СӨЖ-дің күнтізбелік - тақырыптық жоспары

Тапсырмалардың мазмұны Сағат саны Тапсыру мезгілі Бақылау түрі
І. 1. Қазақ тіліндегі тасымалданбайтын сөздер жайлы баяндау. 2. Буынның түрлері жайлы ғалымдар (І.Кеңесбаев, А.Байтұрсынов, К.Аханов) пікірлерін салыстыру. 3. Қазақ тіліндегі дыбыстар алмасуы, оның себептері.       Конспект- сараптау    
ІІ. 1.Қазақ тіліндегі орфографиялық принциптер жайлы мәліметтер жинау, әр принципке көркем әдебиеттен мысалдар теру. 2.Қабаттаса қойылатын тыныс белгілері және олардың ерекшеліктерін баспасөз материалдарын пайдалана отырып, түсіндіру. 3.Глоссарий жасау.             Реферат жазу, кесте жасау.
ІІІ. 1.І.Кеңесбаевтың «Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігін» пайдалана отырып, қуану, реніш, ашулану сезімдерін білдіретін және алғыс мәнді фразеологизмдерге мысал жинау, түсінік беру. 2.Варваризм және жаргон ұғымдарына түсінік жазу және мысалдар теру. 3.М.Жұмабаевтың бір өлеңін талдау (сөз мағынасына қарай) және жатқа оқу.     Жазбаша пікірлерін білдіру, карточка жасау, ойтолғау.
ІҮ. 1.Қиыса байланысқан сөз тіркестеріне қатысты ғалымдар еңбектеріне сараптама жасау. 2.Жай сөйлемнің түрлеріне С.Мұратбеков шығармаларынан мысалдар жинау, оларға синтаксистік талдау жасау. 3.Жай сөйлемдердің күрделенуі жайлы баяндау. Реферат, синтаксистік талдау, ауызша баяндау.
  Барлығы  

СӨЖ-ге қосымша материалдар

1. Фонетиканың негізгі теориялық және практикалық аспектілері.

2. Дауысты және дауыссыз дыбыстардың жіктелуі

3. Буын түрлері және оның дыбыстық құрамы

4. Сөздің лексикалық және грамматикалық мағынасы

5. Фразеологиялық байлаулы мағына деп қандай мағынаны түсінеміз?

6. Синтаксистік шарты мағынаның көркем шығармадағы орны

7. Табу, эвфемизмнің ұқсастығы мен айырмашылығы

8. Дисфемизмнің тілдегі орны

9. Варваризмдердің тілдегі қызметі

10. Негізгі түбір және туынды түбір

11. Жұрнақ және жалғау, түрі, қызметі

12. Тіліміздегі сөзжасам тәсілдері

13. Сөздерді таптастыру принциптері.

14. Атаушы сөздер

15. Зат есім, сын есім, сан есім

16. Есім сөздердің зерттелуі

17. Көмекші сөздер

18. Негізгі және көмекші етістік

19. Етістіктің шақтары

20. Етістіктің райлары

21. Етіс түрлері

22. Термин сөздердің қызмет көрсететін саласы.

