Сабақтың тақырыбы: Сақтардың мәдениеті

Сабақтың мақсаттары: Сабақта сақтардың мәдениеті туралы түсінік беру. Оқушылар сақ мәдениетінің ескерткіштерін біледі. Қазақстанның өңірлерінде орналасқан сақ мәдениетінің ерекшеліктерімен танысады.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ.

Негізгі жабдықтар: оқулық, таза қағаз, фломастерлер, таратпа парақшалар, бағалау парағы, фотоаппарат, бейнекамера.

Оқу нәтижелері: Сақтардың мәдениеті туралы түсініктері қалыптасады. Сақ мәдениетінің ескерткіштерін біледі.

Сілтеме:Ежелгі Қазақстан тарихы оқулығы

Сабақ кезеңдері Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушылардың іс әрекеті уақыт Модульдер
Ұйымдастыру кезеңі     Бағалау парағын тарату Жағымды психологиялық ахуал тудырады. «Австралиялық жаңбыр» сергіту сәтін қолдану. Күн ашық. Күнді бұлт торлады. Жел тұра бастады. Жаңбыр себелей бастады. Жаңбыр нөсерге айналды. Жаңбыр шелектеп құйды. Жаңбыр толастай бастады. Жаңбыр себелей бастады. Жел басыла бастады. Бұлттар сейіле бастады. Күн ашылды. Оқушыларды КҮН, БҰЛТ, ЖАҢБЫР деп топтарға бөлу: 3 –топқа. 1 топ – бақылаушысы Құралай, 2 топ бақылаушысы мамыргүл, 3 топ бақылаушысы Камила. Оқушылар мұғалім көрсеткен іс-әрекеттерді қайталайды.   Оқушылар өз атаулары бойынша топтарға отырады 2 мин   1 мин     СТО    
Білу кезеңі Үй тапсырмасын тексеру. Класстерлер әдісі бойынша үй тапсырмасын тексеру. Берілген үй тапсырмасын класстерге түсіру үшін, топтағы әр бала өзіне тиісті флипчарттағы орынға не түсінгендігін түсіреді. Топтасып ортаға бір түйін жасайды. Әр бала флипчарттағы өзіне тиісті орынға үй тапсырмасынан не түсінгендігін салады. Сонан соң бірлесіп, ортаға бір түйін шығарады. Топ болып қорғайды. 6 мин СТО, АКТ
Түсіну Жаңа материалға ену Оқушылар сөзжұмбақ жасырылады. Сөзжұмбақты шешеді. 3 мин СТО, АКТ
Қолдану Жаңа материалды түсіндіру «Ойлан, жұптас, топтас» тапсырмасы. (оқулықпен жұмыс) тақырыпшаларды топтарға бөліп беру. 1 топ –Сақтардың мәдениеті мен ескерткіштері. Шығыс Қазақстан. 2 топ – Сақ мәдениеті мен ескерткіштері. Оңтүстік Қазақстан және Жетісу жері. 3 топ – Сақтардың мәдениеті мен ескерткіштері. Орталық Қазақстан. Түсінгендері бойынша постер жасау. Өкілдерді орындығына стикер жабыстыру арқылы таңдау. Саусақпен бағалау әдісін түсіндіру. Әдісті орындайды. Тақырыпты түсінеді. Постерлар жасайды.   Топ өкілдері тапқан стикерлері арқылы анықталады. «Галерея» әдісі бойынша қорғайды. Топтар бірін-бірі саусақпен бағалайды.   15 мин ОмОЖТ, ОБжК, СТО, ОүБОБ, ТжДБО,ОЖЕСО
Талдау Топтарды қайта орналастыру. Гүл шоғы әдісін түсіндіру (қызыл, сары, ақ гүлдер) Тапсырмалар орындау. 1 топ – сызба толтыру 2 топ – кесте толтыру 3 топ – эссе жазу. Топтар тапсырмаларды өзара алмасу арқылы тексереді. Тексеру нәтижесін сұрайды. Оқушылар атаулары бойынша топтарға орналасады. Берілген тапсырмалардағы Сызба сызады, Кестені толтырады, Эссе жазады. Толықтырады, түзетеді. (қызыл түсті фломастермен) 5 мин   2 мин СТО, ОБжК, ОүБОБ,ТжДБО, ОЖЕСО
Жинақтау Синквейн әдісі бойынша Оқушыларға бес жол өлең жазу алгоритмін беремін. 1. Зат есім – 1 сөз 2. Етістік – 2 сөз 3. Сын есім – 3 сөз 4. Мақал-мәтел немесе синоним – 4 сөз. 5. Сөйлем – 5 сөзден тұрады. Синквейн әдісі алгоритмін қолданып, 5 жол өлең құрайды.   5 мин СТО, ОмОЖТ
Бағалау   «Көңіл күй нысанасы» әдісін түсіндіріп, бағалату. Қызыл – менің көңіл күйім болмады, маған сабақ ұнамады. Көк – көңіл күйім орташа, сабақ жартылай ұнады. Жасыл – көңіл күйім жақсы, сабақ өте ұнады. Түстер бойынша оқушылар өз көңіл күйлерін білдіру ұсынылады. Әр топтан 1-2 баладан ойын сұраймын. Оқушылар көңіл күйіне байланысты стикер түстерін таңдай отырып, нысанадағы түстерге өз аты жазылған стикерін жапсырады. Топтардан 1-2 бала өз ойын білдіреді. 1 мин СТО, ОүБОБ
Бағалау Топ бақылаушыларынан бақылау нәтижелерін және бағалау парағына түсініктеме сұрайды. Топ бақылаушылары бақылау және бағалау нәтижелерімен таныстырып, дәлелдейді. 5 мин ОүБОБ,ОБжК

Наши рекомендации