Зін-өзі танудың бөгеттері

Дағдарыс дегенің мағынасы қиын жағдайға тап болған кезде одан қалай шығуды білмеуді білдіреді. А. Г. Коволев дағдарыс кезі жеткіншектің жасына орай келмейді. Онымен үлкендер арасындағы қатынастың бұзылуынан пайда болады дейді. Осылай деу дағдарыс кезі жеткіншекте тіпті кездеспей, ол сергелдеңге ұшырамауы мүмкін. Демек жеткіншектердің үлкендермен қарым-қатынасы жақсы болып келсе онда дағдарыс кезі кездеспейді. Осы пікірге түгелдей қосылу қиын. Біріншіден дағдарысқа ұшырайтын үлкендер емес, жеткіншектің өзі. Екіншіден дағдарыс үлкендердің қатынасына риза болмаудан кездессе де мұның өзі тек 11-16 жас арасында болып отыр. Егер Коволевтың айтқаны дұрыс болса дағдарысқа ұшырау 7-10 немесе 16-18 жастарда кездесуі ықтимал болар еді. Бірақ осы жөнінде әдебиеттерде ешнәрсе айтылмайды. Біз осыны есепке алып жеткіншек пен ересектердің арасындағы қайшылыққа қайта оралайық. Жеткіншек үлкендердің өзінің есейгені мен өз беттілігімен санасуын әр сала бойынша талап етеді. Қыздар киім киуде, не өзін күтуде, ұл бала тиісті міндеттерді өз еркімен орындағысы келеді.

Осыған әуелі кезде туған-туысқандар қарсы шығады. Бұлардың қарсы шығатын себебі, басына сенім білдіргісі келмегеннен емес, оны бала деп бүлдіріп алады ғой денуінен. Бірақ жеткіншек бұған түсінбей «Мені бала деп сенбей отыр»-дейді. Егер осындай қатынас көп созылса жеткіншек пен үлкен адамдар арасында түсінбеушілік туып, бала ызаланып ерегісуге немесе үлкендер не айтса соны орындамауға тырысады. Екі арадағы қайшылықты кім жеңеді дегенде жеткіншектің талабы жаңа болғандықтан сол жеңеді деуге болады. Себебі: диалектиканың заңы бойынша жаңа нәрсе көнені жеңеді. Ал осы іске қалай асады. Бұл әуелі жеткіншек үлкен адамдармен қарсыласып оның сөзін тыңдамайды.Үлкендер әуелі жеткіншектерді тәртіпке шақыруға тырысады.

Тіпті жазалауы да ықтимал. Бірақ осыған жеткіншектердің кейбіреулері көнбей «түбінде үлкендер шаршап енді, сенің айтқанын бола қойсын» деуі мүмкін деген ойда болады. Осындай екі арадағы түсінбеушілікті неміс психологі К. Левин «ойлық, бөгет» деп атаған. Мұны солай деуінің себебі жеткіншек пен үлкендердің арасында түсінбеушілік болып, бөгет салынған соң енді үлкендердің сөзіне құлақ аспайды. Сондықтан жеткіншекке тіл алдыру үшін алдымен сол бөгетті жою керек. Ал бөгетті жою оңай емес. Сондықтан «өзін-өзі тану» пәніндегі оқушылар игеретін білім, білік және дағдылар барысында оқушылар өзара қарым-қатынаста шындықты айтуға жағымды ойлауға үйренеді. Өзара сыйластықты түсінуге қабілетті, айналасындағыларды ұнатып жақсы көре біледі, жақсылық жасауға дайын, жақындарын қуантуға асығады.Сабырлы, салмақты болуға, тәрбиелі болуға ойланып сөйлеуге үйренеді. Әдептілікке, ұқыптылыққа үйреніп көмектесе біледі. Өзгені ренжітпеуге тырысады. Өйткені мектеп жасындағы баланың көбіне көп негізгі әрекеті – оқу. Сондықтан өзін-өзі тану пәні барысында ол білімге, қарым-қатынасқа, имандылық адамгерішілікке үйренеді. Сонда мұғалімнің жеке бас үлгісі, сөзі мен ісінің сәйкестілігі, талапшылдығы отбасында баға жетпес құралына айналады. Бала тәрбиесі- болашақ кепілі, отбасы мен мұғалімдер қауымының абыройлы ісі. Тәрбиенің нәтижелігі терең тамырлы тәрбиені бойына дарытқан ортада болмақ. Ол ата-аналар өз міндетін жеке түсінгенде, мұғалімдермен ынтымақтастықта болған жағдайда алға басады.

