Зі-өзі көрсетудің техникасы.

Әркім өзінің басындағы ойларын басқаға айтып, түсіндіру үшін оған лайықты сөз таба білуге тиісті. Таба алмаған жағдайда, ол ой иесіне де шала, түсініксіз болып қалады. Яғни, ойдың дамуы сөйлеудің дамуымен өте тығыз байланысты. Адам өзінің сөйлеу мәдениетін жетілдірмейінше, жоғары ақыл мәдениетіне жете алмайды. Сыртқы сөйлеу ауызша, жазбаша болып бөлінеді. Бұлардан басқа ауызша сөйлеудің мынадай екі түрі бар:

1. Диалогтық сөйлеу.2. Монологтық сөйлеу.

Диалогтық сөйлеу – екі немесе бірнеше адамның тілдесуі. Монологтық сөйлеу – бір адамның сөйлеуі, әңгіме, баяндама, лекция және басқа да түрлері кездеседі. Мұнда сөйлеуші бір адам, тыңдаушы – көп халық. Осылайша, сыртқы сөйлесу: ауызша диалогтық сөйлеу, ауызша монологтық сөйлеу, жазбаша сөйлеу болып бөлінеді.Адамның айтқан сөзі белгілі бір мазмұнды білдіреді және сөйлеушінің, жазушының осы мазмұнға қатынасын көрсетеді. Бұдан туатын қорытынды: сөйлеу ойды білдіріп, іштегі сезімді сыртқа шығарады. Сөйлеудің бұл сипаты – оның мәнерлілігі. Өзара тілдескенде, лекция, баяндама жасағанда мәнерсіз сөйлеу – ол қаншама мазмұнды ойға толы болса да, әсерсіз, жансыз болып шығады. Ауызша сөйлеудің эмоциялық реңі интонациямен, мимикамен, ишаралармен білдіріледі. Жазбаша сөйлеуде мұндай мүмкіндіктер жоқ. Сол себепті қағазға жазушы адам өз сөздерін барынша қиыстырып, ойын мәнерлі түрде жеткізе алады. Иә, сөйлей білу – өз ойыңды келістіріп, айтып беру, оның мазмұнын ғана баяндап қоймай, нәзік сырларын сол қалпында жеткізіп, тыңдаушының етжүрегін елжірете білу.Ел алдында шебер, шешен сөйлеу көп еңбектену, оқу, үйренуді талап етеді. Шешен адамдарда негізінен, сөз көркемдігі ой тасқынынан табиғи түрде туындап жатады. Көркемдік талғам мен шешендік тәсілдерді дұрыс пайдалана білген адам ғана эстетикалық әсер ету күшіне ие бола алады. Сонда шешендік өнерге көп сөйлеп, оны сынатып үйренуге болады ма, әлде оған жазып дайындалған дұрыс па? Бұл орайда әйгілі шешен, данагөй Цицерон былай дейді: «Қалам – көркем сөздің ең жақсы жаттықтырушысы. Басқалардан үйренуде өнеге тұтарлықтай теңесуге ұмтылу керек. Өзің үлгі еткен шешеннің жақсысының бәрін алуға тырыс. Оңайын, көзге түсіп тұрғанын ғана емес, ең маңыздысы – шынайы шеберлігіне жету. Ол еліктеу болып кетпеуі керек. Мықтыға қанша ұқсап тұрсаң да, көшірме түпнұсқадан ылғи да көш төмен болады. Халық алдында сөйлеу үшін сөзіңнің өзіндік «бейнесі», өз мәнері болғаны абзал....Егер өнердің басқа саласындағы аты мәлім шебер бір ісін кездейсоқ дағдысынан нашар орындаған болса, оны ол өзі әдейі жасады ма, не денсаулығына байланысты сөйтіп қалды, дей салады... Ал, егер шешеннен сондай бір осалдық тапсыншы, оны тек ақымақтық деп санайды, ал ақымаққа кешірім болмайды. Өйткені, адам көңіл-күйге немесе іші ауырғанға байланысты ақымақ болмайды. Сөзді тыңдай білмеу. Кейбір адамдардың ерсі мінездері бар: басқаның сөзіне құлақ қоймайтын, өзіне айтылған сөзді аяғына дейін тыңдай білмейтін, өзгелердің сөзіне ретсіз араласып, әңгіменің шырқын бұзатын. Содан сөйлеп отырған адам кейде қақалып – шашалып, тұтығып та қалады. Әрбір адам өз басындағы осы кемшіліктермен күресе білсе, біздің сөйлеу мәдениетіміз де одан әрі дами түсер еді.