Түркілер дәуіріндегі тәрбие және оқыту ісінің даму барысы. Мұсұлман мектептері мен медреселерінің пайда болуы. 3 страница

Ол Аристотельдің жан туралы ілімін одан әрі дамыта отырып, Шығыс әлемінде тұңғыш рет психологиялық терминдерге түсініктеме береді. Ол жан жүйесі туралы ілімнің сан салаға бөлінетініне (музыкалық, педагогикалық, қоғамдық, медициналық болып) түрлі іс-әрекеттерге қалай жетілуіне тоқталады.

Фараби мұралары Орта Азия мен Қазақстан халықтарының философиялық, психологиялық және педагогикалық ой-пікірлерінің әрмен қарай өріс алуына ерекше ықпал етті. Мәселен Х–ХҮ ғасырлар аралығында Орта Азия мен Қазақстан топырағында медресе шәкірттеріне арналған математика, логика, этика пәндері бойынша көптеген оқу құралдары жарық көрді. Тавтазани жазған “Мантик” (логика) атты оқу құралы медреселерде ұзақ жылдар бойы қолданылып келеді.

Сопылық ілімнің Түркістан өлкесінде негізін қалаушылардың бірі Қожа Ахмет Иасауи (1094–1167) болды. Ол түрік әлемінің ойшылы. Оның “Дүнияуи Хикмет” атты дастанында дүниені жаратушыға табыну, оны танып білу – өзіңді-өзіңнің танып білуің дегенді айтады. Адамдықтың басты мақсаты – ақиқатқа жету. Адам өзін-өзі тану және жетілу арқылы адамдық биікке көтеріледі. Осы тарихат жолында адам өзін ұстамдылыққа, жетілдіруге шақырады. Сол шынайы қасиеттері арқылы сүйіспеншілік пен махаббат идеясын ұсынады. Тарихаттың нұсқайтын жолы “Өзін білгені – хақты (жаратушыны) білгені, құдайдан қорқып ынсапқа келгені”.

Ахмет Иасауидің ойынша “шариғатсыз – тарихат”, “тарихатсыз – мағрифат”, “мағрифатсыз – хақиқат” болмайды. Әділдік жолына түсу үшін, ақиқатты іздеп табыну керек. Адамның рухани өмірінің таза болуы үшін ислам шариғаттарын мойындау қажет және оларды әркім өзінше түсініп қабылдауға ерікті. Адамның кемелденуі жаратушыға да қажетті. Адам баласы бұл дүниенің қызығына елігіп арамдық жолға түседі. Мәңгілік өмірге адам рухының тазарып баруы үшін жаратушыға құлшылық етіп, тіршілікте еткен күнәларын ой елегінен өткізіп, тазарып баруы керек. Аллаға ғашықтық сопылықтың бір көрінісі. Ғашықтық адамның иманжүзділігі, жүрегінің ашық пердесі, имани тазалық – рухани тазалық дегенді айтады. Сөйтіп, Иасауи өзінің адамгершілік жөніндегі ойларын дін арқылы, діни мораль арқылы түсіндіреді. Екіншіден, А.Иасауи түрік мәдениетін – тәңір дінін араб мәдениетімен, исламмен ұштастырды. Үшіншіден, Ислам діні арқылы адамды жан-жақты жетілдіруге болады деп ұқты. Алланы тану арқылы адам өзін-өзі танып білуге, өзіне-өзі сын көзімен қарауға талпынады дегенді айтты. Яғни адам өзін-өзі дін арқылы тәрбиелеуі керек деген идеяны ұстанды.