23. Терминжасамның қазіргі жағдайы, жасалу тәсілдері

23. Сөз тіркесінің құрамы мен құрылысы

24. Есімді және етістікті сөз тіркестері

25. Сөйлемнің тұрлаулы және тұрлаусыз мүшелері

26. Жай сөйлемнің айтылу мақсатына қарай түрлері

ГЛОСАРИЙ

Лингвистикалық терминдер Лингвистикалық терминдердің қазақша түсіндірмесі
Австриялық тілдер Австралияның жергілікті тұрғындарының тілі
Агглютинативті тілдер (жалғамалы тілдер) Агглютинативті тілдерге түркі, банту тілдері жатады.
Адъективация (Лат. – сын есім) – сөздің сын есімдер тобына өтуі.
Антитеза (Грек.) – қарама-қарсылық сөйлеу фигурасы.
Антонимдер (Грек.) – қарама-қарсы мағынадағы бір сөз табының сөздері
Антонимия Қарама-қарсы мағынасы бар лексикалық бірліктердің семантикалық қатынастарының түрі
Антропонимика (Грек.) – адам есімдерін зерттейтін ономастиканың бөлімі
Ассонанс Бірыңғай дауыты дыбыстардың қайталануы
Говор Жергілікті диалектілердің шағын аймақты қамтитын бөлігі
Дәйексөз (цитата) Төл сөздің бір түрі. Д. басқа біреудің айтқан пікірінен үзінді алынып, өзгертілмей беріледі
Деривация (Лат.) – бастапқы тіл бірліктерінен басқа туынды тіл бірліктерін (дериваттарды) жасау процесі
Диалектизмдер Әдеби тілге енбейтін, территориялық диалектілерге тән тіл ерекшеліктері
Диалог (Грек.) – екі не бірнеше адамның сұрақ-жауап ретіндегі сөйлесіп, тіл қатысуы
Диахрония (Грек.) – тіл жүйесінің тарихи дамуын зерттейтін тіл білімінің аспектісі
Дивергенция (Лат.) – тілдік негіздердің бір-бірінен алшақтауы
Диглоссия (Грек.) – қоғамда екі тілдің немесе бір тілдің екі түрлі көрінісінің әр түрлі қызметтік салада бір мезгілде өмір сүруі
Жаргон (Фр.) – тұрақты жеке әлеуметтік топтың ауызекі қолданыстағы сөйлеу түрі
Интонация (Лат.) – мелодия, интенсивтілік, ұзақтық, сөз темпі, айту тембрі сияқты бір-бірімен байланысты сыңарлардың бірлігі
Историзмдер Көнерген, ескірген ұғымды білдіретін сөз немесе сөз тіркесі
Калька (Фр.) – шет тілдерден жолма-жол аударудың арқасында пайда болған жаңа сөз, фразеологизм не сөздің жаңа мағынасы
Кәсіби сөз Белгілі бір кәсіпке, қызмет түріне байланысты шаруашылық саласындағы ерекшеліктерді білдіретін жалпы лексиканың бір бөліміндегі сөздер
Коммуникация (Лат.) – араласу, ойлармен, идеялармен, деректермен бөлісу т.б.
Компаративистика (Лат.) – салыстырмалы тарихи тіл білімі
Компоненттік талдау әдісі Тіл бірліктерінің мағыналық жақтарын зерттеу әдісі
Конвергенция (Лат.) – лингвистикалық болмыстардың жақындасуы немесе сай келуі
Конверсия (Лат.) – грамматика мен лексикада мағынасы баламалы сөйлемдердегі субъект пен объект арасындағы қатынастың көрінісі
Көнерген сөздер Күнделікті қолданыста жоқ, бірақ пассив сөз қорында сақталған, жалпыға бірдей түсінікті сөздер
Қазақ тілі Түркі тілдерінің бірі. Қазақстан мемлекетінің мемлекеттік тілі
Қанатты сөздер Фольклор, әдебиет, публицистика не ғылымнан енген және тарихи қайраткерлердің айтқан тұрақты, образды, қысқаша сапталған сөйлемдері
Қолданбалы лингвистика Тіл қолдану мәселелерінің практикалық әдістерін жасаумен айналысатын тіл білімінің бағыты
Лексема Сөз қорындағы бірлік ретінде қарастырылатын сөз. Ол тілдің грамматикалық тұлғасы мен флексиясын, сонымен қатар нақты мағыналық варианттарды анықтап отырады. Л.-ның формальды және мағыналық қасиеттері бар.“Л”. терминін 1918 ж. А.Пешковский ұсынған.
Лексика (Грек.) - тілдегі сөздер жиынтығы; тілдің сөздік қоры.
