Негізгі сұрақтар. 1. Қылмыстық іс жүргізу принциптерінің ұғымы мен маңызы
1. Қылмыстық іс жүргізу принциптерінің ұғымы мен маңызы. Қылмыстық сот ісін жүргізу принциптерінің жүйесі.
2. Қазақстан Республикасының Конституциясында бекітілген қылмыстық іс жүргізудің принциптері. Қылмыстық іс жүргізу кодексінде бекітілген принциптері.
1. «Принцип»термині (латынша «рrіnсіріum») негіз, негізгі бастама деген мағынаны білдіреді. Сол сияқты, қылмыстық іс жүргізудің принциптері ретінде бұл қызмет саласының негіздерін құрайтын және занда белгіленген бастама ережелер қарастырылады.
Сонымен, қылмыстық процестің принциптері — қылмыстық сот ісін жүргізудің тәртібі негізделген және оның маңызды сипаттары мен белгілерін көрсететін заңда бекітілген бастама ережелер болып табылады. Бұл принциптердің маңызы осы айтылған тұжырымның өзінен туындайды. Біріншіден, қылмыстық іс жүргізу қызметі осы принциптерге негізделген және олар қылмыстық процестің ең маңызды жақтарын сипаттап көрсетеді. Екіншіден, қылмыстық іс жүргізу органдары осы принциптерді басшылыққа ала отырып өз қызметін атқарады және бұл принциптерді қатаң сақтауға міндетті. Үшіншіден (ҚІЖК-нің 9-бабында айтылғандай), бұл принциптерді сақтамау, оның сипаты мен мәніне қарай, іс жүргізудің барысында шығарылған шешімдерді бұзуға және осы кезде жиналған істін, материалда-рының занды күші жоқ деп табуға әкеліп соқтырады.
Қылмыстық процестің принциптерін бастама ережелер ретінде қарау заңи әдебиетте қабылданған ортақ пікір болғанымен, олардың заң актілерінде тұжырымдалып көрсетілуі жөнінде ғалымдардың арасында пікірталас жоқ емес. Кейбір авторлардың пікірінше, занда баян етілмеген, алайда басшылыққа алынатын құқықтық идеялар да қылмыстық процестің принциптері ретінде бола алады деп санайды1. Ал, ғалымдардың басымкөгішілігі қылмыстық процестің принциптеріне заң актілерде белгіленген бастама ережелер ғана жатқызылу керек екендігін қолдайды1. Бұл жағдайда принциптер кұқықтықнормаларғаайналып, олардың іс жүзінде қолданылуы және қатаң сақталуы процеске қатысушылардың барлығына бірдей талап болып табылады. Олай болмаса, принциптердің іс жүзінде сақталуы қыл-мыстық процестің субъектілері үшін міндетті бола алмайды.
Қылмыстық іс жүргізу принциптері ҚІЖК-нің екінші тарауында («Қылмыстық процестің міндеттері мен принциптері» деп аталған, 10-31 баптарда) баяндалып жазылған. Мұнда аталып жазылған принциптер Қазақстан Республикасы Конституциясының жетінші бөлімінде баян етілген сот төрелігінің бастама ережелеріне сәйкес келеді. Бірақ ҚІЖК-де жазылған принциптердің көпшілігі Конституцияда жекеленіп айтылмаған. Бұлай болу түсінікті: Конституцияда белгіленген бастама ережелер негізінен сот төрелігін атқарудың жалпы принциптеріне жататын болғандықтан, олар қылмыстық іс жүргізу принциптерін толық қамти алмайды.
ҚІЖК-нің 10-31 баптарына сәйкес, қылмыстық процестің принциптеріне2 мына бастама ережелер жатады:
·зандылық;
·сот төрелігін тек соттың ғана жүзеге асыруы;
·адам мен азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын сот арқылы қорғау;
·жеке адамның абыройы мен қадір-қасиетін құрметтеу;
·адамнын, жеке басына тиіспеушілік;
·қылмыстық іс жүргізу кезінде азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау;
·жеке өмірге қол сұқпаушылық; хат жазысудың, телефон арқылы сөйлесудің, почта, телеграф арқылы және өзге де хабарласудың құпиялылығы;
·тұрғын үйге қол сұқпаушылық;
·меншікке қол сұқпаушылық;
·кінәсіздік презумпциясы;
·қайта соттауға және қылмыстық ізге түсуге жол берілмеуі;
·сот төрелігін заң мен сот алдындағы теңдік негізінде жүзеге асыру;
·судьялардың тәуелсіздігі;
·сот ісін жүргізуді тараптардын бәсекелестігі мен тең құқыктылығы негізінде жүзеге асыру;
·істің мән-жайын жан-жақты, толық және объективті зерттеу;
·дәлелдемелерді ішкі сенім бойынша бағалау;
·сезіктінің, айыпталушының қорғану құқығын қамтамасыз ету;
·куәлік айғақтар беру міндетінен босату;
·білікті заң көмегін қамтамасыз ету;
·жариялылық;
·қылмыстық сот ісін жүргізу тілі;
·іс жүргізу әрекеттері мен шешімдеріне шағымданудың еріктілігі.
Бұл аталған бастама ережелер өзара байланысты және бір-біріне қайшы келмейтін болғандықтан, олар қылмыстық іс жүргізу тәртібін тұтас сипаттап көрсететін процессуалдық принциптер жүйесін құрайды. Бірақ, процессуалдық принциптер жүйесі аталған ережелермен ғана шектеледі деп айтуға жатпайды. Яғни, принциптер жүйесін одан әрі толықтыру мүмкіндігі жоққа шығарылмауы тиіс.
Сонымен қатар, жоғарыда аталған бастама ережелер қылмыстық іс жүргізудің жалпы принциптері ретінде қаралатын болғанымен, олар процестің барлық стадияларында бірдей көлемде қолданылмайды. Мәселен, сот төрелігін тек соттың ғана жүзеге асыруы немесе судьялардың тәуелсіздігі принципі тікелей сотта істі қарау кезінде өз көрінісін табады. Сол сияқты, тараптардың бәсекелестігі және тең құқықтылығы принципі басты сот талқылауы стадиясына жузеге асырылады. Олай болса да, бұл принциптер қылмыстық процестің ортақ ережелері ретінде қаралады. Өйткені, сот төрелігін атқару — қылмыстық іс жүргізудің негізгі мәнісі болып табылады.
