Курсты бағалау критериі

Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті

Педагогика Институты

Леуметтік педагогика және бастауыш оқыту » кафедрасы

СИЛЛАБУС

Пән Этнопедагогика (2 кредит )

Мамандық Әлеметтік педагогика және өзін-өзі тану

Курс 2

Оқытушылар : Адильшинова З.У. Әбіл А.С.

Оқу жылы

Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті

Syllabus

Пән « Этнопедагогика »оқу пәні (2 кредит )

Сабақ өткізу уақыты мен орыны ОСӨЖ-ның өткізу уақыты мен орыны Оқытушының аты-жөні Байланыс, тел, email
сабақ кестесіне сәйкес Кесте бойынша    
Сабақ кестесіне сәйкес 417ауд. (дәріс)   - Адильшинова З.У.  
Сабақ кестесіне сәйкес 417ауд. (пр) Сабақ кестесіне сәйкес   Әбіл А.С.  

Оқу пәнінің сипаты: Этнопедагогика халықтық педагогиканың теориясы тұрғысынан әр түрлі гуманитарлық ғылымдар түйісуіндегі пәнаралық сипатқа ие қазіргі педагогикалық ғылымының саласы.

Мақсаты:Қазақстан этнопедагогикасының жалпы негіздерін оқыту арқылы Қазақстан Республикасын мекендеген әрбір этностың дамуын ынталандыру, жалпы мәдени құндылықтарды меңгеру, этникалық мәдениетті өзара шығармашылықпен байыту бағытында студенттердің педагогикалық дүниетанымын, педагогикалық мәдениетін және жалпы кәсіби құзіреттіліктерін қалыптастыру.

Міндеттері:

· Этнопедагогиканың негізгі ұғымдары,Қазақстан Республикасы этностарының мәдениеті мен салт –дәстүрлері туралы білімін;

· Болашақ мұғалімнің кәсіби-маңызды тұлғалық қасиеттерін;

· Қоғамдық –саяси ,этнопедагогикалық әдебиеттерді талдап зерттеу біліктілігін;

· Этнопедагогика саласындағы ғылыми –ізденіс ,шығармашылық жұмыстарға даярлығын;

· Білім алушылардың көпұлтты ортадағы педагогикалық іс –әрекеттің ерекшеліктері туралы білімін және этнопедагогикалық жүйені теңестіре-салыстырмалы талдау дағдыларын;

· Білім беру мекемелерінің тәрбиелік іс-әрекеттері тәжірибесіне ҚР этностары этнопедагогикасының негізгі жолдарын, әдістерін, формалары мен құралдарын енгізу материалдарын түсінуін қалыптастыру.

Этнопедагогика курсын оқу нәтижесінде студент міндетті:

а)білімдерді меңгеруге:

-этнопедагогиканың базалық ұғымдары.Қазақстан Республикасы этностарының мәдениеті мен салт-дәстүрлері туралы;

-көпұлтты ортадағы педагогикалық іс-әрекет ерекшеліктері туралы;

-білім беру мекемелерінің тәрбиелік іс-әрекеттері тәжірибесіне Қазақстан Республикасы этностары этнопедагогикасының негізгі жолдарын,әдістерін,формалары мен құралдарын енгізу материалдарын түсіну туралы;

-ҚР этностары мен әлем халықтары этнопедагогикасының мәселелерін зерттеу негіздері туралы;

б)біліктіліктерді игеруге:

-этнопедагогика бойынша әлеуметтік әдебиеттерді талау барысында өздігінен білім алу;

-әр түрлі халықтардың этнопедагогикалық жүйесін теңестіре –салыстырмалы талдау;

-этнопедагогика мәселелері саласындағы ғылыми –ізденіс ,шығармашылық жұмыстары;

-этнопедагогика материалдарын оқу –тәрбие үрдісіне енгізу.

Этнопедагогика курсын оқыту студенттердің мынадай тұлғалық қасиеттерін қалыптастыруы тиіс:

-кәсіби маңызды тұлғалық қасиеттерді, соның ішінде педагогикалық ойлау,педагогикалық қарым- қатынас,ұтқырлық және т.б.,

-ұлтаралық қарым-қатынас мәдениеті мен толеранттылық.