Лексикография (Грек) – сөздіктер жасаудың тәжірибесі және оның теориясымен айналысатын тіл білімінің саласы. Практикалық Л. қоғамдық маңызы бар қызмет атқарады, олар мынадай: 1) тіл үйрету; 2) ана тілдің қалыптасуы; 3) тіл аралық қатынастар; 4) тіл лексикасын зерттеу (этимологиялық тарихи сөздіктер т.б.).
Лексикология (Грек.) – тілдің сөздік қоры мен тіл лексикасын зерттейтін тіл білімінің саласы.
Лингвистикалық география Тілдік құбылыстардың территориялық таралуын зерттейтін тіл білімінің саласы. ХІХ ғ. соңғы кезеңінде Л.г. диалектологиядан бөлініп шығады. Л.г. ареалды лингвистикамен тығыз байланыста болады.
Лингвистикалық палеонтология (Грек.) – бағзы замандардан келе жатқан, тарихта сақталған тілдің ең көне элементтерін анықтайтын лингвистикалық зерттеулердің жиынтығы.
Лингвистикалық статистика (Лингвистика) – 1) кең мағынада: тіл білімінде статистикалық тәсілдерді қолдану; 2) тар мағынада: лингвистикаға қатысы бар кейбір математикалық проблемаларды зерттеу.
Логикалық бағыт (Тіл білімінде) – тілдің, ой мен білімге (танымға), түрлі философиялық және логикалық мектептерге қатыстылығын зерттейтін ағымдар мен тұжырымдардың жиынтығы.
Мақал Ауызекі тілдегі қысқа және тұрақты ритмикалық құрылысы бар халықтың ғасырлық тәжірибесі сақталған нақылды сөйлем. Жай не күрделі сөйлем түрінде келеді: М.дың тікелей не ауыспалы мағынасы болады. М.дың фразеологиялық жүйеге кіруі не кірмеуі әлі шешілмеген мәселе. Мыс.: “Оқу – инемен құдық қазғандай”, “Ауруда – шаншу жаман, сөзде – қаңқу жаман” т.б.
Метафора (Грек.) – троп немесе сөйлеу механизмі. М. сөздің басқа мағынада қолданылуы.
Метонимия (Грек.) – троптың бір түрі, бір объектінің не объектілер тобының атауын басқа объектігеқолдану.
Морф (Грек.) – морфеманың текстегі өкілі, текстегі ең кіші, маңызы бар бірлік. “М”. терминін 1947 ж. Ч.Ф.Хоккет ұсынған. Бір морфеманың әр түрлі М.-тары оның алломорфтары деп аталады.
Неологизмдер (Грек.) – Тілде не тексте пайда болған жаңа сөздер, сөз тіркестері немесе сөздің жаңа мағынасы.
Омонимия (Грек.) – тіл білімінде мағыналары бөлек тіл бірліктерінің дыбыстық сәйкестілігі. Лексикалық омонимдер айтылуы бірдей, бірақ мағыналары (семалары) бөлек сөздер.
Ономасиология Номинация (атау) теориясы. Семантиканың бір бөлігі. Семасиологияға қарама-қарсы қойылады.
Ономастика (Грек.) – жалқы есімдерді зерттейтін тіл білімінің саласы.
Орфография (Грек.) – 1) хатта қолданылатын тарихи қалыптасқан жазу жүйесі; 2) Жазудың бірыңғайлығы үшін ережелер жүйесін жасайтын тіл білімінің бір саласы.
Орфоэпия (Грек.) – 1) бір қалыпты дыбысталуды қамтитын ұлттық тіл нормаларының жиынтығы; 2) Дұрыс сөйлеуді зерттейтін лингвистика саласы.
Орхон-Енисей жазулары тілі Көне әдеби тілдерінің шартты атауы. Олар қазіргі Монғолия (Орхон, Селенга т.б. өзен алқаптарында), Енисей өзені маңында (Тува, Хакасия, Минусинск ойпатында) және Шығыс Түркістанда табылған.
Палеография (Грек.)-жазу таңбаларының пайда болуын және олардың дамуын зерттейтін тарихи-филологиялық пән.
Паронимия (Грек.)-семантикалық ерекшеліктері бар (толық не жартылай) сөздердің (паронимдердің) дыбыстық ұқсастығы.
Парцелляция (Француз)-тұтас бір сөйлемнің бірнеше дербес фразаларға бөлшектенген көрінісін жасаудағы тәсіл.
Пауза (Лат.)-сөйлеу кезінде кідіріп қалу
Пациенс (Лат.)-сөйлемдегі пассив тыңдаушының семантикалық мінездемесі (рөлі). П. термині жағдайға араласпайтын пассив қатысушыны белгілейді.