2.Заңдылық принципі. Бұл принциптің екі жақты мәні бар: біріншіден, ҚІЖК-нің 10-бабының 1-бөлігінде айтылғандай, сот және прокурор, тергеуші, анықтау органы, анықтаушы қылмыстық істі жүргізу кезінде Қазақстан Республикасы Конституциясын, ҚІЖКтің және өзге де нормативтік құқықтық актілердің талаптарын дәл сақтауға міндетті; екіншіден, қылмыстық процеске қатысушы басқа да тұлғалар (азаматтар, ұйымдар) Қазақстан Республикасы Конституциясын және өзге заңдарды да сақтауға міндетті болып табылады. Олай болса да, заңдылық принципін қатаң сақтау ең алдымен қылмыстық іс жүргізу органдарының тікелей міндеті екендігін ерекше айту қажет. Өйткені, бұл органдар өздері зандылықты қатаң сақтаумен қатар, басқа іске қатысушылар жағынан заң бұзушылықты болғызбауға, сонымен қатар олардың құқықтарын қамтамасыз етуге қажетті шараларды қолданып отырулары керек. Осыған сәйкес, ҚІЖК-нің 10-бабынын, 2-белігінде былай деп көрсетілген: егер сот қолдануға жататын заң немесе өзге де нормативтік акт адам мен азаматтың Конституциямен баянды етілген құқықтары мен бостандықтарына нұқсан келтіреді деп ұйғарса, ол іс жүргізуді тоқтата тұруға және сол актіні Конституцияға сәйкес емес деп табу туралы ұсыныспен Конституциялық Кеңеске жүгінуге міндетті.
Егер қылмыстық іс жүргізу орындары зандылық принципін сақтамаған болса, онда (ҚІЖК-нің 10-бабының 3-бөлігіне сәйкес) бұл іс бойынша шығарылған процессуалдық шешімдер заңсыз деп тануға және бұзуға жатады.
Осы айтылған шаралар зандылық принципін қамтамасыз етудің маңызды процессуалдық кепілдіктері болып табылады. Олармен қатар, зандылық принципін қамтамасыз етудің басқа да мынадай кепілдіктері бар:
—қылмыстық іс жүргізудің барлық стадияларында зандылықтың сақталуын прокурордың қадағалауы;
—жоғарғы саты соттарының төменгі сатыға жататын соттардың шығарған үкімдері мен қаулыларының заңдылығын тексеруі;
— іске қатысушы мүдделі тұлғалардың (азаматтардың және ұйымдардың) соттың, прокурордың және алдын ала тергеу (анықтау) органдарының іс-әрекеттері мен шешімдеріне шағымдану құқығы және ондай шағымдардың занда көрсетілген тәртіп бойынша уақытында қаралып шешілуге міндеттілігі.
Сонымен қатар, зандылық принципінің іс жүзінде сақталуы қылмыстық процестің басқа да принциптерінің сақталуымен тығыз байланысты болып келеді. Өйткені, қылмыстық іс жүргізупринциптерін сақтау — заңның талабы. Егер қылмыстық іс жүргізу органы аталған принциптердің бірін бұзған болса, ол зандылық принципінің сақталмағандығын білдіреді.
Сот төрелігін тек соттың ғана жүзеге асыруы. Қазақстан Республикасы Конститушясының 75-бабы және ҚІЖК-нің 11-бабының жазылуы бойынша, сот төрелігін тек соттың ғана жүзеге асыруы принципі мына мәселелерді қамтиды:
—соттың үкімі бойынша болмаса, ешкім де қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп таныла алмайды, сондай-ақ қылмыстық жазаға тартыла алмайды;
—соттың құзыреті және өкілеттігі, қылмыстық сот ісін жүзеге асыру тәртібі заңмен айқындалады және оны өз бетінше өзгертуге болмайды;
—сот төрелігін Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты, облыстық және басқа жергілікті соттар жүзеге асырады, бұл соттар жүйесі Қазақстан Республикасы Конституциясымен және конституциялық заңмен белгіленген; қандай бір атаумен арнаулы және төтенше соттарды құруға жол берілмейді;
—соттың өкілеттігін кімнің болса да иемденуі занда көзделген жауаптылыққа әкеп соқтырады;
—өзінің қарауына жатпайтын іс бойынша шығарылған, сондай-ақ өзінің өкілеттігін асыра қолданған немесе ҚІЖКпен көзделген қылмыстық сот ісін жүргізу принциптерін өзгедей бұзған соттың үкімі мен басқа да шешімдері заңсыз болады және олардың күші жойылуға тиіс;
—қылмыстық іс бойынша соттың үкімі мен басқа да шешімдерін ҚІЖКте көрсетілген тәртіппен ғана тиісті соттар тексеріп, қайта қарай алады.
Бұл принциптің маңыздылығын айта келіп, соттың қылмыстық істерді шешу қызметін алдын ала тергеу оргындарының қызметіне қарсы қоймау қажет. Тергеуші және анықтаушы қылмыстарды тез және толық ашу міндеттерін орындау барысында қылмыстық іс бойынша дәлелдемелер жинайды және ол дәлелдемелер сотта істі қарау кезінде тараптардың қатысуымен зерттеліп, соның негізінде сот төрелігі жүзеге асырылады.
Адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын сот арқылы қорғау. Қазақстан Республикасының заңнамасында азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын сот арқылы қорғау мәселесіне үлкен мән берілген. Өйткені, халықаралық құкықтың жалпы жұрт таныған принциптеріне сәйкес, азаматтардыңөз мүдделерін қорғау мақсатында сотқа жүгінуі - істі дұрыс шешудің ең әділ жолы ретінде қаралады. Осыған сәйкес, Қазақстан Республикасы Конституциясының 13-бабының 2-бөлігінде былай деп көрсетілген: «Әркімнің өз құқықтары мен бостандықтарының сот арқылы қорғалуына құқығы бар». Бұл принципке арналған ҚІЖК-нің 12-бабы бойынша:
1.Әркімнің өз құқықтары мен бостандықтарын сотпен қорғауға құқығы бар.
2.Ешкімге өзінің келісімінсіз ол үшін заңмен көзделген істің соттылығы өзгертіле алмайды.
3.Мемлекет заңда белгіленген жағдайлар мен тәртіп бойынша жәбірленушіге сот төрелігіне қол жеткізуін және келтірілген залалдың өтелуін қамтамасыз етеді.
Қазақстан Республикасының заңнамасы азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын сот арқылы қорғау принципін жария етумен қатар, оны қамтамасыз етудің кепілдіктерін де көздейді. Ол кепілдіктердің қатарына мыналар жатады:
—Қазақстан Республикасының заңмен белгіленген жалпыға бірдей қылмыстық сот ісін жүргізу жүйесінің болуы және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау — қылмыстық іс жүргізу міндеттерінің түрі ретінде қаралуы;
—іске қатысушы азаматтардың өз мүдделерін қорғауға қажетті заңмен белгіленген құқықтарының болуы және олардың өз құқықтарын жүзеге асыруы үшін қылмыстық іс жүргізу органдарының жағдай жасауға міндеттілігі;
—қылмыстық сот ісін жүргізу кезінде заңда баян етілген демократиялық бағыттағы принциптердін, басшылыққа алынатындығы және қылмыстық іс жүргізу органдарының ол принциптерді қатаң сақтауға міндетті болуы.
