Тұлғаралық коммуникация

Адамдар арасындағы өзара әрекеттестікті тұлғааралық деуге болады, егер мына критерийлерге сай келсе:

- Бірнеше адам қатысады (2-3 адам)

- Бұл : қатысушылар жақын маңда болып, бірін-бірі көріп естіп және кері байланыс жүзеге асса іс-әрекет болады.

Тұлғааралық коммуникация – бірнеше адамдар арасындағы тілдік, тілдік емес құралдарды пайдалану арқылы жүзеге асатын өзара әрекеттестік, нәтижесінде қарым-қатынасқа түсушілер арасында психологиялық контакт және белгілі бір қатынас орнайды.

Тұлғааралық коммуникацияның пәндік облысын анықтауға «қарым-қатынас» сөзі көмек береді.

Зерттеулер көрсеткендей бұшл сөздің мағынасын мына 3 топпен байланыстырады:

4. Бірігу, ортақ нәрсе құру (достар компаниясы)

5. Хабар жіберу, ақпарат алмасу (әңгімелесу, сөйлесу)

6. Кездесуге әрекет, кірігу («терең түсінісу)

Тұлғааралық коммуникация қызметі немесе функциялары:

- Қарым-қатынастық функция – ақпарат алмасу үшін, ақпарат қабылдау үшін қарым-қатынас, контакт орнату

- Ақпараттық – хабар, ой, шешім, пікір алмасу.

- Қозғаушы, түрткі болатын функциясы – белгілі бір әрекет жасауға деген партнердің стимуляциясы

- Үйлесімділік – бірлескен әрекетті ұйымдастыруда өзара келісім мен түсіністік

- Түсінісу – көңіл-күйді, абыржуды, ниетті адекватты түрде дұрыс қабылдау

- Эмотивті – серіктесте керекті эмоциялық күй ояту, сонымен қоса абыржуды өзгерту

- Қарым-қатынас орнату – индивид әрекет ететін рөлдік, дәрежелік, іскерлік жүйеде өз орнын түсіну.

- Әсер ету – серіктестің жеке ойлау құрылымында күйді, қылықты өзгерту.

Тұлғааралық коммуникациядағы белгілі модельдер:

- Сызықтық модель:

Ақпарат жіберуші ойды, сезімді белгілі бір хабарламаға кодтап (сөйлеп, жазбаша, т.б) алушыға жібереді. Егер хабарлама әртүрлі кедергілерден өөтіп, алушыға жетсе сәтті болып саналады.

- Интерактивті – мұнда кері байланыс болумен ерекшеленеді. Алушы мен жіберуші орын алмасып отырады.

- Трансакционды – бір уақытта жіберу және қабылдауды қарастырады.

