Кесте.€

  Негізгі ұғымдар Сипаттамасы
Ғылым нысаны Ғылым субъектісінің танымдық, дұрысында зерттеушілік қызметі бағытталған өмірдегі шындықтың бір сәті, кесіндісі, бір жағы, бөлігі.
Ғылыми пәннің нысаны Ғылым субъектілері танымдық, зерттеушілік кызметінде өзара байланысқа түсетін заттар, құбылыстар, өмірдегі шындық процесі, яғни „нысан" субъекті мен объективті шындықтың өзара әсерінің өнімі, өйткені ол нысаннан тыс өмір сүре алмайды.
Таным нысаны Ғылыми пәннің өз нысанының аясынан шыға кететін өте кең ұғым, өйткені барлық жас пен әр түрлі дәрежедегі адамдар жеке тұлғаны әлеуметтендіру теориясына сәйкес өмір бойы танымдық процесс үстінде болады.
    Таным процесіне енген өмірдегі нысанның байланысы, қатынасы, қасиеттері. Теорияда сипатталатын шындық құбылыстардың жиынтығы. Осы сатыда зерттеушінің практикалық және теориялық қызметінің пәніне айналатын оъективті шындықтың бір бөлігі.
Зерттеу нысаны Танушыға тәуелсіз, бірақ сол арқылы бейнеленетін нақты ізденіс өрісі ретінде қызмет ететін белгілі бір қасиеттер мен катынастардың жиынтығы. Жекелеген ғылыми қоғамдастықтар мен ғылыми қызметкерлердің ғылыми-зерттеу кызметінде қолданылатын, жаңа білім алуға немесе ескі білімдерді реттеуге арнайы, мақсатты түрде бағытталған ұғым-түсініктер.
Зерделеу (оқу) нысаны Бұл ұғым негізінен тікелей бүрыннан белгіленген ғылыми білімдер мен шындықтарды, заттар мен қүбылыстардың заңдылықтарын игеруге негізделген оқу процесімен байланысты және қатаң зерттеу сипатына ие емес.
Білім нысаны Білімнің өзі де қатысты объективті оқиғаларды, жағдайларды, процестерді, заттарды, қатынастарды бейнелейтін ұғым.
Білім нысаны (ғылым пәні/пәндер ретінде) Субъекті осы зерттеу нысанынан іздеп табатын, берілген ғылыми пәннің нәтижеде зерделейтін нәрсесі.
Педагогика мен психологиядағы зерттеу нысаны Субъект танымына тәуелсіз өмір сүретін, зерттеушінің зейінін аударатын кей процестер, кейбір құбылыстар, мысалы, тәрбиленуші субъектінің дамуына, жаңа білім жүйесінің қалыптасуына, белгілі бір технологиялардың тиімділігіне әсер ету.
Ғылым пәні Ғылыми пәннің субъектісі мен нысанының өзара әсерінің нәтижесі, өнімі, яғни диалектикалық бірлік.
Тар көлемдегі ғылыми пән а)пән - нысанда бар нәрсе; б)пән - нысанда жасырынған нәрсе; в)пән- нысанның белгілі бір аспектісі, кесіндісі, үзіндісі, бөлшегі.
    г)пән - субъекті белгілі бір көзқарас тұрғысынан зерделейтін нысан, яғни белгілі бір мақсатқа бағытталған таным: д) пән - нысаннан „ізделетін" нәрсе; е)пән -шын мәнінде нысанда танылатын нәрсе.
Зерттеу пәні Белгілі бір аспектідегі зерттеу нысаны шеңберінде болатын нәрселердің жиынтығы: а) нысанның сол қасиетінің немесе қатынасының элементін белгілеу мен болжау нәтижесі ретінде осы жұмыста төмендегілер терең зерттеуге ұшырайды: * ізденістің шекарасы мен бағыттары; *маңызды міндеттер, оларды тиісті құралдармен және әдістермен шешу мүмкіндігі; б)алға қойылған мәселеге қатысты неғұрлым мәнді болжамдар, олардың уақытша бөлініп алынуы мен жүйеге біріктірілуі; в) бөлініп алынған жекелеген тұстарын, олардың байланыстарын көруге мүмкіндік беретін ракурс, шолу нүктесі, яғни нысанды зерделеу аспектісі.
       

Осыған орай, белгілі бір нысан мен пәннің мазмұнынан төмендегідей түйін жасауға болады:

Көптеген ғалымдардың пікірінше (А.А. Краевский, С.Я. Виленский), зерттеудің нысаны мен пәнін тұжырымдау ғылыми аппарат логикасы мен оның белгілі бір жүйелі ретіне сәйкес іске асырылады. Зерттеудің нысанын айқындау ғалымға педагогикалық шындықтың түрлілігін ескеруге, накты соңғы нәтижеге бағытталуға, нысанның тірек аспектілерін бөліп алуға, бірден дұрыс бағыт алуға мүмкіндік береді. Бұл зерттеудегі өте маңызды қадам, өйткені күш-қуатты үнемдеу, өз ғылыми-зерттеу қызметінің өзекті сәттеріне ой-өрісін шоғырландыру мүмкіндігі туады. Істі осылай қойғанда, нысан зерттеуге қажетті ақпаратты іздеу көзі, ғылыми ізденіс өрісі ретінде қызмет атқарады.

Зерттеудің нысаны мен пәнін анықтаудағы келесі қадам - оның ғылыми аппаратынын кез келген қүрамдас бөлігін түсіну мен алынатын ғылыми білімге қатынасын айқындау, мүнда пән жаңа білім алынуға тиісті зерттеу нысанының аспектісін көрсететінін естен шығармау керек.

Зерттеу нысаны мен пәнін әдіснамалық рефлексия тұрғысынан қарайтын болсақ, зерттеу нысанын айқындай отырып, не қарастырылады? деген сұраққа жауап беру қажет. Ал пән қарастырылатын аспектіні білдіреді, нысанның қалай зерттелетіні, оның қандай қасиеттері, қызметі мен қандай қатынастары зерделенетіні туралы түсінік береді.

Наши рекомендации