Тәрбие құралдары, формалары және тәсілдері

Тәрбиенін құралдары, формалары мен әдістері түралы түсінік. Мектеп пен жанұяның педагогикалық процесінде оқушылардың жеке тұлғасын қалыптастыру жүзеге асады. Педагогикалық процесті сауатты ұйымдастыру үшін мұғалім оның теориялық негіздерін түсініп, оның мақсаттарын, міндеттерін, мазмұнын, құралдары, формалары жэне әдістерін, тәсілдерін ажырата білуі керек.

Құралдары формалар мен әдістер педагогикалық процеске қатысушылардың іс-әрекетінің қозғаушы күші болып табылады, соның арқасында жеке тұлғаның қалыптасуы жүзеге асады (Н. Д. Хмель).
Материалистік диалектика адам табиғатын биологиялык пен әлеуметтіктің (тұқымқалаушылық мүмкіндіктер мен әлеуметтік ортаның) бірлігі деп түсіндіреді. Адам, басқа да тіршілік иесі сияқты, табиғат және қоғаммен өзара әрекеттестікте болады, оларды өзінше қабылдайды, яғни осы әрекеттестіктің белсенді қатысушысы.
Қоршаған дүниені өзгерте отырып, адам өзін де өзгертеді (К. Маркс). Бұл ретте әр түрлі іс-әрекеттің орны ерекше. Адамның психикасы мен санасы қоршаған ортамен әрекеттестігі арқасында және нақты бір іс-әрекет барысында дамиды. Бұл ретте индивидумның іс-әрекеті жеке дара емес, басқа адамдардың (ата-ана, мұғалімдер, оқушылар т.б.) іс-әрекетімен тығыз байланыста жүзеге асады. Сондықтан жалпы адамзаттық мәдениетті игеру үшін бала қоршаған ортамен басқа адамдар арқылы әрекеттестікте болуы керек, яғни олармен қарым-қатынас жасауы қажет. Осылайша, іс-әрекет пен қарым-қатынас жеке тұлғаның қалыптасуының ең маңызды шарты болып табылады. Педагогикалық ықпал етудің амалдары да осылар.
Педагогикалық ықпал ету тәсілдері дегеніміз жеке тұлғанын қоршаған ортамен мақсатты әрекеттестігін ұйымдастыруға жағдай жасау. Сондықтан педагогикалық құралға жеке тұлғаның әрекеттестік жасайтын ортасы (табиғи, әлеуметтік, материалдызқ, рухани) және осы әрекеттестікті ұйымдастыратын іс-әрекеттің түрлері (қарым-қатынас, таным, ойын, еңбек, т.б.) жатады.
Педагогикалық құралға қатысушылардың іс-әрекеті мен қарым-қатынасы педагогикалық ықпал ету арқылы жүзеге асады. Оқу-тәрбие процесінің субъектілері-әрекеттестігінің формалары мен әдіс-тәсілдер арқылы шешілетін белгілі бір мақсаттары мен міндеттері, тиісті мазмұны бар, логикалық тұрғыдан аяқталған, белгілі бір уақыт аралығындағы педагогикалық процесс.
Ұйымдастыру формалары тұтас педагогикалық процеске қатысушылардың қарым-қатынасы мен әрекеттестігінің тәсілі ретінде де қарастырылады. Педагогикалық процестің ұйымдастыру формаларын былай жіктеуге болады:
— қатысушылар құрамы (жеке даралық, шағын топтық, топтық, ұжымдық, жаппай);
— тұтас педагогикалық процестің оқу жұмысында қолданылуы (сабақ, семинар, факультатив, экскурсия);
— таным іс-әрекетінің сыныпта және сыныптан тыс уақыттағы байланысы (бірлесіп жасайтын жұмыс, аз топпен жұмыс, білімді тексеру, оқу жағдайындағы кездесу т.б.)
— оқушылардың сыныптан тыс іс-әрекеті кезіндегі өзара әрекеттестігі (ертеңгілік, пәндік кеш, конференция, олимпиада т.б.).
Тұтас педагогикалық процесті ұйымдастыру формалары әдістер мен әдістемелік тәсілдер арқылы жүзеге асады. Тәрбие әдістері дегеніміз тәрбие мақсат-міндеттерін шешуге бағытталған тәрбиеші мен оқушының өзара байланысты іс-әрекеті. Педагогикалық процеске қатысушылардың тәсілдері мен нақты әрекеттері, оқушылардың белсенді іс-әрекетінің ынталануы тәрбие мақсатына бағытталуы керек. Тәсіл деген де ұғым бар. Әдістемелік тәсіл дегеніміз әдістің жеке көрінісі. Әдіске қарағанда ол бағыныңқы сипатта болады.
Формалар, әдістер, тәсілдер сияқты ұғымдар шынайы педагогикалық процесте өзара тығыз байланыста болады. Біріншіден, олар бір-біріне тәуелді (формалар мен әдістер, әдістемелік тәсілдер құралдар арқылы жүзеге асады); екіншіден, күнделікті тәжірибеде олардың арасында белгілі бір айырмашылық жоқ. Тәрбие әдістері мен тәсілдері әрқашан бірін-бірі алмастырып отырады: кей жағдайларда әдіс тәсілге айналады.
Педагогикалық процестің қозғаушы механизімінің негізгі компоненттерінің өзара байланысы кесте түрінде 1 суретте.

