Зін-өзі тануды» оқытудағы ойындық имитациялық БОӘ ерекшелігін көрсетіңіз.

Бүгінгі таңда белсенділік оқыту әдісінің идеясы мен ғылыми тұжырымдамасы арнайы түсіндіруді қажет ететін бірқатар ұғымдарды қарастыруды қамтиды.

Белсенді оқыту тұжырымдамалары анықталған қағидаларға жүгінеді:

1. Проблемалық қағидасы.

2. Контексті оқыту қағидасы.

3. Іс - әрекеттің оқу - танымдық мотивация қағидасы

4. Тікелей қатысу қағидасы

Әдебиеттерде бұл терминдер «Белсенді оқыту әдісі» (БОӘ-МАО) болып кездеседі. Осы жөнінде толық жіктелу туралы мәліметті М.Новик жасады. Ол белсенділікті имитациялық және имитациялық емес топтар арқылы бөліп қарастырады. Соған байланысты сабақтың формасын да имитациялық және имитациялық емесдеп анықтайды.

Имитациялық тренинг, имитациялық жаттығуларды қарастыру мәселелері ескерілді.

Оқыту барысында жеке тұлғаны белсенділігін арттырудың басты құралы белсенді оқыту әдістері болып саналады. Әдебиеттерде бұл терминдер «Белсенді оқыту әдісі» болып кездеседі. Осы жөнінде толық жіктелу мәліметті М.Новик жасады. Ол белсенділікті имитациялық және имитациялық емес топтар арқылы бөліп қарастырады. Соған байланысты сабақтың формасын да имитациялық және имитациялық емесдеп анықтайды.

Имитациялық емес сабақтарының сипатыоқытылатын үрдіс немесе іс-әрекеттердің моделдерінің болмауында. Оқыту белсенділігі оқытумен мен оқушының арасындағы тіке және кері байланыстары арқылы жүзеге асады.

Имитациялық сабақтардыңайқын ерекшелігі оқытылатын үрдіс (жеке дара немесе ұжымдық кәсіптік іс-әрекеттер имитациялары) моделінің болуында. Сонымен қатар олардың ойындық және ойындық емес болып бөлінуінде. Оқушылардың анықталған бір рөлдерде ойнауы негізінде жүзеге асатын әдіс ойындық деп аталады.

Іскерлік ойындардың конструкциялық үрдісі 4 кезеңнен тұрады:

І - кезең. Ойынның мақсатын анықтау.

ІІ- кезең. Мазмұнын анықтау. Мұғалімнің, сынып жетекшісінің, қызметінің құрылымы бойынша типтік ситуацияларды таңдау.

ІІІ- кезең. Ойынның жүзеге асуын дайындау. Ойын құжаттары: ойынның жаңа ережелері; ойыншылардың міндеттері; персонаж кіріспесі; екі рөлді ойнаушылар; мінез – құлықтарының қарама-қайшылығы; марапаттау; нәтижелерінің визуальдық ұсыныстары;

ІV-кезең. Ойынның құрылымдық-функциональдық бағдарламасын құру: мақсаты, міндеті, ойынның өтілу барысы, ұйымдастыру құрылымы мен бірізділігі, ойынға қатысатындар саны мен олардың қызметтері, сұрақтар мен тапсырмалар, стимул жүйесі.

Іскерлік ойынды өткізу әдісі 4 кезеңнен тұрады:

1. Алдын ала дайындық – ұйымдастырушылық, мини топтарға бөлу, арбитражды құру, көкейкестілікпен қорытындылау.

2. Дайындық - мини топтардың өзіндік жұмыстары, нұсқаулары, рөлдерді бөлу, қосымша ақпараттар, мәлімет кестесін толтыру, жазбаша жауаптарды бағалау.

3. Ойындық – тапсырмаларды мини топтар имитациялайды. Басқа топтағылар толықтырады, аз уақыт арасында импровизацияларды ендіру. Арбитраждар барлық жұмыстарды қадағалайды, толықтырады, алдын ала дайындалған 3 деңгейде бағалайды.

