Студенттің білімі мен іскерлігіне қойылатын кәсіби талаптар.
Практикадан соң студент білуі тиіс :
- ҚР білім беру жүйесін, жалпы орта білім беретін мектеп жұмысының ерекшеліктерін, бастауыш сатының жұмыс мазмұнын ;
- білім беру мекемесінің нормативтік құжаттарын ;
- білім беру мекемесі қызметкерлері әрекетінің негізгі бағыттарын ;
- бастауыш сынып мұғалімі, сынып жетекшісі жұмысының адамгершілік, этикалық, құқықтық нормаларын т.б.
Практикадан соң студент бойында төмендегі
іскерліктер қалыптасуы тиіс:
· практиканың мазмұны , мақсаты , міндеттеріне сәйкес өз жұмысын жоспарлау;
· педагогикалық іс-әрекетке бақылау жүргізу , талдау жасау , жұмыс мазмұны мен ерекшеліктерін көрсете білу;
· балалармен , педагогикалық ұжыммен, жеке қызметкерлермен қарым-қатынас орнату ;
· мамандыққа байланысты жұмыстарда мұғалімге көмек көрсету, алдын-ала белгіленген іс-әрекетті жоспарлап өткізе білу ;
- мамандыққа қажетті қасиеттер қалыптастыру бағытында өзін-өзі тәрбиелеу жұмыстарын ұйымдастыру т.б.
Практика мазмұны
Практика кезеңі | Жұмыс мазмұны | Жұмыс формасы | Есеп беру формасы |
1.Дайындық кезеңі | 1. Практика бағдарламасын нақтылау. | Мамандық бойынша білім беру стандар-ты, типтік бағ-дарлама талап-тарымен таны-су. | Жұмыс бағдарламасы |
2. Практика өтетін орындарды анықтау, мектеп басшыларымен келісіп, практика бағдарламасымен таныстыру, студенттерді сыныптарға, мұғалімдерге бөлу. | Мектеп басшылары-мен кездесу. | Мектеп , сыныптарға бөліну кестесі. | |
3. Ұйымдастыру конференциясын өткізу ( практиканың мазмұны, мақсаты, міндеттері, ұйымдастыру ерекшеліктерімен таныстыру. Жауапты адамдар , өзін-өзі басқару органдарын , студенттердің практикадан өтуінің жеке жоспарларын бекіту. ) Практиканттарды міндеттерімен, есеп құжаттарымен, олардың көркемделу ерекшеліктерімен таныстыру. | Ұйымдастыру конференция-сына қатысу, практикадан өтудің жеке жоспарын жасау. | Практика күнделігін көркемдеу. Практикадан өтудің жеке жоспары; | |
Практикадан өту кезеңі. 1-апта | 1.Жалпы орта білім беретін мектептің жұмыс ерекшелігімен, басқару қызметінің ұйымдастырылу жүйесімен танысу. Мектептің проблемасы, мамандар құрамы, негізгі бағыттары, жетістіктері, құрылымдық жүйесімен танысу. | Мектеп басшыларымен әңгіме- сұхбат. (директор, оның орынба-сарлары) | Мектеп туралы мәлімет, басқару жүйесінің сызбасы, әңгіме барысындағы сұрақтардың күнделікте көрініс табуы. |
2. Мектеп жұмысына байланысты нормативтік құжаттар, олардың жүргізілу тәртібі. | Мектептің стратегиялық жұмыс жоспары, алфавиттік журнал, сынып журналы, оқушылардың жеке іс-қағаздарымен танысу. | Құжаттардың жүргізілуіне байланысты сызба дайындау, нормативтік құжаттар тізбесін жасау. | |
3.Бастауыш мектептің педагогикалық ұжымының жұмысымен танысу. | Бастауыш сыныптар бойынша директордың орынбасары-ның, бірлестік жетекшісінің, сынып жетекшісінің жұмысымен танысу. | Бастауыш мектептің педагогикалық ұжымы туралы мәлімет. | |
4. Бастауыш сыныптардың материалдық базасымен танысу. | Кабинеттер, спортзал, кітапхана,т.б. жабдықталуы. | Бастауыш сыныптар кабинетіне қажетті жабдықтар тізбесін жасау. | |
5. Бастауыш сынып мұғаліміне қойылатын кәсіптік талаптар. | Мектептегі алдыңғы қатарлы мұғалімдердің сабақтарына қатысу, әңгімелесу. | Қатысқан сабақтарына талдау, мұғалімдермен әңгімелесу негізінде мұғалімге қойылатын кәсіптік талаптар тізбесін жасау. | |
6. Кіші мектеп жасындағы оқушылардың даму ерекшелік-тері . | Дарынды, дамуында кемшілік бар оқушылармен жұмыс, балаларды жалпы дамытуға арналған жұмыс түрлерімен танысу. | Балаларды дамытуға арналған жұмыс түрлерінің тізбесін жасау. | |
1. Студенттің бастауыштың төрт сыныбындағы мұғалімдердің, сынып жетекшісінің жұмыс ерекшеліктерімен танысуы. | Барлық сыныптағы сабақтарға қатысу, сынып жетекшісінің жұмыс жоспарымен танысу. | Педагогикалық іс-әрекетті бақылау, талдау, тәрбие жоспарларына салыстырмалы талдау . | |
2. Студенттің таңдауы бойынша іс-шара өткізуі. | Тақырыптық танымдық әңгіме немесе оқушылар әрекетін ұйымдастыруға байланысты бір тәрбие шарасын өткізу. | Әңгіме немесе ұйымдастыратын іс-шара материалы. | |
3. Мұғалім –оқушы қарым – қатынас стильдері. | Мұғалімдердің, студенттердің қарым-қатынас стильдеріне талдау . | Қарым-қатынас барысында тыйым салынатын жағдайлар тізбесін жасау. | |
Қорытынды кезең | 1.Практика кезінде атқарылған жұмыстарды қорытындылау. | Практика құжаттарымен жұмыс. | Практика қорытындысы бойынша есеп. |
2.Қорытынды конференция . | Тақырып бойынша хабарлама дайындау. | Студенттің практика бойынша жұмысын бағалау. |