Рөлді ойынды ұйымдастыру

Тренингте ең көп қолданатын әдіс болып табылады. Дж.Морено «роль» деген сөз латын тілінен шыққан дөңгелек деген мағынаны білдіреді деді. «Роль» деп XYI – XYIII ғ-да актерлердің ролін айтатын.

Рольдік ойындар деген түсінік XX ғ-дан бастап дами бастады. 1950 жылдан бастап рольдік ойындар АҚШ-та 2 жолмен тарады. Олардың біреуі – психотерапияда, социометрияда, психодраммада, гештальттерапияда кеңінен қолданады. Екіншісі тренинг топтарда қолдана бастады. Бұл тренинг топтар өзіндік жетілумен шешіледі.

Қазіргі тренингтік практикада рольдік әдіс, бұл – диагностикалық, прогностикалық, коррекциялық және әлеуметтік психологиялық мамандарды дайындау.

Рөлді ойындар сипаттамасы

Негізгі мінездемесіне мыналар жатады:

- әлеуметік, экономикалықжүйеге енгізілген басқару жүйесі. Оларға жоғарғы оқу орны, фабрика, завод, дүкен, музей, кітапхана, мектеп және т.б. жатады;

- рөлдердің болуы және олармен қарым-қатынасы;

- ойыншының мақсатының болуы;

- коллективтің мақсаты;

- көп альтернативті шешім;

- жеке және топтық ойыншылардың шығармашылық ойын бақылау;

- эмоционалды әсер етудің басқару жүйесі.

Тренингте қолданатын рольдік ойындар жеке тұлғаның қызығушылығын арттырады.

Рөлдік ойындар арқылы жеке тұлғада жаңа идеялар пайда болады. Олар тренингкеқатысатын ойыншыларға өздерінің мықты және әлсіз жақтарын табуға көмектеседі.

Рөлдік ойындарда басқа технологиялар сияқты кемшіліктері де бар, егер де дұрыс дайындық болмаса, ол абстракті болып қалуы мүмкін.

Рөлдерді екі топқа бөлуге болады:

1. Рөлдерді бөлгенде кейбір ойыншыларға ғана беріледі, қалған ойыншылар белсенді көрермендер болып табылады, арбитрдің функциясын атқарады.

2. Тренингке қатысушылар бірнеше топқа бөлініп, бір рольді ойнайды.

Педагогикалық қарым-қатынас тренингінде қолданатын рольдік ойындардың мынадай түрлері бар.

Тура ойындар – модельдік элементтердің кәсіби әрекеті.

Жеке рольдік ойындар – ойыншылар жеке индивидуальды рольдерді алып, бір-бірімен қарым-қатынас жасайды.

Тағы бір рольдік ойынның түрі бар. Ол инвертті ойын.Ойыншыларға басқа тұлғалардың проблемаларын табуға көмектеседі. Бұл ойын былай сипатталады. Ойынның ортасында тренер ойыншыларды бір-бірімен ауыстырады, яғни рольдермен көптеген нәрселерді үйренуді осы рольдерді ойнау әдістемесі арқылы білуге болады.

Бұл әдістеме үйренушіге өзін-өзі ұстай білуді, адекватты қабылдауды үйретеді.

Имитациялық ойындар

Бұл ойындар балалық және әскери рольді ойындардан пайда болады. Имитациялық ойындарды «белсенді жаттығулар» деп те атайды.

Имитациялық ойындар өзәне бес ірі құраманықосыпалады. Олар: ойыншылар, сарапшылар, ойынды ұйымдастырушылар, қарастырылатын мәселе бойынша материалдар мен эксперименталды жағдайлар, ойынның сценариі мен регламенті.

Педагогикалық қатынастар тренингтерінде қолданылатын имитациялық ойындармен сылтаулату ойындары әдетте мынадай мақсаттарды көздейді:

- лидерлерді анықтау;

- ойын технологиялары мен әртүрлі техникаларды қолданудағдыларын үйрету;

- өзара әрекет ету процесі жайлы кешенді көріністер мен конструктивті өзара әрекет етуді үйрету;

- әдеттегі әңгімелесуші жайлы ақпарат алу;

- өзараәрекететудің конструктивті стратегияларын меңгерту;

- бәсекелестік түрлерін меңгерту;

- іскерлік сыбайластар мен әріптестердің дағдыларын үйрету;

- презентациялық іскерлік пен дағдылардың дамуы.