Тақырып 3. Адамның ішкі дүниенің өзгешелігі.

Позитивті ойлау және ішкі гармония. Адамның ішкі ресурстары

Мақсаты: Өзін-өзі танудың мәні және оның негізгі сипаттамасын, өзі-өзі дамыту, адамның ішкі дүниесінің және өмірлік жолының құрылуын көрсету.

1. Өзін-өзі танудың мәні және оның негізгі сипаттамасы. Өзі-өзі дамыту, адамның ішкі дүниесінің және өмірлік жолының құрылуы

2. Субъективті шындықтың дамуы

3. Кәсіби өсу және өзіндік даму тұлға табыстылығының негізі ретінде

Кілттік сөздер: интерналдылық, инициативтілік, өзіне-өзі сенімділік, өзін-өзі таныту.

Зін-өзі танудың мәні және оның негізгі сипаттамасы. Өзі-өзі дамыту, адамның ішкі дүниесінің және өмірлік жолының құрылуы

Өмірдің мағынасы – ол адамның санасындағы субьективті ең маңызды құндылық және оның мінез-құлқының басты реттеушісіне айналған құндылық. Адам дамуының шыңы - осы процесте өз денсаулығының белгісі бойынша адам организімінің, құратын қатынастардың адамгершілік нормаларға сәйкестілік белгісі бойынша тұлғаның еңбектегі және қарым-қатынастағы, сондай-ақ қоршаған орта мен өзін-өзі танудағы сәттіліктер белгісі бойынша іс-әрекет субьектісі ретіндегі қабілеттерінің жететін ең жоғарғы көрсеткіші. Өзгелермен қарым-қатынас барысында қайталанбас тұлға ретінде қалыптасу, басқалармен дұрыс қарым-қатынас жасай білу - баға жетпес байлық. Осы байлыққа ие болған адам қоғамда өз орынын тауып, үйлесімді өмір сүре алады. Оған жету жолы сан түрлі. Соның бірі - өзін-өзі тану.«Өзін-өзі» тану курсы қазіргі таңда ғылыми жаңа бағыт болып табылады. Оның стратегиялық бағдары, тұлға болып қалыптасуы, дүние жүзілік көзқарасын кеңейту, әлеуметтік – экономикалық тапсырмаларды, күнделікті өмірдегікөкейкесті мәселелерді шешу, қарым-қатынас жасауға тағы басқа бағытталған.Тұлғаның өзін-өзі тануының негізгі құрамдас бөліктерін эксперименттік түрде анықтау мақсатымен оның төрт негізгі аумағын және олардың параметрлерін бөліп қарастырсақ, оларды төмендегідей көрсетуге болады.

1. Тұлғаның мотивациялық аумағы: мінез-құлықтың және іс-әрекеттің мотивтері, әлеуметтік қажеттіліктер.

2. Белсенділік аумағы: интерналдылық, инициативтілік, өзіне-өзі сенімділік, өзін-өзі таныту.

3. Тұлғаның құндылықтық-мағыналық аумағы: құндылықтық бағдарлар, өмірдің мағынасы мен мақсаттары.

4. Тұлғаның этникалық өзіндік санасының аумағы – этникалық жаңсақ нанымдардың негізінде қалыптасатын этномәдени сәйкестілік.

