Нақтылы материалдарды пайдаланудың әдістері.
Тірі өсімдіктерді, жануарларды тұлып (чучела), қаңқа препараттарды алып келіп сабақта пайдалану, оқушылардың өтетін материалды толықтай түсінуіне, оның формасын, көлемін, түсін, түрін ойға сақтауға немесе қозғалысын көруге мүмкіншілік туады. Оның түсін, дәмін тағы басқа құбылыстарын сезеді яғни дұрыс білім алды. Нақтылы материалды таратып, мұғалім оқушыларға сұрақ қойып сол заттың түсін, формасын құрылысын оқушылардың өздеріне айтқызу керек. Ондай жағдай оқушының дұрыс ойлап, қорытынды жасауға әдеттендіреді.
Кейбір жағдайларда нақтылы материалдар мекендерде болмаған кезде, оны қолдай салынған суреттер, оқу кестесі және модельдер, муляждар пайдаланады.
Модельді - скульптуралы түрде картоннан немесе папье – маше материалдарынан табиғи түрінің көшірмесін келтіріп жасаған затты айтады. Оны кейде үлкен немсе кіші етіп жасай береді. Ал, муляжды анық және табиғи түсін келтіріп құйып жасайды. Оны гипстен, пластмассадан, тағы басқа материалдан істейді. Мысалыға, Мичурин сортарының муляжы, томаттың сортары, мидың муляжы болады. Әсіресе сабақта қозғалып тұрып муляжды пайдаланған жөн. Ол жай түріне қарағанда натуралдық түріне ұқсас болады. Әрине ешбір модель нақтылы материалға жетпейді. Муляж, бейнелеу модель тек ғана материалдың түрін түсіну үшін пайдаланады.
III. Демонстрациялаудың жалпы әдістері
Объектіні сыныпқа көрсету кезінде мынандай ережелерді сақтаған жөн.
Көрсететін заттың үлкен болғаны дұрыс және көрсететін бөліктері мұғалімнің оқушыларға өте жақсы көрінетіндей болуы керек.
Артқы оқушыларға көрсету үшін, материал биік, жарық жерде тұруын ескеру керек. Егерде көрсететін объектің кіші болса онда мұғалім аралап жүріп көрсеткені дұрыс, немесе оны проекциялық аппараттарды пайдалануды ұмытпаған жөн.
Проекциондық фонарлар арқылы кішігірім жануарларды да көрсетуге болады. Мысалға дафния, циклоп, су өсімдіктерді, ал кейде, өсімдіктің жарықта оттегіні бөліп шығаруына, қарын сөлінде ақуыздың пайда болуы үрдісіне т. б. қатынасатынын. Кішігірім объектілерді қандай жасаған жалпақ кюталар арқылы болды. Кютаның екі резина трубаның диаметіріне байланады. Кютаға су құяды да сонан соң, элодей ма немесе элодеяда отырған гидраның, дафниді, циклопдарды тағы басқа жануарды салады. Кютамен затты көрсете береді. Ақуыздың қарын сөлінің әсерінен өзгерісін осылай көруге болады.
IV Микроскоппен жұмыс істеу
Егерде мектепте бір ғана микроскоп осы онда оқушыларға демонстрациялау арқылы көрсетуге болады.
Тәжірибелерді демонстрациялау
Биология сабағын жүргізу кезенінде сыныпта демонстрациялау тәжірибені өте үлкен маңызы бар. Ол үшін демонстрацияны жүргізуге мынандай жағдайларды ескеру керек.
1. Тәжірибе оқушыға түсінікті белгілі фактірлер бойынша қабылдауына дұрыс және тәжірибе жасалғанда оқушыға түсінікті және қорытынды жасай алатындай болу керек.
2. Тәжірибе қарапайым болуы тиіс. Құралдың күрделілігі оқушының табиғатының құбылысын тексеруге болады.
3. Тәжірибе нақтылы өзінің мақсатына жететіндей болуы тиіс, егерде тәжірибе шықпай қалса, сыныпта тәртіп бұзылуына ықпал жасайды. Сондықтан да ертерек үйрету керек.
4. Мұғалім де уақытты үнемдеуін ұмытпау керек.
5. Тәжірибені жасаудан бұрын оны қалай жасауды айтып, материалдың мазмұнын түсіндіруге жөн. Түсіндірген кезде бүкіл сыныпқа мұғалім өзі жасап көрсету керек. Мұндай жағдайда 2 вариант болуы керек.
Демонстрация кезінде көптеген мұғалімдер әсіресе жастар мынандай қателерді жібереді.
1) Демонстрациялау столы биік болуы тиіс, аласа болса артқы парталарға көрінбейді. Сондықтан да демонстрациялық стол немесе столдың үстіне жәшік, орындық қойып көрсету керек. Жарық жақсы түсу керек.
2) Тәжірибені жасау кезінде майда – шүйде заттарды елемеу, онда жұмысты жасауда кедергі жасайды. Сондықтан да демонстрацияға керекті материалды толықтай ұмытпау керек, оған ұқыпты қарау жөн.
3) Столдың үстінде тәжірибеге керекті материалдай басқа материалдардың болуы дұрыс емес.
Демонстрациялық столдан басқа қосымша пробиркалар тұратын стол болуы керек.