Айтыстың көркемдік ерекшелігі 7 страница

Ол осы сандырақтарымен-ақ өзінің қуыс кеуде, бейбастақ надан, елдің сорын қайнатқан содыр екенін көрсетіп тұрған жоқ па?

Академик 3. Қабдолов Талтаңбай образына талдау жасай келіп: "Жоқ, Талтаңбаев — жай ғана "шолақ белсенді немесе "зиянсыз мылжың" емес, әлеуметтік жағынан қауіпті, жауапсыздығы жауыздыққа ұласқан зиянкес. Оның "шаш ал десе, бас алатын" әпербақандығының арғы жағында саяси бұзақылық жатыр. Қай кезде де түсін өзгертіп, тонын айналдырып шыға беретін бюрократизм, валюнтаризм, тағы басқа кертартпа "измдер" осылардан өрбиді... " — дейді. Шынында да, Кеңес заманының түрлі кезеңдерінде халқымыз бастан кешкен зұлматтар коммунистік, таптық саясат тайраңдатып қойған көрсана Талтаңбаевтардың "күш-жігерінің" арқасында өте ауқымды, өте қасіретті болғаны белгілі.

Екі перделі "Неке қияр" пьесасы драматургтің бұл жанр ерекшелігін игеру жолындағы елеулі табысы деуге болады. Пьесада әр кейіпкер өзінің дара-дара мінезімен көрінеді. Әрқайсысының іс-әрекеті де, сөзі де өз бойына қонымды.

Әсіресе мінезді саралап, образ сомдауда үлкен шеберлік танытады, кейіпкерлер даралана, ірілене түседі. Пьесаның мазмұны қыз айттырудан неке қию төңірегіндегі ырым-жырымдарымен қоса алынған көне салттың көлеңкелі жақтары десек, соның бәрін, атынан да көрініп тұрғандай, Ылаңбайдың (бас кейіпкер) іс-әрекеті, сойқанды қылықтары арқылы көрсетеді.

"Драмалық ірі серпін". "Майдан" — тек Майлиннің ғана емес, бүкіл қазақ драматургиясының ірі табысы саналатын драма. Таланттың қадір-қасиетін тануда алдына жан салмайтын көреген М.Әуезов бұл пьесаны кезінде "драмалық ірі серпіннің басы" деп бағалаған.

Драманың мазмұнына аты шулы ұжымдастыру кезеңінің оқиғалары алынған. Ұжымдастыру әсіресе қазақ елінің тарихындағы зардабы осы күнге дейін жойылып бітпеген, жұрт дұрыс айтьш жүргендей, аса қасіретті нәубет болатын. Өкіметтің кедейлерді байларға (іс жүзінде күн көрістігі бар орташа ауқаттыларға) жауықтыра айдап салуы, науқанды зымиян саясат қолтығына су бүріккен көрсана, ұрда-жық белсенділердің құтырына қоздыруы қас қағымда елдің ғасырлар бойы қалыптасқан шаруашылық жүйесі мен өмір салтының астан-кестеңін шығарды. Ел тозды, қара жұрт қаңырап қалды. Бай дегеннің мал-мүлкі түгел тәркіленіп, өздері абақтыға қамалды немесе байланып-маталып ит жеккенге айдалды. Жалған жала жабылып, атыльш-асылды. Бұл нәубеттің ақыры бұрын-соңды болмаған жаппай ашаршылыққа ұласьш, халықтың жартысынан көбі қара шыбындай қырылды. Нәубеттен үріккен халықтың бір бөлігі жаяу-жалпылы шекара асып, жат жұртка кіріптар болды.

Ал кеңес өкіметі беті бүлк етпестен өзінің бұл сойқанды ісін кеңес халқының жеңісі деп бағалап, жазушылардан солай етіп көрсетуді талап етті. Бірақ Бейімбет сияқты талантты реалист суреткерлердің туындысы, объективті түрде, сол кезең өмір шындығының көркем бейнесі, әдеби ескерткіші болып қалды.

