Оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы. Білім беру саласы: «Қатынас»

Күні:

Білім беру саласы: «Қатынас»

Бөлім: Сауат ашу және жазу негіздері

Тақырыбы:Дыбыс және әріппен танысайық.

Оқу іс-әрекетінің мақсаты: дыбыс пен әріп туралы түсінік беру, дыбыс пен әріптің айырмашылығын ажырата білуге үйрету. Сөздерге дыбыстық талдау жасату арқылы ақыл-ойын дамыту, сөйлем құрату арқылы сөздік қорын молайту. Топтық жұмыста бір-біріне көмектесуге үйрету. Жазуға қолдарын жаттықтыру.

Әдіс-тәсілдер: түсіндіру, сұрақ- жауап.

Оқу іс-әрекетінің көрнекілігі: сюжетті суреттер, ойыншықтар, кеспе әріптер.

Қос тілдік компонент:

Іс-әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық-қозғаушылық Шаттық шеңберіне тұрып, бір-бірлеріне жақсы көңіл күй тілейді. Бір-біріне жылы лебіздерін білдіреді.
Ұйымдастыру-іздестіру Негізгі бөлім. Оқу іс-әрекеті педагогтің жан-жануарлар жөнінде әңгі төрінен басталады. Төрт түлікке қандай мал жатады? Түйе, жылқы, сиыр ,қой, ешкі. Олардың төлдері қалай аталады? Түйенің төлі-бота, жылқының төлі-құлын, сиырдың төлі-бұзау, қойдың төлі-қозы ешкінің төлі-ла-қ. Педагог балалардың жауаптарын қорытындылайды. Педагог <<Ала бұзау>>( авт. Ерешова. К) атты әңгімені оқып береді. Ала бұзау Ескендір күнде ала бұзауына сүт беріп, көгорай шөпке жайып, қамқорлық жасап жүрді. Бір күні ала бұзау тоғайда жүрген малға қосылып кетті. Ескендір бұзауын іздеп тоғайға келді. Бір кезде қатты жел соқты. -Жел соққанда қандай дыбыс шығады? -Жел уілдейді. -У-у-у. Желдің әсерінен ағаштардың жапырағы шулайды. -Қандай дыбыс естіледі? -Ш-ш-ш. Тоғай ішінде жүру өте қиын болды. Маса да ызыңдап, мазасын алды. -Маса қандай дыбыс шығарады? -З-з-з. Ескендір қасында еріп келе жатқан Ақтөстің ырылдаған дыбысын естіді. -Ит қандай дыбыс шығарады? -Р-р-р. Ескендір айналасына қарады. Шөп арасында басын көтеріп, Ақтөске қарап айбат шегіп тұрған жыланды байқады. Жылаң Ақтөске қарап ысылдап тұр екен. -С-с-с-с. Жыланды көрген Ескендір қорыққаннан өсіп тұрған емен түбіне қарай шегінд.і Ыжылдаған дыбысты құлағы шалды. Ол еменнің бұтағына орналасқан араның ұясын көрд.і Ыжылдаған аралар екен. -Ж-ж-ж-ж. Ескендір ала бұзауын шақырды. -Кәне ,балалар, бұзауды шақыруға көмектесейікші: -Ауқау-ауқау-ауқау. Жақын жерден бұзаудың мөңіреген дауысы естілді. -Мә-мә-мә. Сөйтіп ,Ескендір бұзауын үйіне айдап қайтты. -Балалар, сонда біз әртүрлі дыбыстар естідік, біз дыбысты қайтеміз? Біз дыбысты естиміз. Сергіту сәтін өткізу. Тербелді ағаштар, Алдымнан жел еседі. Кіп-кішкентай балалар Үп-үлкен боп өседі. Педагог балаларға дыбыс және әріп туралы түсінік береді. Дәптермен жұмыс. << Қай дыбыстан басталады ?>>тапсырмасы. Шарты:суреттердегі заттардың атын атап, олардың қай дыбыстан басталып тұрғанын тапқызу. Қобыз, шана,жұлдыз, кірпі, тақия, сандық, парта, домбыр,а сағат, барабан ,алмұрт, гүл .Қобыз қ дыбысынан басталады . Балалар, жаңағы естігендыбысты қағаз бетіне түсіру үшін әріп жазамыз. Әр дыбыстың өз таңбасы болады. Оны әріп дейміз. Әріпті жазамыз көреміз оқимыз. В) Үзік сызықтарды қосып, таяқшалар мен ирек сызықтарды сызу. Балалар сұраққа жауап береді.   «Ала бұзау» ( авт. Ерешова. К) атты әңгімемен танысады.   Естілген дыбыстарды дыбыстайды.   Жел уілдейді. У-у-у. дейді.   Желдің әсерінен ағаштардың жапырағы шулайды. -Ш-ш-ш. Дейді.   Маса қандай дыбыс шығарады? -З-з-з. Дейді.   Ит қандай дыбыс шығарады? -Р-р-р. Дейді.     . Жылаң Ақтөске қарап ысылдап тұр екен. -С-с-с-с. Дейді.   Ыжылдаған аралар екен. -Ж-ж-ж-ж. Дейді.     Суреттердегі заттардың атын атап, олардың қай дыбыстан басталып тұрғанын табады.  
Рефлексивті – түзетушілік Оқу іс- әрекетін қорытындылау. 1. Өтілген дыбыстарды қайталау. 2. Балалардың жауаптарын ескере отырып мадақтау. 3. Біз бақытты балдырған әнімен оқу іс-әрекетін аяқтау. Алған білімдерін тиянақтайды, бекітеді.

Күтілетіннәтиже:

Нені білу керек:дыбыс пен әріп туралы түсінік беру, дыбыс пен әріптің айырмашылығын ажырата білуге үйренеді.

Нені игереді: дыбыстық талдау жасап үйренеді.

Нені біледі:сөйлем құрай алады.

Мектепалды даярлық тобына арналған ұйымдастырылған

Наши рекомендации