Бұқаралық коммуникация ұғымы «коммуникация» (байланыс, ақпарат) термині (лат. тілінен «сommunicatio»-хабар, ақпарат және «сommunicare»-жалпылау, әңгімелесу, байланысу, хабарлау, жіберу) ғылыми әдебиетте ХХ ғасырдың басында пайда болды. Коммуникация - адамдар, топтар, ұлттар, мемлекеттер арасындағы өзара әрекеттің қажетті элементі болып табылады.Коммуникация - бұл адамдардың тіршілік әрекеті үрдісіндегі олардың өзара әрекетінің ерекшелікті формасы. Коммуникация негізінде қоғамда индивидуалды(жеке) және ұжымдық мінез-құлық қалыптасады. Коммуникация мынадай түрлі формада іске асады:тұлғааралық байланыстың тілдік және паралингвистикалық (ым, қылық); мәдениет саласында - әдебиет, өнер және бұқаралық ақпарат құралдары.Коммуникация адами белгілер жүйесі (тілдер) арқылы индивидтер, топтар, ұйымдар, мемлекеттер, мәдениеттер арасында жүзеге асырылады. Коммуникация тұтас белгі хабарларын алмасу ретінде адамдар арасында қарым-қатынас кезінде жүреді, онда білім, ойлар, идеялар, қарым-қатынас жасаушылардын көңіл-күй сезімдері мен бағдарламалары бейнеленген.Коммуникация индивидуалды және топтар арасындағы сөйлеу тәртібі қалыптасатын әлеуметтік келісу процессі. Сондықтан да әлеуметтануда коммуникация тұлғааралықпен қатар бұқаралық коммуникация кең түрде зерттелді.Әлеуметтану әлеуметтік факторларды, яғни бұқаралық коммуникацияның қоғамдық пікірді қалыптастырудағы әсерін, адамдардың әлеуметтік шындық пен құндылықтарға қатынасын зерттейді.Коммуникациялық процестің тұрақты элементері болып: 1)жіберуші (коммуникатор, хабарды тасымалдаушы); 2)канал немесе арна ақпаратты жіберу құралы; 3)жеке хабар; 4)ақпараттың бағытталған тұлғасы-алушы.Бұқаралық коммуникация (БК)-бұл ақпаратты бұқаралық коммуникация құралдары (баспасөз, радио, киномотография,телевизиа), арқылы көпшілік аудиторияға адамдардың бағалау, көзқарасымен іс-қимылына әсер етуі арқылы хабарлау процесі.Бұқаралықкоммуникация тұжырымдамалары.Жалпы әлеуметтанылық контексттегі БК туралы алғашқы зерттеулер 20ғ. басынан басталды. БК жӛніндегі зерттеуледің негізі Г.Тард, Г.Лебон, П.Лавров, Н.Михайловский, Н.Кареева, П.Сорокиннің еңбектерінен қаланған. Алғашқы БК туралы тұжырымдамада бұқараны тобырдан бөліп қарастырады. Тобыр адамдарды басқаруға қабілетсіз және мүлдем жауапкершіліксіз қылады. Ол (тобыр) талқыламай эмоцияға, көңіл-күйге беріледі. Лебонның айтуына қарағанда, 20ғ. басты сипатын индивидтің тобырдың санасыз іс-әрекетін саналы іс-қимылға ауыстыруын санады.Француз әлеуметтанушысы және криминалисті Г.Тард өзінің тұжырымдамасын ӛз әріптесіне қарағанда тереңірек қарастырды. Лебон секілді Тард адам тобыр арасында тым эмоцияға берілгіш, саналы ойламайды деп есептеді. Адамдардың тобырдағы орташа саналық денгейі, әрбірін санаған кездегі деңгейден төмен екендігін айтты. Егер Лебон тек «шашыраңқы тобыр» туралы айтса, онда Тард жаңа әлеуметтік бірлестік –публиканы ерекше бөліп көрсетті. Публиканың құрылуының негізіне ол бұкараға әсер ету тәсілін алды. Публика ортақ ақпараттың көздерімен біріккен әлеуметтік топ.Танымал «Қоғамдық пікір (1920ж)» еңбегінің авторы В.Липпман қазіргі заман адамындағы дүниетанымының қалыптасу процесі БК-ң ықпал етуі стериотиптер негізінде іске асады. БАҚ хабарлайтын фактілерді өздерінің қарауына сәйкес түрлендіреді, кейде оны өзгертіп те жібереді. Қоршаған орта туралы түсініктері жөнінде жүктеп, БК олардың сана-сезімдері арқылы адамдар әрекетіне ықпал етеді. Осылайша баспасөздің адамдарды шексіз билеуі жүзеге асады.