4. Шешімдерге талдау жасау. Қорытындылау. Ойынның өтуі, тыңдаушылардың белсенділік танытуы, қателіктерге назар аудару, дұрыс шешімдер, жарыс қорытындылары.

Іскерлік ойындар- әр түрлі ситуациялардың шешішмін топ бойынша немесе ЭЕМ - де берілген тапсырмалар шешу барысында қолайлы келеді.

Топтағы пікірталас- өзге оқыту түрлерімен комбинациясы аралас қолданылатын жалпыға таныс әдіс.

Рөлдік ойын:рөлдік ойын қайғылы оқиға немесе «қулық» қатысушылардың берілген рөлдерінің шындыққа ұқсатуы мен шын мәнісіндегідей әрекет ету мүмкіндігін береді.

Рөлдік ойын - ол дағдыға, жеке тәжірибеге де топтағы нақты жағдайға байланысты дамуға рұқсат беретін салыстырмалы «ашық» техника. «Рөлдік ойын» сөз тіркесі «драма», не­месе «жағдайды ойнау» сияқты түсініктермен алмастыруға болады.

Имитациялық жаттығулары негізінде зерттеу жұмысымыздың мазмұны ойындық емес әдістердері негізінде ұйымдастыру негізге аланыды:

Ойынның имитациялық түрлерінен «Интеллектуальды футбол», «Қақпан», «Ситуацияны шешу», «Іскерлік ойындар», ал инновациялық бойынша элементтеп оқыту, лекция сабақатары, практикалық жұмыс т.б. зерттеу жұмысымыздың жүзеге асуына мүмкіндік береді.

Оқшылардың шығармашылық іс-әрекетін, эстетикалық талғамдарын, ептілік, икемділік, ұқыптылық, тазалық қабілеттерін дамытуға кәсіпке баулу сабақтарының орны ерекше.

Қыз балаларды, ұлттық өнерге тән кесте тігу, киім тігу, түрлі түске боялған түстерді пайдаланып маталардан құрақ құрау т.б. сияқты көркемдік істерге араластыру, қазірде кең қолданылып келе жатқан сәндік бұйым үлгілерімен мақсатты түрде таныстыру. Бұйымдардың әсемдік нақышы туралы оқушылардың өз ойын пайымдай білуге баулу олардың эстетикалық талғамын кеңейтіп, танымдық белсенділігін арттырудың бірден-бір әдісі. [13].

«Дидактикалық ойындар» - баланың танымдық белсенділігін интеллектісін дамытатын ойын болып табылады. Дидактикалық ойындардың бірнеше тобы бар.

1.топ Заттық ойындар - ойыншықтар мен заттар арқылы балалар түрді, түсті, көлемді, адамдар мен жануарлар әлемін және олардың арасындағы қарым-қатынастарды зерттеп таниды.

2.топ Шығармашылық, сюжеттік - рольдік ойындар. Бұл ойында оқушылар ойша геолг.зоолог, экономист тағы басқа рөлдерін атқарады. Бұл ойындарда оқушылардың шығармашылық қабілеті дамиды.

3.топ Дайын ережелері бар ойындар. Бұл оқушылардан жұмбақты шеше білуді , болжай білуді, ең бастысы- пәнді білуді талап етеді.

4.топ Еңбек, техникалық, конструкторлық ойындары бұл оқушылардың өз жұмысын жоспарлауға керекті материалдарды жинақтауға еңбек белсенділігін шығармашылығын дамытады.

5.топ Баланың психикалық сферасына әсер етуге негізделген жаттығу ойындары, тренингтер. Бұл жарысқа негізделген ойын.

Дидактикалық ойындардың нәтижелілігі біріншіден, оларды қолданудың жиілігіне; екіншіден, ойын бағдарламаларының мақсаттылығына тығыз байланысты.

Осы дидактикалық ойынның төмендегідей бірнеше түрлерін кәсіптік білім беру сабақтарында қолдануды ұсынып отырмыз.

Наши рекомендации