланған. Факультет 5В120100 - «Ветеринарлық медицина», 5В120200 - «Ветеринарлық санитария» мамандықтары бойынша маман және 5В070100 - «Биотехнология», 5В080200 - «Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы», 5В080300 - «Аңшылықтану және аң шаруашылығы», 5В080400 - «Балық шаруашылығы және өнеркәсіптік балық аулау», 5В072700 - «Азық-түлік өнімдерінің технологиясы» мамандықтары бойынша бакалаврлар даярлайды. Факультетте 6М080200 - «Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы», 6М080300 - «Аңшылықтану және аң шаруашылығы», 6М080400 - «Балық шаруашылығы және өнеркәсіптік балық аулау», 6М120100 - «Ветеринарлық медицина», 6М120200 - «Ветеринарлық санитария» мамандықтары бойынша магистрлер дайындалады. 6D080200 - «Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы», 6D120100 - «Ветеринарлық медицина», 6D120200 - «Ветеринарлық санитария» мамандықтары бойынша PhD докторлар дайындайды. Факультетте паразитология, акушерлік және хирургия мұражайлары, биотехнология, мал азықтандыру, сүт өңдеу, токсидермия, ветеринарлық сараптау зертханалары, балық өсіру цехы жұмыс істейді.

· Жерге орналастыру факультеті

1957 жылы ұйымдастырылған. Факультет 5В090300 - «Жерге орналастыру», 5В090700 - «Кадастр», 5В090800 – «Бағалау», 5В071100 «Геодезия және картография» мамандықтары бойынша бакалаврлар даярлайды. Факультетте 6М090300 - «Жерге орналастыру», 6М090700 - «Кадастр». мамандықтары бойынша магистратура ашылған. Факультетте университетіміздің бірінші ректоры, экономика ғылымдарының докторы, профессор М.А.Гендельман атындағы мұражай бар.

· Компьютерлік жүйелер және кәсіптік білім беру факультеті

Факультет 1985 жылдан бастап жеке факультет ретінде жұмыс істейді. Факультет 5В012000 - «Кәсіптік білім», 5В070300 - «Ақпараттық жүйелер», 5В070400 - «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандықтары бойынша бакалаврлар дайындайды. Факультетте 6М0120 - «Кәсіптік білім», 6М070300 - «Ақпараттық жүйелер», 6М070400 - «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандықтары бойынша магистрлер дайындалады.

· Техникалық факультет

1957 жылы құрылған. Факультетте 5В080600 - «Аграрлық техника және технологиялар», 5В073200 - «Стандарттау, сертификаттау және метрология», 5В071300 - «Көлік, көлік техникасы және технологиялары», 5В072400 - «Технологиялық машиналар мен жабдықтар», 5В090100 - «Көлікті пайдалану және жол қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру», 5В072800 - «Қайта өңдеу өндірістерінің технологиясы» мамандықтары бойынша бакалаврлар дайындалады. Факультет 6М080600 – «Аграрлық техника және технологиялар», 6М073200 - «Стандарттау және сертификаттау» мамандықтары бойынша магистрлер дайындайды. 6D080600 - «Аграрлық техника және технологиялар» мамандығы бойынша PhD докторлар дайындайды. Оқу үрдісінде лабораториялық қондырғылармен жабдықталған аудиториялар және жаңа үлгідегі ауыл шаруашылық техникалары қолданылады.

· Энергетикалық факультет

1965 жылы ұйымдастырылған. Факультет 5В071800 – «Электр энергетикасы», 5В071700 – «Жылу энергетикасы», 5В071900 – «Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар», 5В081200 - «Ауыл шаруашылығын энергиямен қамтамасыз ету» мамандықтары бойынша бакалаврлар даярлайды. Факультет 6М071800 – «Электр энергетикасы», 6М071700 – «Жылу энергетикасы», 6М071900 – «Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар» мамандықтары бойынша магистрлер дайындайды. 2008 жылдан бастап факультет базасында энергия үнемдеу технологиялары орталығы ашылған, телекоммуникациялар саласындағы жаңа технологиялар бойынша заманауи ғылыми-зерттеу зертханалары жұмыс істейді.

