Оқытушы жайлы мәлімет
Жас ерекшеліктер педагогикасы мен психологиясы кафедрасының аға оқытушысы А.С.Таурбекова құрастырған.
Сабақ уақыты кесте бойынша
Кеңес беру уақыты әр сәрсенбі сағат 10.00
taurbekova71@ mail.ru сот тел: 87017392498
Пәннің пререквизиті:«Педагогикалық мамандыққа кіріспе», «Педагогика»
Пәннің постреквизиті:«Педагогикалық шеберлік», «Этнопедагогика», «Педагогика тарихы», « Тәрбие жұмысының әдістемесі»
Пәнге қысқаша сипаттама: Модульдік блок-7, «Әлеуметтік педагогика» пәні элективті компонент. Пәннің шифры АР 3220. Базалық пәндер цикліне жатады.
«Әлеуметтік педагогика» курсының мазмұны мәдени- тынығу жұмыс бакалавры мамандарын даярлау жүйесінде әлеуметтік-педагогикалық іс-әрекеттін мәнің, жағдайын, бағыттары мәселелеріне жеке көзқарас, олардың әлеуметтік интеграциясының ерекшеліктерін қарастырады.
Курс шеңбері бойынша әлеуметтік педагогиканың тарихың, жеке тұлғаның дамуына қажетті жағдай жасау, әлеуметтік педагогиканың категориялары туралы білім береді. Әлеуметтік педагогиканың мәнің, әлеуметтендіру тұжырамдамасың, халықтың әр түрлі топтарындағы категориялармен әлеуметтік-педагогикалық жұмыс жүргізу ерекшеліктері туралы сұрақтары қарастырылады.
Әлеуметтік жұмыс адамның адамға гумандық қатынас жасауын білдіретін, бүкіл дүние жүзінде қабылданған түсінік. Бұл түсінік сонау ерте замандарда қайырымдылық, адамның діни парызы, кедейлерге көрсетілген гуманитарлық қызмет жүйесі ретінде қалыптасқан. Бірақ біздің ғасырда әлеуметтік жұмыс бүкіл дүние жүзінде арнайы дайындықты қажет ететін мамандық болып саналады. Сонымен қатар әлеуметтік жұмыс, бұл адамға сәтсіз бейімделуін жеңілдетуге бағытталған жүйелі іс-шаралар болып табылады. Оның филантропия, қайырымдылық және басқа да ұқсас түрлерінен айырмашылығы күнделікті мәселелерді шешуге көмектесуі ғана емес, сонымен қатар тұрмысжағдайы төмен адамдардың қиындықты жеңу техникасын даиытып, өзіне-өзі көмектесу дағдыларын қалыптастыруға бағыттылығы болып табылады.
«Қазақстан Республикасы аймақтарында үлкен азаматтардың психологиясына және этникалық ерекшелігіне байланысты арнайы әлеуметтік жұмыс жүргізу» пәні Қазақстан Республикасында тұратын ұлттардың өзіндік ерекшелігіне, тұрғылықты аймағына байланысты жұмыс жүргізуді көздейді.
Әлеуметтік жұмысшы әлеуметтік жұмыс теориясының негізін ғана біліп қоймай, сонымен бірге этникалық ерекшеліктер теориясын да білуі қажет. Оның бойында қайырымдылық, жанашырлық, ұят, жауапкершілігі, азаматтық және әлеуметтік әділдік сезімдері сияқты кәсіби арнайы және рухани-адамгершік қасиеттері бар болуы тиіс.
Қазіргі қоғамдағы әлеуметтік мәселелердің өсуіне байланысты, әлеуметтік жұмысты тереңдеп зерттеу қажеттілігі туындады, сондықтан «Қазақстан Республикасы аймақтарында үлкен азаматтардың психологиясына және этникалық ерекшелігіне байланысты арнайы әлеуметтік жұмыс жүргізу» курсын оқудың маңызы зор.
