Слайдқа мәтін, сурет, графикалық нысандар енгізу.

Бос презентацияны құру әмірі орындалған соң, Слайд құрылымы

тақтас ашылады. Осы тақтада слайдтағы мәтін, кесте, графикалық

объектілері,диаграммалардың орналасу схемасын таңдай аламыз.

Қажетті схеманы таңдап,тышқан батырмасын шерткен соң, экранда

слайд пайда болады . Әрбір өрісте әрекеттің орындалуына байланысты қандай элемент енгізілетінікөрсетіліп тұрады.

Мысалы, слайдтың жоғарғы жағындағы өріс аймағында тышқанды бір рет шертсек тақырып енгізіледі т.с.с. Бастапқы уақытта слайд схемасы дұрыс таңдалмай қалса, оны кейін өзгертуге болады.

Тышқанды бір рет шертіп, тақырыпты және сол жақтағы өріске мәтінді енгізген соң, олардың қаріп түрін, түсін т.б. өзгертуге , яғни форматтауға болады.Пішімделетін мәтінді ерекшелеп, белгілеген соң, Формат-Шрифт /Пішім-Қаріп/ әмірін орындағанда ашылған сұхбат терезеде немесе пішімдеу саймандар тақтасындғы батырмалар көмегімен тиісті әрекеттерді орындаймыз.Пішімдеу әрекетін өріс ішіндегі бүкіл мәтінге қатысты орындау үшін, өріс жақтауында тышқанды шертіп, алдымен оны ерекшелеп аламыз. Мәтін енгізу өрісінде оны таңбаланған тізім түрінде жазған ыңғайлы.Әдетте таңба ретінде қара дөңгелектер немесе төртбұрыштар қолданылады.Осы стандартты таңбаларды өзгерту үшін, таңбаланған тізім жазылған өрісте тышқанды шертеміз де Формат-Список /Пішім-Тізім/ әмірін орындаймыз.

Тізім сұхбат терезесі ашылады. Қаріптің Wingdings деген түрін ашсақ, бірнеше символдар тізімі шығады.Осы тізімнен кез келгенін таңдап, ОК батырмасын шерту арқылы таңба ретінде қолдануға болады.

Таңбаланған тізімнің соңында Enter пернесін басатын болсақ, келесі жолға таңба қойылады. Бос таңбадан кейін осы пернені қайта бассақ, бұл таңба өшіп қалады. Ал, тұтас тізімнің таңбасын алып тастау үшін, оны ерекшелеген соң Ctrl+A қос пернесін басамыз немесе саймандар тақтасындағы Таңбаланған тізім батырмасын шертеміз.

Сондай-ақ, слайдқа кесте, диаграмма, сурет сияқты объектілерді слайд схемасын таңдаған кезде шығатын, өріс аймағында тышқанды екі рет шерту арқылы енгізе аламыз. Енгізу – Сурет (Вставка - рисунок) – командасын орындап:

Картинкалар (Картинки) – Microsoft Clip Gallery объектілерін;

Файлдан (Из файла) – файл түрінде сақталуы тұрған суреттерді;

Автофигуралар - әр түрлі автофигуралар;

Бірнеше тармақтан тұратын диаграмма (Организационная диаграмма), Word Art объектілерін, сканерден көшірме (со сканера), Microsoft Word кестесін енгізу мүмкіндігі бар.

Енгізу – Объект (Вставка – Объект) әмірін орындап, ашылған сұхбат терезеде қажетті типін таңдау арқылы объект енгізуге болады. Мысалы, слайдқа Microsoft Excel кітабының бір парағын орналастыруға болады т.с.с. Слайдқа Excel программасынды қажетті диаграмманың ерекшелеп, Түзету-Көшіру (Правка - Копировать)командасын орындау арқылы, буферге аламыз.

Power Point бағдарламасына оралып, Түзету – Кірістіру (Правка - Вставить) немесе жанама мәзірдегі Енгізу командасын орындаймыз.

Microsoft Office құрамындағы Microsoft Graph арнайы бағдарламасының көмегімен қарапайым диаграммаларды құру мүмкіндігі бар.

Енгізу- Диаграмма (Вставка - Диаграмма) командасын орындаймыз немесе слайдқа диаграмма енгізу схемасы таңдалса, диаграмма өрісінде тышқанды екі рет шертеміз. Саймандар тақтасындағы диаграмма енгізу батырмасында тышқанды шертуге де болады. Осы мезетте экранда мәліметтер кестесі мен диаграмма пайда болады.Мәзір қатарындағы командалар мен саймандар тақтасында болған өзгерістерді бірден байқауға болады. Кестедегі мәліметтерді тұтас белгілеу үшін, қатарлар мен бағаналардың тақырыптары қиылысқан сол жақ жоғарғы бұрышта тышқанды шертеміз. Del пернесін басу арқылы оларды өшіріп, өзімізге керекті мәліметтерді енгіземіз де, мәзір қатарынан Диаграмма – Диаграмманың типі (Диаграмма – Тип диаграммы) әмірін орындап, диаграмманың типін таңдаймыз. Диаграмма – Параметрлер (Диаграмма-Параметры) командасын орындап, қажетті параметрлерді тағайындаймыз (түсініктеме, тақырып, жазбалар қосу т.с.с.). Диаграмманы слайдқа орналастыру үшін, слайдта тышқанды шертіп, Мәліметтер кестесі терезесін жабамыз.

Наши рекомендации