Тәрбиелік іс-шара мазмұны

Сынып жетекші баларға қазақ елінің болашағы жастардын қолында,яғни солардын білімі мен еңбегінің,бірлігінің арқасында болатындығын түсіндіру үшін ұйымдастырды.

Тақырыбы:«Мәңгілік ел – біздің күш қуатымыз»

1.Сабақтың мақсаты:Тәуелсіз елімізді бір мақсат, бір мүдде, бір болашаққа жұмылдырып отырған Елбасымыз халқына жолдаған жолдауында «Қазақстанжолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде,бір болашақ». «Біз үшін ортақ тағдыр – бұл Мәңгілік ел,лайықты әрі ұлы Қазақстан! Мәңгілік ел-жалпы қазақстандық ортақ шаңырағымыздың ұлттық идеясы. Бабаларымыздың арманы»,- болатын деген сөзін оқушыларға түсіндіру.

Мәңгілік ел – ата-бабаларымыздың сан мың жылдан бері асыл арманы. Ол арман-әлем елдерімен терезесі тең қатынас құрып, әлем картасынан ойып тұрып орын алатын Тәуелсіз Мемлекет атану еді .

Ол арман –тұрмыстық бақуатты, түтіні түзу ұшқан, ұрпағы ертеңіне сеніммен қарайтын бақытты Ел болу еді.

Біз армандарды ақиқатқа айналдырдық .Мәңгілік елдің ірге тасын қаладық. Мен қоғамда «Қазақ елінің ұлттық идеясықандай болуы керек?» - деген сауал жиі талқыға түсетінін көріп жүрмін. Біз үшін болашағымызға бағдар ететін, ұлтты ұйыстырып, ұлы мақсаттарға жетелейтін идея бар. Ол – Мәңгілік Ел идеясы.

Тәуелсіздікпен бірге халқымыз Мәңгілік мұраттарына қол жеткізді. Біз еліміздің жүрегі, тәуелсіздігіміздің тірегі – Мәңгілік Елордамызды тұрғыздық.

Қазақтың Мәңгілік Ғұмыры ұрпақтың Мәңгілік Болашағын баянды етуге арналады. Ендігі ұрпақ – Мәңгілік Қазақтың Перзенті. Ендеше, Қазақ Елінің Ұлттық Идеясы – МәңгілікЕл!

Мен Мәңгілік Ел ұғымын ұлтымыздың ұлы бағдары «Қазақстан – 2050» Стратегиясының түп қазығы етіп алдым.Тәуелсіздікке қол жеткізгеннен гөрі оны ұстап тұру әлде қайда қиын. Бұл – әлем кңістігінде ғұмыр кешкен талай халықтың басынан өтен шындық. Өзара алауыздақ пен жан-жаққа тартқан берекесіздік талай елдің тағдырын құрдымға жіберген. Тіршілік тезіне төтеп бере алмай, жер бетінен ұлт ретінде жойылып кеткен елдер қаншама.

Біз өзгенің қателігінен,өткеннің тағылымынан сабақ ала білуге тиіспіз. Ол сабақтың түйіні біреу ғана –Мәңгілік Ел болу біздің оз қолымызда. Бұл үшін өзімізді үнемі қамшылап, ұдайы алға ұмтылуымыз керек.Байлығымыз да, бақытымыз да болған Мәңгілік Тәуелсіздігімізді көздің қарашығындай сақтауымыз керек,-деп айтып кеткен болатын Елбасымыз өзінің жолдауында.

2.Қызығушылығын ояту: (бейне фильм) президент жолдауынан үзінді. Оқушылардың пікірін тыңдау

3.Миға шабуыл. «Ойлы болсаң-озып көр» Астана қаласының тарихы деген видео қосылады, көріп болған соң оқушыларға сұрақтар қойылады.

1. Қазіргі кезде Астана қаласының тұрғындарының саны қанша адамға жетті? (700мың)

2. Астана рәмізі «Бәйтеректің» ұзындығы не себептен 97метр? (Бұл сан астананың Алматыдан Астанаға 1997жылы көшірілуіне байланысты)

3. Жаңа көпірдің ұзындығы? (214 метр)

4. Жаңа көпірге кандай ат берілді? («Сарыарқа»)

5. Астанадағы ең басты қатынас жолы? (Республика даңғылы)

6. Көпірдің оң жағалауында тұрған биік ғимарат? (Астана Тауэр)

7. Қазақстанның схемалық картасы іспетті парк қалай аталады? («Атамекен»)

8. «Думан» океанумында теңіз суымен толтырылған қанша аквариум сыйып тұр? (13 үлкен аквариум)

9. Астана қаласындағы газон қанша шаршы метр? (1 млн 200шаршы)

10. 1900жылы Ақмола уезінің ең мықты балуаны және қара күш иесі кім еді ? (Қажымұқан Мұңайтпасов)

11. Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін ғарышқа самғаған қазақ ғарышкері кім? (Талғат Мұсабаев)

4.Топқа бөлу(сиқырлы қалпақшадан оқушыларға қима қағаз алу тапсырылады, сол қима қағаздағы сөздерге қарап бөлінеді). Оқушылар үш топқа жайғасады, әр топқа бірдей тапсырма беріледі.

5.Сергіту сәті (экранға назар аударыңыздар).

6.Деңгейлік тапсырма (әр оқушыға жеке тапсырма таратылады).

1.Тарихтың, мәдениет пен тілдің ортақтығы. 2.Қазақстанның қазба байлықтары. 3.Көп ұлтты Қазақстан.

Балалардың жеке тапсырманы орындағаннан кейн оқушылар қайтадан орындарын ауыстырады. Орындарын ауыстырған соң топтық тапсырма орындалып, әр оқушы өз ойларын қысқаша жеткізеді.

Қорытынды сөз:

Елбасымыз өзінің жолдауында айтып кеткендей, Қазақстан елін көркейтетін де, асқақтататын да, ең абыройлы, ең мәртебелі жол қылатын ол тек сіздер. Сондықтан да әр бір күндеріңіз мерекелі, әрбірістеріңіз берекелі болсын.

Наши рекомендации