Перифраза Бір ойды көптеген тәсілмен жеткізетін стилистикалық тәсіл.
Полилог (Грек.)-бірнеше адамның әңгіме құруы.
Полисемия (Грек.)-тіл бірлігінде бірнеше мағынаның болуы. Лексикалық П. бір сөз арқылы болмыстың түрлі заттары мен құбылыстарын белгілеу қабілеті. Сөздің мағыналық жағынан дамуы. Сөздік қордағы сөздерге тән қасиет. Қазақ тілінде зерттеле қоймаған. К.Аханов, Р.Садықбеков еңбектері бар.
Ритм (Грек.)-құрылымдық, текст жасау және экспрессивті-эмоциялық қызмет атқаратын ұқсас, үйлесімді тіл бірлектерінің жүйелі қайталанып тұруы.
Риторика (Грек.)-прозалық қара сөз және ауызекі көркем сөздің жасалуын зерттейтін филологиялық пән.
Салыстырмалы-тарихи тәсіл Салыстырмалы-тарихи тіл білімінде тіл топтарының дамуындағы тарихи заңдылықтарды білу мақсатында, тарихи-генетикалық зерттеулерде қолданылатын әдістер жиынтығы.
Салыстырмалы-тарихи тіл білімі Туысқан, шығу тегі бір тілдерді зерттеумен айналысатын тіл білімінің бір саласы.
Сема (Грек.)-мағынаның ең кіші бірлігі. С. –белгіленетін заттардың, болмыс құбылыстарының әр түрлі қырлары мен қасиеттерінің тілдегі элементарлы көрінісі.
Семантика (Грек.)-1) тіл немесе оның бірлігі (сөз, сөздің грамматикалық тұлғасы, сөз тіркесі, сөйлем) арқылы берілетін мағына, хабар; 2) Осы мағынаны, хабарды зерттейтін тіл білімінің саласы; 3) Семиотиканың негізгі тарауларының бірі.
Семиотика (Грек.)-1) хабарды (информацияны) сақтап, басқаға жеткізе алатын әр түрлі таңбалық (семиотикалық) жүйелердің құрылысы мен қызметін зерттейтін ғылыми пән.
Синекдоха (Грек.)-жалпының орнына жалқы, бүтіннің орнына бөлшек немесе керісінше қолданылатын стилистикалық тәсілмен жаңа мағына жасау жолы.
Синонимдер (Грек.)-мағыналары толық не жартылай сәйкес келетін, бір сөз табына жататын сөздер (фразеологизмдер, морфемалар, синтаксистік құрылымдар).
Синонимия (Грек.)-мағыналары толық не жартылай сәйкес келетін тіл бірліктерінің семантикалық қатынастар түрі.
Сөз тәртібі Сөйлемдегі не синтаксистік топтағы сөздердің реттелуі
Сөздік 1) лексика; тілдің диалектінің, әлеуметтік топтың, жазушының т.б. сөздік қоры. 2) Сөздерді (морфемаларды, сөз тіркестерді, идиомаларды) ретімен келтіріп, оларға түсінік беретін анықтамалық кітап.
Сөздің лексикалық мағынасы Зат, қасиет, процесс, құбылыс т.с.с. түсінікті ой-санада бейнелеп тұрақтандыратын сөз мазмұны.
Сөздің түрленуі Кез келген сөздің парадигмасы, яғни оның сөзтұлғасы мен барлық аналитиеалық тұлғаларының болуы.
Сөйлеу Бір мезгілде болатын нақтылы сөйлеу. С.-дің дыбыстық және жазба түрлері бар. С.-ге: сөйлеу қызметі және С. нәтижесі де (жадта сақталған және жазылған шығармалар) жатады.
Сөйлеу әуені Интонацияның негізгі бөлігі. С.ә. негізгі тон жиілігінің өзгеруіне байланысты болады.
Сөйлеу этикеті Қоғамда қабылданған ресми не бейресми жағдайда әңгіме құрушылардың әлеуметтік рөліне сай болатын сұхбаттасу ережелерінің тұрақты жүйесі.
Стилистика Тіл білімінің бір бөлімі. Оның негізгі зерттеу объектісі-стиль
Табу (Полинезия сөзі)-кейбір сөздерді, есімдерді, сөйлемдерді атауға тиым салу.
Термин (Лат.)-Ғылымның арнайы саласындағы ұғымды білдіретін сөз не сөз тіркесі.
Типология (Грек.)-Тілдердің құрылымдық және функциональдық (қызметтік) қасиеттерін шығу тегіне қарамастан салыстыра зерттеу.
Топонимика (Грек.)-Географиялық атаулардың (топонимдердің) қызметін, маңызы мен шығу тегін, құрылысы мен тарау шеңберін, белгілі уақытта дамуы мен өзгеруін зерттеумен айналысатын ономастиканың бөлігі.