Курстың пререквизиттері мен постреквезиттері:

Философия,әлеуметтану,психология,дінтану,этнология,этнография, конфликтология,педагогикалық мамандыққа кіріпе, педагогика,педагогикалық менеджмент.

БІЛІМДІ БАҒАЛАУ:

Ағымдағы бағалау: осы курстың барысында бағалау стратегиясы ретінде бағалаудың келесі әдістері пайдаланылады: жазбаша бақылау жұмыстары, үй тапсырмалары (математикалық көрсеткіштері, анализдері, алынған салыстырмалы мәліметтер бар, жазбаша тапсырмалар және т.с.с.), ауызша сұрау, тесттік тапсырмалар, зерттеу жұмыстары (жоба, курстық, презентациялар), мәнжазба, эссе және т.с.с.

Аралық бақылау (бақылау жұмысы):бақылау жұмысы курста өткен бөлімдер бойынша теориялық және практикалық, лабораториялық (есептеу, графикалық-есеп және шығармашылық) тапсырмаларды қамтиды.

Жеке өзіндік жұмыс:курс тақырыптары бойынша семинар сабақтарында тапсырмалар, үй тапсырмаларын, шығармашылық тапсырмаларды, мәнжазбаларды жеке орындау, ғылыми деректерді, ситуацияларды талдауды, газеттік ақпаратты пайдалану ескеріледі.

Үй тапсырмасы:үй тапсырмаларын студенттер міндетті түрде дайындайды және ОСӨЖ (ОМӨЖ) сабақтарында барлық топтар кесте бойынша тапсырады. Белгіленген уақыт мерзімінен кейін тапсырылған үй тапсырмаларына баға төмендетіледі.

Коллоквиум:өткен материал бойынша семестрде екі рет студенттен ауызша немесе жазбаша жауап алу түрінде жүргізіледі.

Курстық жұмыс, мәнжазба, эссе, презентация,графикалық-есеп жұмысы:нақты тақырып бойынша тапсырылады, кішігірім шығармашылық жұмыс болып табылады. Бағалау кезінде тақырыптың мазмұнының ашылуы, ғылыми деректердің пайдаланылуы, баяндалу стилі, көрнекіліктің пайдаланылуы ескеріледі. Жұмыстар бекітілген мерзімнен кейін қабылданбайды және бағаланбайды.

Аралық бақылау тесттері:өткен материалдар бойынша 10 және одан жоғары тапсырмаларды қамтитын тесттер. Тестілеу семестрде екі рет 7 және 15 апталарда кесте бойынша өткізіледі.

Қорытынды емтихан:қорытынды емтихан семестр соңында өткізіледі. Емтихан қабылданатын күн деканаттың емтихан кестесінде көрсетіледі. Емтихан компьютерлік тестілеу нысанында жүргізіледі. Тесттер курс бағдарламасының барлық бөлімдері бойынша тапсырмаларды қамтиды. Емтихан кезінде дәріс конспектілерін, кітаптарды, әртүрлі жазбаларды пайдалануға тыйым салынады. Төмен баға алған жағдайда, оны көтеру үшін, қосымша басқа тапсырмалар берілмейді. Емтиханды өткізу саясатын сақтамаған студент, емтиханды тапсырудан босатылып, емтиханды тапсырмаған болып есептелінеді.

Қорытынды баға: студенттер семестр соңында пәндер бойынша 100 (40%) балмен бағаланатын емтихан тапсырады.

МОДУЛЬ БОЙЫНША ПӘННІҢ ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАРЫ:

№ р/с   Модульдің атауы мен дәрістердің тақырыптары Дәріс сабағы (сағ15) Практик./ семинар. сабағы (15сағ)   Өзіндік жұмыс 60 (сағ)
ККіріпе  
Педагогикалық мәдениет және халықтың рухани дамуы  
Халықтық педагогикадағы кемел адам үүлгісі
0Халықтық педагогиканың негігі құралдары(мақал -мәтелдер, жұмбақтар,)Ән –халықтық педагогиканың құралы
Халықтық педагогикадағы ертегілер
Халықтық тәрбиенің факторлары
Ежелгі жазба мұралардағы халық тәрбиесі
Қазақстандағы этнопедагогикалық ой-пікірлер
Қазақ этнопедагогикасының теориялық негіздері
Қазақ халық педагогикасы қазақ этнопедагогикасының қайнар көзі
Этномәдени білім беру
Қазақ этнопедагогикасының мазмұны

