Нормативті әдебиеттер

1.Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңы//Егеменді Қазақстан,15-тамыз, 2007

2. Қазақстан Республикасындағы білім беру ұйымдарындағы тәрбиелеудің кешенді бағдарламасы// Білім және ғылым министрлігі.- Астана, 2000

3.Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы.

4. «Бала құқығы туралы» конвенция.//Қазақстан мұғалімі, 5-шілде 1995

5.Мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балалардың тәрбие тұжырымдамасы// Қазақстан мұғалімі, 12-қыркүйек 1995

6. Балбөбек бағдарламасы.-Алматы, 2006

7. Мектепке дейінгі жалпы білім беру бағдарламасы. -Алматыкітап, 2008

8. Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы.- Алматы: Юрист, 2008

Интернет-көздері:

1. www.edu.gov.kz. Официальный сайт Правительства Республики Казахстан.

a. Концепция структуры и содержания общего среднего образования в 12- летней школе. Официальный сайт Правительства РФ: URL: http://www.pravitelsvo/dov/ru

2. Высшее образование в Европе – обозрение, том XXVII. http://www

aha.ru/mockow 64 / edicationalbook 10 / hasson/ht/. 16.05.2003.

a. Высшее образование в России – обозрение, vovrussia@umail/ru [email protected]://www.vovr/ru №7.2007

ГЛОССАРИЙ

Мектептегі психологиялық қызмет– әрбір баланың толыққанды психикалық және тұлғалық дамуына әсер ететін жағдайлармен қамтамасыз ету негізгі мақсаты болып табылатын білім беру жүйесіндегі арнайы сабақ.

Психика – жоғары дәрежеде құрылған бас миының мінез-құлық, іс-әрекетті қамтамасыз ету қабілеті.

Психодиагностика – тұлғаның мүмкіндігі мен қабілеттерін психикалық үрдістердің даму деңгейін, сондай-ақ әрі қарай дамуды немесе тиісті психологиялық түзету мақсатымен эмоционалдық тепе-теңдікті анықтауды өзінің мақсаты етіп қойған психология саласы.

Психодиагностикалық әдіс– психологияның зерттеу әдісі. Психодиагностикалық әдіс негізгі ерекшелігі (сипаттау мен эксперименттен ерекшелігін өлшеу және сынауға бағытталғандығы, соның негізінде зерттелген құбылыстың сандық және сапалық жіктелуі анықталады).

Психодиагностикалық зерттеу жұмысы – негізгі психологиялық диагноз болып табылатын психолог жұмысының бір түрі. Психодиагностикалық зерттеу негізгі сатылары: зерттеу мақсаттарына сәйкес деректер жинау, зерттеу нәтижелерін өңдеу және талдау, шешім қабылдау (диагноз және болжау)..

Тұлғаның өзін-өзі анықтауы– қандайда бір мәселе туындаған жағдайда өзіндік ұстанымының туындауы мен қалыптасуы ерекше түрлеріне ұжымдық және кәсіби тұлғаның өзін-өзі анықтауыжатады.

Оқуды игеру– оқу үрдісінде адамның білімді, дағдыларды игеруінің жылдамдығы мен сапасының жеке көрсеткіші.

Ақыл-ой –индивидтің ақыл-ой қабілеттерінің құрылымның салыстырмалы түрдегі тұрақтылығы. Ақыл-ой құрылымы және оның өлшем құралдарының қолданылуы тиісті қоғамдық маңызды белсенділігінің (оқу, өндіріс, саясат) сипатына тәуелді.

Жас ерекшелік дағдарыстары– шұғыл психологиялық өзгерістермен сипатталатын онтогенездің ерекше кезеңі. Немесе травматикалық типтерге қарағанда, Жас ерекшелік дағдарысы тұлғалық дамуында қалыпты дамуына қажетті заңды үрдіс боп табылады.

Тұлғааралық қарым-қатынас– адамдар арасындағы байланыстың субьективті бастан өткеріліп, обьективті түрде бірлесіп әрекет пен қарым-қатынас үрдісінде адамдардың бір-біріне әдіс-тәсілдермен және мінез-құлықтан көрініс береді.

Педагогикалық психология– педагогикалық үрдістің құбылыстары мен заңдылықтарын, даму ерекшеліктерін зерттеу психология саласы.

Жеке даралық– тұлғаның әлеуметтік маңызды сапаларының ерекше және қайталанбас көріністері.

Кәсіптік бағдар – мамандық пен қызмет таңдаудағы мақсат еткен, тұлғаның икемділіктері мен қабілеттерін анықтауға бағытталған психологиялық-педагогикалық іс-шаралар кешені.

Қарым-қатынас психологиясы– адамдар арасындағы қарым-қатынас мәселелерімен айналысатын психологиялық ғылым (іскерлік, елшілік, ұжымдық, отбасылық, қызметтік ж.т.б)

Психологиялық түзету– тұлғаның кейбір келеңсіз сапаларынан көріністерін түзетуге бағытталған, психолог жүргізетін жүйелі іс-әрекеті мен операциялар жиынтығы.

Әлеуметтік сұраныс– білім беру мекемесі әкімшілігінің, ата-анасы, педагогтардың, тәрбие мәселелері бойынша жұмыс істейтін мекемелердің сұраныстарын қанағаттандыруға бағытталған жоспарынан тыс орындалатын іс-шара.

Наши рекомендации