Пьесаның басты кейіпкері — кешегі жалшы, колхоз басқармасының төрағасы, коммунист Досанның іштегі өзімен-өзі сөйлесіп, ой өрбіткен жерін оқып көрелікші: "Досан (кереуетке отырып, үңіліп оқиды): "Атам, атан, алды!.." (Күлімсіреп). Бір ай оқығанда кәдімгідей танып қалғанымды қарашы... (Тағы оқиды). "Асан қалқозға жазылды" (Басын көтеріп). Мен сияқты біреу-ау, ә? Қатынымен ризаласып жазылды. ма екен, әлде, мен сияқты жасырынып жүріп жазылды ма екен?.. (Ойланып). Жасырынды демекші: мен қашанғы жасырынбақшымын осы? Қалқозға кірген соң малды бірлестіру керек. Іспектің басына: "Досан Қалабаев, бір ат, бір сиыры бар" деп жаздырып та қойдым. Ерегіске кеткенде, ала атқа билігім келер, қара сиырды қатын бермей жүрсе, қайтем? Жұрттың қатынындай қай бір сөзге көне қоятын адам ол. Мен бірдеме айтсам, арс етіп беттен ала түседі.., Оңбағыр, кім көрінгеннің тіліне еріп... Әй, үйі күйгір Мамық-ай, біздің қатынды бүлдіріп жүрген, дәу де болса, сен- ау..,"

Осы үзіндінің өзінен-ақ қолдан өршітілген тап тартысы, ұжымдық шаруашылық жайындағы бұлдыр түсінік, бір-бірімен аңдысып-арпалысқандардың амал-айласы, ниет-пиғылы, т.б. анық аңғарылады.

Досанның әйелі Пүлішті азғыратын Мамық кемпірдің (байдың бәйбішесі) сөзі мен ісі де колхозға шошына қарағандардың бәріне тән шындық. "Мамық (қолын сілкіп): Сұрама, келін, бойыңнан түңілесің. Құдай басқа бермесін де! Салқоз болғандарды көретіндері сол ғой... (Тыржия түседі)."

Пүліш (ынтығып, Мамықтың жанына жетіп келеді): Айтшы, шешейеке, о не?

Мамық (төне түсіп): Мынадай масқарасы бар, келін-ау: Салқоз болғандарды нөмірлейді дейді; сауырларына таңба басады дейді; нөмірі тура келген еркек пен әйел жүре береді, — дейді...

Пүліш (бетін шымшып): Бетім-ау!.. (Аңырайып көпке қарайды).

Мамық (тағы төне түсіп); Одан да масқарасы бар: салқоз болғандардың бәрін бір көрпенің астына жатқызады,—дейді.

Бұл колхоз туралы қарабайыр түсініктен гөрі, оған деген өшпенділіктің белгісі.

Пьесада колхозды жақтаушылар мен жазғырушылардың ғана емес, екі ұдай түсінікте, екі ортада әрі-сәрі күйде болғандардың да шынайы бейнелері бар.

Әрине, сол кездегі кеңес адамдарының басым көпшілігі сияқты, Б. Майлин де колхозды кедейлер жағында, коммунистік көзқарас тұрғысындағы түсінікпен суреттеді. Бірақ жасанды өмірді емес, шын өмірді көрсетті.

Колхоз бастығы Досан, ауыл кеңесінің төрағасы Зәуре, партия ұясының хатшысы Орынбай, орнатылып жатқан жаңа тұрмысқа тіс-тырнағымен қарсы Бекболат бай, оның айлалы әйелі Мамық, осылар жағындағы алаяқ Көдебай, екі арада теңселген кедей Әліш, "кедейдің кербезі" Пүліштердің өзара тартысы, өзіндік тағдыры арқылы колхоздастыру дәуірінің күрделі өмірі елес береді.

«Бердібек Соқпақбаев – балалар әдебиетінің атасы»

(конференция)

Мақсаты:қазақ балалар әдебиетінің классигі Бердібек Соқпақбаевтың өмірі мен шығармашылығын таныстыра отырып, оқушының кітап оқуға деген қызығушылығын дамыту. Ойлау қабілеттерін, көркем жеткізе білу дағдыларын дамыиу. Елжандылыққа тәрбиелеу.

Түрі: оқырмандар конференциясы.

Жоспар.

Кіріспе сөз

1.«Кітап – ой-сананың қозғаушы күші»

2. «Жазушы келбеті» (Б. Соқпақбаевтың өмірі мен шығармашылығынан әңгіме-шолу)

3.«Көркем шығарма ізімен» (пікір алмасу)

а) Көрініс: «Қожаның Дәулетпен танысуы»

б) «Менің атым Қожа» көркем фильмінен үзінді көрсету.

Қорытынды.