ЛЕКЦИЯ ТАҚЫРЫПТАРЫ:

Апта   сағаты
  І модуль.  
ККіріпе
Педагогикалық мәдениет және халықтың рухани дамуы
Халықтық педагогикадағы кемел адам үлгісі
0Халықтық педагогиканың негігі құралдары(мақал -мәтелдер, жұмбақтар,)Ән –халықтық педагогиканың құралы
Халықтық педагогикадағы ертегілер
Халықтық тәрбиенің факторлары  
  ІІ модуль.  
Ежелгі жазба мұралардағы халық тәрбиесі
Қазақстандағы этнопедагогикалық ой-пікірлер
Қазақ этнопедагогикасының теориялық негіздері
Қазақ халық педагогикасы қазақ этнопедагогикасының қайнар көзі
Этномәдени білім беру
Қазақ этнопедагогикасының мазмұны  

Практикалық сабақ тақырыптары:

Апта Практикалық сабақ тақырыптары сағаты
  І модуль.  
ККіріпе
Педагогикалық мәдениет және халықтың рухани дамуы
Халықтық педагогикадағы кемел адам үлгісі
0Халықтық педагогиканың негігі құралдары(мақал -мәтелдер, жұмбақтар,)Ән –халықтық педагогиканың құралы
Халықтық педагогикадағы ертегілер
Халықтық тәрбиенің факторлары  
  ІІ модуль.  
Ежелгі жазба мұралардағы халық тәрбиесі
Қазақстандағы этнопедагогикалық ой-пікірлер
Қазақ этнопедагогикасының теориялық негіздері
Қазақ халық педагогикасы қазақ этнопедагогикасының қайнар көзі
Этномәдени білім беру
Қазақ этнопедагогикасының мазмұны  

СӨЖ тапсырмалары:

1. Этнопедагогика және Қазақ этнопедагогикасының ғылыми қалыптасып, дамуы.

2. Қазақ этнопедагогикасының қалыптасуындағы ағартушылар еңбегі, идеялары.

3. Егеменді Қазақстанда ұлттық тәлім-тәрбие проблемасының зерттелуі.

4. Қазақ хандығы тұсындағы ақын-жыраулар поэзиясында орын алған тәрбиелік ойлар.

5. Қазақ этнопедагогикасының қалыптасуындағы ағартушылар еңбегі, идеялары.

6. Кеңес дәуірінде Қазақстанда этнопедагогикалық ойлардың дамуы.

7. Қазақ билері мен ақын-шешендердің ақыл-ой тәрбиесі туралы тағылымдары.

8. Ақыл-ой тәрбиесі туралы халық түсінігі, тәжірибесі.

9. Халық педагогикасындағы ақыл-ой тәрбиесінің құралдары.

10. Қазақ билері, батырларының, ақын-шешендерінің ерлік-елдік туралы ойлары.

11. Халық мақал-мәтелдері мен нақыл сөздері-патриоттық тәрбие құралдары.

12. Қазақ билері, батырларының, ақын-шешендерінің ерлік-елдік туралы ойлары.

Бақылау жұмысы:

Сұрақтар мәтіні
Этнопедагогика және қазақ этнопедагогикасы пәні, мақсат-міндеттері.
Этнопедагогиканың және қазақ этнопедагогикасының ғылыми қалыптасып, дамуы.
Этнопедагогиканың, қазақ этнопедагогикасының басқа ғылымдармен байланысы.
Қазақ этнопедагогикасының қалыптасуындағы ағартушылардың еңбегі, идеялары.  
Қазақ этнопедагогикасының тәрбие құралдары формалары мен әдістері.
Қазақ этнопедагогикасы материалдарының тәлім-тәрбиелік мүмкіндіктері.
Халық шығармашылығы - бала тәрбиесінің негізгі құралы.
Халықтық дәстүрлер мен әдет – ғұрыптардың бала тәрбиесіндегі педагогикалық мүмкіндіктері.
Қазақ этнопедагогикасындағы дене тәрбиесінің мақсат-міндеттері.
Ұлттық ойындардың дене тәрбиесіндегі ролі.

