Дәріс 7. Іскер басшының этикасы мен этикеті

1.Қызметкерлерге бірыңғай талаптар қою

2. Қыззметтік міндеттерді орындады ынталандыру

3. Қызметкерлердің тікелей басшысымен қарым-қатынас этикасы

4. Басшыға қажетті 12 ереже -ақыл

Кезкелген еңбек ететін ұжым қызметін талап деңгейінде жүргізіп, жоғары табыс тауып, халыққа танымал биікке көтерілуі үшін оны білікті , іскер азаматтың басқарғаны дұрыс. Ал оның осы бағыттағы іс-әрекетінің тиімділігіне жеткізетін жол – ұжымда қалыптасқан еңбек тәртібі. Еңбек тәртібі дегеніміз шетел тілінен аударғанда осы ұжым мүшелерінің барлығына бірдей қойылатын талаптарын бұлжытпай орындау.Жалпы түрде еңбек тәртібі нені білдіреді?

1. Қайсыбір құжат, не конституцияға негізделген фирманың немесе кәсіпорынның ішкі структуралық құрылымының субординациялық талаптарына сай іс-әрекет ету;

2. Фирманың, кәсіпорынның ұйымдастыру жүйесінің қабылдаған ережелерінсақтау, орындау;

3. Фирма, не кәсіпорынның жетістіктері үшін өз физикалық және ақыл-ой қуаттарыңды аямай жұмсау, өз ісіңе мұқияттылық таныту.

Осы талаптарды басшы әр жұмыс жасаушыға таныстырады. Келісім шартқа отырады. Келісім-шарт екі жақтың міндеттері мен құқықтарын анықтайтын құжат. Жұмысқа қабылданған азамат кадр бөлімінде келісім-шартқа қол қою барысында талаптармен танысып, оны мүлтіксіз орындау міндетін алады.

Әрине кезкелген қызметкер үшін еңбек тәртібі жұмысқа уақытында келуінен басталады. Пунктуалдылық, дәл уақытында жұмысты бастау – бұл қазіргі кездегі адамның интеллегенттігінің көрсеткіші, өз еңбегіңе деген шынайы пейілін білдіреді, және оның осы арқылы болашақта кәсіби биіктерге жетуінің алғышарты.

Уақытында, кешікпей жұмысқа келу арқылы сіз вахтерге, хатшыға есеп беріп отырасыз, себебі олар келген,кеткен уақыттары бойынша есеп жүргізіп, тәбель толтырады, ал тәбель-сіздің жалақы деңгейін анықтайды.

Еңбек тәртібі адамның ішкі тәртіптілігімен, өз-өзін сыйлауымен де байланысты. Себебі еңбек етуші өзінің жағымсыз көңіл-күйіне, бас ауруына, не кездескен жағымсыз жағдайына қарамастан вахтерге, хатшыға ұстамдылық танытып, ішкі сезімдерін білдірмей әдепті түрде сөйлеуі керек.

Еңбек тәртібі ұжымдылықты талап етеді.Ол сенен куні бойы болатын өз жұмыс орнынды дайындауды қажет етеді.Тіпті уақыт тығыз болғанның өзінде жұмыс орны саған оң әсер етуі тиіс, сондықтан жұмыс куні алдында, жұмыс күні аяқталғанда жұмыс орнынды ретке келтіруді күнделікті ереже есебінде қабылдауың керек.

Еңбек тәртібі екі түсініктен тұрады: біріншіден-қолданыстағы ережені мүлтіксіз орындау, екіншісі-өз ісіңе жауапкершілікпен қарау. Оларды бір-бірінен бөліп қарауға болмайды.

Жұмыс күні басталды делік. Енді сенің өз жауапкершілігің, өз еңбегіңе деген ынта-жігеріңнің деңгейі басталады. Оның көрсеткіші сенің еңбексүйгіштігің, тиянақтылығың, еңбегіңе талдау жасап, оны өз шығармашылығыңды пайдаланып жетілдіру мүмкіндігіңді іске қосу,т.б.

Іс-әрекетінің барысында ұжымыңмен, басшылармен қарым-қатынасқа түсесің. Еңбек тәртібі сізден басшылардың тапсырыстарын мүлтіксіз орындауды талап етеді.Ал сіздің көңіліңізге қонымсыз тапсырма берілген болса, оны тапсырма берген басшыға айтып түсіндіруге тырысу керек.

Еңбек тәртібі “бюллетень”, ”ақысыз демалыс”, “прогул”, “жоспарлы демалыс” түсініктерімен де байланысты. Олардың бәрі дерлік келісім-шартқа қарастырылады. Бірақ әркез күтілмеген жағдайларға тап болғанда, телефон арқылы ескертіп отыру керек.

Еңбек тәртібі сізде белгіленген күндерде жұмыста болуды талап етеді. Бірақ кейде мереке күндеріне байланысты, егер демалыс сол күндерге тап келсе, жұмыс күндерінің өзгерулері де мүмкін. Ал фирма, егер ол тіпті жеке болса, өзгерістерді өз бетінше коюы да мүмкін. Сол себепті, ұсынылған өзгерісті, сізге жақсын-жақпасын, қабылдауға міндеттісіз.