«Кітап – ой-сананың қозғаушы күші»

Кітап – адам баласының ақыл-ойынан туған байлықты сақтап, оны ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп отыратын, білім және тәрбие беретін құрал. Кітап – біздің ақылшымыз, сырласымыз, досымыз. Кітапты оқи білу, түсіну, есте сақтау қабілеттерін арттырады. Ғасыр көші ілгері жылжып, тарих беттері қалыңдығымен адамзаттың кітапқа деген құрметі, пейіл-ықыласы ортаймаса керек. «Артық ғылым кітапта, ерінбей оқып көруге», - деген Абай атамыз «кітап» атты құдіреттің ғажайып күшін бойына жинап, өмірлік азық етпеп пе еді?! Бүгінгі күні теледидар, компьютер, интернет үлкен рольге ие болып отырған уақытта кітап оқудың сиреп бара жатқаны ащы да болса шындық.Сондықтан, кітапты насихаттаудың түрлі формалары мен әдістерін пайдаланып, оқырмандардың кітап оқуға қызығушылығын арттыру бағытында жұмыс жүргіземіз. Соның бірі – балалар әдебиетінің классигі Бердібек Соқпақбаевтың шығармашылығына арналған «Әдебиетке балалықты әкелген» атты оқырмандар конференциясы.Енді осы конференциямызды бастайық.

«Жазушы келбеті»

Б.Соқпақбаевтың өмірі мен шығармашылығынан әңгіме-шолу.

Балаларға арнап шығарма жазу, сол арқылы кішкентай оқырманның құрметіне бөлену үлкен таланттылықты қажет етеді. Міне, біздің қазақ балалар әдебиеті де осындай таланттарға кенде емес. Біз Ыбырай атамыздан бастап Мұзафар Әлімбаев, Сапағали Бегалин, Сейтжан Омаров, Кастек Баянбай, Сәкен Жүнісов, Мұқан Иманжанов, Мұхтар Мағауин, Тұманбай Молдағалиев, Сайын Мұратбеков, Қадыр Мырза Әли т.б. көптеген балалар жазушыларын білеміз. Солардың ішінде шоқтығы биік, бірегей таланттардың бірі – Бердіьек Соқпақбаев аталарың болатын. Оның шығармаларын оқыған кез келген бала өмірбаянымен де танымып шығады. Себебі жазушының шығармаларының басты кейіпкері өзі болып табылады. Балалық шағына деген сағынышын өз шығармаларына арқау еткен.

Белгілі жазушы Б.Соқпақбаев 1924 ж. 13 қазанда Алматы облысы, Нарынқол ауданы (қазіргі Райымбек ауданы) Қостөбе ауылында дүниеге келген. Осы жерде мектеп бітірген. 1949 ж. Қазақтың Абай атындағы педагогикалық институтын бітіріп, туған ауылында мұғалім болып қызмет етті.

1952-1970 жылдар аралығында «Жұлдыз», «Балдырған» журналдарында, Қазақстан Жазушылар одағында түрлі қызметтер атқарды.

Өзінің шығармашылық өмір жолын балалрға арнап өлең жазудан бастаған ол кейін прозалық шығармалары арқылы балалардың сүйікті жазушысына айналды. Сондай-ақ балаларға арналған бірнеше киноға сценарий, пьесалар жазды.

Б.Соқпақбаевтың таланты ертерек танылды. 14-15 жасында-ақ ел аузына іліге бастады. Алғашқы кітабы 1950 жылы «Пионер» журналында «Бұлақ» атты өлеңдер жинағымен жарық көрді. Кейін қасым Аманжолов «Қаламыңды енді прозадан сынап көрші» деп жанашырлықпен жол көрсеткен. Содан кейін жазушылыққа шыңдап ден қойып, «Бақыт жолы» (1952), «Алыстағы ауылда» (1953), «Балалық шаққа саяхат» (1965), «Дала жұлдызы» (1963), «Аяжан» (1965), «Жолда» (1955), «Менің атым қожа» (1957), «Өлгендер қайтып келмейді» (1-томы, 1967, 2-томы, 1974ж.), «Қайдасың, Гауһар?» (1966) т.б. шығармаларын дүниеге әкелді. Жазушының көзі тірісінде 20-дан астам кітабы жарық көрді.