Мәселен, қылмыстан зардап шеккен әрбір адам қылмыстық ізге түсу органына арыз беру арқылы қылмыс жасаған адамның жауапқа тартылуын талап ете алады. Егер өкілетті орган қылмыс туралы арызды қабылдаудан бас тартатын болса немесе бұл орган басқа түрге заңның талаптарын бұзатын болса, онда жәбірленуші ол жөнінде сотқа шағымдануға құқылы. Ал, қылмыстық істі сотта қарау кезінде жәбірленуші өзі немесе өкілі арқылы қылмыс жасаған адамға тағылған айыптауды қолдап, қылмыстық салдарынан тиген зиянның өтелуін талап ете алады. Осындай құқықтарын қолдана отырып, жәбірленушінің сот арқылы занды мүдделерін қорғауы қамтамасыз етіледі.
Сол сияқты, істің заңмен көзделген соттылығын өзгертуге болмайтындығы (ҚР Конституциясының 77-бабының 3-бөлігінің 3-тармағы және ҚІЖК-нің 12-бабының 2-бөлігі) әрбірқылмыстық істің соттылығын заң бойынша анықтау арқылықамтамасыз етіледі. Атап айтқанда, ҚІЖК-нің 38-тарауында 1 (290—298 баптар) бірінші саты соттарынын, әрқайсысы қандайқылмыстық істерді қарайтындығы ажыратылып көрсетілген.
Осы тараудың нормаларының негізінде мүдделі тұлғаныңқұқықтарын қорғау жүзеге асырылады.
Жеке адамның абыройы мен қадір-қасиетін құрметтеу. Қазақстан Республикасы Конституциясының 17-бабында былай депжазылған: адамның қадір-қасиетіне қол сұғылмайды; ешкімдіазаптауға, оған зорлық-зомбылық жасауға, басқадай қатыгездікнемесе адамдық қадір-қасиетін қорлайтындай жәбір көрсетугеболмайды. Осы конституциялық ереже қылмыстық процестегі ; жеке адамның абыройы мен қадір-қасиетін құрметтеу принципінін, негізін құрайды. Бұл принциптің маңызы адамның тумысынан айырмайтынқұқыктары мен бостандығын қорғаудың қажеттілігіне байланысты болып табылады. Яғни, қылмыстық іс жүргізу кезінде адамдардың жеке өмірінің жағдайлары ашылуы кездесетіндігі жәнеіске қатысушы жеке тұлғаларға процессуалдық мәжбүрлеушараларын немесе басқа да ықпал ету амалдарын қолданудыңқажеттілігі болатындықтан, олардың абыройы мен қадір-қасиетін қорғаудың маңыздылығы артады.
ҚІЖК-нің 13-бабында жеке адамның абыройы мен қадір-қасиетін құрметтеу принципінің мәні көрсетілген:
— қылмыстық іс жүргізу кезінде адамдардың абыройынтүсіретін немесе қадір-қасиетін кемітетін шешімдер мен іс-әрекеттерге тыйым салынады, адамның жеке өмірі туралы мәліметтерді ҚІЖКте көзделмеген мақсаттар үшін жинауға, пайдалануға және таратуға жол берілмейді;
—қылмыстық процесті жүргізуші органдардың заңсыз әрекеттерінен адамға келтірілген моральдық зиян заңда белгіленген тәртіппен өтелуге тиіс.
ҚІЖК-нің кейінгі баптарында, яғни қылмыстық процестіңәр стадиясына байланысты, бұл принциптің жеке жағдайлардақолданылуы тиянақ талап көрсетілген. Мәселен, ҚІЖК-нің 201-бабына сәйкес тергеу әрекеттерін жүргізудің жалпы ережелерініңішінде: күш қолдануға, қорқытуға және өзге де заңсыз шараларды қолдануға жол берілмейді деп көрсетілген. Сол сияқты,
ҚІЖК-нін 226-бабы (3-бөлігі) бойынша, егер куәландыружүргізу кезінде адамның денесі жалаңаштандырылатын болса,онда тергеуші жынысы басқа адамды куәландыру кезінде қатыспайды; 232-бапта (11-бөлігі) көрсетілгендей, тергеуші адамдардың жеке өмірінін тінту және алу кезінде анықталған мән-жайларының жария етілмеуіне шаралар қолдануға міндетті.
Ал, егерде қылмыстық іс жүргізу органы бұл принциптің сақталуын қамтамасыз етпеген болса, онда әр адам осыған байланысты келтірілген моральдық зиянның өтелуін талап ете алады және ондай талап сот арқылы шешіліп, қанағаттандыруға жатады.
Адамның жеке басына тиіспеушілік. Бұл принциптің мәні адамның жеке басының бостандығын қамтамасыз ету болып табылады. Осы принципке арналған Қазақстан Республикасы Конституциясының 16-бабында оны қамтамасыз етудің мынадай кепілдіктері көрсетілген:
—занда көрсетілген реттерде ғана және тек соттын, шешімімен немесе прокурордың санкциясымен адамды қамауға алуға немесе қамауда ұстауға болады, қамауға алынған адамға сотқа шағымдану құқығы беріледі;
—прокурордың санкциясынсыз адамды жетпіс екі сағаттан аспайтын мерзімге ғана ұстауға болады;
—ұсталған, қамауға алынған әрбір адам сол ұсталған немесе қамауға алынған кезден бастап қорғаушының көмегін пайдалануға құқылы.
ҚІЖК-нің 14-бабында адамның жеке басына тиіспеушілік принципінің Конституцияда жазылған кепілдіктер толықтырылып, басқа да кепілдіктер көрсетілген. Атап айтқанда, ол кепілдіктерге мыналар жатады:
—әрбір ұсталған адамға ұстаудың негізі, сондай-ақ ол қандай қылмыс жасады деп сезіктелетіндігі немесе айыпталатындығын хабарланады;
—бұлтартпау шарасы ретінде қамауға алынған немесе сезікті адамды ұстау оның өмірі мен денсаулығына қауіп туғызбайтын жағдайларда жүзеге асырылуы тиіс;
—қамауға алынбаған адамды сот-психиатриялық сараптама жүргізу үшін медициналық мекемеге мәжбүрлеп орналастыруға соттың шешімімен ғана жол беріледі; қамауға алынбаған адамды сот-медициналық сараптама жүргізу үшін медициналық мекемеге мәжбүрлеп орналастыруға соттың шешімі немесе прокурордың санкциясы бойынша жол беріледі;
—қылмыстық іс жүргізу органдары заңсыз ұсталған немесе қамауға алынған, медициналық мекемеге заңсыз орналастырылған не заңда немесе үкімде көзделгендегіден артық мерзім қамауда отырған адамды дереу босатуға міндетті;
—қылмыстық процеске қатысушы адамдардың ешқайсысына күш қолдануға, қатал немесе адамның қадір-қасиетін түсіретін әрекет жасауға болмайды;
—ешкімді де адамнын, өміріне немесе денсаулығына қауіп туғызатын іс жүргізу әрекеттеріне тартуға болмайды;
—заңсыз бас бостандығынан айыру, өмірі мен денсаулығына қауіпті жағдайда ұстау, оған қатал қарау салдарынан азаматқа келтірілген зиян ҚІЖКте көзделген тәртіппен өтелуге тиіс.
