Лекцияның күнтізбелік- тақырыптық жоспары

Апта № Модульдің номері, аты және лекцияның тақырыбы. сағат саны ТОҚ және танымдықты қызметті белсендіру Білімгерде қалыптасқан білім мен біліктілік
1 апта № 1 лекция. Қазіргі таңдағы білім берудің сапасын арттыру құралы ретіндегі бейіндік оқыту. 1.Кіріспе. Оқу пәнінің объекті, пәні, мақсаттары мен міндеттері. 2. «12 жылдық мектепте бейінді оқытудың негіздері» пәнінің болашақ педагогтарды жаңа форматтағы мұғалімдікке кәсіби даярлау жүйесіндегі орны. 3. 12 жылдық мектептегі бейіндік оқыту мазмұнын сипаттау.       Көрнекілік материалдар 12 жылдық мектептегі бейіндік оқыту мазмұнын білуі қажет.
2 апта №2 лекция. Қазіргі таңдағы білім берудің мақсаттарын анықтаудың әдіснамалық негізі ретінде құзыреттілік тәсіл. 1. Қазақстандық білім беруді жаңартудың негізгі себептері. 2. Жаңарту жағдайларында білім беру үдерісінің мақсаттарын және нәтижелерін анықтау. 3. «Құзырет», «құзыреттілік», «құзыреттілік тәсіл» ұғымдарын анықтау. Маңызды құзыреттер.   Сабақ конспектісі «Құзырет», «құзыреттілік» «құзыреттілік тәсіл» жасай алу. Маңызды құзыреттер туралы білу.
3 апта №3 лекция.Бейіндік оқытуды ұйымдастыруды нормативтік-құқықтық қамтамасыз ету. 1. Қазақстанның білім және ғылым Министрілігінің бейіндік оқыту жөніндегі нормативтік құжаттары. Бейін ұғымы. 2. Бейіндік оқыту мектептеріндегі оқу пәндерінің үлгілері: негізгі пәндер, бейіндік пәндер, элективтік курстар. 3. 12 жылдық білім беруге және бейіндік оқытуға ауысу кезеңдері.     Көрнекілік материалдар Қазақстанның білім және ғылым Министрілігінің бейіндік оқыту жөніндегі нормативтік құжаттарын, бейін ұғымын толық білуі керек.
4 апта №4 лекция.Бейіндік оқыту жүйесін ұйымдастырудың жалпы ережелері. 1. Негізгі мектептің жоғары сыныптарында алдыңғы кезеңдегі бейіндік даярлаудың мақсаттары және міндеттері. 2. Аймақтық білім беру желісіне алдыңғы кезеңдегі бейіндік даярлауды ұйымдастыру. 3. Бейіндік оқытуды ұйымдастырудың нұсқалары (модельдері): мектепішілік кәсіпшілік, желілік ұйымдастырудың моделі. 4. Бейіндік оқытуды ұйымдастырудың оңтайлы модельдерін таңдау. Сабақ конспектісі Бейіндік оқыту жүйесін ұйымдастырудың жалпы ережелерін білуі, модель түрлерін ажырата алуы керек.  
5 апта №5 лекция.Мектеп оқушыларын бейіндік оқыту жүйесіне өңдеу және енгізу үдерісін ұйымдастыру және басқару. 1.Бейіндік оқытуды ұйымдастыру (озық педагогикалық тәжірибелер материалдары бойынша). 2.Ғылымаралық синтез негізінде бейіндерді қалыптастыру жолдары. 3.Мектепте бейіндік оқытуды ұйымдастыру моделі-педагогикалық жүйе ретінде. Бейіндік оқытуды басқару. Бейіндік оқытуды енгізудегі инновациялық үдеріс. Көрнекілік материалдар Бейіндік оқытудағы халықаралық озық тәжірибелерді және де мектептегі бейіндік оқытудың инновациялық үдерістері туралы білуі тиіс.
6 апта №6 лекция. Жоғары сынып оқушыларын бейіндік оқытудың аймақтық жүйелерін құру үдерісін ұйымдастыру және басқару. 1.Жоғары сынып оқушыларының алдыңғы кезеңдегі бейіндік және бейіндік даярлығы бойынша білім беру желісінің ұғымы және тағайындалуы. 2.Бейінді оқыту жүйесін өңдеу кезеңінде білімді басқару ұйымдарындағы мамандар қызметтерінің мазмұны. 3.Бейіндіктің әлеуеттік мүмкіндіктерін ескеру арқылы жобалау.   Сабақ конспектісі Жоғары сынып оқушыларын бейіндік оқытудың аймақтық жүйелерін құру үдерісінен түсінік болуы.
7 апта №7 лекция. . Бейіндік оқытуды басқару жүйесін құрудың теориялық негіздері. 1.Ұйымдастыру және басқару құрылымының және функцияларының ұғымы. 2. Білім беру мекемелерінде бейіндік оқытуды және алдыңғы кезеңдегі бейіндік даярлауды басқару ұйымдары.   Сабақ конспектісі Білім беру мекемелерінде бейіндік оқытуды және алдыңғы кезеңдегі бейіндік даярлауды білулері қажеті.
