Жазғы семестрді ұйымдастыру туралы ереже

Білімалушылар үшін жазғы семестр академиялық өтеулерін жою және қосымша оқу үшін ұйымдастырылады.

Білімалушы келесі курсқа академиялық өтеулерсіз көшуі керек.

Жазғы семестрдің ұзақтығы 4 аптадан кем болмауға тиіс. Жазғы семестрге үш пәннен артық, 7 – 8 жалпы кредит санымен /315с/ болмауға тиіс. Жазғы семестрдің академиялық күнтізбесі білімалушылардың құрамына байланысты жыл сайын тұрақталады. Жазғы семестрдің басы туралы ақпаратты Тіркеуші Офисынан 10 мамырдан кейін білуге болады.

Келесі білімалушылар жазғы (ақылы) семестрді өтуге құқықтары бар:

-қосымша білім алам деушілер;

-рейтинг қорытындылары бойынша сессияға кіруге рұқсат алмағандар;

-курс бағдарламасын толық көлемде орындаған, бірақ көшу балын жинай алмағандықтан, өзінің үлгерім орташа балын (GPA) көтеру мақсатында, білімалушыға жазғы семестрде жеке пәндерді ақылы түрде оқуға (мемлекеттік емтихан тапсырылатын Қазақстан тарихы пәнінен басқа) және сол пәндерден қайта емтихан тапсыруға мүмкіндік беріледі.

-сессия қорытындылары бойынша себептерге байланысты академиялық өтеулері барлар (ауырған, жүктілік, босану, туыстарының өлімі, табиғи апаттар);

Білімалушының жазғы семестрге қатысуы келесі білім алу қызметтері түрін жүзеге асыруды қарастырады:

-академиялық өтеулерді жою мақсатымен білімалушының кеңес алуы;

-мамандығы бойынша оқу жоспарымен қарастырылған оқу пәндерін студенттің меңгеруі.

жазғы семестрдің ұйымдастырылу тәртібі Регламентпен сәйкес келеді:

-жазғы семестрдің алдында білімалушы қатысу үшін өтініш тапсырады;

-офис тіркеушілер және деканаттар білімалушылардың өтініштерін қарастырады;

-офис тіркеушілер және деканаттар топтарды қалыптастырады;

ОӘТЖ проректорымен бекітілетін жазғы семестрдің кестесін оқу бөлімі құрастырады;

-кесте жазғы семестрде қызмет көрсететін тьюторлардың уақытына байланысты құрастырылады;

-кафедра меңгерушілері өз пәні бойынша өтуіне жауапкершілік танытады;

-білімалушы жазғы семестрді университеттің кассасына ақысын төлегеннен және деканаттың рұқсатнамасын алғаннан кейін жазғы семестрге жіберіледі;

-жазғы семестрдің ұйымдастырылуы баллдық-рейтингтік жүйесіне (БРЖ) сәйкес өткізіледі;

-білімалушылар өз уақытында жазғы семестрдің ақысын төлеуіне деканаттар жауапкершілік танытады.

Білімалушылардың білімін бағалау тәртібі

Білімалушылардың оқудағы жетістіктерін бағалау бақылаудьң барлық түрлері бойынша: үлгерімді ағымдағы бақылау,аралық аттестациялау (емтихандар) мен қорытынды мемлекеттік аттестациялау (мем. емтихан) балдық-рейтингілік таңбалық жүйе бойынша жүзеге асырылады.

Білімалушылардың оқудағы жетістіктерінің деңгейі әрбір пәннен қорытынды бақылаудың бағасы мен рұқсат алу рейтінгілік бағадан қалыптасқан қорытынды бағамен анықталады:

Қорытынды баға ҚБ = РРБ х 0,6 + ҚББ х 0,4, мұнда:

ҚБ - қорытынды баға

РРБ - рұқсат алу рейтингілік баға

ҚББ – қорытынды бақылау бағасы (пән бойынша емтихан)

Рұқсат алу рейтингілік бағасы (РРБ) пән бойынша білімнің қорытынды бағасының ( ҚБ ) 60% құрайды.

Қорытынды бақылау бағасы ( ҚББ)пән бойынша білімнің қорытынды бағасының ( ҚБ ) 40% құрайды.

Рұқсат алу рейтингілік бағасы:

АғББ ∑ бағасы + БӨЖ ∑бағасы+ ОЖӨБ ∑ бағасы+ АБ ∑бағасы Барлық бағалардың саны

РРБ = ,мұнда:

Жиынтық белгісі

АғББ– ағымды бақылаудың бағасы: Ағымдағы бақылау бағасы: АғҮБ=ағымдағы орташа баға ( оның ішінде соңғы бақылау) + БӨЖ үшін орташа баға + тәжірибелік дағдылар үшін орташа баға + ауру сырқатнамасы үшін баға ( клиникалық кафедраларда ) + хаттамалар жазу үшін немесе альбомдар бейнелеу үшін баға ( теориялық кафедраларда)+(ҒЗЖ) кәсіптік тәжірибе үшін баға (ҚР МЖБС. 5.03.006-2006, 7 бет);

БӨЖ – білімалушының өздік жұмысы;

ОЖӨБ - оқытушының жетекшілігімен болатын өздік жұмысы;

АБ – аралық бақылау бағасы;

Рұқсат алу рейтингілік бағасы: академиялық уақыт (семестр) барлық алынған бағалар ортаарифметикалық жиынтығы бойынша есептеледі.