Сонымен, жоғарыда айтылған Қазақстан Республикасы Кон-ституциясының 16-бабы мен ҚІЖК-нің 14-бабында жазылған талаптардың негізінде мынадай тұжырымдар жасай аламыз:
1.Адамның жеке басының бостандығын шектеуге тек занда көрсетілген негіздер бойынша және заңның тәртібін сақтай отырып қана жол беріледі. Сондықтан ҚІЖК-де айыпталушыны немесе сезіктіні бұлтартпау шарасы ретінде қамауға алудың, сондай-ақ адамды сезікті ретінде ұстаудың негіздері мен процессуалдық тәртібі көрсетілген.
2.Қылмыстық іс жүргізу органы қамауға алынған немесе сезікті ретінде ұсталған адамға оның құқықтарын түсіндіруге және қорғану құқығын қамтамасыз етуге міндетті. Қамауға алынған немесе ұсталған адам прокурорға және сотқа шағымдану арқылы өзінің бас бостандығын қорғай алады.
3.Қамауға алынған адамдарды ұстау олардың өмірі мен денсаулығына қауіп туғызбайтын жағдайларда жүзеге асырылуы тиіс, оларға күш қолдануға, қадір-қасиетін түсіретін әрекеттер қолдануға немесе оларды қорлап ұстауға жол берілмейді.
4.Адамның бас бостандығын қамтамасыз етудің тағы бір жолы сот-психиатриялық немесе сот-медициналық сараптама жүргізу қажет болған жағдайларда қамауға алынбаған адамды медициналық мекемеге еріксіз орналастырудың тәртібін сақтау болып табылады. Ондай шара соттың шешімі немесе прокурордың санкциясы бойынша қолданылады.
5.Заңсыз ұсталған немесе қамауға алынған, медициналық мекемеге заңсыз орналастырылған адам, сондай-ақ занда немесе үкімде көрсетілгеннен артық мерзім қамауда отырған адам дереу босатылуы тиіс. Бұл шараны жүзеге асыру қылмыстық іс жүргізу органдарына, соның ішінде, алдымен, зандылықтың сақталуын қадағалайтын прокурорға жүкетеледі.
Қылмыстық іс жүргізу кезінде азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау. Бұл принцип бұрын қаралған зандылықпринципімен тығыз байланысты болып табылады. Яғни, қылмыстық іс жүргізу органдарының зандылық принципін сақтауы процеске қатысушы азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды талап етеді.
ҚІЖК-нің 15 бабына сәйкес:
—қылмыстық іс жүргізу органы процеске қатысушы азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, оларды жүзеге асыру үшін жағдай жасауға, процеске қатысушылардың заңды талаптарын қанағаттандыруға уақытылы шаралар қолдануға міндетті;
—процеске қатысушы адамдардң сондай-ақ олардың отбасы мүшелерін немесе өзге де жақын туыстарын өлтірумен, күш қолданумен, мүлкін жоюмен немесе бұлдірумен, не өзге де заңға қарсы қауіпті әрекеттермен қорқытқандығын көрсететін жеткілікті деректер болған кезде қылмыстық істі жүргізуші орган өз құзыреті шегінде бұл адамдардың өмірін, денсаулығын, абыройын, қадір-қасиетін және мүлкін қорғауға занда көзделген шараларды қолдануға міндетті.
Осы айтылған 15-баптың талабы бойынша, қылмыстық істі жүргізу кезінде азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау принципін сақтау — екі жақты маңызы бар шаралардың қолданылуын талап етеді. Біріншіден, қылмыстық іс жүргізу органы процеске қатысушы тұлғалардын, әрқайсысына оның құқықтарын түсіндіріп, ол құқықтарының жүзеге асырылуы үшін қажетті жағдайлар жасауға және осыған байланысты тиісті шараларды қолданып отыруға міндеттелген. Мәселен, тергеуші жәбірленуші ретінде танылған адамға ҚІЖК-нің 75-бабында көрсетілген құкықтарын түсіндіріп (айыпталушыға тағылған айыптауды білуге, жауап беруге, дәлелдемелер тапсыруға және т.б.), одан кейін жәбірленуші өтініш айтатын немесе талаптар қоятын болса, ондай өтініштер мен талаптарды шешуге байланысты тиісті іс-әрекеттер жүргізеді. Екіншіден, іске қатысушы, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау — олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуді талап етеді. Сондықтан, егерпроцеске қатысушы адамдардың өміріне, денсаулығына, абыройына қарсы әрекеттер немесе мүлкіне қастандық жасалуы мүмкін деп санауға негіз бар болса, онда қылмыстық іс жүргізу органы занда көрсетілген шараларды қолдану арқылы (ҚІЖК-нің 98— 101 баптары бойынша) бұл адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге міндетті.
Жеке өмірге қол сұқпаушылық, хат жазысудың, телефон арқылы сөйлесудің, почта, телеграф арқылы және өзге де хабарласудың құпиялылығы. Қазақстан Республикасы Конституциясының 18-бабында жазылғандай:
-әркімнің жеке өміріне қол сұғылмауға, өзінің және отбасының құпиясы болуына, ар-намысы мен абройлы атының қорғалуына құқығы бар;
-әркімнің өзінің жеке салымдары мен жинаған қаражатының, жазысқан хаттарының, телефон арқылы сәйлескен сөздерінің, почта, телеграф арқылы және басқа жолдармен алысқан хабарларының құпиялылығы сақталуына құқығы бар;
-бұл құқықтарды шектеуге занда тікелей белгіленген реттер мен тәртіп бойынша ғана жол беріледі.