Қожа Ахмет Иасауи еңбектеріндегі сопылық идея өзінен кейінгі ақын-жырауларға (әсіресе Бұқар, Ақан сері, Әсет т.б.) қала берді жазба әдебиетінің өкілдеріне, тіпті ұлы Абайға да азды-көпті әсерін тигізді. Мәселен Иасауи айтқандай Абай да “Құдай – хақ, иман – парыз” дей отырып, “Жақсылық – жамандықты жаратқан құдай, бірақ қылдырған құдай емес. Ауруды жаратқан құдай, ауыртқан құдай емес. Байлықты, кедейлікті жаратқан құдай. Бай қылған, кедей қылған құдай емес… Құдайдан қорық, пендеден ұял, балаң бала болсын десең, оқыт… Иман, обал, сауап бар жерде әділет бар… Хақтың жолы осы” – деп халықты имандылыққа, мейірімділікке, әділетке, оқу-білімге үндейді. Бірақ Абай құдайды мойындай отырып, оған әрекетсіз табынуға қарсы. Адам іс-әрекет арқылы мақсатқа жетеді. “Мақсатсыз, әрекетсіз – өмір тұл” дегенді айтады.

: «Кодекс Куманикус» сөздігі«Кодекс Куманикус» - кумандардың кітабы, қыпшақ тілінің сөздігі, қыпшақ тілі туралы жинақ.«Кодекс Куманикус» - /1303 ж. жазылған/ екі бөлімнен тұрады, бірінші бөлім: «Латынша, парсыша, куманша сөздік».«Кодекс Куманикус» - жұмбақтар, христиандар діни аңыздарынан түрлі уағыз-өсиет сөздер. Христостың өмірі, Мария Ананың әулиелігі, киелі апостолдар жөніндегі діни хикая-аңыздар .«Кодекс Куманикусты» зерттеуші, тәржіма жасаушы, бастырып шығарушы ғалымдар /Г.Ю.Клапрот, Г.Кун, В.В.Радлов, К.Гренбек, Ә.Құрышжанов/ туралы.Әдебиеттер: 1-11, 66, 71, 76, 83, 90, 92№11 дәріс: Хорезми "Махаббат-наме"Хат түріндегі дастан. Нұсқалары. Екі көшірмесі бар. Ұйғыр(1432) және араб(1503-1509). Ұйғыр әрпімен жазылған нұсқасы А.М. Щербактың аудармасы арқылы жақсы таныс, ал араб әрпіндегі нұсқасын Э.Н.Наджип орыс тіліне аударып зерттеген. Араб нұсқасы әлдеқайда толық, дұрыс сақталған.

ХҮ ғ.ғ. Қазақ даласындағы ойшылдардың педагогикалық идеялары. Мулхакат ас сурах шығармасының тәлім-тәрбиелік маңызы.

Қазақтың сан ғасырға созылған халықтық тәрбие қағидалары көне Орхон-Енисей жазба ескерткіштерінен басталып, орта ғасыр ойшылдарының еңбектері мен ХҮ-ХҮІІІ ғ.ғ. ақын-жыраулардың толғауларынан, ауыз әдебиеті нұсқаларынан, билердің шешендік сөз үлгілерінен өзекті орын алған. Оны әсіресе ІХ ғ. өмір сүрген Қорқыт бабаның афоризм сөздерінен айқын аңғаруға болады.

Қорқыт ата – ҮІІІ–ІХ ғ.ғ. төңірегінде Сырдарияның орта және төменгі ағысын жайлаған оғыз-қыпшақ тайпаларының арасынан шыққан әйгілі күйші, музыкант, аңыздық кейіпкер, кемеңгер ойшыл. “Қорқыт ата кітабы” – Орта Азия, Қазақстан және Әзірбайжан халықтары арасына кең тараған. Қорқыттың музыкалық-этнографиялық мұрасы түркі тілдес халықтардың бәріне ортақ рухани мұра. Сондай-ақ, Қорқыт айтты дейтін ақыл-нақыл, афоризм, ұстаздық ұлағат сөздер көптеп кездеседі. Онда имандылық, ізгілік, қанағатшылдық, әрекетшілдік, тәубешілік мәселелері сөз болады. Мысалы: “Тәңіріне сыйынбаған адамның тілегі қабыл болмайды… Менмен, тәкаппар адамды тәңірі сүймейді… Басқалардан өзін жоғары ұстаған адамға тәңірі бақ бермейді…” делінген.

