Ылмыстық атқару құқығының қағидалары.

Қылмыспен қүресу саласында мемлекет белгілі бір саясат жүргізеді. Қылмыспен күрес әр алуан бағыттарда жүретіндіктен жүргізілетін саясатта бірнеше түрге бөлінеді: қылмыстық-құқықтық саясат; қылмыстық іс жүргізу саясаты; қылмыстық-атқару саясаты; постпенитенциарлық саясат.
Мемлекет өзінің қылмыстық-атқару саясатына сүйеніп және оны көрсете отырып қылмыстық-атқару заңнамасын құрастырады, қылмыстық жазаны атқаратын мемлекеттік мекемелер мен органдар жүйесін құрады.
Қылмыстық-атқару саясатының стратегиясы, негізгі нысандары, заңнамалары қоғамда қалыптасқан экономикалық жағдайға, қоғамның адамгершілік жағдайына, оның құқықтық санасы деңгейіне, адам құқықтары бойынша халықаралық актілерге тағы да басқа жағдайларға байланысты болады.
Сонымен қатар қылмыстық-атқару саясатының бағыты, қабылданатын заңдар мен заң нормалары белгілі бір қағидатерге негізделуі тиіс. Қылмыстық-атқару құқығының қағидатері дегеніміз қылмыстық-атқару саясатының және қылмыстық-атқару құқығының институтары мен нормаларының дамуына негіз болатын түпкі, бастапқы идеялар.
Қылмыстық атқару құқығы қағидаларынажалпы құқықтық, салалық (арнайы) және салааралық қағидалар кіреді. Олар барлық қылмыстық-атқарудың заң шығаруы арқылы өтеді және міндетті түрде:
- қылмыстық-атқару саясатының жалпы бағытын көрсетеді;
- қылмыстық-атқару заңын жетілдіруді және негізгі даму бағытын айқындайды;
- жалпы құқық қағидатерімен ара қатынаста және іштей келісімде болады;
- тұрақтылықты қамтамасыз етеді.
ҚР Қылмыстық-атқару кодексінің 6-бабында мынадай қағидалар көрсетілген:
- заңдылық;
- баршаның заң алдындағы теңдігі;
- гуманизм (ізгілік);
- демократизм и жариялық;
- жазаларды атқарудың саралануы мен жеке даралығы;
- жазаны түзеу ықпалымен біріктіруді қамтамасыз ету.
Біздің ойымызша заңдылық қағидасының мағынасына мыналар кіреді: қылмыстық жазалардың орындалу тәртібі мен шарттары тек қана заңмен белгіленуі тиіс; сотталғандар қалмыстық жазаны өтеген уақытта заңмен бекітілген міндеттерді ғана орындап және заңда көрсетілген құқықтарға ғана иелік етулері қажет; қылмыстық жазаны орындаушы субъектілердің қызметтері тек қана заң негізінде жүргізілуі қерек; қылмыстық-атқару заңын, оның нормалары тек қана заңды жолмен қабылдау қажет.
Заң алдындағы баршаның теңдік қағидасы сотталған адамдардың құқықтық мәртебелері олардың ұлтына, ана тіліне, жынысына, дініне, әлеуметтік және басқада жағдайына байланысты болмауын талап етеді. Адам мен азаматтар заң алдында тең құқықты. Бұл қағида ҚР Конституциясының 14-бабы 1-тармағында бекітілген.

Гуманизм қағидасы сотталғандарға кішіпейілділік білдіру, олардың мұқтажына ықыласпен қарау, дер кезінде медициналық, әлеуметтік көмек көрсету, жазаны өтегеннен кейін оларды еңбекке орналасуға, күнделікті тұрмысына көмектесу, сотталғандардың жеке басының қауіпсіздігін қамтамасыз ету т.с.с. талап етеді.
Қылмыстық-атқару құқығының гуманизм қағидасы тек қана мемлекеттердің шағарған заңдарында ғана емес, адам құқығы және сотталғандармен айналысу туралы көптеген Халықаралық актілерде бекітілген.
Демократизм қағидасының мағынасы біріншіден, қылмыстық атқару заңын, оның нормалары тек қана заңды жолмен және халық атынан заң шығарушы органдар қабылдауын қажет етеді. Екіншіден, демократизм дегеніміз заңмен белгіленген құқықтар мен бостандықтарға иелік етіп, сонымен қатар заңға бағыну, басқа адамдардың құқықтары мен бостандықтарын бұзбау болып табылады. Қазақстан Республикасы Конституциясының 12-бабында адамның және азаматтың өз құқықтары мен бостандықтарын жүзеге асыруы басқа адамдардың құқықтары мен бостандықтарын бұзбауға тиіс екені бекітілген.
Жариялық қағидасы сотталғандарды тәрбиелеу жұмысына жұртшылықты, азаматтарды, басқа да мекемелер мен кәсіпорын әкімшіліктерін тартуға, олардың жазаны атқару органдарының қызметіне бақылау жүргізуін талап етеді. Жариялық қағидасы қылмыстық жазаны атқаруға, сотталғандарды түзеу жұмыстарына байланысты ақпараттарды құпия ұстамай, керісінше оларды жұртшылыққа жеткізіп отыруды талап етеді.
Жазаларды атқарудың саралану қағидасы сотталғандарды жастарына, жыныстарына, соттылықтарына байланысты топтарға бөліп, оларды жекелеп ұстау талабын қояды.
Жазаларды атқарудың жеке даралық қағидасы тәрбие жұмысын жүргізгенде сотталғандарды түзеудің негізгі құралдарын қолданған кезде әрбір сотталған адамның педагогикалық, психологиялық, физиологиялық т.с.с. тек қана сол жеке тұлғаға тән ерекшеліктерді ескеруді талап етеді.
Жазаны түзеу ықпалымен біріктіруді қамтамасыз ету қағидасы қылмыстық жазаны өтеу кезінде сотталғандармен тәрбиелеу жұмысын ұйымдастыруды, сотталғандарды түзеудің негізгі құралдарын қолдануды талап етеді.
Жоғарыда аталған қылмыстық-атқару құқығының қағидалары бір-бірімен өзара тығыз байланысты. Осы қағидалардың талаптарын қылмыстық-атқару саясатының бағытын белгілегенде, қылмыстық-атқару заң нормаларын қабылдағанда, жазаны орындаушы мекемелер мен органдардың күнделікті қызметтерінде ескеру керек.
Біздің ойымызша қылмыстық атқару заңдарының қағидаттары көрсетілген ҚР ҚАК 6-бабына мына қағидаттарды қосса дұрыс болар еді: прогрессивтік жүйені дамыту; жабық түзеу колония жатақханаларынан түрме камераларына біртіндеп көшу; жабық түзеу колонияларын біртіндеп колония-қоныстарға; жазалау шараларын үнемдеу; сотталғандарға постпенитенциарлық көмек көрсету.

Наши рекомендации