Егер білім алушының жіберу рейтингісі және қорытынды бақылау бойынша жақсы бағалары болса ғана қорытынды баға есептеледі. (ҚР МЖБС 5.03.006 – 2006).

- Қорытынды бақылаудың жақсы бағасын (көтермелеу мақсатында), бағаны қайта тапсыруда, сонымен қатар жаман бағаны түзетуге рұқсат етілмейді.

- Білімалушыларды курстан курсқа көшіру жазғы емтихан сессиясының қорытындысы (аралық аттестация) бойынша жазғы семестр және алған ауыстыру баллдарын ескере отырып жүргізіледі.

- Курстан курсқа көшіру үшін ауыстыру баллдарын жоо өзі белгілейді, ол университеттің Ғылыми кеңесінде бекітіледі және оқу жылында 1 ақ рет өзгертіледі.

Жазғы емтихан сессиясы келесі курсқа көшіруші емтихан болып саналады. Көшіруші орташа балды жоғары оқу орны өздері шешеді.

Егер білімалушы қажетті өтуші баллды алмаса, онда курсты қайта өтеді немесе оқудан өз қалауымен шығады.

Пәндерден академиялық қарызы бар білімалушы келесі курсқа өту үшін осы пәндерді белгілі мерзімде, ақылы түрде қайтадан оқуы керек.

Қайтадан оқуы үшін білімалушы ректордың атына өтініш жазуы керек.

Өтінішке факультет деканы пәннің МЖБС сәйкес сағат көлемін, дәріс сағаттары мен тәжірибелік, БӨЖ көрсетеді. Ректордың шешімінен кейін, өтініш кафедраға беріледі, кафедра меңгерушісі жауапты оқытушының ТАЖ көрсеткеннен кейін құжат қаржы-жоспарлау бөліміне түседі. Осыдан кейін білімалушымен ақылы пәнді қайта оқу туралы келісім шарт 2 – данада құрастырылады.

Егер білімалушы орташа балды GPA (ҮОБ)белгіленген деңгейден төмен алған жағдайда ол курсты қайталап өтуге қалады, сондай-ақ бұрын қабылданған жеке оқу жоспарын қосымша орындауға құқық алды және белгіленген тәртіп бойынша жаңа оқу жоспарын жасайды. Қайта оқыту курсын бітіргеннен кейін, қорытынды бақылауға бағасымен жіберіледі.

Білімалушылар - мемлекеттік білім беру грантының иегері, курстан курсқа өту баллын алмаған және қайта оқу курсына қалтырылған болса, өзінің білімін ақылы негізде жалғастырады.

GPA (ҮОБ) (Grade Point Average):екіншісінен 2,0 кем емес; үшіншіге – 2,25 -2,5 тен кем емес; төртіншіге -2,5-3,0 кем емес болып белгіленеді.

Білімалушының оқу кезеңіндегі GPA (ҮОБ) тіркеуші офисінде білімалушының орташа жоғары деңгейі бойынша келесі формула түрінде анықталады:

Жазғы семестрді ұйымдастыру туралы ереже - student2.ru

онда; Қ1, Қ2, Қ3 — пән бойынша қорытынды сандық баға;

К1, К2, К3 — кредиттегі оқылған пәндер көлемі;

п – оқудың өткен кезеңіндегі оқылған пәндердің саны.

Тіркеуші Офисі – білімалушыны келесі курсқа көшіруді жүзеге асырады. Мемлекеттік қорытынды аттестация оқушының білім бағдарламасының аяқтаушы кезеңі болып табылады және олардың кәсіби жағдайын анықтау мақсатында өткізіледі. Егер білімалушы орташа балды GPA (ҮОБ)белгіленген деңгейден төмен алған жағдайда ол курсты қайталап өтуге қалады, сондай-ақ бұрын қабылданған жеке оқу жоспарын қосымша орындауға құқық алады және белгіленген тәртіп бойынша жаңа оқу жоспарын жасайды.

Бітіруші курста өткізілетін мемлекеттік қорытынды аттестацияға белгіленген кредиттер санын алған GPA (ҮОБ) және мамандық бойынша оқу жоспары толық көлемде орындағандар жіберіледі.

Мемлекеттік қорытынды аттестация мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандарты талаптарына сай мемлекеттік емтихан түрінде тапсырылады.

Мемлекеттік қорытынды аттестацияны өткізген бітірушіге мемлекеттік аттестациялық комиссияның (МАК) шешімімен бакалаврлық академиялық дәреже беріледі.

Университеттік дәреже беру үшін бітірушінің орташа балы (GPA) 3,75 кем болмауы қажет және мемлекеттік қорытынды аттестацияны А; А- бағаға тапсыруы керек.

Наши рекомендации