Дана ойшыл ата-ананы сыйлап, құрметтеу, үй-ішілік жарасымды қарым-қатынасты, ұл мен қыз тәрбиесі, адамның жақсы-жаман қасиеттері жайында да келелі ой қозғайды.

Мысалы: “Мыңғырған мал жиғанмен, адам жомарт атанбас”…, “Анадан өнеге көрмеген қыз жаман, атадан тағылым алмаған ұл жаман…” Ұлың өсіп жетілсе, от басының мерейі, бас-көзі”, деген мақал-мәтелдер осының нақты айғағы бола алады.

Қорқыттың бір топ афоризм сөздері жастарды ерлікке тәрбиелеуге, тектілік мәселесіне, қонақжайлылыққа, мейірімділікке арналған. Мысалы, “Қорқаққа қылыш сермеп, күшіңді сарп етпе…”, “Батыр туған жігіттің садағының оғы да қылыштай кесіп түседі…”, “Жауға атқан садағың өткір болсын”, “Қонағы жоқ қараша үйден құлазыған түз артық…”, “Ата даңқын шығарып өзінің тегін қуған балаға ешкім жетпейді…”, “Өтірік сөз өрге баспайды…”, “Сөзге берік, шыншыл адамға бұл дүниеге отыз жылды үшке көбейтіп, өмір сүрсе де аз” т.б. Қорқыт әйелдердің бойынан жақсы адамгершілік қасиеттерді көруді аңсайды. Ол әйел қауымын төрт түрге бөледі. Бірі – отбасының тірегі, үйдің құты, қонақжай, үрім-бұтағы өсіп-өнген жандар. Екіншілері – ынсапсыз, қанағатсыз, есіл-дерті тамақ. Ал әйелдердің үшінші түрі - салдыр - салақ, түске дейін ұйықтайтын, кір-қожалақ, көрпе-төсегі жиналмай шашылып жататын үйдің “иелері”, төртіншілері – адам тілін алмайтын, қасарыспа, кесір, барынша қырсық әйелдер” – дейді. Қорқыт өсиеттерінің тәлімдік мәні аса зор, қай заманда болмасын ескіріп көнермейтін асыл мұра.

Отырардың перзенті, шығыстың екінші Аристотелі атанған ғұлама ғалым Әбу Насыр әл-Фарабиді (870–950) ерекше атауға тура келеді. Ол ойшыл-философ, социолог, математик, физик, астроном, лингвист, психолог, педагог, музыка зерттеушісі.

Мәдениеті өркендей түскен мұсылман дүниесінде жас Әбу Насыр әл-Фарабидің ғылым мен өнерге деген құмарлығы ерте оянды. Ол 20 жасқа дейін білімді туған топырағы Отырарда алды. Кейін Бұхара, Мерве, Хоране, Александрия, Бағдат, Каир, Дамаск, Шам, Халеб сияқты мұсылмандық шығыстың көптеген қалаларында өмір сүріп, түркі, араб, парсы, грек, латын, санскрит және т.б. тілдерін жетік меңгереді.

Әл-Фараби “Бақытқа жетудің жолы”, “Қайырымды қала тұрғындарының көзқарасы”, “Азаматтық саясат” трактаттарында “Жан қуаты” “бақыт” дегеннің не екендігін, оған жетудің жолдарын қарастырады. Ұлы ғұлама: Бақыт – қайырымды адамдардың мәртебесі, кемелденушінің жаны мен тән қуатының жетістігі, тұтас дүниемен үйлесімділікте өмір сүру қабілеті дегенді айтады.

Әл-Фараби өмірде ізгілік пен зұлымдықты ажырата білу, игілікті орнықтыру, зұлымдықтан арылу – практикалық танымның басты міндеті дейді. Адамдар қайырымды қалада ғана жүрек қуатын игі іске қоса алады, еркін ойлайды, жүрек пен ерік қуаттарын қосарлап бақытқа жетеді.