БАҚЫЛАУШЫ-ӨЛШЕМДІК МАТЕРИАЛДАР МЫСАЛЫ

Бақылаушы-өлшемдік материалдар мәтіні
Қазақ халық педагогикасындағы тәрбие мақсаты қалай тұжырымдалады? А) 1-ші байлық денсаулық деген принцип бойынша дені сау, дамыған адам тәрбиелеу. В) Сегіз қырлы, бір сырлы ұрпақ тәрбиелеу. С) Отбасы иесін тәрбиелеу. Д) Жан – жақты жетілген жеке тұлға тәрбиелеу. Е) Өзіндік «Мені» бар тұлға қалыптастыру.
«Халықтық педагогика ұғымының дұрыс анықтамасы: А) Халықтық тәрбие жөніндегі жаңадан даму үстіндегі ғылым. В) Халықтық педагогика педагогиканың арнайы ғылыми саласы. С) Халықтық педагогика этнопедагогиканың зерттеу пәні, халықтық эмпирикалық білімдер жиынтығы . Д) Дүние жүзі халықтарының педагогикасын зерттейді. Е) Халықтық педагогика тарихи пән.
Қазақ халқының тарихында ғылым, білім, мәдениет дамуына ықпал еткен басылымдар: А) «Дала уәлияты», «Қазақ тілі мен әдебиеті», «Шежіре». В) «Жеті жарғы», «Қазақстан мектебі». С) «Абай», «Айқап», «Алаш», «Қазақ» . Д) «Ұлт тағылымы», «Айқап», «Кедей». Е) «Жеті жарғы», «Шежіре», «Ара».
«Қазақ хрестоматиясы», «Қазақтарға орыс тілін үйретудің бастауыш құралы» атты еңбектердің авторы: А) Х. А. Яссауи. В) А. Байтұрсынов. С) Ы. Алтынсарин. Д) С. Сейфуллин. Е) Т. Жүргенов.
Халықтық педагогикадағы негізгі тәрбие түрлерінің жүйесі: А) Отбасы, ана, әже, имандылық . В) Қыз бала, ер бала, ата – ана, келін тәрбиесі. С) Адамгершілік, имандылық, дене, еңбек, әсемдік. Д) Үлкен адамның ақыл кеңесі, аңыз әңгімелер. Е) Өткенен сабақ алу, тілек – бата.

ОҚУ ПӘНІНІҢ САЯСАТЫ:

Бұл курс дәрісті талқылау дәстүрлі әдісін қолдану арқылы оқылады. Топтың өзара әрекеттесуінен пайдалы нәтиже шығаруға және бір-бірінен үйренуге мүмкіндік алу үшін,білім алушыларға аудиториядағы талқылауға белсенді қатысуына ұсыныс жасалады.

Аудиториялық уақыт дәріс, семинар (практикалық), лабароториялық сабақтарды қамтып, материалды талқылау, әр-түрлі тапсырмалар мен жаттығуларды орындау, есептер шығаруды қамтиды.

Әр дәрісте негізгі ұғымдар мен анықтамалар түсіндіріліп, ұсынылады. Осы ұғымдарды жазып отыру әр білім алушының міндеті, өйткені оқытушы дәріс материалын әрбір білім алушыға жеке ұсынбайды.

Семинар (практикалық), лабораториялық сабақтарында білім алушыларға өз бетінше орындауға тақырыптар бойынша тапсырмалар беріледі және дәріс материалдары бойынша ауызша сұралады. Жеке тапсырмалар ОСӨЖ уақытында тапсырылады.

Егер білім алушыға кейбір жәйттар түсініксіз болса, онда ол оқытушыдан қосымша түсіндірме, кеңес алуы керек.

Әр сабаққа білім алушы негізгі және қосымша әдебиеттер бойынша дайындалады.