Осы конституциялық принцип ҚІЖК-нін 16-бабында да бекітілген. Қылмыстық істі жүргізу кезінде жеке өмірге қол сұқпаушылық принципін сақтау - хат жазысудың және өзге де хабарлардың құпиялылығын қамтамасыз етумен байланысты бола тұрып, бірақ азаматтардың бұл құқықтарын заң бойынша шектейтін жағдайлар, мәселен, ҚІЖК-нің 235-237 баптарында көрсетілген. Осы баптарға сәйкес, қылмыстарды алдын ала тергеу кезінде почта-телеграф жөнелтімдерін тұтқындау, оларды тексеру және алу, сейлесулерді тындау, хабарды жол-жөнекей ұстау тергеушінің прокурор санкция берген қаулысының негізінде жүргізіледі. Сол сияқты, «Жедел-іздестіру қызметі туралы» заңның 12-бабының4-бөлігінде былай деп көрсетілген: заңмен қорғалатын жеке өмірге тиіспеушілік, хат жазысу, теле-фонмен сөйлесу, телеграф хабарлары мен почта жөнелтімдері құпиясын қол сұғудан қорғау құқығын қозғайтын жедел-іздестіру шаралары тек ауыр және ерекше ауыр қылмыстарды, сондай-ақ қылмыстық топтар әзірлеп жатқан немесе олар жасаған қылмыстарды анықтау, алдын алу және ашу мақсатында прокурордың санкциясымен ғана жүзеге асырылады.
Жеке өмірге қол сұқпаушылық принципіне сәйкес, тергеу әрекеттерін немесе жедел-іздестіру шараларын жүргізу кезінле,сондай-ақ сот талқылауы кезінде ашылған адамдардың өмірінің жеке жақтары туралы мәліметтер жұрт алдында жариялануға жатпайды. Бұл талапты сақтау тек қылмыстық іс жүргізу органдары үшін ғана емес, сонымен қатар азаматтар үшін де міндетті болып табылады. Сондықтан осы жөнінде, қажет болған жағдайларда, қылмыстық іс жүргізу органдары іске қатысушы азаматтарды ескертулері тиіс.
Тұрғын үйге қол сұқпаушылық. Бұл принцип Қазақстан Республикасы Конституциясының 25-бабында баян етілген: тұрғын үйге қол сұғылмайды және соттың шешімінсіз тұрғын үйден айыруға жол берілмейді; тұрғын үйге басып кіруге, оны тексеруге және тінтуге заңмен белгіленген реттер мен тәртіп бойынша ғана жол беріледі. Осы конституциялық нормаға сәйкес ҚІЖК-нің 17-бабында да тұрғын үйге қол сұқпаушылық принципі бекітілген.
Қылмыстық іс жүргізуге байланысты тұрғын үйге онда тұратын адамдардың еркіне қарсы кіру қажет болатын жағдайлар тиісті нормативтік құқықтық актілерде көрсетіліп реттелген. Мәселен, ҚІЖК-нің 222-бабына сәйкес, тұрғын үйді қарау (тексеру) тек онда тұратын кәмелетке толған адамдардың келісімімен ғана жүргізіледі. Егер онда тұратын адамдар тексеріп қарауға қарсы немесе кәмелетке толмағандар болса немесе олардың психикалық не өзге ауыр науқастан зардап шегетіні белгілі болса, онда тергеуші мәжбүрлеп қарау туралы қаулы шығарып, прокурордың санкциясын алуы тиіс. Прокурор санция беруден бас тартқан жағдайда қарау жүргізілмейді. Ал, тұрғын үйді оқиға болған жер ретіңде кідіртусіз қарау қажет болып, оны кейінге қалдыруға болмайтын жағдайда, тергеуші дәлелді қаулы шығарып, соның негізінде тұрғын үйді қарауға құқылы. Мұндай жағдайда тергеуші өзі жүргізген қарау туралы оның зандылығын тексеретін прокурорға бір тәулік мерзімде хабарлауға міндетті. Бұл хабарды алғаннан кейін прокурор тұрғын үйді қараудың зандылығын тексеріп, оның занды немесе заңсыз екені туралы қаулы шығарады. Егер прокурор үйді қарау заңсыз жүргізілген деп тапса, онда қараудың нәтижесін дәлелдеме ретінде қолдануға жатпайды.
Қылмыстық іске маңызы бар мән-жайларды анықтау мақсатында тұрғын үйде тінту жүргізу қажет болуы мүмкін. Ондай жағдайда тінту тергеушінің дәлелді қаулысы бойынша прокурордың санкциясын алып жүргізіледі.
Тұрғын үйге онда тұратын адамдардың еркіне қарсы кіру жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында қажет болған жағдайда «Жедел-іздестіру қызметі туралы» заңның нормалары қолданылады. Бұл заңның 12-бабында (4-бөлігі) былай деп көрсетілген: тұрғын үйді қол сұғудан қорғау құұығын қозғайтын жедел-іздестіру шаралары тек ауыр және ерекше ауыр қылмыстарды, сондай-ақ қылмыстық топтар әзірлеп жатқан немесе жасаған қылмыстарды анықтау, алдын алу және ашу үшін прокурордың санкциясымен ғана жүзеге асырылады.
Қорыта айтқанда, тұрғын үйге қол сұқпаушылық принципінің екі жақты маңызы бар: біріншіден, азаматтардың күнделікті тұрмысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету және олардың тұрғын үйінен заңсыз айыруды болғызбау үшін; екіншіден, жеке өмірге қол сұқпаушылық принципін қамтамасыз ету амалдарының бірі ретінде.
Меншікке қол сұқпаушылық. Қазақстан Республикасы Конс-титуциясының 2б-бабына сәйкес азаматтардың меншік құқығы қорғалады және қамтамасыз етіледі. Бұл принцип ҚІЖК-нің 18-бабында да бекітілген. Осы баптардың нормалары бойынша: барлық азаматтар занды түрде алған қандай да болсын мүлкін жеке меншігінде ұстай алады; меншік құқығы, оның ішінде мүрагерлік құқығы заңмен қорғалады; соттың шешімінсіз ешкімді де мүлкінен айыруға болмайды.
Айтылған баптарда тікелей көрсетілмеген болса да, азаматтармен қатар заңды тұлғалардың да меншігіне қол сұғушылыққа жол берілмеуі тиіс. Сондықтан ҚІЖК-нің 18-бабында бекітілген меншікке қолсұқпаушылық принципі барлық тұлғаларға қатысты (жеке және занды тұлғалар) бірдей қолданылуға жатады.