· Экономика факультеті

1960 жылы негізі қаланған. Факультет 5В050600 - «Экономика», 5В050700 - «Менеджмент», 5В050800 - «Есеп және аудит», 5В050900 - «Қаржы», 5В051100 - «Маркетинг», 5В090400 - «Әлеуметтік – мәдени сервис» мамандықтары бойынша бакалаврлар дайындайды. Факультетте 6М050600 - «Экономика», 6М050700 - «Менеджмент», мамандануы «Аграрлық менеджмент», 6М050900 - «Қаржы», 6М051100 - «Маркетинг» мамандықтары бойынша магистратура жұмыс істейді. 6D050600 - «Экономика» мамандығы бойынша PhD докторлар дайындайды. Факультетте интерактивті тақтасы бар кабинет және әдістемелік кабинет жұмыс істейді.

· Сырттай оқу факультеті

1959 жылы құрылған. Қазіргі уақытта факультетте жаңа үлгідегі ақпараттық және телекоммуникациялық технологияларды қолдануға негізделген қашықтықтан (дистанциялық) оқыту үрдісі енгізілуде. Мамандандырудың барлық бағыттары бойынша кейстік технологиялардың оқу-әдістемелік кешендері әзірленген.

· Әскери кафедра

Әскери кафедра 1965 жылдан бастап тұрақты жұмыс істеп келеді. Университет студенттері жоғары білім алумен қатар, әскери дайындықтан өтіп, мотоатқыш және әскери автомобиль түрлері бойынша лейтенант атағын алып шығады.

Тапсырған: Жәкетова Камила

Орытынды

2015 жылдың қаңтардың 15-22 аралықта Жаңаөзен қызмет көрсету және жаңа технологиялар колледжде оқу-танысу педагогикалық - психологиялық тәжірибе өтілді. Осы өтілген педагогикалық - психологиялық тәжірибе мынадай іс шара негізінде жүргізілді. Алғашқы күні оқу орнымен таныстырып, жауапты жетекші мен топ бекітілді. Жүктелген сынып пәндер бес күндігінде ашық сабақтар мен сыныптан тыс іс-шараларына қатысып үлкен белсенділік танытты. Тәжірибе бойы жүргізілген іс-тәжірибеде тәжірибелі мұғалімдердің сабақтарына қатысып, сол мұғалімдердің негізінде мен арнайы сыныптан тыс тәрбиелік іс-шарасы өткізіліп, жан-жақты талдау нәтижесінде жақсы ұсыныстармен бағыт-бағдар жасалынды. Болашақ маманға қажетті білімдер мен дағдылардың қалыптасуына, педагогикалық қабілетті дамытуға бағытталған іс-шаралар жүргізілді.

Бұл тәжірибеден тұтас педагогикалық үрдісті бақылау мен талдау, кәсіптік үлкен тәжірибе әдіс-тәсілдері менгерілді. Университетте алған теориялық білімдерді тереңдетіп, бекітіп, іс жүзінде қолдана білуге үйретілді. Тәжірибе барысында тағайындылған жетекші мен сынып жетекші, оқушылармен тығыз қарым-қатынас болды. Олардың сабақтарына қатысып, іс шаралар жүргізіп тәжірибе жинақталды. Соңғы күні тәжірибе жұмыстарын аяқтап, оны құжатқа тіркеу жасалынды.

Осы педагогикалық – психологиялық тәжірибеде теориялық оқумен бірге, бүгінгі заман талабына сай жаңа инновациялық әдіс-тәсіл мен әдіснаманы тәжірибелі мұғалімдермен пікір алмаса отырып, көптеген мағлұматтар жинақталды.

Наши рекомендации