Азаматтық, қазақстандық патриотизм, этникааралық келісім түсініктері

Патриотизмді қалыптастыру – бұл қоғам­ның әлеуметтік тапсырысынан нәр алатын мемлекеттік міндет. Патриотизм өмірдің, жағдайдың, оқиғаның барлық жекелеген қырлары, халық пен елдің тұтастығы, бірегейлігімен тікелей байланыстыра қарас­тырылатын қоғамдық қатынастардың мәні мен құндылықтарын зерделеу тәсілі екені де аян. Отансүйгіштік сезімді тәрбиелеу азаматтың, елдің мәдениетінің бірегейлігі, әлеуметтің, халықтың мінез-құлқының толымды көрінісі мен қоғамдық өмірді ұйымдастырудың мәні мен мақсаттарын пайымдау арқылы жүйелі іске асады. Патриотизм міндетті түрде тұлғаның жоғары әлеуметтік белсенділігін діттейді, өйткені, оның өзі еңбекте табыстарға жету үшін, ел-жұртқа, халыққа қызмет ету үшін биік серпін болып табылады. Жер шарында 2 мыңнан астам ұлттар мен этностар бар. Олар 5 мыңнан астам диалектілерде сөйлейді. 330-ға жуық этностың 1 млн. жəне одан көп өкілдері бар. Ал қалған 1700-ден астамы 1 млн-ға жетпейтін адамы бар аз санды этностар қатарына жатады. Осыншама көп санды ұлттар мен этностар əлемде 200-ден астам мемлекет біріккен. Сондықтан əлем мемлекеттерінің 90%-ы көп ұлтты немесе көп этностық мемлекет болып табылады. Мақала барысында қолданылатын басты ұғымдар “Ұлт” пен “этнос” туыстас, бір-біріне жақын. Ұлт – қалыптасқан тілі, ортақ мəдениеті, біріктіруші салт дəстүрлері мен діні бар антропологиялық ортақ бет-бейнесі, белгілі бір территориялық кеңістікте топтасқан адамдардың тарихи қалыптасқан əлеуметтік бірлестігі. Ұлт пен этнос ұғымдарын бір-біріне жақын, қос ұғымды алмастыра пайдалану обьективті шындықты бұрмалау болмайды, əлеуметтік шындықтан алыстатпайды. Этностан айырмашылығы сол ұлттар этникалық белгілерге қоса саяси, экономикалық жəне əлеуметтік белгілерге ие болады. Дегенмен, саясаттану ғылымдарының докторы, профессор Борбасов С. пікірінше əліде философиялық жəне саяси-əлеуметтік ой пікірде ұлт, этнос категориялары туралы бір арнаға тоғысқан түсінік қалыптаспаған. Экстремизм, ұлттық және әлеуметтік топтар арасындағы өшпенділік және жек көрушілік, сондай-ақ қоса кейбір бұқаралық ақпарат құралдары енгізетін зорлық-зомбылыққа бас ұру.Патриотизм және азаматтылық – тәуелсіз Қазақстанды дамыту мен нығайтудың маңызды факторлары болып табылады. Өзінің елі үшін ұлттық мақтаныш қазақстандық патриотизмнің мызғымас іргетасын жасайды, жаңа мемлекетті құру процесіне қатысуды және біздің Отанымыздың нақты жетістіктер мен табыстарға негізделген тамаша болашағына деген сенімділік сезімін қалыптастырады.Мемлекеттік мейрамның – Конституция күнінің маңызын бағалау қиын. Кез келген ел үшін, оның ішінде Қазақстан үшін, Конституцияның болуы – бұл, ең алдымен, оның тәуелсіздігін және егемендігін тану. Бұл Отанымыздың одан әрі нығаюы мен өркендеуіне бағытталған әрбір азаматтың патриоттық сезімін, жоғары азаматтылығын, белсенді өмірлік ұстанымын қалыптастыруға арналған маңызды шарт.

Көп ұлттардың атамекеніне айналған Қазақстан Республикасында ұлтаралық қатынас ерекше көңіл аударуды қажет ететін мəселелер қатарына жатады. Қазақстан жерін мекендейтін халықтардың достық, туысқандық қарым-қатынасы, оларды біртұтас мақсатқа жетелейтін жетекші ұлттық мүдде болуы қазіргі саясаттың маңызды бөлігіне айналды. Ұлттық мүдде дегеніміз сол ұлттың рухани, əлеуметтік, қоғамдық дамуында шешуші роль атқаратын оның басты белгілері. Біздің пайымдауымызша бүгінгі күні қазақ халқының мемлекетқұрушы ұлт ретінде оның басты мүдделері – тəуелсіздігіміздің нығаюы, жеріміздің тұтастығы, тіліміздің дамуы, дініміздің сақталуы, салт-дəстүріміздің өркендеуі жəне атамекенімізде қоныстанған өзге ұлт өкілдеріне ұлттық құндылықтарының сақталуына мүмкіндігінше жағдай жасау. Тəуелсіздіктерін алған жас мемлекеттер жағдайында аталған қысымдылықтан шығып, əлеуметтік-психологиялық парасаттылыққа ұмтылысы артты. Парасаттылықтың астарында əрбір қазақстандықтың өзін, ең алдымен, қазақстандық екендігін, сонан кейін өз ұлтының перзенті екендігін сезіну, сол арқылы ғана ұлтаралық қарым-қатынастың жоғары мəдениетіне көтерілу жатыр. Өзін-өзі тану жəне құрметтеу арқылы ғана шынайы ұлттық келісім мен шынайы саяси жəне қоғамдық тұрақтылыққа қол жеткізуге болады. Сондай заңды негіздің бірі қазақстандық патриотизм, өз еліне деген құрмет, сенім. Қазақстандық патриотизм ұлтаралық келісімнің іргетастық негізі, қоғамдық сана мен əлеумет мəдениетінің айқындалған маңызды жəне қажетті құбылысы. Ұлтаралық, этностық топтар арасындағы келісім, барша азаматтың нəсіліне, ұлтына, діни сеніміне қарамастан қашанда бір-бірін түсінуге, көмекке келуге əзірлігі, оған əлеуметтік-психологиялық бағдарлануы зор əлеуметтік, саяси, мəдени тəрбиені қажет етеді. Дер кезінде бағдарлау, бағыттау, əлеуметтік бақылау жұмыстары да қоғамдық қажеттілік. Кеңес Одағында «бір қазанда қайнату тəжірибесі» арқылы жаңа қауым «кеңес халқын» қалыптастыру деп аталатын ескі тұжырымдама Қазақстан үшін тиімсіз еді. Осындай жағдайда Қазақстан басшылығы басқа елдер тəжірибесін есепке ала отырып, тыңнан жол іздеді. Қазақстан халықтарының Ассамблеясы осындай ізденістен туды.

Наши рекомендации