Бұл шығармаларының ішіндегі «Қайдасың, Гауһар?» өз отбасына арналған шығарма. Осы тақырыпта, үнемі қамауда қалатыг кішкентай Самалдың құлыпты ошақтағы күлдің ішіне тығып тастағаны жайлы – «Құлып» деген әңгімесі жарық көрді. Тағы бірде кинотеатрдан «Антон мен Кнопка»деген австриялық фильмді көрген. Фильмде Антон – кедейдің баласы, Кнопка байдың қызы. Кнопка Антон екеуміз бірдей болумыз керек деп киімдерін тесіп, сандалын кесіп тастайды, мұны көрген Самал үйге келген соң аяқ киімін кесіп тастайды. Аңғарымпаз жазушы осы оқиғаны арқау етіп «Сандал» деген әңгімесін жазады.

Жазушылықты бар ғұмырының өзегі деп санаған Б.Соқпақбаевтың шығармашылық жолы да қиыншылықпен, кедергіге толы болды. Жазушының соңғы жазғаны «Өлгендер қайтып келмейді» романы. Бұл кітабының басылып шыққанына қатты қуана қойған жоқ. «Қара бояудың қалың жаққансың» деп көп жерін, тұздығы татиды-ау деген нағыз «дәмді» жерлерін сызды да тастады» деп күйіне, қажып айтып жүрген.

Өмірден ойып алынған шындықты ғана жазғаны үшін жоғарғы жаққа жақпады, шетқақпайлыққа ұшырады. Сөйтіп Бердібек атамыз нағыз кемеліне келген, жазар шағында жазуды қойыпты.

Жазушы шығармаларының ішіндегі бала жүрегіне жол тапқан үздік туындысы «Менің атым Қожа» повеі болды. Бұл – қарапайым тілмен жазылған, шындықтан туындаған шығарма. «Өтірік ештеңе қоспаймын» деп уәде берген автор уәдесін орындайды да, повесте жазушы балаларға бала болып бар сырын ашады. Өзінің бар болмысын, жамандығын да жақсылығын да жасырмай жазады. Сол жасырмай жазуының арқасында оқырманның ыстық ықыласына бөленеді.

Жазушы бұл кітабын шығарарда өз елінен алғашқыда қолдау таба алмады. «Кеңестік тәрбиеге қайшы. Біздің оқушылар Қожаның сотқар қылығына еліктеп, тәрбиеден аттап кетеді. Мұғалімнің сөмкесіне бақа салған оқушы ертең қандай азамат болады?» деген пиғылдағы әңгімелер желдей есті. Сосын оны естіген орындаушылар жазушының кітабын басудан бас тартқан. Бірақ оған мойымаған Б.Соқпақбаев шығармасын Москвадан шығатын «Детская литература» баспасына апарып береді. Сөйтіп бірінші «Менің атым Қожа» кітабы орыс тілінде басылып шықты. Қазақтың қожасы оқырман қауымының қызығушылығын туғызды. Одан кейін екінші болып француздар өз тілдеріне аударды. Бірден 30 шақты тілге аударылып шартарапқа жайылды.

Содан кейін ғана өз елі Б.Соқпақбаевты мойындады. Повесть 1957 жылы жарық көріп, жазушыны бірден оқырманына танытты. 1963 жылы «Қазақфильм» киностудиясы осы повесть бойынша сценарий жазып, көркемфильм етіп шығарды. Қазақ киносында соны соқпақ салған режиссердің бірі Абдолла Қарсақбаев сияқты екі ірі тұлғаның ортақ шығармашылығы Францияның Канн қаласында өткен халықаралық кинофестивальда арнайы сыйлыққа ие болды. Фильмде Қожа ролінде басты кейіпкер Нұрлан Сегізбаев ойнадым, - дейді. Ол да өмір жолын әуелі мұғалім болып бастап, кейін кітап жазған, қазір әл-Фараби атындағы КазҰУ-да мұғалім, актер.

Сұлтанның рөлін сомдаған Сұлтан Какенов жүрек талмасынан ертерек қайтыс болып кеткен. Жантас – Ерік Құрмашовтан хабар жоқ. Жанар рөлінде Гүлнар Құрабаева. Жұмағұл қойшының баласы Дәулет – Юнус Шамусов бокстан Қазақстан құрамасының дәрігері. Ал Майқанова апайларың – Рая Мұхамедиярова, танымал актриса.

Бернияз Күлеев (1899-1923) - ақын.