8 апта №8 лекция.Бейіндік оқыту жүйесін енгізу бойынша мектептердің қызметін жоспарлау және ұйымдастыру. 1.Бейіндік оқыту жүйесін құру,жоспарлау. Жоспарлау әдістемесі. 2.Бейінді және бейінді даярлау жүйесін енгізу жүзеге асыру стратегиясын таңдау. 3.Білім беру мекемесінде алдыңғы кезеңдегі бейінді даярлау және бейінді оқыту жүйесін енгізудің ұйымдық тетіктерін құру Көрнекілік материалдар Бейіндік оқыту жүйесін құру,жоспарлау. Жоспарлау әдістемесін білуі тиіс.
9 апта №9 лекция.Алдыңғы кезеңдегі бейінді даярлау және бейінді оқыту жүйесін енгізу барысында педагогикалық ұжымның уәждемесі 1.Бейінді оқытуды жүзеге асыру барысында педагогтың инновациялық қызметінің ерекшеліктері. 2.Инновациялық қызметке қатысушылардың табысты уәждемелерінің шарттары. 3.Педагогикалық ұжымның белсенділігін ынталандыру және уәждемелік шаралары. Көрнекілік материалдар Бейінді оқытуды жүзеге асыру барысында педагогтың инновациялық қызметін ұйымдастыру.
10 апта №10 лекция. Оқушылардың оқу үлгерімдерін бағалау жүйесі. 1.Бақылау функциялары. 2.Мектеп оқушыларын бейіндік оқытудың ағымдағы және қорытынды нәтижелеріне мониторинг жүргізу. 3.Баллдық-жинақтау жүйесі. Бағалау. Арнайы оқу тапсырмалары. Портфолио және т.б. Сабақ конспектісі Оқушылардың оқу үлгерімдерін желіде құра білулері тиіс
11 апта №11 лекция Бейін бойынша пән мұғалімінің тәжірибесіндегі инновациялық үдерістер.1.Бейіндік оқытуды қалыптастыру модельдерінің сипаттамасы. Заманауи білім беру мотивтері мен оқушылардың қажеттіліктері. 2.Бейіндік оқытуды ұйымдастыру нәтижелілігіне көбірек әсер ететін педагогикалық жүйелер мен стратегиялар. 3.Әлемдік тәжірибедегі бейіндік оқытуды саралау мәні. Көрнекілік материалдар Әлемдік тәжірибедегі бейіндік оқытуды саралау туралы салыстырмалы білім қалыптастыру.  
12 апта №12 лекция Бейіндік оқытуды енгізу жағдайларында оқу пәндерінен сабақ беруді нормативтік-құқықтық және бағдарламалық-әдістемелік сипатта қамтамасыз ету. 1.Орта жалпы білім беру мектебінің негізгі оқу жоспары.. 2..Бейінді оқыту жүйесінде оқу пәндері бойынша жаңа буын бағдарламалардың сипаттамасы. Оқу бағдарламаларын оқу-әдістемелік сүйемелдеу (практикумдар, сөздіктер, анықтамалар, емтихандарға дайындалу құралдару, сұрақтар, тапсырмалар, тесттер, есептер жинақтары және т.б.). Көрнекілік материалдар Бейінді оқыту жүйесінде оқу пәндері бойынша жаңа буын бағдарламалармен танысу, қолдана алу.
13 апта №13 лекция Бейінді оқытуды енгізу жағдайларында оқу пәндерінен сабақ берудің қазіргі таңдағы білім беру стратегиясы. 1.Оқу пәндерінің білім беру стандарттарында құзыреттілік тәсілінің орын алуы, жоғары сынып оқушыларының жалпы пәндік құзыреттіліктері. 2. Бейінді оқытудың білім беру үдерісінде құзыреттіліктерді қалыптастыру жолдары. Көрнекілік материалдар Бейінді оқытуды енгізуде оқу пәндерінен сабақ берудің қазіргі таңдағы білім беру стратегиясы-құзыреттілік туралы толық түсінік болуы
14 апта №14 лекция Бейінді оқыту жүйесіндегі элективтік курстар және таңдау бойынша курстар. 1.Элективтік курстарды енгізудің негізгі идеялары. Элективтік курстар және таңдау курстары бойынша сабақ берудің ұсынылған мазмұны және әдістемелері. 2.Элективтік курстар және таңдау курстары бойынша авторлық бағдарламалардың өңдеуіне және мазмұнына қойылатын талаптар. 3.Білім беру салалары бойынша таңдау курстарының үлгілік нұсқалары Көрнекілік материалдар Білім беру салалары бойынша таңдау курстарының үлгілік нұсқаларын ажырата алуы тиіс.
15 апта №15 лекция Элективтік курстарға және таңдау курстарына сараптама жүргізу әдістемесі. 1. 9 сыныптарда таңдау курстарына сараптама жасау. 2. 10-11 сыныптарда элективтік курстардың бағдарламаларына пікірсарап жасау және бекіту тетігі. 3.Элективтік курстардың және таңдау курстарының бағдарламаларына сараптама жүргізу. Көрнекілік материалдар 9 сыныптарда таңдау курстарына сараптама жасай алуға, 10-11 сыныптарда байланыстыра алуы тиіс.

Наши рекомендации