.

Оқыту түрлері

Оқыту - ғылыми білімдерді, біліктерді және дағдыларды игеруі бойынша, шығармашылық қабілеттерін, дүниетанымдықты, өнегелі-әдепті көзқарастарды дамыту бойынша оқушылардың белсенді танымдық қызметін ұйымдастыру мен ынталандырудың педагогикалық үрдісі. Қазіргі заман түсінігі бойынша оқыту үрдісінің келесі белгілері бар:

1. екі жақты сипаты;

2. оқытушы мен оқушылардың бірлескен әрекеті;

3. оқыту жағынан басқаруы;

4. арнайы жоспарланған ұйымдастрыу мен басқару;

5. бүтіндік пен бірлік;

6. оқушылардың жас дамуының жас ерекшеліктеріне сәйкестігі.[1]

Міндетті оқыту[өңдеу]

Міндетті оқыту - ағартушы саясаттын ұстанымы, осыған сәйкес заңнама тәртібінде белгілі бір жастың балалары белгіленген мөлшерде білім алуы тиіс. Барлығына жалпы және ақысыз білім - бірнеше жүзжылдықтар бойындағы халық массасы негізгі демократиялық міндеттерінің бірі.

Ашық оқыту[өңдеу]

Ашық оқыту - бірқатар шетелдердегі мектептерде оқу жұмысын ұйымдастыру тәсілі. Ашық оқытуға сынып-сабақтық жүйеден және берілген мөлшерлер негізінде үлгерімді бағалаудан бас тарту, оқу кеңістігінің «ашық», икемді ұйымдастырылуы, оқу топтарының жылжымалы құрамы, сонымен бірге оқу жұмысының түрлері мен тәсілдерін баланың еркін таңдауы тән.[1]

Оқыту тәжірибесі[өңдеу]

Оқыту тәжірибесі - табиғи тәжірибенің әр түрлілігі, ол психикалық құбыластардың (зерттеу мәнін құрайтын) шақырылумен қатар, оның тәжірибе жағдайларында қалыптасқанымен ерекшелінеді. Оқыту тәжірибесі психологияда тек зерттеу үшін ғана емес, сонымен қатар ақыл-ой дамуының, яғни тұлғаның үйренушілік деген қасиетінің диагностикасын жасауында қолданылады.[1]

Енгізілген оқыту[өңдеу]

Енгізілген оқыту - тәжірибелі нәтижеге жетуге бағытталған, арнайы ұйымдастырылатын және жоспарланатын оқу әрекеті, ал бұл үшін қажетті білімдер жолшыбай игеріледі.[1]

Дистанциялық оқыту[өңдеу]

Дистанциялық оқыту - бұл кез келген жерде тұратын әр адамның кез келген колледж немесе университеттің бағдарламасын оқуға мүмкіндік беретін білім технологиясы. Бұл мақсатты іске асыруы қазіргі заман ақпаратты технологиялардың бай жиынтығымен қамтамасы етіледі: оқулықтар және тағы басқа басылымдар, оқытылатын материалдарды компьютертелекоммуникациялар арқылы жіберу, видеосуреттер, компьютер телекоммуникациялар арқылы өткізілетін пікірталастар мен семинарлар, оқу бағдарламаларының ұлттық және аймақтық теледидардан және радиодан жүргізуі, кабельді теледидар және дауыс поштасы, екі жақты видеоконференциялары, және т.б. дистанциялық оқыту оқушыларға оқытудың орны мен уақытын, негізгі қызметін үзбей, оның ішінде алыс аудандарда тұратын адамдарға оқыту мүмкіндігін, пәндерді таңдау еркіндігін, ғылымның, білім мен мәдениеттің көрнекті өкілдерімен танысу мүмкіндігін қамтамасыз етеді.[1]

Инклюзивті оқыту[өңдеу]