Имитациялық ойындарды төмендегі үш ірі кезеңнің жиынтығы ретінде қарастыруға болады.

1-ші кезеңде (мәселені диагностикалау және талдау) эксперимент бастамас бұрын ойыншыларсипаттамасы мен әдістемелік зерттеулері бойынша қарастырылатын мәселемен танысады.

Талдаудың 2-ші кезеңінде ойын іс-әрекетінің барысында қарастырылатын мәселелер осы процеске белсенді қатысушылардың көбінде көрінеді.

3-ші кезеңде тренингке қатысушылар қорытынды сюжеттің шегінде ғана өздерінің өмірлік тәжірибелері мен білімдерін пайдалана отырып, өздерінің ой-пікірлерін бөлісе отырып, мәселені шешуде өз шешімдерін қалыптастырады. Бұл ойын міндетті. Топаралық дискуссия мен пікірталас аяқталады. Имитациялық ойындарды жүргізу мен ұйымдастыру принципінің арасында барлық ойын технологияларына қолданылатындарын бөліп көрсетуге болады:

- модельденген жүйе немесе жағдайлардың проблемасына толығымен жүктеу;

- ойын материалдарына әрдайым енуі;

- ойынға қатысушыларға бірдей өлшемді ойындық ауыртпалықтар;

- ойындағы топтардың жарысуы;

- модельденген шындыққа жанасуы.

Тапсырманың басы қарапайым, түсінікті, әрі қысқа болғаны жөн.

Педагогикалық қатынастар тренингінің бағдарламаларында ойындық өзара әрекеттерде әртүрлі шешімдер қабылданатын интерактивті, интеллектуалды имитациялар қолданылуы мүмкін. Мұндай ойындар іскерлік қатынасқа келісім жасай алуға, өзінің ойын білдіре алуға, сыбайласын тыңдай алуға үйретеді.

Ойынға қатысушылардың жалпы мақсаты басынан айтылмайды. Ол өз бетімен қалыптасуы мүмкін және оған жету үшін ойыншылар өздері өзара әрекет етудің механизмдерін игереді. Шешім ұжыммен қабылданады. Имитациялық интерактивті ойындарда ереже бойынша баламасы болмайды. Қатысушылар қатаң түрде ұсынылған нұсқаулар бойынша ғана әрекет етулері тиіс. Мұндай типтегі ойындар өзіндік мәнімен қатар лидерлерді анықтауға арналған тренингтердің технологиялары ретінде де қолданылуы мүмкін.

Пікірталас - жаттығу әдісі ретінде

Пікірталас (дискуссия-латынның diskussio – қарастыру, талдау, зерттеу деген сөзінен шыққан) тренингтік әдіс ретінде өзгеше, себебі проблемалық бір ғана сұрақпен шектеледі.

Пікірталастың өнімділігі тренинг бастамас бұрын оқылған лекциялардан немесе нұсқаулар арқылы қалыптасуы мүмкін, тренингке қатысушылардың білімдерінің деңгейіне байланысты.

Тренер дискуссияның жоспарын құрастырғаны жөн, олар мынадай болуы мүмкін:

- тақырыппен және онымен байланысты адамдармен таныстыру;

- пікірталастың уақытын анықтау;

- талқыланатын сұрақтарды құрастыру;

- сұрақтар қатарын дайындау;

- жақсы жағдай жасау;

- қоршаған ортаны ұйымдастыру.