Пән бағдарламасының мазмұны (4 төрт) модульге бөлінген: 1-Модуль Әлеуметтік педагогиканың методологиялық негіздері. 2-Модуль Тұлғаны әлеуметтік қалыптастыру. 3-Модуль. Балаларды тәрбиелеу мен дамытудағы әлеуметтік ауытқулар. 4-модуль Әлеуметтік педагогикалық іс-әрекеттің әдістемесі мен технодлогиясы.
Курс мақсаты:Студенттердің өзінің кәсіби іс-әрекетінің әлеуметтік-педагогикалық құрамасын жүзеге асыру үшін қоғамның әлеуметтік проблемаларының педагогикалық аспектін игеруі.
Курс міндеттері: - тұлғаны әлеуметтендіру процесінің педагогикалық аспектісіндегі ғылыми білімдерді қалыптастыру;
- әлеуметтендірудің негізгі институттарының әлеуметтік педагогикалық іс-әрекетінің сипаты және ерекшелігі жайлы теориялық және практикалық білімдерді студенттердің меңгеруін қамтамасыз ету;
- тұлғамен социумда әлеуметтік педагогикалық жұмыстың практикалық біліктері мен дағдыларын студенттерде қалыптастыру.
Мына біліктер мен дағдыларды меңгеру керек:
- әлеуметтік-педагогикалық тәжірибенің теориялық қолданбалы проблемаларын ұғыну және аналитикалық баға беру;
- ағымдағы басылымдардың және бастаулардың материалдарын өз бетімен талдауды жүзеге асыруды;
- әлеуметтік педагогикалық іс-әрекеттің міндеттерін семья, әр жастағы балалар сияқты түрлі категориялармен жүзеге асырудың тиімді жолдарын негіздеуді;
- сәйкес технологияны талдап алу үшін семьяны, мектепті, қиын балаларды, жасөспірімдерді, формальды емес бірлестіктерін әлеуметтік педагогикалық зерттеудің әдістемесін жасауды және қолдануды;
- өзінің тәрбиелік, диагностикалы, алдын алу, ұйымдастыру, коммуникативтік дағдылары мен біліктерін жетілдіру үшін игерілген теориялық білімдерді тәжірибеде пайдалануды.
Түйінді құзіреттерге:
- қалыптастырушы: педагогикалық мақсат қою саласындағы білімдерді, біртұтас педагогикалық процесті жобалау жүзеге асыру біліктері мен дағдыларын меңгеру;
- жүйелеуші: психологиялық-педагогикалық білімдер бойынша іздену, педагогикалық болмысты тұтас қабылдауға және жүйелі ойлауға қабілетті болу;
- зерттеушілік: пеадгогика және психология саласындағы білімдерді меңгеру, зерттеу мәдениетін жетілдіруге ұмылу;
Пәндік құзіреттерге:
-коммуникативті: пеадгогикалық ынтымақтастыққа қабілетті және толерантты болу;
-технологиялық: педагогикалық инноватика, педагогикалық технология саласындағы білімдерді меңгеру, педагогикалық шеберлікті жетілдіруге ұмтылу;
-бақылаушы: бақылау – бағалау материалдарын әзірлеу, алынған нәтижелерді түсінідіріп беру біліктері мен дағдыларын меңгеру;
Арнай құзіреттерге:
- бағдарламалық: педагогтың кәсіби парызын ұғыну, педагогикалық қызмет нәтижесіне жауапкершілікпен қарау;
-пәнаралық: педагогикалық міндеттерді шешуде түрлі пәндер салаларындағы білімдерді біріктіру біліктері мен дағдыларын меңгеру;
-әлеуметтік: пеадгогикалық этика нормаларын сақтау, педагог мамандығының әлеуметтік маңыздылығын ұғын;
-дамытушы: педагогикалық қызметте жоғары мотивацияға ие болу, өз бетімен білім алуға және өзін - өзі тануға ұмтылу;
- креативтік: стандартты емес және альтернативті шешім таба білу біліктері мен дағдыларын меңгеру;
-ұйымдастырушы-әдітемелік: білім беру саласындағы нормативті – құқықтық құжаттыр туралы білімдерді меңгеру, жоғары орындаушылық тәртібі мен ұйымдастырушылық қызметті жүзеге асыру.