Рәзия рҮстембекова

ИМАНЖАНОВА:

Жан достарым, Мұқанымның достары Әз ағаң мен Халимашқа!

Шын жүректен.

Рәзия.

(Иманжанов Мұқан. "Көк белес". Повесть және роман. 1960).

Мұқан ИМАНЖАНОВ:

Халима, Әзілхан!

Мына бір кішкентай жинағымды кітаптарыңның арасына сала салыңдар!

Автор Иманжанов.

("Таныс қыз". Әңгімелер. 1952).

Қалмұхан ИСАБАЕВ:

Мен үшін тарту күші бар Әзекең мен Халекеңе!

Автордан. ("Серт ". Роман. 1991).

Қалмұхан ИСАБАЕВ:

"Халықтар достығы" орденін алған күні Әзекең мен Халекеңе!

Ұсынушы Қалекең мен Зәпекең.

("Арна". Роман. 1984).

Қалмұхан ИСАБАЕВ:

Сүйікті Халима жеңгемізге — Айқыздың сіңлісіне!

Автордан. ("Айқыз". Роман. 1967).

Қалмұхан ИСАБАЕВ:

Әзекең мен Халекеңе!

Меккеге бармаса да қөңілдері,мінез - құлықтары және адамға деген ізеттілігі қажыдан да артық ағам мен жеңгеме.

Қалмұханнан.

(Қалмұхан Исабаев, Сапар Байжан-Ата.

"Қажыға барған қызықтар". 1996).

Әбілфайыз ЫДЫРЫСОВ:

Қадірлі Адамым Әз ағама!

Қадірлі Халима жеңешеме!

Ниетпен, жүрекпен.

Әбілфайыз інілеріңіз.

("Тан - Шолпан или история любви ". Роман. 2001).

Тұрсынбек КӘКІШЕВ:

Ауруханада шалқасынан жатып, шығарма оқитын және пікірін диктофонға жаздырып, газетке жариялайтын Әзілхан ағама, оның бабын тауып, бүкіл өмірін осы жолға сарп еткен азамат апам Халимаға шын көңілімнен, адал тілегіммен осылай тарта берулеріне тілектес.

Тұрсынбектен

. ("Сәкеннің соты"

Құжат-хикая. 1994).

Тұрсынбек КӘКІШЕВ:

Алтыннан да қымбат апам Халима мен ағамыз Әзілханға! Өмірдің өр биігіне достық көңіл, жарастық бірлікпен тарта берейік. Анау-мынауды ерлікпен, қуаныш-шаттық пен жеңіп және жан жадыратар күлкі қалжыңмен жүре беруге шақырушы Күбіра мен Тұрсынбек қой.

("Садақ". Эссе. 1986).

Тұрсынбек КӘКІШЕВ:

Алтыннан ардақты апам Халима мен асыл ағам Әзілханға әрқашан мықты денсаулық, шығармашылық табыс тілеп, бала-шағаның қуаныш-шаттығына бата беруді тілеуші

Тұрсынбек.

("Поступь ". Статьи,

исследования, портреты. 1988).

Тұрсынбек КӘКІШЕВ:

Ардақты Халима, аға Әзілхан!

Әрқашан амандық-саулықта болып, қалың әлеумет алдында жарқырай берулеріңізге тілектеспін.

Тұрсынбек.

("Жасампаз өлке". Сапарнама. 1989).

Тұрсынбек КӘКІШЕВ:

Ардақты апай Халима! Қадірлі ағай Әзілхан! Қазақтың қадірлі азаматтары екендеріңізді 70 жылдық тойларыңыз көрсетті ғой.

Осы абырой биігінен әрі өрмелеңіздер, төмендеуге құқықтарыңыз жоқ.

Әрқашан бала-шағаның қызық-қуанышына бата берулеріңізге тілектес

Күбіра, Тұрсынбек.

("Санадағы жаралар " кітабы. 1992).

Тұрсынбек КӘКІШЕВ:

Ардақты Халима Әзілхан!

Қыз Жібек пен Төлегендей болған іс - қылықтарыңыз бен жібек мінездеріңізге қызыға қарап, өнеге алушы Күләш Тұрсынбек деп түсінерсіздер. Әрқашан аман-есен болып, қуаныш шаттыққа кенеліңіздер.

("Сәкен сүйген сұлулар". 1997).

Тұрсынбек КӘКІШЕВ,

Күләш САДЫҚҚЫЗЫ:

Ардақты апамыз Халима!

Құрметті ағамыз Әзілхан!

Барлық үлгі-өнегені өздеріңізден алғандықтан, бірігіп кітап та жазып жібердік. Уақытыңыз болса — оқырсыз, көңіліңіз шапса — пікір айтарсыз 75 дегеннің қуатымен.

Қол ұстасып, жасай беріңіздер.

Қуаныш шаттық көп болсын.

Күләш, Тұрсынбек.

("Тар жол, тайғақ кешудің тағдыры". 1997).

Тұрсынбек КӘКІШҰЛЫ:

Ардақты Әзілхан аға!

Өмірдің әр қиясынан бірге өтіп келе жатқанда абыройлы болудың бір парасын Сіздің іс-әрекеттеріңізден көріп, ғибрат алып жүрген ініңіз екенім өзіңізге мәлім. Шығармашылықта шау болмайықшы. Менің ешқандай баға жетпейтін алтын апам Халиманың аруағы Сізді қолтығыңыздан демеп, жаңа жеңістерге жетелей берсін.

Тұрсынбек, Күләш.

("Мағжан-Сәкен". Ғылыми эссе. 2002).

Ғаббас ҚАБЫШЕВ:

Әз аға! Халима апай! Ауырғанды қоялық!