Транслитерация (Лат.)-Қайсыбір тілдегі текстерді не сөздерді басқа графикалық жүйе арқылы жазу. Халықаралық стандарт ұйымы (ХСҰ) үлгілерін жасайды.
Троп (Грек.)-Поэтика мен стилистикадағы түсінік. Т. –ауыспалы мағынада қолданылатын сөздер (образдар). Жеке Т.-тар: метафора, метонимия, синекдоха, эпитет, гипербола, литота,оксюморон, перифраза. Т.-сөз көркемділігін арттыратын әдіс ретінде ежелден белгілі.
Тұрақты мағына Сөздің негізгі мағынасынан өрбіген жаңа мағынаның бірте-бірте тұрақты мағынаға айналуы.
Түркология Түркі халықтарының тілдерін, тарихын, әдебиетін, фольклорын, жалпы мәдениетін зерттейтін гуманитарлық пәндердің кешені.
Тіл Тіл білімінің негізгі зерттеу объектісі. Т. деп адамның табиғи тілін атайды (жасанды және жануарлар тілінен бөлек). Т.-дің пайда болып, өмір сүруімен байланысты.
Тіл білімі (лингвистика) Табиғи тіл туралы ғылым. Т.б. әлеуметтік ғылымдармен байланысты.
Тіл бірліктері Әр түрлі қызметі мен мағынасы болатын тіл жүйесіндегі элементтер.
Тіл саясаты Қоғамда, мемлекетте тіл мәселелерін шешуде қолданылатын идеологиялық принциптер мен шаралардың жиынтығы.
Тілдерді жүйелеу (классификация) Дүние жүзіндегі тілдерді белгілі бір таксономиялық топқа жатқызу.
Тілдердің генеалогиялық классификациясы Әлем тілдерінің туыстығын анықтауға, яғни олардың бір ортақ тілден тарауына негізделетін зерттеу нәтижелеріне сүйеніп, тілдерді белгілі бір топтарға (семья, группа) жатқызу.
Тілдердің типологиялық жүйесі Тілдердің туыстығын (ұқсастығын) және ерекшеліктерін анықтау үшін жүргізілетін лингвистикалық зерттеулердің бір бағыты.
Тілдік байланыс Тілдің құрылысы мен сөз қорына әсер ететін екі не одан көп тілдердің өзара қатынасы.
Ұғым Болмыс заттары мен құбылыстарын жалпылама түрде белгілейтін ой;
Ұлттық тіл Ұлт ішінде қолданылатын (ауызша және жазбаша түрде) тілді белгілейтін әлеуметтік-тарихи категория
Филология (Грек.) – гуманитариялық пәндердің кешені, олар: тіл білімі, әдебиеттану, текстология, палеография т.б.
Фраза (Грек.) – толық ойды білдіретін сөйлеудің негізгі бірлігі. Ф.-ның белгілі синтаксистік құрылысы болады. Ф. сөйлемге айналуы мүмкін, ол бірнеше синтгармадан тұрады; Паузалармен шектелген сйлемнің атауы; Паузамен шектелген кез келеген интонациялық-мағналық бірлік. Лексикадағы фразаға қарсы қойылады.
Фразеологизм (Фразеологиялық бірлік) – семантикалық тұрақты байланыста болатын сөйлемдер мен сөздердің тіркесуі.
Фразеология (Грек.) – тілдің фразеологиялық қорын зерттейтін тіл білімінің бір саласы; Фразеологиялық қор – тілдегі фразеологизмдердің жиынтығы.
Эвфемизм (Грек.) – эмоция жағынан бейтарап сөздер. Э. құлаққа ерсі естілетін сөздердің синонимдері ретінде жұмсалады.
Эллипсис (Грек.) – сөйлеуде не тексте тіл бірлігінің жетіспеуі, әдейі түсірілуі.
Эмфаза (Грек.) – сөйлем ішінен мағыналық жағынан басым сөздерді ерекше бөліп алып айту.
Этимология (Грек.) – сөздің шығу тегін зерттеумен айналысатын тіл білімінің саласы; сөздің шығу тегін анықтаудағы зерттеу тәсілдері, зерттеудің нәтижесі; сөздің шығу тегі.
Этнолингвистика (Грек.) – тілді мәдениетпен, тілдік, этномәдени және этнопсихологиялық факторлармен байланыстыра қарастыратын тіл білімінің бағыты.
Этнонимика (Грек.) – этнонимдердің пайда болуын, тарауын, қызметі мен құрылысын зерттеумен айналысатын ономастиканың саласы.

Наши рекомендации