Топтық және топаралық пікірталастар, бір жағынан, жоғарыда сипатталған кез-келген технологиялардың атрибуты болып табылады. Топаралық пікірталас «осы жерде және қазір» принципінің негізінде жұмыс жасауға мүмкіндік береді және рольдік қатынастарды табиғи жолмен толықтырады. Бұл жағдайдағы ситуацияны талдау, туындаған проблеманың өзектілігін талқылап қана қоймай, кері байланысты жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Мұндайпікірталас жалпы әлеуметтік психологиялық білімдерді нығайту үшін пайдалы. Пікірталасты қолдана отырып, тренер әртүрлі эффектілерге жетеді. Өйткені ол:

- проблема туралы толық көрініс береді;

- тренингке қатысушылардың өзара позицияларын анықтайды;

- ұжымдық шешімдерге топтық нормада мәртебе береді;

- ұжымдық және жеке дара жауапкершіліктердің механизмдерін өзектендіреді;

- пікірталасқа қатысушылардың өздерінің қажеттіліктерін қанағаттандыруға мүмкіндіктері бар;

- тренер өткен өмірлік және ойындық жағдайларға ретроспективті салыстырмалы талдау жасай алады.

Тренердің бақылау пәні мына параметрлер болуы мүмкін:

- инновациялық технологияларды үйретуге деген мотивация;

- оқу топтарының белсенділігі;

- ұйымшылдық және сәйкестік деңгейі;

- интеллектуалды белсенділік;

- эмоционалды-қызбалық;

- топтың динамикалық ерекшеліктері;

-шешім қабылдау процесіндегі оқушылардың талаптану деңгейі.

Видеожаттығулар

Видеожаттығулар – видео жазбаны қолдануға негізделген тренинг болып табылады. Педагогикалық қатынастар тренингтерінің тәжірибесінде оқыту мақсаттарында видеожазбаның 2 негізгі тәсілдерін қолданады: дайын видеоматериалдарды көрсету және ойын тапсырмаларын орындау барысында жазбаны қолдану, қарастыру және оны талдау. Дайын видеофильмдерді қолдану, ақпараттандыру, проблеманы қою, әдеттер мен дағдыларды дамыту сияқты әртүрлі оқу тапсырмаларына қызмет етеді.

Видеожаттығуларды қолдану конструктивті мінез-құлық пен қарым-қатынас дағдыларын дамытуы, психологиялық ұстанымдарды, ұйымшыл болуды үйретеді.

Видеожаттығулар кері байланысты мамандар оқытудың бастамасында қолдануға болмайды деп есептейді, себебі олар тренингке қатысушылардың қарама-қайшылығын тудыруы мүмкін. Олар мынадай формалардан көрінеді:

- тренердің айтқанына деген құрылымсыз сыни бағалаулар;

- скептицизм;

- теориялық сәйкессіздігі;

- болып жатқандардан ауытқу;

- қызбалық көзқарас;

- кей-кезде дауыстың өзгеруі.

Тәжірибелі тренер әрдайым вербальды және вербальды емес сигналдар бойынша қарсыласу белгілерін сезіп қояды. Негативті тенденцияларды болдырмас үшін, камераны екінші және үшінші күндерінде қолданған жөн. Егер де топ оқуға, үйренуге дайын емес болса, онда видео жазбаны тренингтің басында қолданған жөн. Бұл кезде видеолық кері байланыс «жарылыс эффектісін» қалыптастырадыжәне де мұндай жағдайда проблематизация мотивацияны жоғарылатады. Осыған қоса есте ұстайтын жәйт, ол проблематизацияны жүзеге асырғаннан кейін тренингті позитивті түрде аяқтаған жөн. Видеожазбаны бастамас үшін позитивті психологиялық ұстаным ретінде әрекет ететін алдын-ала уайымдық қажет.

Ұстанымдар күшті болған сайын, оқу жетістіктері де жоғары болады. Ол студентке немесе үлкен тыңдарманға өзін экраннан көре отырып, өзіндік коррекция жасауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар тренингке қатысушылар өздерінің көзқарастарын, ым-ишара, жест, реакцияларын, жүріс-тұрыстарын бағалай алады. Өзі туралы 55% ақпарат алуға мүмкіндік береді. Осындаймақсатпен тренингке қатысушыларға мынадай тапсырмалар беруге болады. Мысалы, бақылауды нақты жазып отыру, нақты бір шешімдер қабылдау, вербальды қателіктер, вербальды емес сигналдар және т.б.

Наши рекомендации