Қайырымды тұрғындар жан мен тәннің тазалығы үшін зұлымдыққа бармайды, байлыққа басын тікпейді. Ақыл мен жан қуаты үйлескен жан қайырымды келеді. Ақылға қоса ерік пен жан қуатын толастата алған кісі ел басқаратын әкімдікке жарайды. Ал нағыз жақсы әкім әділ, инабатты, мейірімді, білімді, жақсылыққа жаны құмар, жамандықтан жиіркенетін, батыл, жомарт, өнер мен әдебиетті сүйетін адам болуға тиіс. Қалай дегенмен, елбасшы, қолбасшы адамдық қасиеттен арылмау керек. Ондай әкім, біріншіден, бақытқа жетудің жолын көрсететін көсемдікке жарайды, екіншіден, мемлекеттегі қайырымдылық дәстүрін ұстай алатын басшылықты жалғастырады, үшіншіден, өз қандастарымен оқыту және тәрбиелеу жұмыстарын дұрыс жолға қоя алады. Мұның бәрі бақытқа жетудің шарты деп қарады. Әл-Фараби жоғарыдағы еңбектерінде оқыту әдістерінің ұғынықты, дәйекті, жүйелі, көрнекті болуына, сондай-ақ дағды, әдет, қабілет, икемділік, мінез, т.б. тәлім-тәрбиелік ұғымдарға түсінік береді. Көз жеткізу, иландыру, мойынсұндыру тәрізді әдіс-тәсілдерге талдау жасайды. Ол өзінің “математикалық трактаттарында” жүзден астам геометриялық есептердің шешілу әдістерін, шығару жолдарын түсіндіреді.

Ол Аристотельдің жан туралы ілімін одан әрі дамыта отырып, Шығыс әлемінде тұңғыш рет психологиялық терминдерге түсініктеме береді. Ол жан жүйесі туралы ілімнің сан салаға бөлінетініне (музыкалық, педагогикалық, қоғамдық, медициналық болып) түрлі іс-әрекеттерге қалай жетілуіне тоқталады.

Фараби мұралары Орта Азия мен Қазақстан халықтарының философиялық, психологиялық және педагогикалық ой-пікірлерінің әрмен қарай өріс алуына ерекше ықпал етті. Мәселен Х–ХҮ ғасырлар аралығында Орта Азия мен Қазақстан топырағында медресе шәкірттеріне арналған математика, логика, этика пәндері бойынша көптеген оқу құралдары жарық көрді. Тавтазани жазған “Мантик” (логика) атты оқу құралы медреселерде ұзақ жылдар бойы қолданылып келеді.

Сопылық ілімнің Түркістан өлкесінде негізін қалаушылардың бірі Қожа Ахмет Иасауи (1094–1167) болды. Ол түрік әлемінің ойшылы. Оның “Дүнияуи Хикмет” атты дастанында дүниені жаратушыға табыну, оны танып білу – өзіңді-өзіңнің танып білуің дегенді айтады. Адамдықтың басты мақсаты – ақиқатқа жету. Адам өзін-өзі тану және жетілу арқылы адамдық биікке көтеріледі. Осы тарихат жолында адам өзін ұстамдылыққа, жетілдіруге шақырады. Сол шынайы қасиеттері арқылы сүйіспеншілік пен махаббат идеясын ұсынады. Тарихаттың нұсқайтын жолы “Өзін білгені – хақты (жаратушыны) білгені, құдайдан қорқып ынсапқа келгені”.