Ақынның өз шығармашылығының кей мезеттерін атамастан бұрын мынадай бір жайды айта кету шарт. Қазақстан Оқу халық комиссариаты Абайдың өлеңдер жинағын даярлауды Берниязға тапсырады. Осыған даярлық ретінде ол «Ақ жол» газетіне арнайы мақала бастырады. Күлеевтің өз айтуынша ол Абайдың тұңғыш жинағына енбеген өлеңдерін толық қамтуды, оның қарасөздерін енгізуді, ақын өміріне байланысты иллюстрациялар беруді, өмірбаянын толықтырып, кеңінен қамтып жазуды мақсат етеді. «Абай кітабын бастыру маған тапсырылғандықтан, мен жәрдемді шеттегі азаматтардан сұраймын. Тізбегін әдемілеп, емлесін түзету сияқты ұсақ-түйегіне мұқтаж болмасақ та, түсіп қалған жерлерін қосып, қарасөзін Һәм басылмай қалған өлеңдерін тіркеп, тәржіме халін толықтыруға қиналып тұрмыз». Бұдан біз Күлеев Абай мұрасын жинап бастыруға айрықша еңбек сіңірген деп қорытынды жасаудан аулақпыз. Бірақ оның Абай шығармаларымен мол таныс болғаны дау туғызбаса керек. Бұған тіпті Күлеевтің өз өлеңдері де куә бола алады. Ол бірталай өлеңін Абай өлеңдерінің ұйқас, өлшемдерімен жазған. Мысалы, оның «Жазғы дала»атты өлеңі «Сегіз аяқтың» өлшем, ұйқасымен жазылған.

«Қол бұлғап күліп,
Керілген тұнық,
Даланы жарып бұландар.
Толықсып тасқан,
Тасқанын басқан,
Дариядай зырғар, сылаңдар.
Шын сұлудай албырап,
Көрінер сағым бұлдырап...»

Сол сияқты, «Гүләндамға», «Қайда екен» тәрізді өлеңдері Абайдың «Алты аяғының» ұйқас, өлшемдерін үлгі етудің нәтижесінде туған. Бірақ олардан Абай поэзиясының терең халықтық рухы сезіле бермейді, әлеуметтік астар аз. Ақын табиғат көріністерін де әр алуан, адам сезімдерін де жадағай, жалаң қалыпта алып жырлайды. Ал «Жас жүрегіме», «Жырла да зарла, көңілім» тәрізді өлеңдері Абай үнін анық әкеледі құлаққа. Алғашқы өлең «Жүрегім, ойбай, соқпа енді...» және Абайдың жүрек тақырыбына арналған басқа да шығармаларымен сарындас. Абайда:

«Жүрегім, ойбай, соқпа енді,
Бола берме тым күлкі.
Көрмейсің бе, тоқта енді,
Кімге сенсең, сол шикі...»

Б. Күлеевте:

«Жас жүрегім, жанба текке,
Бола берме арманда,
Өрлесең де жерден көкке,
Жай табу жоқ жалғанда...»

Ал «Жырла да зарла, көңілім» Абайдың «Өзгеге, көңлім, тоярсың...» атты атақты өлеңіне айрықша жақын, ұқсас. Бұған көз жеткізу үшін екі өлеңді салыстырудың да қажеті жоқ. Өйткені, Абай өлеңі әркімге-ақ жақсы таныс. Сондықтан Күлеев өлеңінің кей шумағын келтіріп қаралық:

«Жырла да зарла, көңілім,
Сел болып жасың төгілсін.
Есіткен ойдан баз кешіп,
Қамығып шында егілсін...
Жырла да зарла, көңілім,
Қалың қайғың қайнасын.
Қиялдың құсы егіліп.
Іштегі дертті айдасын...»

Абай өлеңіндегі сияқты мұнда да ақынның өз жерінен ем іздеуі, сол арқылы іштей жаңарып түлеуі, рухани медет табуы жайындағы тақырып жырланған. Әрине, осындай жекелеген өлеңдерінің Абай поэзиясымен тақырыптастығына, сарындастығына қарап Күлеевтің бүкіл шығармашылығын Абайдың реалистік дәстүрлерінің арнасында алып қарауға еш болмайды... Нармамбет пен Ғұмар Қарашев сияқты Бернияз Күлеев те Абай өлеңдерінің көркемдік формасын, әр алуан өрнегі мен өлшеуін қолданды.[1]

ХVІІІ ғасыр – қазақ халқы үшін ең бір қиын кезең болды. Жоңғар қалмақтары қазақ жерін басып алу мақсатымен талай шабуыл жасады. Қалмақтардың шабуылына төтеп бере алмаған қазақ халқы ата жұртын тастап, босып кетуге мәжбүр болды. Бұл кезең «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» деген атпен тарихта қалды. Бұқар шығармалары осындай қиын-қыстау кезеңде туып, қазақ әдебиетінде өзіндік өрнекпен сақталып қалды.