Американ әлеуметтанушысы Г.Ласуэлль 1948ж. өзінің «Дүниежүзілік соғыстағы насихаттау техникасы» атты кітабында тұңғыш және ең танымал, бес элементен тұратын: кім? (хабарды жібереді) -коммуникатор, не? жіберіліп жатыр)-хабар: қалай? (жіберілудің іске асырылып жатуы) -арна; кімге?(хабарламаның жеткізілуі)- аудиторияға; қандай? (хабардың әсерлілігі)-нәтиже.«Ең аз мөлшердегі әсер» (минимальный эффект) теориясының негізін қалағандардың бірі Н.Лазерефельд болып табылады. Қоғамдық пікірді сайлау науқаны кезінде зерттеудің нәтижесінде, ол, БК-ң аудиторияға шектеулі түрде, яғни, белгілі бір дәрежеде ғана әсер ететіндігін қорытты. Бұл зерттеулердің қорытындысы ретінде БК-ң аудиторияға екі сатылы әсер ету моделінің пайда болуына әкеліп, онда басымдық күшті БК емес, көшбасшының тұлғалық ықпал етуі атқарды. Кейіннен, Дж. Клаппер БК құрылымының адамдардың өміріне ықпал етуі шексіз еместігін, дегенмен, қабылдаған аудиторияға әсер ете алады деген қорытындыға келді. Сондықтан, БК халықтын сана-сезімінің ауысуының негізгі себепкері бола алмайды.Лазерефельд пен Клаппердің қорытындыларын саяси коммуникациядағы БАҚ-ң рөлі туралы кейінгі зерттеулері де дәлелдеп, БК ықпал ететін келесі факторларды анықтады:1) ақпарат көзі әрқашан хабарлаушымен(комментатор) байланысты, яғни, ақпараттың қалай және кіммен берілуі маңызды;2) хабардың контексі маңызды болып саналады;3) ақпарат көзі мен коммуникатордың арасында бір жағынан хабар мен аудитория, келесі бір жағынан «ақаулар», шудың болуы;4) референттік топтардың болуы маңызды.1953ж. К.Ховланд, А.Джанинс, Х.Келли «Коммуникация және сенім» атты кітәбін жарыққа шығарып сендіруші коммуникация тұрғысынан индивидтің(коммуникатор) екінші бір индивидтердің аудитория пікірін және мінез-құлқын өзгертуді ынталандыруды енгізетін процесс. Осынау енгізудің нәтижесі ақпараттың сапасы мен ақиқаттылығына, рецепиенттердің жеке тәжірибесі мен құндылық жүесінің негізінде анықталатын ақпарат көзінің мәртебесі мен беделіне де тәуелді болады.БК зерттеу жұмыстарында Б.Барельсонның жасаған аудитория қажеттіліктерін қанағаттандыру тұжырымдамасы аса үлкен рөлді атқарадыОның пікірінше БК аудитория қажеттіліктеріне бағыт ұстап ол белгілі бір дәрежеде ақпарат мазмұның анықтайды. Барельсон БК мен қоғамдық пікірдің өзара әрекеті туралы және де олар бір-біріне әсер етеді деген қорытынды жасайды. БК өзі қызметін іске асыру үшін, ол көпшілік аудиторияға назар аударып, оның қызығушылықтары мен дүниетанымын есепке алу тиіс. Сондай-ақ ол БК-ң қоғамдық пікірге ақпаратпен ықпал етуінен гөрі ақпаратты бағалау жағы басым деген қорытындыға келеді. Қоғам дамуын ақпараттық байланыстың техникалық құралдарымен байланыстырылған құрал теориясын жасап шығарған канадалық ғалым Г.М. Маклоэн болды.Маклоэн тұжырымдамасының басты тезисінде хабардың өзі құрал деп алады. Аудиторияға бағытталған ақпараттың сапасы, қабылдау деңгейі, сол ақпарат тасымалдайтын немесе жіберетін құрал немесе арна мен анықталады. Ақпаратты жіберетін әрбір құрал бір ғана арнайы тіл мен актуализацияландырылған әдіспен, қоғамға әсер ететін сол ақпараттың сипатын қалыптастырады соған сәйкес дүние қабылданады.

Наши рекомендации