Ахмет Иасауидің ойынша “шариғатсыз – тарихат”, “тарихатсыз – мағрифат”, “мағрифатсыз – хақиқат” болмайды. Әділдік жолына түсу үшін, ақиқатты іздеп табыну керек. Адамның рухани өмірінің таза болуы үшін ислам шариғаттарын мойындау қажет және оларды әркім өзінше түсініп қабылдауға ерікті. Адамның кемелденуі жаратушыға да қажетті. Адам баласы бұл дүниенің қызығына елігіп арамдық жолға түседі. Мәңгілік өмірге адам рухының тазарып баруы үшін жаратушыға құлшылық етіп, тіршілікте еткен күнәларын ой елегінен өткізіп, тазарып баруы керек. Аллаға ғашықтық сопылықтың бір көрінісі. Ғашықтық адамның иманжүзділігі, жүрегінің ашық пердесі, имани тазалық – рухани тазалық дегенді айтады. Сөйтіп, Иасауи өзінің адамгершілік жөніндегі ойларын дін арқылы, діни мораль арқылы түсіндіреді. Екіншіден, А.Иасауи түрік мәдениетін – тәңір дінін араб мәдениетімен, исламмен ұштастырды. Үшіншіден, Ислам діні арқылы адамды жан-жақты жетілдіруге болады деп ұқты. Алланы тану арқылы адам өзін-өзі танып білуге, өзіне-өзі сын көзімен қарауға талпынады дегенді айтты. Яғни адам өзін-өзі дін арқылы тәрбиелеуі керек деген идеяны ұстанды.

Қожа Ахмет Иасауи еңбектеріндегі сопылық идея өзінен кейінгі ақын-жырауларға (әсіресе Бұқар, Ақан сері, Әсет т.б.) қала берді жазба әдебиетінің өкілдеріне, тіпті ұлы Абайға да азды-көпті әсерін тигізді. Мәселен Иасауи айтқандай Абай да “Құдай – хақ, иман – парыз” дей отырып, “Жақсылық – жамандықты жаратқан құдай, бірақ қылдырған құдай емес. Ауруды жаратқан құдай, ауыртқан құдай емес. Байлықты, кедейлікті жаратқан құдай. Бай қылған, кедей қылған құдай емес… Құдайдан қорық, пендеден ұял, балаң бала болсын десең, оқыт… Иман, обал, сауап бар жерде әділет бар… Хақтың жолы осы” – деп халықты имандылыққа, мейірімділікке, әділетке, оқу-білімге үндейді. Бірақ Абай құдайды мойындай отырып, оған әрекетсіз табынуға қарсы. Адам іс-әрекет арқылы мақсатқа жетеді. “Мақсатсыз, әрекетсіз – өмір тұл” дегенді айтады.

ХҮ ғ.ғ. Қазақ даласындағы ойшылдардың педагогикалық идеялары. Махаббатнаме шығармасының тәлім-тәрбиелік маңызы.

А. Қыраубайқызы: "А. Яссауидың сопылық поэзиясының әсерімен жазылған. Қыздың тал бойындағы мінсіздікті суреттеу-Алланың шеберлігін мабақтау болып табылады".Хорезмиге дейін нама жанрында дастан жазу түркі поэзиясында болмаған. Әсіресе, "жауаптасу-хат" түріндегі наманы Хорезми "арнау хат" жазу арқылы байытқан. Наманың шығысқа белгілі үлгілері араб әдебиетіндегі "тарассульден" тарайды. Тарассуль арабд-тың "хат", "арнау" деген мағынаны білдіретін "рисала" сөзінен шыққан. Бұл жанр 13-ғасырда араб мемлекетінде ресми іс-қағаз стиліне мұқтаждық туған кезде пайда болған. Негізгі белгісы-біреуге немесе көпшілікке арнау ретінже юазылады. Ұйқастың әрі ырғақты қара сөз –"саж" өрнегімен орындалады. Өлең, мақал-мәтел, құран үзінділері көп қолданылған. Дастанда ренессанстың белгілері байқалады (туындыгердің өз ана тілін құрметтеуі, сол заманда поэзия парсы тілі болып қалыптасқанм ен, ана тілінде жазуы, кейіпкердің жан дүниесін, сезім толқуын нәзік суреттеуі). Дастанда "шарап культі" жырланады. Шығыс поэзиясындағы "шарапқа мас болу" ұғымының мәні тереңде. Шарап-бұл жерде симфолдық нышан ғана. Алланы жүрекпен танып-білуге ұмтылған, аллаға ғашық, жаны пәк адамның жан рахатының семіргендей күй кешуі, сезім күйі ғана. Мас болу- алланы сүюден жан рахатына бөленгенін елестететін нышан.Дастанның "Хикаят" аталатын шағыт бөлімі шығарманың негізгі мазмұнынан бөлек. Айтар ойы-азға қанағат тұту, дәстүрлі әдет-салтты сақтау, ақыл-парасатты материалдық құндылықтардан артық қою. Дастанның көркемдік дастаны қазақ әдебиетінде көбірек сақталған. Көркемдігі. Араб, парсы поэзиясының түрлері байқалады. Мысалы, бәйіт, ғазал, мәснәуи т.б. Жалпы алғанда, аруз өлең өлшемімен жазылған лирикалық дастан деуге болады.

