Здік жұмысқа арналған тапсырмалар

1."Оқуды ұйымдастырудың түрлері", "Қазіргі сабақ", "Сабақгың түрлері мен құрылысы" деген тақырыптарға баяндама дайындаңыз.

2.Мектептегі өз мамандығыңыз бойынша 2-3 сабаққа қатысып, ол сабақтарда қолданылған оқушылардың оқу-." жұмыстарын ұйымдастырудың түрлерін сипаттаңыз.

3.Практикалық-тәжірибелік сабақтарда өз мамандықтарыңыз бойынша "үлгі сабақ" дайындап, өткізіңіз.

4.Жаңашыл педагогтар және сабаққа қатысты жаңа педагогикалық басылымдар туралы мағлұмат дайындаңыз.

5.Оқытудың даму тарихы мен ұйымдастыру түрлері туралы шағын шығарма жазыңыз.

6.Мұғалімнің оқыту әдістерінің көптүрлілігін нәтижелі пайдалануының алдыңғы қатарлы тәжірибелеріне арналған казіргі педагогикалық әдебиеттер туралы реферат жазыңыз.

Реферат тақырыптары

1.Оқытуды ұйымдастыру түрлерінің даму тарихы.

2.Казір оқытуды ұйымдастырудың сабақтан тыс түрлері.

3.Казіргі талаптарға сай сабақ және оның көптүрлілігі.

4.Мұғалімнің сабаққа дайындығы.

Оқыту әдістемесіне сипаттама

Мақсаты: Мұғалімнің іс-әрекетіндегі білім беру тәсілін меңгеру және сабақ үстіндегі оқушылардың оқу-танымдық білімдерін меңгеруді ұйымдастыру.

Міндеттері:

а)дидактикадағы оқыту әдістеріне түсінік.

ә)оқыту әдістемесінің салыстырмалы тиімділігін көрсету.

б)оқыту әдістемесінің мазмұн — мәнін ашу.

г)оқыту әдістерін тандауда факторларды сипаттау.

Жоспар

1.Оқыту әдістемесіне түсінік және оны ; классификациялау.

2.Оқыту әдістерінің мәні мен мазмұны.

3.Оқыту әдістерін таңдау.

Негізгі ұғымдар: әдіс, қабылдау, танымдық іс-әрекет, дидактикалық жүйе.

Пәнаралық байланыс: философия, гносеология, оқыту теориясы, психология, психофизиология, мәдениеттану.

Әдістерді оқыту және оның классификациясы туралы ұғым.Әдіс (гректің metodos) деген сөзінен алынған, ол зерттеу немесе таным жолы, табиғат құбылысын және әлеуметтік өмірдің жағдайын, құбылыстарды оқып білу жолдарын, методологиялық-теория танымы мен шындықты бекітуді зерттейтін тәсіл.

Оқыту әдісі танымдылықты-оқыту іс-әрекетіне байланысты, диактикалық құбылыстың мәндік өзара байланысы және сөздік байланысы, олардың қозғалысын, өзгертілуін сапалы және бір

жүйедегі таным процесі деп қарастыруға болады. Бұл оқыушылардың білім, білік және дағдыларын қалыптастырудың әдістемелік жолы мен ғылыми-практикалық тиімділігі болады. Оқыту әдістерін классификациялау, оларды белгілі бір мәтінде бөліп негіздеу, класстарға бөлу, разрядқа бөлу, оқыту мақсатына байланысты түрлі авторлар мен белгілі бір тәртіпте жүзеге асырылуы, оқушылардың танымдық іс-әрекетін, оқыту пәндерінің мазмұнын, оқу процессінің логикасын, сонымен қатар басқа да ұқсас жалпы ерекшеліктерін, түрлі қажетті жақтарының көрсетілуі.

И.П. Подласый әдістерді классификациялауды негіздеуді білім көзінен (практика, көрнектілік, сөз) қарастырады. Ол мәдени прогресс негізінен кітапты және келесі он жылдықта бейне таспамен бірлескен жаңаша компютерлік жүйе негізін жаңа апараттық білім көзі ретінде ұсынады. Соның негізінде И.П. Подласый әдісті бес топқа бөлді:

а)практикалық; іс-тәжірибие, жаттығу, оқу- өндірістік еңбек;

б)көрнекілік: иллюстратция, демонстрациялау, оқушылардың бақылауы;

в)сөздік: түсіндіру, анықтау, әңгіме, сұхбат, инструктаж, лекция, дискуссия, диспут;

г)кітаппен жұмыс әдісі: оқу, жаттау, реферировать, жалпы қарап шығу, цитаттау, мазмұндау жоспар құру, конспектілеу;

д)бейне таспа әдісі: көру оқыту, "электронды мұғалім" бақылаушы мен жаттығу, бақылау.

Ю. К.Банский оқыту әдісін үлкен үш топқа бөледі:

1.топ. Ұйымдастыру және оқу-таным іс-әрекетін іске асыру әдістері.

Олар: а)оқытудың сөздік әдісі: (әңгіме, оқыту лекциясы, сұхбат);

б) оқытудың көрнектілік әдісі: иллюстрациялау әдісі (плакаттар, карталар, тақтадағы педогогикалық сурет, картиналар ғалымдар портреттері т.б.), демонстратциялау әдісі (приборлар мен жұмыс, іс-тәжірибе жасау, техникалық құралдар, препораттар). Оқу киносын демонстратциялау әдісі, оқу теледидарын пайдалану әдісі.

в)практикалық оқыту әдісі (жазба, жаттығу, лабароториялық жұмыс, шеберханадағы еңбек тапсырмасы, өдірістік оқу цехтары, оқушылар бригадасы, дыбысты жазу және дыбыстап көрсету аппаратурасымен жұмыс, оқу машинасы мен сабақ өткізу, репетитор және тренажер машинасы т.б);

г)индуктивтік және дедуктивтік оқыту әдісі;

д)репродуктивтік және оқытудың проблеммалы- ізденіс әдісі;

е)мұғалімнің басшылығымен және өздік жұмыс әдістері.

Наши рекомендации