Меншікке қол сұқпаушылық принципіне байланысты ҚІЖК 18-бабының 2-бөлігінде былай деп жазылған: іс жүргізу барысында тұлғалардың банктегі салымдарына және басқа да мүліктеріне тыйым салуға, сондай-ақ оларды алуға ҚІЖКте көрсетілген жағдайлар мен тәртіп бойынша ғана жол берілді. Осыған сәйкес, ҚІЖК-нің 161-бабында мүлікке (соның ішінде банктегі шоттар мен салымдардағы ақша қаражатына және өзге де бағалы заттарға) тыйым салудың қандай жағдайда мүмкін болатындығы және тәртібі көрсетілген: соттың үкімі бойынша шешілетін азаматтық талапты, басқа да мүліктік шараны немесе мүмкін болатын мүлікті тәркілеуді қамтамасыз ету мақсатында тергеуші (анықтаушы) прокурордың санкциясымен не сотсезіктінің, айыпталушының немесе олардын әрекеттері үшін жауапты болатын тұлғаның мүлкіне тыйым салуға құқылы.
Азаматтардың, сондай-ақ заңды тұлғалардың меншік құқығын қорғау азаматтық, азаматтық іс жүргізу, қылмыстық құқық салаларының институттары бойынша да қамтамасыз етілді.
Кінәсіздік презумпциясы. Бұл принцип Қазақстан Республикасы Конституциясының 77-бабы 3-бөлігінің 1, 6, 8 тармақтарына сәйкес келетін ҚІЖК-нің 19-бабында тұжырымдалып жазылған:
1) адамның қылмыс жасағандығы ҚІЖКте көзделген тәртіппен дәлелденгенге және соттың заңды күшіне енген үкімімен танылғанға дейін ол жасалған қылмысқа кінәлі емес деп саналады; 2) айыпталушы өзінің кінәсіздігін дәлелдеуге міндетті емес; 3) айыпталушының кінәлілігі жөнінде сейілмеген күдік оның пайдасына қаралады (түсіндіріледі); 4) айыптау үкімін болжамдауға негіздеуге болмайды және үкім шындыққа жататын дәлелдемелердің жиынтығымен расталуы тиіс.
Кінәсіздік презумпциясы принципіне сәйкес қылмыстық іс жүргізудегі «айыпталушы» және қылмыс жасауға «кінәлі адам» — бірдей ұғымдар емес. Яғни, алдын ала тергеу жүргізудің барысында айыпталушы ретінде жауапқа тартылған адамның қылмыс жасауға кінәлі немесе кінәсіз екендігін тек сот қана шешеді. Егер бұл адамнын, кінәлі екендігі сотта қылмыстық істі қарау-дың нәтижесінде дәлелденіп, ол жөнінде айыптау үкімі шығарылған болса, онда осы үкім занды күшіне енгеннен кейін бұл адам қылмыскер ретінде қаралады. Ал бұған дейін, заңда көрсетілген айыпталушыға (сотталушыға) қолданылатын шектеулерді қоспағанда, оның жалпыға бірдей конституциялық құқықтары сақталады және айыпталушы басқа азаматтар сияқты өзінің конституциялық құқықтарын қолдана алады.
Кінәсіздік презумпциясы принципінен туындайтын маңызды ереже: айыпталушының қылмыс жасағандығы занды жолмен дәлелденуі тиіс және оны дәлелдеу айыптау тарабына (айыптаушыға) жүктеледі. Мәселен, тергеуші қылмыстық істің мән-жайларын толық ашу үшін қажетті тергеу әрекеттерін заңға сәйкес жүргізу арқылы айыпталушының қылмыс жасағандығын дәлелдейді. Егер тергеу әрекеттерін жүргізу кезінде күш қолдану, қорқыту немесе өзге заңсыз амалдарды қолдануға жол берілген болса, ондай жолмен жиналған дәлелдемелер айыптауғанегіз бола алмайды. Яғни, айыпталушының қылмыс жасаудағы кінәлілігі занды жолмен алынған дәлелдемелердің жиынтығымен қуатталуы тиіс.
Айыпталушы оған тағылған айыптаудан қорғануға құқылы, бірақ ол өзінің кінәсіздігін дәлелдеуге міндетті емес. Егер айыпталушы заң бойынша берілген құқықтарын қолдануға әрекет жасамайтын болса, оның өзін осылай ұстауы кінәсін мойындауды білдіреді деп санауға жатпайды.
Кінәсіздік презумпциясына байланысты тағы бір маңызды қағида — айыпталушының кінәлілігі жөнінде сейілмейтін күдік оның пайдасына қаралуы (түсіндірілуі) тиіс. «Сейілмейтін күдік» ретінде бұл іс бойынша шешілуге тиісті мәселе жөнінде анық тұжырымға келу мүмкін болмайтын жағдай қаралады (қылмыстық істің мән-жайларын толық, жан-жақты және объектівті зерттеу үшін заң бойынша қажетті барлық шаралар орындалғанға қарамастан). Мәселен, қылмыстық істі сот талқылауында қараудың нәтижесінде айыпталушының кінәлілігі жөнінде сейілмейтін күдік қалатын болса, ондай күдік бұл адамның пайдасына қаралуға жататын болғандықтан, сот ақтау үкімін шығаруы тиіс. Яғни, сейілмейтін күдік туралы қағиданы қолдану — дәлелденбеген кінәлілік дәлелденген кінәсіздікті білдіреді деп ұғынуды қажет етеді. Осыған сәйкес, сот айыптау үкімін айыпталушының қылмыс жасағандығы жөнінде толық сенімге келген жағдайда ғана шығара алады. Егер қылмыстық іс бойынша жиналып зерттелген дәлелдемелер бір-біріне қайшы пікірлер туғызып, істің фактілік мән-жайларын әр түрлі айтуға мүмкіндік беретін болса, ондай жағдайда сот айыпталушының қылмыс жасағандығын болжамдау арқылы айыптау үкімін шығаруға жатпайды.
Кінәсіздік презумпциясы принципін қорытындылай келіп, бұл принциптің айыпталушыға ғана емес, сонымен қатар сезіктіге және басқа іске қатысушыларға да қолданылатындығын ескерту қажет.
Қайта соттауға және қылмыстық ізге тусуге жол берілмеуі. Қазақстан Республикасы Конституциясы 77-бабы 3-бөлігінін, 2-тармағында көрсетілгендей, бір құқық бұзушылық үшін ешкімді де қайтадан қылмыстық немесе әкімшілік жауапқа тартуға болмайды. Осы конституциялық нормаға сәйкес ҚІЖК-нің 20-бабында ешкімде нақбір қылмыс үшін қайтадан қылмыстық жауапқа тартылмайды деп көрсетілген.
Бұл принципті жүзеге асырудың кепілдігі ҚІЖК-нің 37-ба-бында 1-бөлігінің (7—8 тармақтары) нормалары болып табылады. Осы нормаларға сәйкес, белгілі бір айыптау бойынша бұл адамға қатысты соттың занды күшіне енген үкімі не қылмыстық істі қысқарту туралы қаулысы болуы, сондай-ақ белгілі бір айыптау бойынша бұл адамға қатысты қылмыстық ізге түсу органының күшін жоймаған істі қысқарту туралы қаулысы болуы -қылмыстық іс жүргізуді болдырмайтын жағдайларға жатады. Сондықтан, өкілетті органдар қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі өндіріс кезінде, сондай-ақ сотта іс жүргізу кезінде де жоғарыда аталған жағдайлардын бар-жоғын тексеріп анықтауға міндетті.