Бұқар Қалқаманұлы 1668 жылы Баянауылда дүниеге келіп, 1781 жылы Далба тауында дүние салған әйгілі жырау, ХVІІІ ғасырдың екінші жартысында хандық құрғанАбылайдың ақылшы, кеңесшісі болған. Сондықтан ол Абылайға батыл тіл қатып, оған«Абылайшам», «Абылайша» деп еркін сөйлеген. Бұқар өзінің «Ей, Абылай» деген толғауында:

Ей, Абылай, Абылай!

Сені мен көргенде –

Тұрымтайдай ұл едің,

Түркістанда жүр едің.

Әбілмәмбет төренің

Қызметінде тұр едің, –

деп, Абылайды он бір жасынан білетінін тілге тиек еткен.

Бұқар шығармаларында жақсылық пен жамандық, достықпен қастық, адалдық пенарамдық туралы баса жырланған. «Жар басына қонбаңыз»толғауында:

Жаманмен жолдас болсаңыз

Көрінгенге күлкі етер.

Жақсымен жолдас болсаңыз,

Айырылмасқа серт етер, –

деп, жақсылық пен жамандықты психологиялық параллелизм арқылы салыстыра суреттесе,«Алыстан қызыл көрінсе» толғауында:

Айтқан сөзге түспеген

Жаман емей немене,

Сұрағанда бермеген

Сараң емей немене,

Кісі ақысын көп жеген

Арам емей немене, –

деген жолдармен жамандықтың белгілерін тарқатып айтқан.

Бұқар жырау замана, өмір жайлы көп толғанған. «Асқар таудың өлгені» толғауында табиғатта бәрі өшіп, өніп, өзгеріп отыратынын айта келіп, «Өлмегенде не өлмейді?» деген сұрақ қойып, оған «Жақсының аты өлмейді, әлімнің хаты өлмейді» – деп жауап беріп, бүкілсаналы ғұмырын адамзаттың жақсылығы үшін жұмсаған адамның өзі де, сөзі де өлмейдідеген тұжырым жасаған. Жыраудың «Жиырма деген жасыңыз», «Атам болған жиырма бес», «Сен он бір жасыңда», «Ей, Абылай, Абылай» деген толғаулары адам өмірінің кезең-кезеңіне арналған. Бұқар жырау «Жиырма деген жасыңыз» толғауында:

Жиырма деген жасыңыз

Ағып жатқан бұлақтай,

Отыз деген жасыңыз

Жарға ойнаған лақтай,

Қырық деген жасыңыз

Ерттеп қойған құр аттай... –

деп адам өмірінің әр кезеңінің ерекшеліктеріне тоқтала келе, жастық шақты «ағып жатқан бұлаққа», «жарға ойнаған лаққа», «ерттеп қойған құр атқа» теңейді. Кәріліктің дәрменсізшақтарын:

Сексен деген жасыңыз

Қараңғы тұман түн екен,

Тоқсан деген жасыңда

Ажалдан басқа жоқ екен, –

деп жастық шаққа қарама-қарсы суреттейді. Адамның жастық шағы мен кәрілік кезеңін бір-біріне қарама-қарсы суреттеу арқылы жырау жас ұрпаққа шастық шақты өз мәнінде өткізу керектігі туралы өсиет тастаған.

Бұқар толғауларының басты тақырыбы – ел бірлігі. Жоңғар шапқыншылығынан кейін тоз-тоз болған елдің басын бір тудың астына жинау мақсатын терең түсінген Бұқар жырау:

Ағайынның аразы

Елдің сәнін кетірер,

Абысынның аразы

Ауыл сәнін кетірер, –

дей келе,

Айнала алмай ат өлсін,

Айыра алмай жат өлсін,

Жат бойынан түңілсін,

Бәріңіз бір енеден туғандай болыңыз, –

деп, ел-жұртын береке-бірлікке, татулыққа, ұйымшылдыққа шақырған. Бұқар жырау бұл ойын өзінің «Тілек» өлеңінде одан әрі нақтылай түскен.

Наши рекомендации