Ересек тобының ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттік технологиялық картасы
Шағала» ересек тобының ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттік технологиялық картасы
«__02____»_______09___________ 2015 жыл
Білім беру саласы: Қатынас.
Бөлімі:Сауат ашу және жазу негіздері.
Тақырыбы:Сөз, сөз туралы түсінік қалыптастыру.
Мақсаты:сөздердің ұзын және қысқа сөз екенін түсіндіру, «а» дыбысын сөздер арасынан тапқызу арқылы ойлау қабілетін дамыту; ананы сыйлауға тәрбиелеу.
Қолданылатын көрнекі құралдар:әріп қималары, жұмыс дәптері.
Сөздік жұмыс:сөз.
Билингвальды компонент:ұзын-длинный, қысқа – короткий.
Оқу іс-әрекетінің кезеңдері | Педагогтің іс-әрекеті | Балалардың іс-әрекеті |
Мотивациялық-қозғаушылық | Балалар шеңберге жиналады. | Шаттық шеңберінде тұрып, өлеңді бірге айтады. |
Ұйымдастырушылық- ізденістік | Педагог: - Аналарыңа үй жұмысына көмектесесіңдер ме? -Жарайсыңдар, анаға әр кезде көмектесу керек. -«Ана» сөзі қай дыбыстан басталады? -Өте жақсы, балалар, сендер өткен тақырыпты ұмытпапсыңдар. -«А» дыбысы дауысты дыбыс па әлде дауыссыз дыбыс па? -«А» дыбысының дауысты дыбыс екенін тқалай білдіңдер? -Дауысты дыбыстарды қандай түспен белгілейміз? Балалар, сөздердің ұзын, қысқа болатынымен өткен тақырыпта таныстыңдар. Естеріңе түсіріп, өз есімдеріңді қолдарыңмен өлшеп айтып көрсетіңдерші. «Сөз айт, тез айт» дидактикалық ойыны: Педагог балаларға саусақ бұлшықеттерін дамыту жаттығуын жасатады. . Дәптермен жұмыс: дәптердегі №4 тапсырма бойынша орындалады. Жек жұмыс жүргізеді. | -Көмектесеміз. -«Ана» сөзі «а» дыбысынан басталады. -«А» дыбысы дауысты ыбыс. -А-а-а-а, - деп еркін және созып айтуға да болады. -Қызыл түспен белгілейміз. Ауада жазып көрсетеді. Балалар «а» дыбысы бар сөздерді есте сақтап айтады. Балалар «а» дыбысы бар сөздерді есте сақтап айтады. Қолдарымен өлшеп көрсетеді. Қайталайды. Балалар допты қағып алып, келесі балаға алма, Айша , анар секілді сөздер айтып лақтырады. Тапсырманы орындайды. |
Рефлекциялық түзетушілік | -Сөздердің ұзын, қысқа екенін немен өлшедіңдер? - Дыбыстардың дауысты, дауыссыз дыбыс екенін қалай білесіңдер? | -Қолымызбен өлшедік. -Еркін айтылуынан. |
Күтілетін нәтиже:
Орындайды: дыбысты ауада жазуды , мақал-мәтел ішінен «а» дыбысы бар сөздерді табуды, ұзын таяқшаларды жазуды.
Түсінеді:дауысты дыбысты қызыл түспен белгілейтінін , дауысты дыбыс еркін кедергісіз айтылатынын , сөздердің ұзын, қысқа болатынын.
Қолданады: дыбыстардың дауыссыз, дауысты екенін текшелермен көрсетуді, допты қағып алып «а» дыбысынан сөздер айтуды.
Ересек тобының ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттік технологиялық картасы
«______»__________________ 2014 жыл апта күні: Сәрсенбі
Білім беру саласы: Қатынас.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Сауат ашу және жазу негіздері.
Тақырыбы: Сөздер мен дыбыстар.
Мақсаты:өтілген тақырып сөздер мен дыбыстарды қайталау; «т» дыбысы жайлы білетіндерін сұрау, ойлау қабілетін дамыту; ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Қолданылатын көрнекі құралдар: көркем суреттер, жұмыс дәптері.
Билингвалды компонент: тоқылдақ-кукушка, түймедағы-ромашка.
Оқу іс-әрекетінің кезеңдері | Педагогтің іс-әрекеті | Балалардың іс-әрекеті |
Мотивациялық-қозғаушылық | Педагог бір адамның қатты жүріп келе жатқан дыбысына назар аудартады. - Не естідіңдер? - Дұрыс айтасыңдар. -Дыбыстарды естиміз, бірақ дыбыстар қалай естіледі? -Балалар, жалпы дыбыстар дауыссыз, дауысты болып екіге бөлінеді. Дауыссыз дыбыстарды көк түспен белгілейміз.Өткен тақырыпта қандай дыбыспен таныстындар? -«Т» дыбысы дауысты дыбыс па , әлде дауыссыз дыбыс па? Педагог «т» дыбысының айтылу артикуляциясын балалардан сұрайды. Педагог балаларға «Т» дыбысынан басталған заттардың суреттерін көрсетеді -Балалар сендер айтқан сөздердің бәрі де дыбыстан құралады.Сөзде дыбыс аз болса, ол қысқа сөзді құрайды.Мысалы: ту, тас, тал.Егер сөзде дыбыс көп болса, ұзақ сөз болады.Мысалы: тоқылдақ, түймедағы. «Күн мен түнді» дидактикалық ойыны: Қай сөзде «т» дыбыс бар? Күдіз аспанда не бар екенін, түнде аспанда не бар екенін түсіндіреді. Сурет қималарымен ажыратып көрсетеді. Дәптермен жұмыс: дәптердегі №6 тапсырма бойынша орындалады. Жеке жұмыс жүргізеді. | -Жүріп келе жатқан адам жүрісінің дыбысын естідік. -«Т» дыбысымен таныстық. -«Т» дыбысы дауыссыз дыбыс. Өткен тақырыпты естеріне түсіріп жауап береді. Суреттердегі заттардың аттарын айтады.Тасбақа, тарақ, тас, тоқылдақ,ту ,түлкі, туйме, түймедағы, тал. Қолдарымен өлшеп ұзын, қысқа сөз екенін айтады. -«Түн» сөзінде бар. Ұйымшылдықпен ойнайды. Қимылын жасайды. Тапсырманы орындайды. |
Рефлекциялық түзетушілік | -Балалар,бүгін қандай дидактикалық ойын түрлерін өттік? Ойын сендерге ұнады ма? | -«Күн мен түнді» -Әрине ұнады. |
Күтілетін нәтиже:
Орындайды:жаңадыбыстан басталатын сөздерге мысал келтіреді
Түсінеді:дыбыстардың айырмашылығы қандай екенін
Қолданады:кеспе әріптермен дыбыстарды қосып оқуды.