Инклюзивті оқыту - мүгедек пен дамуында сәл бұзушылығы мен ауытқулары бар балалардың дені сау балалармен бірге олардың әлеуметтендіру және интеграция процестерін жеңілдету мақсатындағы бірлескен оқыту. Инклюзивті оқыту біріктірілген (оқушы дені сау балалар сыныбында/тобында оқиды және дефектолог-мұғалімнің жүйелі көмегін алады), жартылай (жеке балалар күннің бір бөлігін арнайы топтарда, ал екінші қарапайым топтарда өткізеді), уақытша (арнайы топтардағы балалар және қарапайым топтардың оқушылары бірлескен серуендерді, мерекелерді, сайыстарды, жеке істерді өткізу үшін біріктіріледі), толық (дамуда ауытқулары бар 1-2 бала бала бақшаның, сыныптың, мектептің қарапайым топтарына енгізіледі, мамандардың бақылауы бойынша түзету көмегін ата-аналар көрсетеді) болады.[1]

Контекстік оқыту[өңдеу]

Контекстік оқыту - болашақ кәсіби еңбектің пәндік және әлеуметтік мазмұны байланысқан және бұл арқылы студенттің оқу қызметін маманның кәсіби қызметіне аударудың шарттары қамтамасыз етілетін оқыту. Контекстік оқыту кәсіби оқытудың негізгі қарама-қайшылығын, яғни маман қызметі сапа жағынан өзге оқу қызметінің құралдарымен қамтамасыз етілу қажеттілігін, өтеуге мүмкіндік жасайды. Бұл қарама-қайшылық контекстік оқыту студенттер қызметі қозғалысының динамикалық моделін іске асыру арқылы өтіледі: өзіндік оқу қызметінен (мысалы лекция формасында) квази кәсіби (ойын формалары) және оқу-кәсіби (студенттердің ғылыми-зерттеу жұмысы, өндіріси к тәжірибе және т.б.) арқылы өзіндік кәсіби қызметке. А.А. Вербицкиймен жасалынады.

Политехникалық оқыту[өңдеу]

Политехникалық оқыту - оқушылардың қазіргі заман өндірісінің жалпы ғылыми ұстанымдарын игеруге, өндірістің техникалық құралдарымен жұмыс істеудің тәжірибелік әдістері мен дағдыларын үйренуге және дамуына қарай қазіргі заман техникасы мен технологиясын білу қабілеттілігін қалыптасуына бағытталған оқыту. Қазіргі уақытта политехникалық оқыту техникалық кәсіптердің мамандарын дайындайтын арнайы оқу орындарында қамтамасыз етіледі.[1]

Проблемдік оқыту[өңдеу]

Проблемдік оқыту - оқытылушылардың іздену қызметіне, олардың шынайы өмірлік және оқу қарама-қайшылықтарды айқындау мен шешуге негізделген белсенді дамыта оқыту. Проблемдік оқыту іргетасы мәселені (теориялық және тәжірибелік мүддедегі күрделі танымдық мақсатты) қозғау мен негіздеу болып табылады. Егер мәселе оқытушыларды қызықтырса, сонда проблемдік жағдай туындайды. Оқу үрдісінде мәселеліктің үш деңгейі болуы мүмкін: проблемалық мазмұндау, жартылай-іздену және зерттеу деңгейлері.

Бағдарламалы оқыту[өңдеу]

Бағдарламалы оқыту - алдын ала кұрастырған оқыту бағдарламасы бойынша қамтамасыз етілетін оқытудың бір түрі, ол әдетте бағдарламалы оқулықтар мен оқыту машиналары арқылы іске асырылады. Бағдарламалы оқыту барысында оқытылатын адамның материалы мен қызметі өлшемдерге(дозаларға) және қадамдарға (оқыту кезеңдері) мүшеленеді; әр қадамды орындауы бақыланады, материалдың келесі өлшемін меңгеруге ауысуы өткенді игеру сапасына байланысты болады. Бағдарламалы оқыту Б.Ф. Скиннер, Н. Краудер, атамекен психологтары мен педагогтары - А.И. Берг, В.П. Беспалько, А.Н. Леонтьев, П.Я. Гальперин ЮА. Самарин, Т.А. Ильина құрастырған.[1]

Дамыта оқыту[өңдеу]

Дамыта оқыту - оқу үрдісінің адамның мүмкіндіктері мен оларды іске асыруына беттеу. Дамыта оқыту тұжырымдамасында бала мұғалімдегі оқыту әсерлерінің объектісі ретінде емес, ал оқытудың өздігінен өзгеретін субъектсі ретінде қарастырылады.

Наши рекомендации