Іске мүдделі адам өзіне қатысты қайта қылмыстық жауапқа тартуды болдырмайтын жағдай жөнінде өкілетті органға өтініш жасай алады. Ондай жағдайдың бар екені расталған болса, бұл орган қылмыстық істі қозғаудан бас тарту немесе қылмыстық істі қысқарту туралы қаулы шығаруы тиіс.
Сот төрелігін заң мен сот алдындағы теңдік негіздерінде жузеге асыру. Қазақстан Республикасы Конституциясының 14-бабы бойынша:
1.Заң мен сот алдында жұрттың бәрі тең.
2.Тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне байланысты немесе кез келген өзге жағдаяттар бойынша ешкімді ешқандай кемсітуге болмайды.
Осыған сәйкес, ҚІЖК-нің 21-бабында сот төрелігін заң мен сот алдындағы теңдік негіздерінде жүзеге асыру принципі бекітілген.
Бұл принциптің мәні мен маңызын айтқанда, азаматтардың заң мен сот алдындағы тендігі өзара тығыз байланысты дей отырып, бірақ олардың (заң мен сот алдындағы тендіктің) мазмұны жағынан айырмашылықтарын жоққа шығаруға болмайды. Яғни, азаматтардың заң алдындағы тендігі олардың сот алдындағы тендігінен кең ұғымды білдіреді. Бірінші жағдайда, азаматтар-дың теңдігі олардың қоғам өмірінің барлық салаларындағы құқықтық теңдікті білдіретін болса, екінші жағдайда — сот төрелігін атқару саласындағы азаматтардың тендігі айтылады. Азаматтардың сот алдындағы теңдігі олардың заң алдындағы тендігінен туындайды: заң алдындағы тендік болмай, сот алдындағы тендік бола алмайды.
Сонымен қатар, сот төрелігін заң мен сот алдындағы теңдік негіздерінде жүзеге асыру жөнінде айтқанда, бұл принциптің сотқа дейінгі қылмыстық істі қозғау және алдын ала тергеу жүргізу кезінде маңызы жоқ деп түсінуге болмайды. Өйткені, сотқа дейінгі қылмыстық іс жүргізу тәртібін реттейтін құқықтық нормалар да ешкімді тегіне, әлеуметтік, лауазымдық жағдайына, жынысына немесе нәсіліне қарап кемсітуді болдырмайды. Сондықтан, азаматтардың заң мен сот алдындағы теңдігі — тек сот төрелігін атқару принципі ғана емес, сонымен қатар тұтас қылмыстық іс жүргізу принципі деп те қарауға жатады.
Сонымен:
1)азаматтардың заң алдындағы теңдігі — қылмыстық іс бойынша өндіріс кезінде (қылмыстық істі қозғау, алдын ала тергеу және істі сотта қарап шешу) барлық азаматтарға бірдей күші бар зандардың қолданылатындығын және олардың ешқайсысының құқықтары басқалардан өзгеше шектелмейтіндігін, сондай-ақ басқалардан артықшылығы болмайтындығын білдіреді;
2)азаматтардың сот алдындағы тендігі — олардың барлығы да Қазақстан Республикасының жалпыға бірдей сот жүйесіне кіретін соттардың алдында жауапты болып, сотта іс жүргізу кезінде ешкімнің де артықшылықтарға иемденуіне және жағдайының ерекшеленуіне жол берілмейтіндігін көрсетеді.
Қорыта айтқанда, қылмыстық іс жүргізуге қатысушы тұлғалардың заңмен көзделген құқықтары мен міндеттері барлық азаматтарға бірдей таралатын болғандықтан, сот төрелігін атқару жалпы ереже бойынша жүргізіледі; іс жүргізудің тәртібі айыпталушының немесе жәбірленушінің және өзге процеске қатысушылардың жеке басына байланысты өзгертуге жатпайды. Дегенмен, ҚІЖК-де көрсетілген жекелеген санаттарға жататын істер бойынша өндірістің ерекшеліктері болатындығын да айту қажет. Мәселен, кәмелетке толмағандардың қылмыстық істерін жүргізу кезінде жалпы ережелермен қатар кейбір қосымша ережелер де қолданылады. Бірақ, ол ережелер азаматтардың заң және сот алдында тендігі принципін бұзуға соқтырмайды және олар кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғауды күшейту мақсатында көзделген.
Сонымен қатар, дүниежүзілік тәжірибеге сәйкес парламент депутаттарына, мемлекеттік органдардың кейбір лауазымды адамдарына, дипломатиялық қызметкерлерге қатысты қылмыстық іс жүргізудің заңмен шектелген көлемде ерекшеліктері болатындығы белгілі. Сол сияқты, Қазақстан Республикасының ҚІЖК-нің 53-тарауында артықшылықтары мен қылмыстық ізге түсуден иммунитеттері бар адамдарға қатысты қылмыстық іс жүргізудің ерекшеліктері көрсетілген. Олардың қатарына: Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары, Конституциялық Кеңестің Төрағасы және мүшелері, судьялар, Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры, дипломатиялық иммунитеті бар адамдар жатады. Бұл адамдарға қатысты қылмыстық сот ісін жүргізу ерекшеліктері — олардың тәуелді болмауын қамтамасыз ету және заңсыз қылмыстық жауапқа тартылуларын болғызбау мақсатында қосымша құкықтық кепілдіктердің көзделуімен байланысты болып табылады.
Судьялардың тәуелсіздігі. Судьялардың тәуелсіздік принципі Қазақстан Республикасы Конституциясының 77-бабының 1 және 2 бөліктерінде жазылып бекітілген: судья сот төрелігін іске асыру кезінде тәуелсіз және Конституция мен заңға ғана бағынады; сот төрілігін іске асыру жөніндегі соттың қызметіне қандай да болсын араласуға жол берілмейді, нақты істер бойынша судьялар есеп бермейді.
