Оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы. Білім беру саласы: «Қатынас»

Күні:

Білім беру саласы: «Қатынас»

Бөлім: Тіл дамыту

Тақырыбы: «Қош келдің, Жаңа жыл!»

Мақсаты:1. Қыс мезгіліндегі мерекелер жайлы мағлұмат беру.

2. Сурет бойынша әңгіме құрастырту арқылы ойлау қабілеттерін дамыту. Аязата, Ақшақар, аққала деген сөздерді қатыстырып, сөз тіркестері мен сөйлемдер құрастырту арқылы сөздік қорларын молайту. Өлең сөздерін жатқа және мәнерлеп оқуға үйрету.

3. Сыйластыққа баулу.

Көрнекіліктері: жаңа жыл мерекесіне арналған суреттер, ойыншықтар.

Қос тілдік компонент:

Іс – әрекет бөлімдері Педагогтің іс-әрекеті Балалардың іс - әрекеті
Ынталандыру. Сезімді ояту Ұйымдастыру кезеңі. Шеңбер құрып, дөңгелене тұрып, балалар жаңа жыл мерекесін қалай қарсы алғандарын естеріне түсіріп әңгімелейді немесе жаңа жылдық бір ойыншықты қолдарына алып, мерекелік тілектер айтады. Бір- біріне сыйлық сыйлап, жылы лебіздерін айтады.
Ізденістер. Ұйымдастыру Кіріспе бөлім. а) Жұмбақ шешу: педагог жұмбақты жатқа оқиды, жаһан сөзіне сөздік жұмысын жүргізеді. (Жаһан - әлем). Шашуы көп, дәмі мол, тастамайды қабын ол. Жаһан кезіп баланың қуантпақшы бәрін ол. - Шешуі: Аязата. Негізгі бөлім. а) Пікір алмасу. - Жаңа жыл мерекесі қашан болады? - Жаңа жыл мерекесі басқа мерекелерден қалай ерекшеленеді? Несімен қызықты? (Балалардың пікірлерін тыңдау). - Жаңа Жыл — әлемнің көптеген халықтары тойлайтын ортақ мереке. Әр халық әртүрлі деңгейде және әртүрлі ғұрыпта тойлайды. Әр жылдың бірінші қаңтарының түні (31 желтоқсаннан 1 қаңтарға қараған түн) - Жаңа Жыл түні. Жаңа жыл әр елде әр кезде мерекеленіп, әр халық өз салт - дәстүрімен қарсы алатындығы хақындағы деректерді көбіміз біле бермейміз. Мәселен, шығыс елдері, оның ішінде қазақ халқы да дәстүрлі жыл басы мерекесін күн мен түннің теңелген күні, яғни 22 наурызда атап өтеді. Қай ел, қай халық болсын, жаңа жылды салтанатты жағдайда мерекелеп, оған айрықша мән берген. Олардың жылды қарсы алудағы бір - біріне ұқсамайтын өз дәстүрлері бар. Жалпы алғанда, әсем ойыншықтары жарқыраған жасыл шырша Жаңа жылдың ерекше белгісіне айналған. Жаңа жылдық тұңғыш шырша ертеде Герман провинциясы Эльзаста орнатылған, депті - мыс. Алғашқы кезде шыршаны қағаздан жасалған раушан гүл - дерімен безендірген екен. Кейіннен мәңгі жасыл шырша аға - шын безендіретін болған. ө) С. Қалиұлының «Шырша» өлеңінен үзінді жаттау. • Педагог өлеңді мәнерлеп оқиды. • Безендіру сөзіне сөздік жұмысын жүргізу. (Безендіру - әсемдеу). • Өлең жолдарын балалармен бірге 2 - 3 рет қайталау. Өлеңді көңілді дауыс ырғағын келтіре отырып мәнерлеп сөздерін анық айту керек. б) Тыныштық сәті (Музыка ойналып тұрады). Педагог: - Көзімізді жұмып, Жаңа жыл мерекесін елестетейік. Міне, музыка залында шыршаны айнала дөңгелене тұрмыз. Ма­рат қоян, Алмас қасқыр, Айгүл көбелек болып киініп алыпты. Жасыл шырша әсем етіп безендірілген. Аязата мен Ақша - қар шырша жанында би билеп жүр... Көзімізді ашамыз. Көз алдарыңа не елестеттіңдер? (Әр бала не елестеткенін баяндайды). в) Балалар дәптердегі шырша суретін бояп, безендіреді. Педагог балалардың әрекетін бақылап, қалай бояу керектігін көрсетіп жүреді. г) «Сөз ойла, тез ойла, көп ойла» дидактикалық ойыны. Балалар кезекпен з мен ш дыбыстары кездесетін сөздер айтып жарысады. Көп сөз айтқан топ немесе бала жеңімпаз атанады. Мысалы: аяз, шана, шырша, Аязата, Ақшақар, безендір, т.б. «Сен білесің бе?» айдарын өткізу. - Расында Жаңа жыл - көп ұлтты мереке, бірақ ол, әртүрлі елдерде өздігінше тойланады. Мәселен, жаңа жыл күні итальяндықтар бар құштарлығымен терезелерден ескі үтіктерді және орындықтарды лақтыра бастаса, Панама тұрғындары барынша қатты шулау үшін өз машиналарының сиреналарын қосады, ысқырып, бар дауыстарымен айғай салып шу көтереді. Жапония халқы қоңырауды 12 рет емес, 108 рет соғады. Біздің халқымыздың да жаңажылдық салт - дәстүрлері бар. Мерекені барынша көңілді қарсы алған дұрыс.   Жұмбақ шешеді.     Сабаққа қызығушылық танытады.     Жаңа жыл мерекесі туралы білген ойларын ортаға салады.   Тәрбиешінің берген жаңа ақпараттармен танысады.   Хормен қайталайды. «Шырша» өлеңін жаттайды.     Тәрбиешімен бірге 2 - 3 рет қайталайды.     Көзді жұмып, жаңа жыл мерекесін көз алдарына елестеді.   Дәптерлеріне шырша суретін салып, бояйды.     Қызықты ақпараттар салады.
Қорытындылау. Өзін-өзі бағалау. Сюжетті сурет бойынша әңгіме құрастыру. - Суретте кімдер бейнеленген? - Бұл қандай мереке? - Аязата мен Ақшақарға балалар қандай өнерлерін көрсе - тіп жатыр? - Аязатаның дорбасында не бар? - Ойыншықтар мен кәмпиттерді кімдерге береді? - Ақшақар кім? Сұрақтарға жауап береді.

Күтілетін нәтиже:жаңа жал мерекесі туралы мағлұмат алады.

Нені білу керек:

Жаңа жыл- барлық ұлттардың ортақ мерекесі.

Нені игереді: ойларын жүйелі жеткізе білуге үйренеді.

Нені біледі:

- шырша- жаңа жыл мерекесінің көркі.

-жаңа жыл қонақтары - Аяз Ата мен Ақшақар.

Наши рекомендации