Бақылау сұрақтары

1.Математика сабағында ойын есептерді шығаруға қолданылатын көрнекі құралдарды дайындау әдістемесі қандай?

2.Математика сабағында қызықты есептерді шығаруға қолданылатын көрнекі құралдарды дайындау әдістемесі қандай?

Әдебиеттер:

1. Оспанов Т.Қ., Кочеткова О.В., Астамбаева Ж.Қ. Жаңа буын окулықтары бойынша математиканы оқыту әдістемесі. 1-4-сыныптар. Алматы: «Атамұра», 2005.

2. М.И. Палий. Наглядность при изучении математике – М., 1995.

3. Л.М. Фридман. Наглядность и моделирование в обучении. – М., 1999.

4. М.А Пышкало., Е.Г. Гаврилов. Наглядные пособия по математике – М., 1996.

5. Оспанов Т.Қ. және т.б Математика. 1 -4-сыныптар..Алматы: «Атамұра», 2011

6. Т.Қ.Оспанов Т.К, Ш.Х.Құрманалина, С.Қ.Құрманалина. Бастауыш мектепте математиканы оқыту әдістемесі. «Фолиант» баспасы, Астана-2007

7. Н.Н. Никитин. Наглядные пособия по математике в начальной школе – М., 1998.

8. Оспанов Т.Қ Математика. Дидактикалық материалдар.4-сынып. Алматы: «Атамұра», 2010.

Лекция 23

Сабақтың тақырыбы: Алгебра элементтерi тақырыбында дидактикалық

Материалдар

Жоспар

1.Алгебра элементтерi тақырыбында дидактикалық материалдар.

2.Математикалық өрнек ұғымын оқытудағы дидактикалық материалдар дайындау әдістемесі.

1.Алгебралық материал 1- ші сыныптан бастап арифметикалық. шама және геометриялық материалдармен тығыз байланыста оқылады. Алгебра элементтерін енгізу сан, арифметикалық амалдар,математикалық қатынастар туралы ұғымдарды жалпыла көмектеседі, сонымен катар балаларды келесі сыныптарда оқуға дайындайды. Негізгі алгебралық ұғымдарға курста "сан-ды теңсіздік және теңдік", ''өрнек", " санды «рнектің мәні". "қосынлшіың мәні", "айырманың мәні", "әріпті өрнек", "әріпті өрнектің мәні ".''әріптің әрбір мәніне өрнектің де бір ғана мәнінің сайкес болатыны ", "қарапайым теңдеулер және оларды шешу тәсілдері", "алгебралық тәсілмен есептер шығару және тағы басқалары жатады. Бұл ұғымдарға бастауыш сыныптарда анықтама берілмейді, олар көрнекілік жаттығулар арқылы қалыптастырылады.Алгебралық материалдарды оқытудағы көрнекіліктер: кестелер, сызбалар, түрлі-тусті суреттер, диафильмдер,слайдтар.

Такырыпты оқытып үйретудің міндеттері төмендегіше:

1) Теңдік, теңсіздік ұғымымен таныстыру;

2) Өрнектерді оқи, жаза және салыстыра білу біліктерін қалыптастыру;

3) Санды өрнектермен жүргізілетін жұмсстардың табиғи жалғасы ретінде қарапайым әріпті өрнектерді бір-бірінен ажырату, оларды оқу, жазу және кұру, әріпті өрнектің берілген мәнінде мәнін табу жайында түсінік қалыптастыру, тәжірибе жинақтау.

4) Алгебра элементгері – ең ішінде дидактикалық тұрғыдан алғанда аса маңыздысы — теңдеу жайынла түсінік беру және оны шешудің тәсілдерін оқытып-үйрету.

5) Жақша, амал ретімен таныстыру.

6) Есепті алгебралық тәсілмен шешудің мән-мағынасын ашу. Теңдрулер құруға келтірілетін арифметикалық есептер шығару.

бақылау сұрақтары - student2.ru

2.Сандарды және амал таңбаларын пайдаланып орындалған жазу — өрнекбопып табылады. Ал амалды орындағанда шықкан нәтиже-өрнектің мәні деп аталады. Осыны басшылыққа ала отырып, ілгеріде қарастырылатын қарапайым өрнектердің атаулары енгізіледі, Мәселен "қосынды" деп "+" таңбасы және сандарды 6 ал "айырма" деп "-" таңбасын және сандарды пайдаланып орындаған жазуды айтады. Амалдың нәтижесіне сәйкес "қосынды" жане "айырма" деп атамай, "қосындының мәні" және "айырманың мәні" деп атаған жөн. Сонда математикалық термиңцерді қолдануға бірліктщ сақ-талуы мүмкін, яши "еряек", "қосынды" және"айырма", "өрнектін мәні" - "қосындының мәні" және "айырманық мәні" терминдері мағыналық тұрғыдан алғанда бір-бірінен туындайтын болады. Өрнек пен санды, өрнектерді бір-бірімен салыстыру жоғарыда қарастырылған мәселелердің заңды жалғасы болып табылады және көрнекілікке сүйеніп оқытылып-үйретіледі. Тиісті қатынас таңбасы негізінен, өрнектердің мәндерін тауып, оларды салыстырғайнан кейін анықтадады. Сандық өрнек туралы түсінік қалыпатастырғанда, сандар арасында қойылған амал таңбасының екі түрлі мағынасы бар екендігін ескерту кажет. Бір жағынан ол сандарға қолданы-латын амалдарды білдіреді. Мысалы: "5+2", 5 қосу 2. "3*4" 3 көбейту 4; екінші жағынан амал таңбасы өрнекті сипаттайды. Мысалы: 5-2; 5 пен 2 сандарының қосындысы; 3*4; 3 пен 4-тін көбейтіндісі т.б.

Бастауыш сыныптарда қарапайым өрнек (екі санның қосындысы, айырмасы, көбейтіндісі, бөліндісі) және күрделі өрнектер (кебейтінді мен санның қосындысы, қосынды мен санның кабейтіндісі т.б.) туралы ұғым қалыптастырылады.

Наши рекомендации