Студент барлық сабаққа қатысып, аудиторияға уақытында келуге міндетті.Қатысым семестр бойына тексеріледі.Жіберіп алған материалдарды игеру студенттің міндеті болып табылады.

Студент өзінің жағымсыз қылықтарымен оқытушыға сабақ жүргізуге және басқа студенттерге оқу бағдарламасын игеруге кедергі келтірмеуі тиіс. Академиялық қызметтің ойдағыдай орындалуына кедергі келтіретін кез-келген тәртіп орынсыз болып есептелінеді.

  • Студенттер сабаққа уақытында келулері тиіс. 10 минуттан артық кешіккен жағдайда,оқытушының ол студентті сабаққа кіргізбеуге құқы бар.
  • Аудиторияға кірген кезде жұмыс уақытында сабаққа кедергі келтіретін ұялы телефон мен басқа да электронды құрылғыларды сөндірілуі тиіс.

Курсты бағалау критериі

Бақылау түрлері Апта   Қорытынды балл
Сабаққа қатысымы * * * * * * * * * * * * * * *  
Үй тапсырмасы * * * * * * * * * * * * * * *  
Лабароториялык жұмыс,сем/практ.сабактары * * * * * * * * * * * * * * *  
Дәріс сабағындағы тест сұрақтары         *                 *    
Бақылау жұмысы         *   *                  
  Тест тапсырмалары           *               *    
Жазбаша сұрақ       *                 *      
Аралық бақылау             *               *  
Мәнжазба, эссе...........                       *        
Презентация                         *      
Курстық жұмыс                           *    
  Емтихан                               *

Ескерту: *- тапсырма саны

БАҒАЛАУ ШКАЛАСЫ:

Баға Коэффициент %
А 4,0 95-100%
А- 3,67 90-94%
В+ 3,33 85-89%
В 3,0 80-84%
В- 2,67 75-79%
С+ 2,33 70-74%
С 2,0 65-69%
С- 1,67 60-64%
Д+ 1,33 55-59%
Д 1,0 50-54%
Ғ 0-49%

НЕГІЗГІ ЖӘНЕ ҚОСЫМША ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:

Негізгі:

1. Бережнова Л. Н.,Набок И. Л., Щеглов В. И.,Этнопедагогика. – М.: «Академия», 2007. – 240с.

2. Волков Г.Н. Эопедагогизация целостного учебно-воспитательного процесса. – М: ГосНИИ семьи и воспитания, 2001. - 159 с.

3. Волков Г.Н. Этнопедагогическая пансофия : Монография / Под редакцией Г.М.Борликова. Элиста: Калмыцкий государственный университет, 2009. – 576 с.

4. Кожахметова К.Ж. Казахская этнопедагогика: методология, теория, практика. – Алматы: Ғылым, 1998. - 317 с.

5. Волков Г. Н., Петрова Т.Н., Панькин А.Б. Введение в этнопедагогику. – М., 2006. – 368 с.

6. Бережнова Л.Н., Набоков И.Л., Щеглов В.И. Этнопедагогика. – М.: Издательский центр «Академия», 2008. – 240 с.

7. Бочкарев А. И. Фундаментальные основы этногенеза: учебное пособие/ А. И. Бочкарев.-М: Флинта: МПСИ, 2008, - 464 с.

8. Қалиев С. Қазақ этнопедагогикасының теориялық негіздері мен тарихы. – Алматы: Білім, 2003. – 280 с.

9. Ұзақбаева С.А., Қожахметова К. Ж. Использование материалов казахской этнопедагогики при изучении педагогических дисциплин. – Алматы: Өнер,1998 – 64 с.

Қосымша:

10. Ұзақбаева С.А., Қожахметова К. Ж. Жоғары мектеп студенттеріне этнопедагогикалық білім беру тұжырымдамасы. - Алматы: Өнер,1998 – 45с.

11. Алметов Н.Ш. Дидактический потенциал народной педагогики и его реализация в учебно-воспитательном процессе. – Ташкент: Фан, 1999. – 337 б

12. Наурызбай Ж.Ж. Ұлттық мектептің ұлы мұраты. – Алматы : Ана тілі, 1995. – 107 б.

Наши рекомендации