Бұл принцип ҚІЖК-нің 22-бабында да бекітіліп, мұнда былай деп көрсетілген: судьялар тәуелсіздігінің кепілдігі Қазақстан Республикасы Конституциясымен және заңмен белгіленген. Яғни, ол кепілдіктер Конституциямен қатар «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» конституциялық заңның негізінде анықталады. Осы заңдарға сүйене отырып, судьялар тәуелсіздігінің мына кепілдіктерін атай аламыз:
—сот төрелігін атқарудың занда көрсетілген рәсіммен орындалуы;
—судьяның сот төрелігін іске асыру жөніндегі қызметіне араласқаны үшін, сондай-ақ сотты және судьяларды сыйламағандығы үшін заңмен көзделген жауаптылықтың болуы;
—судьяға ешкімнің тиіспеуі (судьяны, қылмыс үстінде ұсталған немесе ауыр қылмыс жасаған жағдайларды қоспағанда, тұтқынға алуға, күштеп әкелуге, оған әкімшілік жазалау шараларын қолдануға, Жоғарғы Сот Кеңесінің қорытындысына негізделген Қазақстан Республикасы Президентінің келісімінсіз, ал Конституцияның 55-бабының 3-тармағында белгіленген жағдайда Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының келісімінсіз оны қылмыстық жауапқа тартуға болмайды);
—судьяны қызметке сайлау, тағайындау, оның өкілеттігін тоқтату тәртібінің занда белгіленуі;
—судьяларға мемлекет есебінен материалдық жағдай жасау және әлеуметтік қамсыздандырудың болуы;
—судьялардың, олардың отбасы мүшелері мен мүлкінің мемлекеттік қорғауда болатындығы;
—судьяға занда көзделмеген соттан тыс функциялар мен міндеттерді жүктеудің болмайтындығы.
Судьяның тәуелсіздігі принципінің кепілдіктері осылармен ғана шектелмейді. Алайда, осы аталған кепілдіктердің өзі де судьялардың сот төрелігін атқару кезіндегі тәуелсіздігі іс жүзінде қамтамасыз етілетіндігін білдіреді.
Сот ісін жүргізуді тараптардың бәсекелестігі мен тең құқықтылығы негізінде жүзеге асыру. ҚІЖК-нің 23-бабында бекітілген бұл принциптің мәні — қылмыстық істі жүргізудің айыптау және қорғау (қорғану) тараптарының бір-бірінен бөлектенуіне негізделуі және тараптарға тең процессуалдық құқықтар беру арқылы олардың сот талқылауына қатысуларына бірдей мүмкіндік туғызу болып табылады. Ал сот айыптау немесе қорғану тарабының жағында болмай, яғни бейтараптылық сақтай отырып және тараптарға өз құқықтарын жүзеге асыру үшін қажетті жағдай туғызу арқылы қылмыстық істі әділ шешуі тиіс.
Сонымен, тараптардың бәсекелестігі принципінің басты сипаты — қылмыстық сот ісін жүргізу кезіндегі үш негізгі процессуалдық функциялардың (айыптау, қорғану және қылмыстық істі шешу) бір-бірінен анық бөлектенуі және әр функцияны атқарудың сәйкес субъектілерге жүктелуі болып табылады: айыптау функциясын атқару — айыптау тарабына, қорғау (корғану) — қорғау тарабына, қылмыстық істі шешу — сотқа. Осыған сәйкес ҚІЖК-нің 23-бабында былай деп көрсетілген: сотталушыға тағылған айыптауды дәлелдеу міндеті айыптаушыға жүктеледі; қорғаушы сотталушыны қорғаудың занда көзделген барлық құралдары мен әдістерін пайдалануға міндетті; сот объективтілікті және бейтараптылықты сақтай отырып, тараптардың өз міндеттерін орындауы және өздеріне берілген кұқықтарын жүзеге асыруы үшін қажетті жағдай туғызады.
Сотта істі қарау кезіндегі тараптардың бәсекелестігін қамтамасыз етудің маңызды шарты олардың тең құқықтылығын сақтау болып табылады. Тараптардың тең қүкықтылығы — сотталқылауы кезінде тараптарға қылмыстық істің мән-жайларын толыққ жан-жақты ашуға және дәлелдемелерді зерттеуге қатысулары үшін бірдей мүмкіндік берілетіндігін, сондай-ақ осы кездегі іс-әрекеттердің барлығы тараптардын бірдей қатысуымен жүргізілетіндігін білдіреді. Осы тұрғыдан алғанда, мемлекеттік айыптаушы ретінде сотқа қатысатын прокурордың қорғану тарабына жататын сотталушыдан және оның қорғаушысынан артықшылығы болмайды. Прокурор, жәбірленуші, сотталушы және оның қорғаушысы дәлелдемелерді зерттеуге қатысуға (сотталушыдан, жәбірленушіден, куәлардан жауап алуға және т. б.), сотқа түсініктер беруге, өтініштер айтуға, өз пікірін білдіруге, дәлелдемелер тапсыруға тең құқылы болып табылады. Бірақ, сонымен қатар, тараптардың тең құқықтылығы ұғымының олардың процессуалдық жағдайы ұғымынан өзге мәселе екендігін ескеру қажет (прокурордың процессуалдық жағдайы жәбірленушінің немесе сотталушының процессуалдық жағдайымен бірдей бола алмайды).
Тараптардың бәсекелестігіне байланысты ескерілетін тағы бір жағдай: бұл принциптің толық мағынада қолданылуы бірінші саты сотында істі қарау кезінде, яғни басты сот талқылауы стадиясында мүмкін болатындығы. Сондықтан ҚІЖК-нің 23-бабында бұл принциптің осы стадияға сәйкес сипатта жазылғандығына назар аудару қажет. Сонымен қатар, осы баптың 10-бөлігіне сәйкес, апелляциялық және қадағалау сатыларында да тараптардың сотта істі қарауға қатысулары жоққа шығарылмайды. Бірақ, бұл сатылардағы сотта іс жүргізудің тәртібі бірінші саты сотындағы өндірістен өзгеше болып табылады және тараптардың бәсекелестігі принципін қамтамасыз етудің шарттарына сәйкес келмейді. Ал, алдын ала тергеу кезіндегі тараптардың бәсекелестігі принципін қолдану жөнінде айтатын болсақ, қылмыстық істі жүргізудің бұл стадиясына да айыптау және қорғану тараптары қатысады. Тергеуші (анықтаушы) қылмысты тез және толық ашу міндетін орындай отырып, сонымен қатар сезіктінің және айыпталушының құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды және қорғану тарабының іске қатыстырылуын қамтамасыз етеді. Бірақ, алдын ала тергеу (анықтау) жүргізудің жалпы шарттары және процессуалдық тәртібі бәсекелестік принципін толық жүзеге асыруды қамтамасыз ете алмайды.
Істің мән-жайын жан-жақты, толық және объективті зерттеу. ҚІЖК-нің 24-бабында жазылған: сот, прокурор, тергеуші,анықтаушы істі дұрыс шешуге қажетті және жеткілікті мән-жайларды жан-жақты, толық және объективті зерттеу үшін занда көзделген барлық шарларды қолдануға міндетті.