XV-XVII ғғ. Педагогикалық ойдың даму бағыттары.Ақын жыраулардың қазақ қоғамындағы тәлім-тәрбиелік маңызы.

XІV-XV ғасырларда қазақ даласында құрылған қазақ хандығы – сақтар мен ғұндардың, ежелгі түркілердің, Шыңғыс хан мен Алтын Орда империяларының заңды мұрагерлері болып саналады.

Алтын Орда империясының ыдырауы – Русь мемлекетінің отаршылдық бұғаудан босанып, өз тәуелсіздігін алуына әкеліп соқтырды. Русь мемлекетінің тәуелсіздік алуы – қайта өрлеу дәуіріне (XІV-XVІ ғғ.) дөп келеді.

Бір кезде Шыңғыс, Бату, Жошы, Тоқтамыс, Ақсақ Темір империясының отар елі болған Ресей, кейін сол империядан ыдырап, бөлініп шыққан халықтарды (Өзбек, Татар, Ноғай, Сібір (Көшім), Қырым, Астрахан хандықтарын) өз империясының отар еліне айналдырды.

Қазақ хандығы жаңа мемлекет болып қалыптасу барысында (1470–1731 жж.) 260 жылдай тәуелсіз ел болып, дербес өмір сүрді. Бірнеше ауыр қасіреттерді, жойқын соғыстарды бастан кешіріп, тіпті жер бетінен жойылып кете де жаздады.

Қазақ жерінің байлығына қызыққан Ресей мен Қытай империялары құпия келісімшарт жасасып, Қытай – жоңғарларды, ал Ресей – қалмақтарды қазақтарға қарсы айдап салды.

Осындай қырғын соғыстар қазақ халқының әлеуметтік-экономикалық дамуын тежеді, көне дәуірден бері қалыптасып келе жатқан өнер-білімнің, ұлттық мәдениеттің одан әрі дамуына қажетті жағдай туғыза алмады. Дегенмен де қазақ халқының іштей ұйытқысы болған рухани күш бар еді. Ол – азаттық идеясы. Елдің елдігін ұстап тұрудың кепілі ретінде үш күштің бірлігі алға тартылды. Оның бірі – ел басқарушы қағанның білікті болуы, оның бұйрығы мен заңдарының түзулігі (“тура биде туыс жоқ”, “хан қараға да, халыққа да ортақ ие” деген ұстаным үстемдік құрды). Әсіресе Жәнібек, Керей, Қасым хан мен Есім, Хақназар, Тәуке, Абылай хандардың дипломатиялық ел билеу саясаттары мен жарғылары ерекшеленіп көзге түсті. Хандар халықтың бірлігі үшін ел ішіндегі сөзі куәлі, аузы дуалы билер мен ақын-жырауларды хан сарайы маңына топтастырды. Олар хандардың ел билеу саясатын қара халыққа түсіндіріп бақты.