Өзiн-өзi тану сияқты күрделi психологиялық феноменнiң мазмұнына қатысты әр-түрлi көзқарастар бар. Тұлғаның өзiн-өзi тану теориясының негiзiн салушы К. Маслоудың анықтамасы бойынша, өзiн-өзi танып білуі - адамның өзiнiң барлық тұлғалық мүмкiндiктерi мен шығармашылық қабiлеттерiн толық ашуға және дамытуға үздiксiз ұмтылысы.Р.С. Немов өзiн-өзi тануды психологиялық бiлiм негiзiнде қарастыра, маңызды қайнар көздерiн атап көрсетедi:1. Қоршаған орта: ата-ана, туған-туыс, достар т.б баланың іс-әрекетiне қарап баға берiп, ал бала сол берген бағаны сенiм ретiнде қабылдап, қандай да бiр өзiндiк баға бала бойында қалыптасады.2. Адам өз iс-әрекетiн өзгелердiң iс-әрекетiмен салыстыра бағалауы.3. Өзiн-өзi тану мен өзгенi тану көбiнесе әртүрлi өмiрлiк жағдайлардан, әртүрлi тесттер арқылы жүзеге асыруға болады.С.В. Кондратьева бойынша өзiн-өзi тануды зерттеуде әртүрлi бағыттар, психологиялық механизмдер жайлы сұрақтар, басқа жеке адамды тануда өзара байланыс ерекшелiгi және өзiн-өзi тануы жеткiлктi дәрежеде зерттелiнбеген. Өзге адамды түсiнуде және өзара байланыс механизмiн, мазмұнын айқындауы, мiнез-құлық рефлексивтi қасиетiн анықтауға жол ашады деп көрсетедi.Л.Н. Десен тұлғаның өзiн-өзi тануы мен өзге адамдардың ол жайлы бiлуi, тануының арасындағы өзара байланысын зерттеуде, ең алдымен қоршаған адамдар ортасында қарым-қатынастың деңгейiн анықтау. Зерттеу мазмұнында тұлғаның қарым-қатынасы өзiнiң құрбыларымен, қарама-қарсы жынысты адамдар арасындағы қарым-қатынасы әсер етедi.Ж. Маралов бойынша, «өзiн-өзi тану» - бұл өзiнiң потенционалды және жеке бас қасиетiн, интеллектуалды ерекшелiгiн, мiнез-құлқын, өзiнiң қатынасын өзге адамдар арқылы өзiн тану процесi.Өзiн-өзi танудың ғылыми тұрғыдан қарастырғанда, психологияда кеңiнен ашылып көрсетiледi:- өзiн-өзi тану – психологиялық кемелдi және iшкi үйлесiмдiлiктi қабылдау құралы.- өзiн-өзi тану - тұлғаның психикалық және психологиялық денсаулықты қабылдау жағдайы.- өзiн-өзi тану - тұлғаның өзiндiк дамуының бiрден-бiр жолы және оның жүзеге асырылуы. Бұл мәндер өзара тығыз байланыста болып келедi және олар бiр-бiрiн толықтырып отырады.Классикалық психоанализде өзiн-өзi тану бейсанада ығыстыру ұғымымен сипатталынады. Австриялық психолог және психиатр З. Фрейд ығыстыруға агрессивтi және сексуалды тенденцияны жатқызады. Психоаналитиктiң мұндағы рөлi емделушіге (пациентке) арнайы психоанализ техникасын қолдана көмек беру.З. Фрейд шәкiртi австриялық психиатр А. Адлер өзін-өзі танудың мән-мағынасын адамның өзінің алдына қойған шынайы мақсатын танудан көреді.Гештальттерапияда өзін-өзі тану адамның тұлғалық кемелге жетудегі жетістік құралы ретінде қарастырылады. Неміс психологы Ф. Перлз тұлғалық кемел сапасындағы көрсеткішін мынандай түрге бөліп көрсетеді.

1. Басқаларға емес, өзіне демеулік, көмек көрсете алу.

2. Жауапкершілікті өз мойнына алу.

3. Қиын жағдайда өзіндік ресурсын жеделдету.

4. Дағдарыстан шығу үшін тәуекелге бару.

Наши рекомендации