Ғаббас.

("Смех и слезы". Юмористические, сатирические рассказы. 1990).

Ғалымжан ҚАЛЛЕМОВ:

Қадірлі Халима тәте! Әзілхан аға!

Өздеріңізді ең жақын туысындай көріп, пана тұтатын ініңізден.

Ғ.Қаллемов.

("Мен жетім емеспін ". Повесть, әңгімелер. 1968).

Өтебай ҚАНАХИН:

Өзім аса қадір тұтатын Халима бәйбішеге және азамат ретінде де, қаламгер ретінде де, дос ретінде де пір тұтатын Әз ағама зор ізетпен.

Автордан. ("Құдірет ". Роман. 1979).

Өтебай ҚАНАХИН:

Халимашқа Өтебайдан.

("Мұрагер ". Әңгімелер. 1959).

Өтебай ҚАНАХИН:

Өзім өте жақсы көретін Әзілханға және Халимаға, Оларды қатты құрметтейтін автордан

Ө. Қанахин

. ("Ауыр күндерде". Повесть. 1958).

Ғаббас ҚАБЫШЕВ:

Әз аға! Халима апай!

Өздеріңіз әкеліскен Жеңіс тойының әлі де 25-ін өздеріңізбен пірі с өткізуді тілейміз.

Әзіз, Зада, Ғаббас Қабышевтар

("Біз де тірі жанбыз". Сықақ әңгімелер. 1993).

Жібек ҚАҢТАРБАЕВА:

Халима мен Әзекеңе,

Достық мейіріммен.

Автор.

("Аққағаз Досжанова". 1974).

Зейнолла ҚАБДОЛОВ:

Ардақты Әз аға мен сүйікті Халима апайға! Шын жүректен, Ақ тілекпен —

З. Қабдолов.

("Әуезов". Әдеби шығарма, ғылыми зерттеу бәрі де Әуезов туралы. 1997).

Орынша ҚАРАБАЛИНА

ҚАЗЫБАЕВА:

Халима апай туралы жазғаныңызды басылым беттерінен оқып, көз жасымды сытып алдым. Өзіңізге Алла қуат, ұзақ ғұмыр берсін. Балаларыңыздың, халқыңыздың қуанышына бөлене беруіңізге тілектес

Орынша қыздан. ("Тағдыр" кітабы. 1999).

Сайын МҰРАТБЕКОВ:

Қадірлі Халима жеңгей мен Әзілхан ағама! Сіздерге тек жақсылық тілеген, қашанда құрмет артқан көңілден.

Сайын Мұратбеков.

(Шығармаларының екі томдығы. Бірінші том. 1986).

Роза МҰҚАНОВА:

Қазақ халқына, ұрпағына мерейі үстем жазушы Әзілхан аға мен қадірлі Халима апайға Зор құрметпен

Роза.

("Жарық дүние". Әңгімелер. 1994).

Бақытжан МОМЫШҰЛЫ:

Қымбатты Әз аға, аса құрметті Халима aпa! Мен шын жүректен сіздің семьяңызға дүниедегі бар жақсылықты тілеймін. Денсаулықтарыңыз зор болсын, табыстарыңыз үлкен болсын. Жеңістеріңіз биік болсын, жұлдыздарыңыз жарық болсын.

Ініңіз Бақытжан Момышұлы

("Восхождение к отцу". Роман-эссе. 1986).

И.И. ЛЯПИН и

Т.С. САРТАКОВА:

Милым и добрым людям, дорогим нашим друзьям Халиме и Азильхану Нуршаиховым с любовью.

Игорь и Таня Ляпины.

(Ляпин И.И. "А вечности в запасе нет ".

Стихотворение, поэма. Мәскеу. 1985).

Кәмен ОРАЗАЛИН:

Халимаш пен Әзілханға!

Туысқандық көңілімізден.

Лиза, Кәмен. Абай селосы

("Ақжазық". Роман. 1959).

Кәмен ОРАЗАЛИН:

Халимашқа ескерткіш.

Оның балаларына ұзақ ғұмыр тілеймін.

Кәмен.

("Абайдан соңғы арыстар". Роман. 2002).

Жаппар ӨМІРБЕКОВ:

Ардақты Әзілхан, Халима! Байқағанға қызық екен бұл адам, Сырлас болмай, мұңдас болмай ұзақ жыл, Артық екен бірте-бірте ұнаған.

Жаппар ағаларың. ("Тастүйін". Повесть. 1980).

Жаппар ӨМІРБЕКОВ:

Ардақты Әзілхан! Халима!

Әкелеріңіз жүз жылдығын тойлап, мәз-мейрам болып отырмыз. Бұл соғыста кімнің әкесі өлмеді. Бірақ екеуіннен өзге қайсымыз соғыста өлген қарапайым солдаттың жүз жылдығын өткізіп жатырмыз?! Ағадан ұл туған екен, ата жолын қуған екен, өнегелі өрендер өсе берсін, өркенді өмір өте берсін. Нұршайық әулетінің даңқы арта берсін.

Жаппар Өмірбеқұлы.

("Неспроста цветут сады". Стихи. 1991).

Валентина ПАНФИЛОВА:

Милой, дорогой Халиме Халиақбаровне Нуршаиховой, человеку интересной судьбы. С любовью

В. Панфилова.

(Книга "Панфилов Иван Васильевич". 1975).

Семен РУФОВ:

ЯКУТИЯ

Халиме-ханум и Азильхану ага — с глубоқим уважением от всего сердца на память о наших встречах.

От Руфовых. 30 октября 1989 г. г. Алма-Ата.

Наши рекомендации