Ел бірлігінің ұйытқысы қол бастайтын батырлар мен ел бастайтын көсем-билердің бірауыздылығы, әсіресе “ел намысы – ер намысы” деп қарау басты идея болды. Олар үшін “атақоныс” ең қасиетті ұғым болып саналады. Елін, жерін қасықтай қаны қалғанша жаудан қорғау, тәуелсіздіктің туын жоғары ұстау қастерлі заң болып табылды. “Сегіз қырлы, бір сырлы” отаншыл азамат тәрбиелеу моральдық-этикалық басты принцип болып есептелді. Осы мақсат ел билеуші хандар мен халықтың сөзін ұстаушы би-шешен, ақын-жыраулардың тәлімдік талаптарын айқындады. Ол талаптар: көшпелі мал шаруашылығын жете игеру, еңбексүйгіштік, қиындыққа төзе білу, ел намысын қорғау, жаудан беті қайтпау, ататегін жадында сақтау, сөз асылын қадірлеу, тапқырлық пен алғырлық, ат құлағында ойнау, ата салтын бұзбау (жасы үлкенді, ата-ананы сыйлау, құдайы қонақтың меселін қайтармау, көрші хақын жемеу, қайырымды, ізгі жүректі, бауырмал болу т.б.) Осындай қоғамдық қатынасты кішкентайынан көріп-біліп өскен адамдарда ел намысын көп болып қорғау, тұрмыс-тіршіліктегі мүдделестік, өмірге деген көзқарастың үлкен-кішідегі сәйкестілігі, олардың өзара қарым-қатынасында жеке бастың бұра тартуына мүмкіндік бермеді. Тұрмыс-тіршіліктегі бірыңғайлық, психологиялық жағынан мүдделестік пен бірауыздылық әркімнің өз рулық одағының ар-намысын қорғауға жұмылдырды. Ол бүкіл ру мен ұлтқа ортақ салт-дәстүрлерді туғызды.

Ақын-жыраулар мен билер хан қасында отырып, оларға ақылшы бола білді. Өздерінің өлең-жыр, толғауларымен халықты хан айналасына топтастырып, ел мүддесін қорғауға, береке-бірлікке ұйытқы болды. Яғни олар ханға да, қара халыққа да тәлімгер тәрбиеші, ақылгөй ұстаздық рөлді атқарып келді. Солардың ішінде көрнекті қайраткерлер: Майқы, Асан қайғы, Қазтуған, Мұхаммед Хайдар Дулати, Қадырғали Жалаири, Өтейбойдақ Тілеуқабылұлы, Әнет баба, Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би, Бәйдібек би, Жиембет, Ақтамберді, Доспамбет, Үмбетей, Бұқар жыраулар т.б. бар еді. Хандық дәуірден қалған рухани мұралардың ішінде XV-XVІІ ғғ. жазба мұралар да жоқ емес. Мысалы: Мұхаммед Хайдар Дулатидің “Тарих-и Рашиди”, Қадырғали Жалаиридің “Жами-ат тауариғы” және Өтейбойдақ Тілеуқабылұлының “Шипагерлік баян” т.б. еңбектер.

Асан қайғы. Асан қайғы Сәбитұлы (ХІҮ-ХҮ ғ.) халық есінде абыз, философ, ақын болып, мәңгі жатталып қалған ірі тұлға. Оның бар ғұмыры халықпен бірге өтіп, біте қайнасып кеткен. Ауызбірлігі жетіспеген ортада елінің ертеңін ойлап үнемі мұңға батып жүргендіктен, замандастары оны Асан “қайғы” атап кеткен.

Асан қайғы Алтын орданың ханы Ұлұғ-Мұхаммедтің ықпалды билерінің бірі болған. Қазан қаласынан Дешті Қыпшақ жеріне қайтып оралған Асан қайғы Алтын Орданың орнында пайда болған ұсақ хандықтардың өмірі ұзаққа созылмайтынын болжай білген. Ол Керей, Жәнібек сұлтандар бастаған қазақ руларының Әбілхайыр хандығынан бөлінуін жақтайды. Асан қайғы өз халқының “жерұйығын” Шу, Сарысу бойынан, Ұлытау төңірегінен іздеуге бет бұрады. Сондағы көздегені – ежелгі скиф, қыпшақ даласынан безбеу.

Наши рекомендации