Кейде мынадай жағдайлар да орын алуы мүмкін. Сіз берілген тапсырманы белгіленген мерзімге орындай алмайтын болып қалсаңыз не істеу керек? Тікелей басшыңызға оны хабарлап себебін түсіндіру қажет. Егер кінә сізден болса, онда жұмыс уақытынан тыс кезде, яғни жеке уақытыңыздың есебінен толықтыру керек.

Егер тапсырысты орындауға басқа адамдар да қатысатын болса, онда барлық орындаушылар жиналып, мәселені ортақтасып шешулері керек.

Кейбір фирмаларда қызметкерлер форма киюі тиіс. Ал форма сіздің талғамыңызға қайшы болса не істеу керек? Фирманы таңдаған сіз болғандықтан оның барлық шарттарына келісіп, форманы киіп жүруге міндеттісіз.

Сырт пішінге байланысты тағы бір жайт. Мысалы, сіз мұрныңызға сырға тағып жүр екенсіз. Ал фирма талабы оны қолдамаса талапқа бағынуға тура келеді.

Осындай т.б. мекемелер мен фирмалардағы ерекшеліктерді ескеріп, оларды келісім – шартқа енгізіп, бірінші күнен бастап қызметкерге қатаң талап қойып, орындалуын қатаң қадалағанда ғана ортақ мақсатқа жұмылған ұйымшыл ұжым пайда болады. Ол әрине бірте – бірте пайда – табысын молайтып, қызметкерлеріне жағдай жасауға көңіл бөлетін болады. Табысы мол, қызметкерлерінің жағдайы фирманың басшысының абыройы да, беделі де өз ұжымының алдында биік деңгейде болатыны сөзсіз. Міне, жақсы басшы болудың шарты осында.

Басшыға қажетті 12 ереже-ақыл

Қазіргі демакратиялық құндылықтар орын алып отырған заманда басшының жұмыс стиліне де өзгерістер еніп отыр. Қазір басшыға жазалаушы, тек үрей туғызушы тексеруші ролін меңгеру жеткіліксіз.Американың менджмент мектебінде басшыларға , мысалы, мына 12 ереже –ақылдарды ұсынған.Предлагаем вам двенадцать заповедей руководителя, которые заимствованы из школы американского менеджемента.

1. Басшының –мәжбүрлеуші, қайырып айдаушы, (погонщик) болу заманы өтті.Кәзір басшы жетекші (руководитель). Мәжбүрлеуші өзінің билік күшіне сүйенсе, жетекші жетегіндегілердің мүмкіндігіне, сеніп оларды әртүрлі проблемаларды шешуге араластырады.

2. Басшы өз-өзіне, өз ісіне сенімді, мақсатты, батылболып , осы қасиеттерін қызметкерлеріне таныта алуы тиіс. Тік жүру, басын әркез көтеріңкі ұстау, нық жасалатын қадамдар өз-өзіне сен,імді болу дағдысын қалыптастырады.

3. Басшы басқаруды ұйымдастыру білімімен таныс болуы керек

4. Басшы бағыныштыларының уақытын бағалай білуді үйренгені жөн

5. Басшыға қаталдық пен талапшылдық қасиеттері қажет Бірақ қаталдық пен талапшылдық ілік іздушілікке, қатыгездікке ұласпауы керек. ( Но строгость и требовательность никогда не должны переходить в придирчивость и жестокость.)

6. Басшының сынай да, сынды қабылдай да білгені дұрыс

7. Басшы жазалай да кешіре де білуі керек. Бағыныштыңа жасалатын бірінші ескертуіңді ешкімнің қатысуынсыз (куәсыз) бірге-бір жасаған жөн..

8. Басшының әркез жылы шырайда, әдептілік көрсеткені дұрыс

9. Басшының керек жерде қалжыңды да пайдалана алу қасиеті болғаны дұрыс. Орынды пайдаланған қалжың көңіл көтеріп, жұмыс өнімділігін арттыруға әсерін тигізеді.

10. Басшының айтатынын айта да, әңгімелесушіні тыңдай да алғаны дұрыс

11. Басшы үнсіз отыруды да білгені жөн. Эйнштейннің жетістікке жету формуласы: «Х+У= жетістік» мұндағы Х- еңбектену білігі, У- үнсіздік білігі Эйнштейна однажды спросили:“ Вы умеете все изображать формулами, даже самые сложные проблемы; могли бы вы написать формулу вашего жизненного успеха?". Эйнштейн написал: « Х+У=успех» Х – умение работать. У – умение молчать.

12. Басшы өз бағыныштыларын білгені дұрыс. Әсіресе үлкен ұжымдарда, себебі онда «ескерусіз қалатындар» болу ықтималдығы жоғары

Наши рекомендации