Және де кейбір адамдар диалогтық сөйлеудің талаптарын орындай бермейді. Содан көп сөйлеп, бір сөзді сан мәрте қайталап, тыңдаушысын жалықтырып та алады. Олардың ішінде өзіне қойылған сұрауларға, қарсы пікірлерге жауап бермей, өз ойын тәптіштеп айта беретіндері де кездеседі. Бұл пікірсайыс мәдениетіндегі, ең бастысы сөйлеу мәдениетіндегі әдепсіздік.Ағылшын тілінде қазір «сен» деп сөйлесу іс жүзінде жоқ. Оларда мұндай есімдіктің өзі де ұмытылған. Ол ХҮІ ғасырдың өзінде қолданыстан қала бастап, ХҮІІІ ғасырдың басында оны сыпайы «сіз» деген есімдік алмастырған-ды. Тіл мамандарының түсіндіруінше, көне замандағы «сен» сөзі тек шіркеу тілінде, көтеріңкі, лепті поэзияда ғана сақталған көрінеді. Сол себепті, оны «Уа, сен!» деп аударған дұрыс дейді. Кейінгі кезде орыс тіліндегі «товарищ» деген қаратпа сөз де ерсі естіліп, қоғамдық орындарда «мужчина», «женщина» деген қаратпа сөздер күштеп орныға бастады. Сол секілді қоғамда осындай сыпайылықты орнату үшін пікірсайыстан осы қағиданы, яғни «СІЗ» деп қарым-қатынас жасауды алға қойған дұрыс секілді.Жас дос, сізге көркем ойыңызды халыққа дұрыс жеткізудің ең басты дүниелерін айттық. Енді пікрісайыс алаңына шыққанда мыналарды есте сақтағаның абзал:Сөз бастау бір адамға оңай шаруа болса, енді біріне қиынның қиыны болып көрінеді. Көптің алдына шығып сөйлеу үшін үлкен дайындық қажет. Менің айтқым келгені дайындықсыз жасалған дүние ешқашан жемісін бермейді. Егер көпшілікке сөзіңді тыңдатқың келсе және олардың назары саған ауғанын қаласаң онда сенің киген киіміңнен бастап, сөйлеген сөзіңе дейін мінсіз болуы керек. Мынадай жақсы әрі орнымен айтылған сөз бар: «Ақылыңа қарап шығарып салғанымен, киіміңе қарап күтіп алады». Киім жағдайға сәйкес, өзіңе жарасымды әрі ыңғайлы болу керек. Көптің алдына шығып сөйлегенде сенімсіздік, алаңдаушылықты тудыратын себептердің бірі – киім үлгісі. Өйткені, адам өзін басқалармен салыстырады, олардың өзіне деген көзқарастарын байқайды. Соның әсерінен ол ыңғайсыздана бастайды да ойы бөлінеді. Бұл дегенің тыңдаушыларды өзіңнен алыстататын жағдайға алып келуі мүмкін. Киген киімің өзіңе сенімді әрі ыңғайлы болсын. Әрбір істің, таныстықтың басы – сәлемдесуден басталады. Қазақ даналарының айтқан жақсы сөзі бар - «Сәлем – сөздің анасы». Яғни, сөзіңнің сәтті шығуына бір қадам жақындататын – сәлемдесу. Сәлемдесу қысқа да нұсқа, мағыналы болуы тиіс және әдемі күлкі мен жағымды ымды қоса біл! Келесі, әрбір сөз бастаушының сөзінің нақты мақсаты болуы тиіс. Яғни, сен өзіңнің кімге және не туралы айтатыныңды жақсы білуің керек. Тыңдаушылар сенің сөзіңнің дұрыстығына сенуі үшін қолыңда сенімді ақпарат болуы қажет. Себебі, дәлелдемесі жоқ сөз, құрғақ сөз.Өзіңді сенімді сезіну үшін өзіңе ыңғайлы атмосфераны жасап ал. Мысалы, өзіңді оқушыларға сабақ түсіндіріп жатқан мұғаліммін деп елестетіңіз. Немесе, керісінше сабақ айтып тұрмын деп ойлаңыз. Ең бастысы өзіңді қауіпсіз әрі сенімді сезінетін көріністі елестетіңіз.Көпшіліктің алдында сөйлей алатын мықты оратор болғың келсе, өзіңмен үздіксіз жұмыс жаса! Өзіңді сырттай бақылауға ал! Оны видеокамера, айна сияқты тұрмыстық құралдардың көмегімен жүзеге асыра аласың. Көптің алдына шығып сөйлеген кездеріңді немесе үйде өзіңді бейнежазбаға түсір! Сол арқылы кемшіліктеріңді көріп, онымен жұмыс жаса. Тек қарапайымдылығыңды сақта. Қарапайым бол, шынайы бол! Сөздерді жаңылыстыратын болсаң, жаңылтпаштар көп оқы және айтылуы қиын сөздерді айтып үйрен.

Наши рекомендации